SSS1_kaz.pptx
- Количество слайдов: 82
Жүрек-қан тамыр жүйесінің морфофизиологиялық ерекшеліктері және физикалды тексеру әдістері Г. К. Есимова З. Н. Джангельдина Л. М. Байболатова Р. М. Шайхынбекова С. У. Умарова Р. Н. Китуева
Жүрек-қан тамырлар жүйесінің гистологиясы
3
Жүрек қақпақшалары Image source: Med. Ed. Portal / AAMC
Жүректің митральді қақпақшасының құрылысы Burkitt, Young, Heath (1993) Wheater's Functional Histology 3 rd Ed. Fig. 8. 5, p. 142
Жүрек қақпақшалары Image source: Med. Ed. Portal / AAMC
Жүрек қақпақшалары http: //www. tryphonov. ru/tryphonov 2/terms 2/vein. htm
Миокард кардиомиоциттерінің түрлері 9
Жұмысшы талшықтар Пуркинье талшығы
Кардиомиоциттердің түрлері: Жұмысшы Өткізгіш 11
Перикард 12
Жүректің иннервациясы http: //vk. com/wall
Строение кровеносных сосудов зависит от гемодинамики крови.
ҚАН ТАМЫРЛАРЫНЫҢ ҚАБЫРҒАСЫ
Тамырлардың эндотелиі http: //omico. ru/441/koronarnye-arterii-serdca. html
АРТЕРИЯНЫҢ ТҮРЛЕРІ: 1. Эластин типті 2. Бұлшық ет типті 3. Аралас типті 17
Қан тамырлары Бұлшық ет типті артерия
ҚАН ТАМЫРЛАРЫНЫҢ ҚАБЫРҒАСЫ
Венаның түрлері : 1. Бұлшық етсіз вена 2. Бұлшық ет типті: • Бұлшық ет қабаты нашар дамыған • Бұлшық ет қабаты орташа дамыған • Бұлшық ет қабаты жақсы дамыған 20
Қан тамырлары
Жүрек қан-тамырлар жүйесінің физиологиясы
Қан айналымы — организм тіршілігінің маңызды қызметтерін қамтамасыз ететін тұйық жүрек - тамыр жүйесі арқылы өтетін қанның үздіксіз қозғалысы. Негізгі қызметтері : - тасымалдау - тыныс алу - трофикалық - реттелу (гуморальдық ) - қорғаныстық - жылу алмасу
Қан айналымы шеңберлерінің сызбанұсқасы Жүрекке құйылады Оң жүрекшесіне Сол жүрекшеге Вена қаны жоғарғы және төменгі қуыс венаға жетеді де оң жүрекшеге құйылады. Артериялық қан өкпеден екі-екіден жұптасып шығатын төрт вена арқылы Жүректің веналық қуысы ашылады Жүректен шығады Кіші шеңбері Үлкен шеңбері оң жүректің сол қарыншадан қарыншасышығатын нан шығатын Өкпе сабауынан басталады Қолқадан басталады
Жүрек қақпақшалары Жақтаулы (жүрекшелер мен Айшық (қолқа мен өкпе қарыншалар арасында артериясының aтриовентрикулярлық) қарыншадан шығатын жерінде) 3 -жақтаулы (трикуспидалды) Қос-жақтаулы (митралды) Оң қарыншада Сол қарыншада Оң жүрекше мен оң карынша арасында Сол журекше мен сол қарынша арасында Өкпе артериясын ың шығатын жерінде Қолқада
Қақпақшалар қызметінің реконструкциясы
Жүректің жиырылу оралымы - жүрек циклы (0, 7 -0, 8 с. ), кезеңдері I. Жүрекшелер систоласы - 0, 1 с. II. Жүрекшелер диастоласы - 0, 7 с. III. Қарыншалар систоласы - 0, 3 -0, 33 с. Асинхрондық жиырылу - 0, 05 с. 1. Ширығу кезеңі - 0, 08 с. Изометриялық жиырылу - 0, 03 с. Тез айдау- 0, 12 с. 2. Қан айдау кезеңі - 0, 25 с. Баяу айдау - 0, 13 с. IV. Қарыншалар диастоласы - 0, 47 с. 1. Протодиастола - 0, 04 с. 2. Изометриялық босансу - 0, 08 с. Тез толу-0, 08 с. 3. Қарыншалардың қанға толу кезеңі – 0, 25 с Баяу толу - 0, 17 с. 4. Пресистола - 0, 1 с.
Жүрек оралымының құрылысы Қарыншалардың асинхрондық жиырылу кезеңі Жүрекше систоласынан кейін қарыншалардың асинхрондық жиырылу кезеңі басталады. Бұл кезеңде қарынша еттерінің бәрі бірден жиырылмайды және қарынша қуысында қысым көтерілмейді. Қарыншалардың изометриялық жиырылу кезеңі Изометрлік кезеңде қарынша еттері түгелдей ширығады (қатаяды), сондықтан кан қысымы көтеріледі. Атриовентрикуларлық қақпақшалары жабылады, қан қысымы жоғары денгейге 29 көтеріледі.
Жүрек оралымының құрылысы Қарыншалардың қан айдау кезеңі Қарыншалардың изометриялық босансу кезеңі Қан қысымы көтеріледі, ол қарыншалардан шығатын қолқа мен өкпе сабауындағы қысымнан асып түскен соң, айшық қакпақшалар ашыпып, қан айдау кезеңіне ұласады. Қан айдау кезеңі аяқталысымен қарынша диастоласы – қарыншалардың босансуы басталады, айшық қақпақшалар жабылады. Қарынша қуысында қысым төмендеп, жүрекшелердегі қысымнан азаяды. 30
Жүрек оралымының қурылысы Қарыншалардың тез қанға толу кезеңі Қарыншалардың диастоласы кезеңінде қысым айырмашылығынан жақтаулы какпақшалар ашылып, қарыншалар қанға тез толып керіледі. Қарыншалардың баяу қанға толу кезеңі Қарынша қанға тола басталысымен, жүрекшелердегі қанның ағуы баяулай бастайды, қан қысымы теңеседі. Жүрекше систоласы басталып, жүрек оралымы қайталанады. 31
Қанның систолалық көлемі (ҚСК) немесе қанның соққылық көлемі деп бір систола кезіндегі жүректен айдалатын қанның көлемін айтады, ол жүректің кан айдау күшін көрсетеді (ЖСЖ минутына 70 -75 болғанда – ҚСК - 65 -70 мл тең), ол жүрек алдылық және жүрек соңғылық жүктемелерге де тәуелді Минуттық қан көлемі (МҚК) – жүрек шығарылымы (сердечный выброс) Жүректен бір минутта айдалатын қан көлемінің мөлшері (4, 5 – 5, 0 л)
Жүрек алдылық және жүрек соңғылық жүктемелері жайлы түсінік Жүрек алдылық жүктеме – жүректің сол қарыншасының диастола кезеңінің аяғындағы қабырғасының ширығу немесе керілу дәрежесі, ол соңғы диастолалық көлемді (СДК) анықтайды, яғни жүрек еті диастола кезеңінде неғұрлым қатты созылса, соғұрлым оның жиырылу күші арта түседі (жүректің гетерометрлік заңы). Жүректің соғу жиілігі мен диастола кезіндегі құйылған қанның көлемінің жоғарлауы жүрек алдылық жүктемені өсіреді. Жүрек соңғылық жүктеме – ол жүрек қарыншаларының систола кезіндегі жиырылу күшін немесе қарынша қабырғаларының ширығу дәрежесі, ол соңғы систолалық көлемді (ССК) анықтайды. ССК алғашқы жүктеме мен жүректің жиырылу кезіндегі кездесетін кедергілерге байланысты: тамырлардың жалпы шеткі кедергісі, тамырлардың икемділігі, орташа артериалық қан қысымы мен сол қарынша шығыс жолындағы градиенті.
Жүрек шығарылымының реттелуі ЖСК (жүректің соққылық көлемі) = СДК– ССК Жүрек алдылық жүктеме -----------Созылғыштығы Жүрек соңғылық жүктеме – -----------Жиырылғыштығы
Гемодинамика — тамыр жүйесінің әртүрлі жерлеріндегі гидростатикалық қысымның айырмашылығы нәтижесінде тамырлар бойымен қанның жылжуы (қысымы жоғары жақтан қысымы төмен жаққа). Гемодинамика көрсеткіштері 1. Қан қысымы (артериялық, веналық, капиллярлық). 2. Қан ағысының жылдамдығы (сызықтық, көлемдік, қан айналымының толық уақыты). 3. Тамырлардың шеткі кедергісі 4. Тамырлар тонусы немесе ширығу дәрежесі.
Қан қысымының түрлері Қан қысымы – қантамырлар ішіндегі қысым: - артериялық - жүрекішілік - капиллярлық - веналық 36
Артериялық қан қысымы (АҚ) • СҚ (максимальді) - жүректің жиырылуы нәтижесінде артерия тамырларына айдалған кездегі қан қысымының көрсеткіші, жүректің жұмысын сипаттайды. • 110 -120 мм. с. б. (ДДҰ көрсеткіштері бойынша 135 мм. с. б. ) • ДҚ (минимальді) – жүрек етінің босаңсу кезіндегі артерия тамырларындағы қан қысымының көрсеткіші, тамырлардың ширығу дәрежесін көрсетеді. 60 -80 мм. с. б. • ПҚ = СҚ – ДҚ, қанның соққылық көлемі (ударный объем) мен артериялық жүйенің резервтік сыйымдылығының қатынасын көрсетеді 35 -40 мм. с. б. • ОДҚ = ДҚ + 1/3 ПҚ, қанның үздіксіз жылжуының қуаттылығын көрсетіп, тұрақты деңгейде сақталады = 90 мм. рт. ст.
Артериялық қан қысымына әсер ететін факторлар: - Жүректің жиырылу күші немесе жүректің жұмысы (СҚК, МҚК). - Тамырлардың шеткі кедергісі немесе тамырлардың ширығу дәрежесі - қан ағымына қарсы күштен пайда болады - Қан айналымындағы қан көлемі. 38
Веналық қан қысымына әсер ететін факторлар: 1. Кардиалды факторлар. - Жүрек жұмысы- «vis a tergo» (қанды қозғалтатын күш, қысым айырмашылығы, қолқадан басталып қуыс венаға дейін қанның қозғалысы мен жүрекке қайтуын қамтамасыз ететін күш). 2. Экстракардиальды факторлар (жүректен тыс): - Теріс кеудеішілік қысым - Құрсақішілік қысым - Қаңқа еттерінің жиырылуы - Вена тамырларының қақпақшаларының болуы - Вена тамырларының біріңғай салалы бұлшықеттерінің тонусы
Қан ағысының жылдамдығы 1. Көлемдік қан ағысының жылдамдығы – бірлік уақыт ішінде қантамырының көлденең кесіндісі арқылы өтетін қан көлемі, ағзалардың қанға толуы мен метаболизм қарқынын сипаттайды. 2. Сызықтық жылдамдық – қан тамшысының (белгілі бір көлемінің) бір секунд арасында өткен жолын айтады. Ол тамырлар саңылауларының жинақты ауданына байланысты. 3. Қан айналымының толық уақыты – бір тамшы қанның үлкен және кіші қанайналымы шеңберлерінен бір айналып шығатын уақыты. 40
Тамырлардың шеткі кедергісі байланысты - тамырлар қабырғасының серпінділігіне - тамырлардың саңылауының көлеміне - қан тұтқырлығына Қан тамырлар тонусы - белгілі бір деңгейге дейін қан тамырлардың тарылуын қамтамасыз ететін тамырлар қабырғасының бірыңғай салалы бұлшықеттерінің тұрақты ширығу дәрежесі. 41
Жүрек- қантамыр жүйесін тексеру әдістері: сұрау, қарау және жүрек аймағына, ірі және шеткі қан тамырларға пальпация жасау. Жүрек перкуссиясы, қалыпты шекаралары. Жүрек пальпациясы мен перкуссиясының дерттік жағдайдағы диагностикалық маңыздылығы. 42
ЖҚЖ тексеру әдістері • Дерттік жағдай ЖҚЖ негізінде сол бөлігінде басталады - ҮҚАШ сол қарыншадан басталып ағзаларды қоректендіреді, ең бастысы О 2 қамтемесіз етеді, әрі қарай ағзалардан венозды қанды жинап оң бөлігіне КҚАШ – іркіліс- өкпеде газ алмасу үрдісінің бұзылысы- маңызды белгі ; • Маңызды бөлігі- қақпа венасы жүйесі – ҮҚАШ бөлігі бауырда – заласыздандыру - іркілісінде- үлкеюі жүрек дерттерінде маңызды белгі. 43
ЖҚЖ тексеру әдістері • Сұрап тексеру 1. Шағымыдарын анықтау 2. Анамнезі – дерттің даму тарихы 3. Анамнезі – науқастың өмір тарихы • Қарап тексеру 1. Жалпы қарау 2. Жергілікті қарау- пальпация , перкуссия, аускультация 44
Сұрап тексеру -шағымдары 1. Шағымдары - негізгі: • жүрек аймағындағы ауру сезімі (dolor); • жүрек қағуы немесе соғуы (palpitatio cordis); • ентігу (dyspnoe); • ісіну (oedema); • тұншығу, демікпе - (astnla cordis ); • жөтел (tussis); • қан тастау (haеmoptoe); • оң қабырға астындағы ауру сезімі 45
Сұрап тексеру -шағымдары • жүрек аймағындағы ауыру сезімі (dolor) немесе шаншу - ең жиі мазалайтын шағым; • қауыптілігі мен диагностикалық маңыздылығы жоғары - коронарлық жетіспеушілігінің бірден-бір белгісі себебі - меншікті қан айналым бұзылысының белгісі (жүрек қыспасында - стенокардия, жүрек инфарктісі); 46
Сұрап тексеру -шағымдары • даму жолы - оттегінің тапшылығыанаэробты гликолиз - қышқылды заттардың жиналуына алып келеді, ал олар жүрек қан тамырларының интимасында орналасқан сезімтал рецепторларды тітіркендіреді – «ауру сезімі» ретінде сезіледі бұл “жүректін көмек сұраған айқайы” деп бұрынғы орыс дәрігерлері атаған; 47
ЖҚЖ ауруларының шағымдары Жүрек аймағындағы ауыру сезімін нақттылау 1. Орналасу орны 2. Пайда болу себебі 3. Сипаты 4. Ұзақтығы 5. Таралуы 6. Ауру сезімін басатын жағдай. 48
Сұрап тексеру -шағымдары • орналасуы – қай жерде орналасады? (қолымен көрсетуді сұрау) - төс аймағында, жүрек ұшында, кеуденің сол бөлігінде, оң бөлігінде; • сипаты- қалай ауырады? - шаншып, сыздап, күйдіріп, пышақ сұққандай, қысып, басып; • басталуы – қалай басталды? - кенеттен, • күші – қатты? күшті ме? - қатты, күшті қарқынды болып келеді; өлім қорқынышын туғызады; (науқас ауру сезімі ұстаған жерде тұрып қалады, қозғалуға қорқады) 49
Сұрап тексеру -шағымдары • таралуы – бір жерде ме әлде таралады ме? - қай жаққа (жерге) беріледі? - дененің сол жоғарғы жартысы - мойынның, сол қол, оның ішкі бөлігі, соңғы екі саусағы, жақ сүйегі; сол жауырын асты; -кейбір жағдайда - кеуденің оң бөлігіне, эпигастральды аймаққа; • тұрақтылығы – тұрақты, ұзақ ауырады ме әлде бір қойып қайта басталады ме? ұстама сияқты- басылып-оқтын қайталап тұрады • басылу, азаю немесе бәсеңсу себебі-қандай әрекеттен кейін басылады? нитроглицерин немесе валидолдан кейін басылады, азаяды. Бұл ишемиялық ауру сезім – жүрек қыспасын сипаттайды. 50
Сұрап тексеру -шағымдары • Басқа себептер - миокардит, аортит, эндокардит, перикардит, жүрек неврозы - ауру сезімі күшті емес, сыздаған, бірте -бірте басталады, тұрақты-ұзаққа созылады, таралмайды - бір нүкте болып тұрады, жүрек ұшында орналасады; нитроглицерин немесе валидол әсер етпейді. 51
Сұрап тексеру -шағымдары • Жүрек қағуы немесе ырғағының бұзылысы – жиілігі, реттілігі, күші- бұл жүрек қозуы мен өткізгіштігінің бұзылуы – Түрлері - жиілейді, қатты соғады; - сиректейді; - тоқтап-тоқтап (ретсіз) соғады. - Анықтау сұрақтары – қандай жағдайда пайда болады немесе күшееді? тиыштықта әлде қара күш жүктемеде ме? - Даму себебі – жүрек жұмысын реттейтін нерв жүйесінің бұзылысы – шамадан тыс қозуы; 52
ЖҚЖ ауруларының шағымдары • Ентігу ентігу (dyspnoe)- тыныс бұзылысы -ауа жетпеу сезімі; • ентігу - әртүрлі деңгейде болады-жүрек жетіспеушілігін сипаттайды: • бастапқыда – қара күш жүктемесінде – жүру, баспалдақпен көтерілуде - сосын басылады; • кейіннен -жүрек жетіспеушілігінің айқындалуында – жеңіл жүктемелерде, кіші-гірім жүрісте, сөйлегенде, ал соңынан тиыштықтада болады 53
ЖҚЖ ауруларында ентігудің даму жолы 1. СҚ жиырылу қызметі төмендеуі 2. СЖ –ден СҚ-ға келетін қанға қарсыластық КҚШ қан айналымына кедергі- онда іркіліс 3. өкпеде газалмасу үрдісінің бұзылысы 4. Гипоксия 5. Тыныс орталығының тітіркенуі 6. Ентігу – тыныстың жиілеуі және тереңдеуі 54
ЖҚЖ ауруларының шағымдары -Демікпе, тұншығу- (astnla cordis )-жүрек демікпесі -ұстамалы ентігу – сол қарыншаның жіті немесе созылмалы жетіспеушілігі – кіші қан айналымында қан іркілу - күрт дамиды; -Қосымша жөтел (көбіне түнгі), қан қақыру (қызғылт түсті қақырық). Анықтау сұрақтары: – қандай жағдайда пайда болады немесе күшееді? - қара күш жүктемеде әлде тыныштықта ма? -тұрақты немесе ұстамалы ме? -ентігуді азайту үшін дене қалпын өзгерте ме? – тоқтайды, отырады? 55
ЖҚЖ ауруларының шағымдары • ісінулер, ісіктер (oedema) - үлкен қан айналым шеңберіндегі қан іркілудің белгісі; Дамуы: - негізгі себеп - гидростатикалық қысымның қантамырда жоғарлауы. • Жүрек ісігінің ерекшеліктері (сипаты) -кешке қарай ұлғаяды, -көкшіл (цианоз); -тығыз (белок сақталған ісіну); -аяқтан (төменнен) басталады; -құрсаққа көтеріледі- асцит; -барлық қуыстарға жиналады; -денеге жалпы тарайды - анасарка 56
ЖҚЖ ауруларының шағымдары • оң қабырға астындағы ауру сезімі үлкен қан айналымында қан іркілу – бауыр көлемінің үлкеюі- Глиссон қапшығының кернелуі – ондағы сезімтал рецепторлардың тітіркенуіауру сезімі ретінде білінуі. 57
Қосымша шағымдары –ОЖЖ -қызметінің бұзылысына байланысты: • тәбеттін төмендеуі, • жұмысқа қабілетінің азаюы, үйқының бұзылуы, әлсіздік, шаршағыштық; • кейбір жағдайда – АГ бар науқастарда – бас ауруы, бас айналу, құлақ шуылы; • миокардит, эндокардит дерттеріндедене қызуының жоғарлауы – жиі 37° 38°дейін немесе одан жоғары; • Сұрақ беріп себебін, байқалған уақытын, ұзақтығын анықтау 58
ЖҚЖ ауруларының анамнезі –дерттің даму тарихы 1. Дерттің бастапқы белгілерінің пайда болған уақыты –бірінші рет ауыруы, басталуы-кенеттен, бірте. 2. Белгілері , олардың сипаты, қарқындылығы, болжама даму себептері –стресстік жағдай, болған жіті жұқпалар, салқындау, басқа дерттермен және қара күш жүктемесімен байланысы 3. Дерттің ағымы -осы белгілердің дамуы, өзгерісі 4. Жасалған ем, түрі, оның тиімділігі 5. Созылмалы дерт болса – өршу себебі, көрінісі, бәсеңсу ұзақтығы, емдік шаралар. 59
ЖҚЖ анамнезі –науқастың өмір тарихы Мақсаты: осы дерттердің дамуына алып келген қолайсыз жайттарды анықтау 1. Болған дерттер (ревматизм, жиі баспалар, дифтерия, сифилис) 2. Жұмысында, күнделікті тіршілігіндегі әсер ететін қолайсыз жайттар (ылғалды, салқын жер, стрестер, қимылсыздық, кәсіби қатерлі әсерлер- ойдың, орталық нерв жүйесінің жиі, шамадан тыс тежелуі; ауыр күштемелер (басқарушылық қызмет, ) 3. Басқа ағзалардың дерттері -тыныс алу; орталық нерв жүйесі) немесе жарақаттар, сынықтар. 4. Ішімдікке салыну, нашақорлық 5. Жанұялық анамнез: туыстарында ЖҚЖ аурулары 6. Әйел кісілерде: жүктілік, оның ағымы, босану, климакс – етек кірінің тоқтауы – оның көріністері –жүрек соғу, қан қысымының жоғарлауы. 60
Қарап тексеру 1. Жалпы қарау – ЖЖ сипаттайтын бірнеше объективті белгілерге назар аудару керек. Олар: а) жағдайы, хал-ахуалы - жүрек дерттерінде ҚАЖ және дерт түріне байланысты б) төсектегі жағдайы – ҚАЖ сәйкес: -бастапқыда – активті - өзін өзі күте алады; -бара – пассивті - өзін өзі күту жағдайы, тіршілік жағдайы төмендейді 61
ЖҚЖ ауруларын жалпы қарау 1. Науқастың төсектегі кейпі – маңызды белгілер: -Ортопное – айқын ентігуде- мәжбүрлі жағдайбас жағы жоғары, аяғы төмен орналасқан - оң жүрекке қан келуі азайып, кіші қан айналым шеңберінде іркіліс азаяды; -Ылғалды перикардите науқастар алға еңкейіп отырады -Жүрек кеңеюінде– оң жағында жатады -Стенокардияда - ауыру сезімі ұстаған жерде мелшиіп тұрып қалады, түрі - үрейлі, өлім қорқынышы 62
Науқастың төсектегі кейпі 63
ЖҚЖ ауруларын жалпы қарау 2. Теріні қарау(1) Цианоз – терісінің түсі - жиі - көкшіл - қан іркілісі салдарынан тіндер оттегін шамадан тыс пайдалануына байланысты - тотыққан Нb мөлшерінің веналық қанда жоғарлауы; Акроцианоз – шет аймақтарының цианозы - аяқ-қол саусақтарының, мұрын ұшының, еріндері мен құлақ ұштарының көгеруі. Орталық цианоз – таралған цианоз - КҚАШ қанның қажетті мөлшерде оттегімен қанықбауы 64
Акроцианоз 65
ЖҚЖ ауруларын жалпы қарау 2. Теріні қарау(2)- кейбір дерттерде - тәндік түсі: Facies mitralis – митралды ақауларда – бет ұшының күлгін түсті көгеруі , сәл көгерген еріндері, мұрын ұшы мен аяқ-қолдары Бетінің боздығы– аорталды ақауларда Терінің, көздің ақ қабығының сарғаюы– қан айналым жетіспеушілігінің ауыр кезеңінде– бауырдағы іркіліске байланысты. “Сүтті кофе ” – инфекциялық (септикалық) эндокардитте 66
Facies mitralis 67
ЖҚЖ ауруларын жалпы қарау • оң веналық пульс – кері кеткен қан толқынынан мойылдырық венасының соғуы айқын білінеді - 3 -жармалы қақпақша жетіспеушілігінде - жүрек систоласына және ұйқы артериясының соғуына сәйкес келеді; • аорта ақауында - барлық артерияларының пульсация беруі – “қан тамырлалары соғып тұрған адам” 68
ЖҚЖ ауруларын жалпы қарау Жүрек ісінулері Орналасу орны - тобық, аяқ ұшы, балтыры, белі аймағы, сегіз көзде. Гидроторакс: плевра қуысында сұйықтық жиналу Асцит: құрсақта сұйықтық жиналу Гидроперикард: перикардта сұйықтық жиналу Анасарка: таралған ісіктер Жергілікті ісіктер Стокс жағасы : жоғарға қуыс вена қысылуында- бет, мойын, иық аймақтарының ісігі (ылғалды перикардит, аорта доғасының аневризмасы). 69
Жүрек ісіктері 70
ЖҚЖ ауруларын жалпы қарау • «Дабыл таяқшалары» белгісі туа біткен ақаулар және инфекциялық эндокардитте 71
Жүрек аймағын қарау - қалыптыда. • жүрек ұшы түрткісі – жүдеу, астеникалық дене бітімінде жүрек ұшында, сол жақ 5 -і қабырғаралықта, бұғана ортаңғы сызығынан 1 -1, 5 см ішке қарай шектелген ырғақты соққы анықталады - бұл сол қарыншаның жиырылып, кеудеге соғуы –бұл жүрек ұшы түрткісі деп аталады 72
Жүрек аймағын қарау-дерттік белгілер: • дөңестік - туа біткен ақаудың белгісі кеңейген жүрек бөлімдері қатпаған қабырғаны қисайтып өзгертеді; • жалпы дөңестік –перикардитта • оң жақ 2 -і қабырғаралықта - аорта невризмасы ; • төстің сол жағы 2 -3і қабырғаралықта - өкпе бағанасының кеңеюі; • дерттерде - жүрек соққысы - төстің сол жағында, көлемді, эпигастральды аймаққа таралған соққы - бұл оң қарыншаның кеңею және гипертрофиясы себебінен пайда болған; қоса эпигастральды аймақтада соққы білінеді. 73
Жүрек пальпациясы – сипап тексеру Мақсаты : Негізгі - жүрек ұшы түрткісін анықтау, яғни оның қасиеттерін сипаттау: • орналасқан орны - 5қ/а бұғана ортаңғы сызығынан ішке қарай 1 -1, 5 см; • солға ығысады және төмен 6 -7 қ/а – сол қарынша кеңеюінде және гипертрофиясында; • көлемі – қалыптыда 1 -2 см; -ұлғаяды – таралған - 2 см > - гипертрофияда; -кішірейді – шектелген – СҚ көлемі тарылғанда 74
Жүрек пальпациясы -ЖҰТ • биіктігі - биік, аласа – соғу күшіне байланысты; • күші -күшейген, әлсіреген; • соңғы екі қасиеті жүрек жиырылу күшіне байланысты және көлемінің үлкеюімен қатар жүреді; • қарсыластығы –жүрек бұлшық етінің тығыздығын сипаттайды - тығыздалғанда қарсыластығы жоғарлайды - гипертрофияда Гипертрофияда барлық қасиеттері үдемелі түрде өзгереді - таралған, биік, күшейген, қарсыластығы жоғары. 75
ЖҰТ СҚ гипертрофиясында күшеюі. 76
Жүрек пальпациясы - жүрек аймағындағы басқа соққылар Аорта соққысы: кеңеюінде аорта Эпигастрий аймағы : ОҚ гипертрофиясында Бауыр пульсацисы -шынайы -3 - жармалы қақпақшаның жетіспеушілігі - берілген –жіүрек жиырлуының берілуі 77
Жүрек пальпациясы «Мысық пырылы» белгісі • Систоликалық діріл: - аорта стенозында – тар тесіктен қанның өтуі -иірім –алақанға мысық пырылы тәріздес сезіледі – төстің оң қыры 2 қа анықталады 78
Жүрек пальпациясы «Мысық пырылы» белгісі • Диастоликалық діріл: - митральды стенозда тар тесіктен қанның өтуі -иірім –алақанға мысық пырылы тәріздес сезіледі жүрек ұшында анықталады 79
Жүрек перкуссиясы Мақсаты: • шекараларын - 3 шекара - оң, сол, жоғарғы салыстырмалы және айқын тұйықтықта анықтау; • қан тамырлар шоғыры енін (аорта, өкпе бағанасының кеңеюлері) анықтау • жүректің көлденең ені (жүрек гипертрофиясы мен кеңеюінде); • жүрек пішінін анықтау (митральды, аортальды) 80
Жүрек перкуссиясы Диагностикалық маңыздылығы: шекараларының өзгерулері- ығысуы – гипертрофиясында, кеңеюінде (ақауларда, қан қысымының жоғарлауында, т. б. дерттерде). • Жасау әдісі тәжірибе сабағында көрсетіледі. 81
Тыңдағандарыңызға рақмет! 82
SSS1_kaz.pptx