Жүрек-қан тамыр жүйесін тексеру әдістері: науқастарды сұрап және


Жүрек-қан тамыр жүйесін тексеру әдістері:науқастарды сұрап және қарап тексеру. Жүрек пальпациясы мен перкуссиясы, аускультациясы. Диагностикалық маңыздылығы. Балалардағы ерекшеліктері Умарова С.У. Ішкі аурулар пропедевтикасы, доцент

Жүрек –қан тамыр жүйесі: тексеру әдістері Жүрек –қан тамыр жүйесі анатомиясы мен физиологиясы Жүрек – 4 қуысты – сол және оң бөлігі; Дерттік жағдай негізінде сол бөлігінде басталады - ҮҚАШ сол қарыншадан басталып ағзаларды қоректендіреді, ең бастысы О2 қамтемесіз етеді, әрі қарай ағзалардан венозды қанды жинап оң бөлігіне - КҚАШ - өкпе газ алмасу- іркіліс; Маңызды бөлігі- қақпа венасы жүйесі –ҮҚАШ бөлігі - бауырда - заласыздандыру-іркілісінде- үлкеюі - жүрек дерттерінде маңызды белгі.

Жүрек –қан тамыр жүйесі ауруларын сұрап тексеру 1.Шағымдары - негізгі: жүрек аймағындағы ауру сезімі (dolor); жүрек қағуы немесе соғуы (palpitatio cordis); ентігу (dyspnoe); ісіну (oedema); тұншығу, демікпе - (astnla cordis ); жөтел (tussis); қан тастау (haеmoptoe); оң қабырға астындағы ауру сезімі

Жүрек –қан тамыр жүйесі ауруларын сұрап тексеру Шағымдарды талдау , нақтылау жүрек аймағындағы ауру сезімі (dolor) немесе шаншу - ең жиі мазалайтын шағым; қауіптылығы мен диагностикалық маңыздылығы - коронарлық жетіспеушілігінің бірден-бір белгісі - себебі - меншікті қан айналымның бұзылысының белгісі (жүрек қыспасында - стенокардия, жүрек инфарктісі);

Жүрек –қан тамыр жүйесі ауруларын сұрап тексеру Шағымдарды талдау, нақтылау даму жолы - оттегінің тапшылығы-анаэробты гликолиз -қышқылды заттардың жиналуына алып келеді, ал олар жүрек қан тамырларының интимасында орналасқан сезімтал рецепторларды тітіркендіреді – «ауру сезімі» ретінде сезіледі - бұл “жүректін көмек сұраған айқайы” деп бұрынғы орыс дәрігерлері атаған;

Жүрек –қан тамыр жүйесі ауруларын сұрап тексеру орналасуы – қай жерде орналасады? (қолымен көрсетуді сұрау) - төс аймағында, жүрек ұшында, кеуденің сол бөлігінде, оң бөлігінде; сипаты- қалай ауырады?- шаншып, сыздап, күйдіріп, пышақ сұққандай, қысып, басып ( орыс дәрігерлері –“бақа басып тұрғандай”);

Жүрек –қан тамыр жүйесі ауруларын сұрап тексеру басталуы – қалай басталды? - кенеттен, күші – қатты? күшті ме? - қатты, күшті қарқынды болып келеді; өлім қорқынышын туғызады; (науқас ауру сезімі ұстаған жерде тұрып қалады, қозғалуға қорқады)

Жүрек –қан тамыр жүйесі ауруларын сұрап тексеру таралуы – бір жерде ме әлде таралады ме? - қай жаққа (жерге) беріледі? - дененің сол жоғарғы жартысы - мойынның, сол қол, оның ішкі бөлігі, соңғы екі саусағы, жақ сүйегі; сол жауырын асты; -кейбір жағдайда - кеуденің оң бөлігіне, эпигастральды аймаққа;

Жүрек –қан тамыр жүйесі ауруларын сұрап тексеру тұрақтылығы – тұрақты, ұзақ ауырады ме әлде бір қойып қайта басталады ме?-ұстама сияқты- басылып-оқтын-оқтын қайталап тұрады басылу, азаю немесе бәсеңсу себебі-қандай әрекеттен кейін басылады?- нитроглицерин немесе валидолдан кейін басылады, азаяды. Бұл ишемиялық ауру сезім – жүрек қыспасын сипаттайды.

Жүрек –қан тамыр жүйесі ауруларын сұрап тексеру Басқа себептер - миокардит, аортит, эндокардит, перикардит, жүрек неврозы - ауру сезімі күшті емес, сыздаған, бірте-бірте басталады, тұрақты-ұзаққа созылады, таралмайды - бір нүкте болып тұрады, жүрек ұшында орналасады; нитроглицерин немесе валидол әсер етпейді.

Жүрек –қан тамыр жүйесі ауруларын сұрап тексеру Шағымдарды талдау ; нақтылау Жүрек қағуы немесе соғуының бұзылысы – жиілігі, реттілігі, күші- бұл жүрек қозуы мен өткізгіштігінің бұзылуы; Өзгеру түрлері жиілейді, қатты соғады; сиректейді; тоқтап-тоқтап (ретсіз) соғады.

Жүрек –қан тамыр жүйесі ауруларын сұрап тексеру Анықтау сұрақтары – қандай жағдайда пайда болады немесе күшееді?- тиыштықта әлде қара күш жүктемеде ме? Даму себебі – жүрек жұмысын реттейтін нерв жүйесінің бұзылысы – шамадан тыс қозуы; бұл белгі әртүрлі дерттерге байланысты жүрек бұлшықеті зақымын сипаттайды.

Жүрек –қан тамыр жүйесі ауруларын сұрап тексеру Қалған шағымдар – ентігу ісіну демікпе, тұншығу- (astnla cordis ); жөтел, қан тастау оң қабырға астындағы ауыру сезімі, Бұл кіші және үлкен қан айналымдағы қан іркілу себебінен –қан айналымы бұзылыстары - жүрек жетіспеушілігінің белгілері.

Жүрек –қан тамыр жүйесі ауруларын сұрап тексеру Шағымдарды талдау; нақтылау ентігу (dyspnoe)- тыныс бұзылысы -ауа жетпеу сезімі; ентігу - әртүрлі деңгейде болады-жүрек жетіспеушілігін сипаттайды:

Жүрек –қан тамыр жүйесі ауруларын сұрап тексеру бастапқыда – қара күш жүктемесінде –жүру, баспалдақпен көтерілуде - сосын басылады; кейіннен -жүрек жетіспеушілігінің айқындалуында – жеңіл жүктемелерде, кіші-гірім жүрісте, сөйлегенде, ал соңынан тиыштықтада болады

Жүрек –қан тамыр жүйесі ауруларын сұрап тексеру Ентігу (dyspnoe ) – дамуы -бастапқыда – кіші қан айналым шеңберінде қан іркілу – ол өкпеде газ алмасу бұзылысы мен қанның оттегімен қоректенуінің бұзылысы – тыныс орталығының тітіркенуі

Жүрек –қан тамыр жүйесі ауруларын сұрап тексеру Ентігу (dyspnoe ) – дамуы кейіннен – үлкен қан айналымында қан іркілу -қанда көмір қышқылы мен зат алмасу үрдісінің тотықпаған қалдықтарының көбеюі - тыныс орталығының тітіркенуі

Жүрек –қан тамыр жүйесі ауруларын сұрап тексеру Шағымдары - ентігу (dyspnoe) Анықтау сұрақтары – қандай жағдайда пайда болады немесе күшееді?- қара күш жүктемеде әлде тиыштықта ма? -тұрақты немесе ұстамалылы ме? -ентігуді азайту үшін дене қалпын өзгерте ме? – тоқтайды, отырады?

Жүрек –қан тамыр жүйесі ауруларын сұрап тексеру ісінулер, ісіктер (oedema) - үлкен қан айналым шеңберіндегі қан іркілудің белгісі; Дамуы: - қан жүру жылдамдығы төмендейді - сол қарыншаның дерттке байланысты жиырылу қызметі төмендейді; - қан тамыр ішінде осмотикалық қысым жоғарлайды

Жүрек –қан тамыр жүйесі ауруларын сұрап тексеру қан тамырлар қабырғасының өткізгіштігі жоғарлайды - қанның сүйықтығы - плазма - осмотиқалық қысымның төмен жағына - тіндерге өтеді; онкотикалық қысым плазмада төмендейді - бауырда қан іркілуіне байланысты белок синтезі төмен;

Жүрек –қан тамыр жүйесі ауруларын сұрап тексеру РААЖ қызметінің асуына байланысты тіндерге натрий иондары жиналады, ол сұйықтықты тартады - ісіну дамиды. Бірақ негізгі себеп - гидростатикалық қысым-ның қантамырда жоғарлауы.

Жүрек –қан тамыр жүйесі ауруларын сұрап тексеру Жүрек ісігінің ерекшеліктері (сипаты) -кешке қарай көбееді, -көкшіл (цианоз); -тығыз (белок сақталған ісіну); -аяқтан (төменнен) басталады; - құрсаққа көтеріледі- асцит; - барлық қуыстарға жиналады; -денеге жалпы тарайды - анасарка

Жүрек –қан тамыр жүйесі ауруларын сұрап тексеру Шағымдары Демікпе, тұншығу- (astnla cordis )-жүрек демікпесі -ұстамалы ентігу – сол қарыншаның жіті немесе созылмалы жетіспеушілігі – кіші қан айналымында қан іркілу - күрт дамиды; Қосымша жөтел (көбіне түнгі), қан қақыру (қызғылт түсті қақырық).

Жүрек –қан тамыр жүйесі ауруларын сұрап тексеру Шағымдары оң қабырға астындағы ауру сезімі - үлкен қан айналымында қан іркілу –бауыр көлемінің үлкеюі- Глиссон қапшығының кернелуі – ондағы сезімтал рецепторлардың тітіркенуі-ауру сезімі ретінде білінуі.

Жүрек –қан тамыр жүйесі ауруларын сұрап тексеру 1.Шағымдары- қосымша тәбеттін төмендеуі, жүйке шаршауы - жұмысқа қабілетінің азаюы, үйқының бұзылуы, әлсіздік, шаршағыштық; кейбір жағдайда – АГ бар науқастарда – бас ауруы, бас айналу, құлақ шуылы; миокардит, эндокардит дерттерінде- дене қызуының жоғарлауы – жиі 37° - 38°дейін немесе одан жоғары; Сұрақ беріп себебін, байқалған уақытын, ұзақтығын анықтау

Жүрек –қан тамыр жүйесі ауруларын сұрап тексеру Дерттің даму тарихы - anamnesis morbi Дерттің басталуы: Бірінші рет аурып тұрсыз бе әлде бұл ауру бұрыннан бар ма? Қалай басталды: а) кенеттен – мына белгілермен- жүрек шаншуы, жүрек қағуы, демікпе ұстамасымен, құрғақ жөтелмен;

Жүрек – қан тамыр жүйесі ауруларын сұрап тексеру б) бірте-бірте - ентігудің немесе -ісінулердің дамуымен, -сыздаған ауру сезімі немесе жүрек аймағындағы ыңғайсыз сезімімен, -бас ауру, бас айналуымен, -ентігуге байланысты жұмысқа қабілетінің төмендеуімен; в) бұрынғы дерттің өршуі – жылына қанша рет, немен байланысты, қалай емделеді, бәсеңсуі қанша уақытқа созылады?

Жүрек қан тамыр жүйесі ауруларын сұрап тексеру. Дерттің даму тарихы 2.Дерттің басталуына әсер еткен жағдайлар (дерттің себебі ?): -психо-эмоциональнық тежеулер; шиеленіс жағдайлар; -ауыр қара жұмыс; -салқынданулар; -жақын арада болған жіті қабыну дерттері (жоғарғы тыныс жолдарының жіті қабынулары, баспа, тұмау); -шамадан тыс ішімдік қабылдау немесе аллергиялық әсерленулер (уытты әсері);

Жүрек қан тамыр жүйесі ауруларын сұрап тексеру. Дерттің даму тарихы 3.Жүргізілген шаралар: дәрігерге қаралдыма? қандай тексерістер жүргізілді (олардың қорытындысы); емі (өздігінше, дәрігердің; емнің тиімділігі); ауруханаға түсу себебі?

Жүрек –қан тамыр жүйесі ауруларын сұрап тексеру 3.Науқастың өмір тарихы-anamnesis vitae-осы дерттің дамуына алып келетін қолайсыз жағдайларды анықтау Балалық және жас өспірім шағындағы дерттер (туа біткен жүрек ақауы, ревматизм, тонзиллит, тіс жегі). Жоғарғы тыныс жолдарының жіті қабынуы, аллергиялық және басқада дерттері; баспалар.

Жүрек –қан тамыр жүйесі ауруларын сұрап тексеру Әлеуметтік және тұрмыстық жағдайы (тұрақтанған жері - дымқыл, ылғалды; майлы, тұзды тағамдарды жиі пайдалануға бейімділік; қимылсыздығы басым тіршілік салты; от басындағы көңіл-күй, моральдық жағдайы). Ер азаматтарда - әскерде болуы, атқарған міндетінің түрі (қолайсыз әселер, болған дерттері).

Жүрек –қан тамыр жүйесі ауруларын сұрап тексеру Әйел кісілерде – етек кірінің сипаты тұрмыс құруы, жүктілік (қанша көтерді, қалай өтті - ісінулер, қан қысымының жоғарлауы; босанулары -өзі, операциялар арқылы, асқынулар; түсіктер, жасанды түсіктер); етек кірінің тоқтауы (неше жасында, қандай көріністер - қан қысымының жоғарылауы, жүрек қағуы, т.б.).

Жүрек –қан тамыр жүйесі ауруларын сұрап тексеру Кәсіпшілік қолайсыз әсерлер: ойдың, орталық нерв жүйесінің жиі, шамадан тыс тежелуі; ауыр күштемелер (басқарушылық қызмет, Тұқым қуалаушылыққа бейімділік: жақын туысқандарында жүрек ауруларының, гипертонияның, туа біткен ақаулардың, семіздіктің болуы.

Жүрек –қан тамыр жүйесі ауруларын сұрап тексеру Басқа ағзалардың дерттері (тыныс алу; орталық нерв жүйесі) немесе жарақаттар, сынықтар. Жұқпалы аурулар – туберкулез, мерез, сары ауру. Үйреншікті уланулар: темекі шегу; ішімдікке салыну; нашақорлық, уланулар

Жүрек –қан тамыр жүйесі ауруларын сұрап тексеру.Балалардағы ерекшеліктері. Жиі кездесетін шағымдар -әлсіздік, шаршағыштық қара күш жүктемесіндегі –жүру, ойнау, велосипедпен жүргенде, баспалдақпен көтерілгенде -бал қолға алуды сұрайды, ойнамайды -емізулі бала –тоқтап-тоқтап емеді, жиі және ауыр тыныс алады

Жүрек –қан тамыр жүйесі ауруларын сұрап тексеру.Балалардағы ерекшеліктері Ентігу, шаршағыштық, тәбеттің төмендеуі, жүдеу және өсіп дамуының саябырлауы - балалардағы ҚАЖ жиі тәндік белгілері Туа біткен ақауларда- созылмалы бронх-өкпе аурулары жиі қайталанып –КҚАЖ байланысты Коронарлық ауру сезімінде - бала кенеттен қысқа уақытта айқайлайды, мазасызданады, сосын тиышталады, бірақ ұзақ уақытқа дейін дімкәс болады және терісі бозарады.

Жүрек –қан тамыр жүйесі ауруларын сұрап тексеру.Балалардағы ерекшеліктері Фалло дерті – туа біткен ақау – артериалдық пен веноздық қан аралас түрде –КҚАШ қан аз барады - гипоксиялық ұстамалар – кенеттен бозарады, ентігу үдейді,мазасызданады,әрі қарай терісі сұрланады немесе көгереді – ентігіп көгеру ұстамасы – аз уақытқа тынысы тоқтауы мүмкін, бала есінен танады, тартылулар болады.

Жүрек –қан тамыр жүйесі ауруларын сұрап тексеру.Балалардағы ерекшеліктері Жүрек ырғағы бұзылысында –кенеттен есінен танады, тыныс тоқтайды,бірнеше секундтардан соң - өздігінше н/е қолға алғанда есі оралады Кейбір жағдайда дәрігерге келу себебі- жүрегінде кездейсоқта анықталған шулар, қосымша – терінің бозаруы әлде көгеруін айтуы мүмкін

Жүрек –қан тамыр жүйесі ауруларын сұрап тексеру.Балалардағы ерекшеліктері Белгілердің пайда болған уақытын анықтау және дене бітімінің өсіп дамуын бағалау керек – дерттің туа әлде жүре пайда болғанын дәлелдеу үшін маңызды Шағымдардың пайда болу себептерін нақтылау – баспа, ЖТҚД, егулер, жүктемелер (дене шынықтыруда, жарыстарда); анасының жүктілігіндегі денсаулығы

Жүрек –қан тамыр жүйесі ауруларын сұрап тексеру.Балалардағы ерекшеліктері Бұрын болған ЖҚТЖ байланысты тексерістер туралы мәліметтерді анықтау, бар болса қарап танысу (ЭКГ, зерттеулер қорытындысы) Жанұясында, туысқандарында, басқа балаларындағы ЖҚТЖ дерттері туралы сұрау – тұқым қуалаушыққа бейімділік

Жүрек –қан тамыр жүйесі ауруларын қарап тексеру Қарап тексеру 1. Жалпы қарау - жүрек жетіспеушілігін сипаттайтын бірнеше объективті белгілерге назар аудару керек. Олар: а) жағдайы, хал-ахуалы - жүрек дерттерінде басым жағдайда қан айналым жетіспеушілі - гінің деңгейіне және дерт түріне байланысты науқастың жағдайы қанағаттанарлық, орташа, ауыр, өте ауыр, өлім халінде деп бөлінеді.

Жүрек –қан тамыр жүйесі ауруларын қарап тексеру Қарап тексеру б) төсектегі жағдайы - жүрек жетіспеушілігінің денгейіне сәйкес: Бастапқыда – активті - өзін өзі күте алады; бара-бара – пассивті - өзін өзі күту жағдайы, тіршілік жағдайы төмендейді;

Жүрек –қан тамыр жүйесі ауруларын қарап тексеру ортопное - жартылай отыру- мәжбүрлі - аяғы төмен - оң жүрекке қан келуі азайып, кіші қан айналым шеңберінде іркіліс азаяды; стенокардияда - ауру сезім ұста-ған жерде мелшиіп тұрып қалады, түрі - үрейлі, өлім қорқынышы

Жүрек –қан тамыр жүйесі ауруларын қарап тексеру Қарап тексеру в) терісінің түсі - жиі - көкшіл - қан іркілісі салдарынан тіндер оттегін шамадан тыс пайдалануына байланысты - тотыққан Нb мөлшерінің веналық қанда жоғарлауы; Көзге көрінетін аймақтар айқын көгереді: қол, аяқ саусақтары, еріндері, мүрын, құлақ үштары - акроцианоз дамиды. Цианоз деңгейі әртүрлі болады - сәл көгеруден қара көкке (туа біткен ақауларда) дейін.

Жүрек –қан тамыр жүйесі ауруларын қарап тексеру Қарап тексеру Жүректің кейбір дерттерінде тәндік тері түсі болады: митральды ақауларда - бетінің үшы күлгін түс тәрізді цианоз; аорта ақауларында - боз; қан айналымы жетіспеушілігінің ауыр түрінде - тері мен кілегей қабаттары (көздің ақ қабығы) сарғыштанады; созылмалы септикалық эндокардитте - бозғылт.

Жүрек –қан тамыр жүйесі ауруларын қарап тексеру Қарап тексеру г) ісіктер : жергілікті – аяқтарында; таралған - дене бойы; құрсақта - асцит; мойында - Стокс жағасы - жоғарғы қуыс венада қан жүруіне кедергі болғанда (тромбоз, немесе кеудеаралықтағы ісіктермен басылу).

Жүрек –қан тамыр жүйесі ауруларын қарап тексеру Қарап тексеру д) мойынды қарау – мойын қан тамырларының толып, көзге көрініп, айқын соғуы: ұйқы артериясының соғуы-“каротид биі” - аорта ақауында - осыған қоса басының қалтырауы - Мюссе белгісі;

Жүрек –қан тамыр жүйесі ауруларын қарап тексеру оң веналық пульс – кері кеткен қан толқынынан мойылдырық венасының соғуы айқын білінеді - 3-жармалы қақпақша жетіспеушілігінде - - жүрек систоласымен және ұйқы артериясының соғуына сәйкес келеді; аорта ақауында - барлық артерияларының пульсация беруі – “қан тамырлалары соғып тұрған адам”

Жүрек –қан тамыр жүйесі ауруларын қарап тексеру Қарап тексеру е) саусақтар мен тырнақтар өзгерістері : саусақтар - саусақтар бунақтары домалақтанып, “дабыл таяқшаларына” ұқсап өзгереді; тырнақтар – “сағат беті” тәріздес тегістеліп домбығады – оттегі жетіспеушілігіне байланысты дамиды Туа біткен ақаулардағы тәндік белгілер

Жүрек –қан тамыр жүйесі ауруларын қарап тексеру 2. Жүрек аймағын қарау - қалыптыда. жүрек ұшы түрткісі – жүдеу, астеникалық дене бітімінде жүрек ұшында, сол жақ 5-і қабырғаралықта, бұғана ортаңғы сызығынан 1-1,5см ішке қарай шектелген ырғақты соққы анықталады - бұл сол қарыншаның жиырылып, кеудеге соғуы –бұл жүрек ұшы түрткісі деп аталады

Жүрек –қан тамыр жүйесі ауруларын қарап тексеру 2. Жүрек аймағын қарау-дерттік белгілер: дөңестік - туа біткен ақаудың белгісі - кеңейген жүрек бөлімдері қатпаған қабырғаны қисайтып өзгертеді; жалпы дөңестік –жүрек қабында су жиналғанда, яғни перикардитта; оң жақ 2-і қабырғаралықта - аорта аневризмасында (кеңеюі);

Жүрек –қан тамыр жүйесі ауруларын қарап тексеру 2. Жүрек аймағын қарау - соққылар дерттерде - жүрек соққысы - төстің сол жағында, көлемді, эпигастральды аймаққа таралған соққы - бұл оң жақ қарыншаның үлкею себебінен (ол кеудеге жақын келеді) пайда болған; қоса эпигастральды аймақтада соққы білінеді.

Жүрек –қан тамыр жүйесі ауруларын қарап тексеру Жүрек негізіндегі соққылар: төстің оң жағы 2-і қабырғаралықта - аорта аневризмасы – көтерме бөлігі мен доғасының кеңеюі; төстің сол жағы 2-3і қабырғаралықта - өкпе бағанасының кеңеюі;

Жүрек –қан тамыр жүйесі ауруларын қарап тексеру. Балалардағы ерекшеліктері. Баланың төсектегі кейпі-отырады, жатады Дене бітімі, өсіп дамуы- жасына сәйкестігі – жетіспеушілігі – дерт ұзақтығы, ҚА мен тіндер қоректенуінің бұзылысын сипаттайды – туа біткен ақаулар –дененің жоғарғы және төменгі бөлігі дамуының айырмашалығы –иықтары, аяқтарына мықын аймағына қарағанда жақсы өскен – аорта ақауы

Жүрек –қан тамыр жүйесі ауруларын қарап тексеру. Балалардағы ерекшеліктері Жүрек аймағында - дөнестер – жүрек бөлімдерінің (оң, сол) кеңеюіне байланысты - төс маңында, кеуденің сол бөлігінде). Кеудені қарағанда – тыныс алу жиілігі, ырғақтығы, қабырға аралықтарының кіріңкі болуына назар аудару Терінің түсі, әсіресе – алақандары, саусақ ұштары, табаны - көгеруі, күлгін түсті және Тері- мәрмәр өңді, мұздай, ылғалды – туа біткен ақаулар

Жүрек –қан тамыр жүйесі ауруларын қарап тексеру 3.Жүрек пальпациясы – сипап тексеру Мақсаты : Негізгі - жүрек ұшы түрткісін анықтау, яғни оның қасиеттерін сипаттау: орналасқан орны (5қ/а бұғана ортаңғы сызығынан ішке қарай 1-1,5см; ығысады солға және төмен 6-7 қ/а – сол қарынша кеңеюінде (гипертрофиясында);

Жүрек –қан тамыр жүйесі ауруларын қарап тексеру 3.Жүрек пальпациясы – сипап тексеру- жүрек ұшы түрткісін анықтау – сипаты: көлемі – қалыптыда 1-2см; -ұлғаяды – таралған - 2см > - гипертрофиясында; -кішірееді – шектелген – сол қарынша көлемі тарылғанда

Жүрек –қан тамыр жүйесі ауруларын қарап тексеру 3.Жүрек пальпациясы – жүрек ұшы түрткісін анықтау – сипаты: биіктігі - биік, аласа – соғу күшіне байланысты; күші -күшейген, әлсіреген; соңғы екі қасиеті жүрек жиырылу күшіне байланысты және көлемінің үлкеюімен қатар жүреді;

Жүрек –қан тамыр жүйесі ауруларын қарап тексеру қарсыластығы –жүрек бұлшық етінің тығыздығын сипаттайды - тығыздалғанда - қарсыластығы жоғарлайды - гипертрофияда Гипертрофияда барлық қасиеттері үдемелі түрде өзгереді - таралған, биік, күшейген, қарсыластығы жоғары.

Жүрек –қан тамыр жүйесі ауруларын қарап тексеру 4. Жүрек пальпациясы – сипап тексеру Қосымша мақсаты –дерттік жағдайда – жүрек аймағы дірілін немесе “мысық пырылы” белгісін анықтау – бұл ақаулар белгісі: диастолалық - митральды қақпақшаның тарылуы; систолалық - аорта қақпақшасының тарылуы; Себебі: тар саңлаудан қанның иіріммен өтуі.

Жүрек –қан тамыр жүйесі ауруларын қарап тексеру Жүрек пальпациясы- балалардағы ерекшеліктері ЖҰТ – балаларда - ІУ қ/а орналасуы мүмкін ЖҰТ- биіктігінің жоғарлауы – абыржуына, қызынушылығына байланысты болу мүмкін және жүрек соғуы жиілігімен қоса жүреді.

Жүрек –қан тамыр жүйесі ауруларын қарап тексеру 4. Жүрек перкуссиясы – соғып тексеру Мақсаты: а) шекараларын - 3 шекара - оң, сол, жоғарғы - салыстырмалы және айқын тұйықтықта анықтау; б) қан тамырлар шоғыры енін (аорта, өкпе бағанасының кеңеюлері) анықтау

Жүрек –қан тамыр жүйесі ауруларын қарап тексеру 4. Жүрек перкуссиясы – соғып тексеру Мақсаты: в) жүректің көлденең ені (жүрек гипертрофиясы мен кеңеюінде); г) жүрек пішінін анықтау (митральды, аортальды

Жүрек –қан тамыр жүйесі ауруларын қарап тексеру 4. Жүрек перкуссиясы – соғып тексеру Диагностикалық маңыздылығы: шекараларының өзгерулері- ығысуы – гипертрофиясында, кеңеюінде (ақауларда, қан қысымының жоғарлауында, т.б. дерттерде). Жасау әдісі тәжірибе сабағында көрсетіледі.

Жүрек –қан тамыр жүйесі ауруларын қарап тексеру Жүрек перкуссиясы- балалардағы ерекшеліктері 4 жастан жоғары балалар перкуссиясының ересектерден айырмашылығы жоқ, ал кіші балаларда: Өзгертілген әдіспен – плессиметр саусақ 1 бунағымен қойылады және сол соғылады; Тікелей перкуссия – бір саусақпен кеуде бетіне

Жүрек –қан тамыр жүйесі ауруларын қарап тексеру Жүрек перкуссиясы- балалардағы ерекшеліктері Сұқ саусақ ортаңғы саусақтан жылжып түседі Жүрек шекаралары жасына байланысты балаларда өзгеріп тұрады (жүректің орналасуы, оның және кеуденің көлемі, айналасындағы ағзаларға байланысты)

Жүрек - қантамыр жүйесін зерттеу әдістері Жүрек аускультациясы. Жүрек тондары. Жүрек аускультациясы – тыңдап тексеру Мақсаты - жүрек жұмысы нәтижесінде пайда болатын дыбыстарды тыңдау. Олар 2 түрге бөлінеді: І.Қалыпты жүрек дыбыстары – тондар; ІІ.Қосымша дерттік дыбыстар – шулар

Жүрек аускультациясы. Жүрек тондары Негізінде қалыптыда жүрек жұмысында 4 дыбыс пайда болады, яғни 4 тон. Құлаққа естілетіні – 2(екеуі): 1тон – систолалық 2тон – диастолалық

Жүрек аускультациясы. Жүрек тондары І.Жүрек тондары, пайда болу механизмы Ітон – систолалық - систола кезінде пайда болатын дыбыс. Құлаққа бір дыбыс болып естілгенімен негізінде 4 құрастырушы дыбыстардан тұрады: 1-бұлшық еттік- оң және сол қарынша бұлшық еттерінің изометриялық қысым кезеңінде (қақпақшалар жабық, қан көлемі жеткілікті) жиырылуы, яғни кернелуі – тербелісі - дыбыс;

Жүрек аускультациясы. Жүрек тондары І.Жүрек тондары, пайда болу механизмы 2- қақпақшалық – бір мезгілде жабылған атрио – вентрикулярлық қақпақшалар жақтаулары мен хорда жіпшелерінің кернеліп тербеліс беруі - дыбыс; 3-қан тамырлық - ірі қан тамырлар (аорта, өкпе бағанасы) алдыңғы бөлігінің қан айдалуының бастапқы кезеңінде кернелуі - тербелісі - дыбыс;

Жүрек аускультациясы. Жүрек тондары І.Жүрек тондары, пайда болу механизмы 4 - жүрекшелік - жүрекше бұлшық еттерінің тербелісі- осы құрастырушыдан 1 тон басталады(соңғы әдебиеттерде бұл құрастырушысы туралы айтылмайды). Бірінші тонның дерттік өзгерістерінің негізгі себебі – бұл қақпақшылық пен қарыншалық құрастырушыларының өзгерістері.

Жүрек аускультациясы. Жүрек тондары І.Жүрек тондары, пайда болу механизмы 2 тон – диастолалық - диастола кезінде пайда болатын дыбыс. Құлаққа бір дыбыс болып естілгенімен негізінде 2 құрастырушы дыбыстардан тұрады: 1- қақпақшалық - өкпе бағанасы мен аорта қақпақшаларының диастоланың бастапқы кезеңінде жабылып тербеліс беруі - дыбыс;

Жүрек аускультациясы. Жүрек тондары І.Жүрек тондары, пайда болу механизмы 2 - қан тамырлық - осы қан тамырлар қабырғаларының тербелісі; Екінші тонның дерттік өзгерістерінің негізгі себебі – бұл қақпақшылық құрастырушысының өзгерістері.

Жүрек аускультациясы. Жүрек тондары ІІІ.Жүрек дыбыстары тыңдалатын орындары (нүктелері) Екі тондыда жүрек үстінде тыңдауға болады, бірақ естілу дыбысы құрастырушыларына байланысты тыңдау нүктелерінде өзгереді. Сол себептен аускультация мәліметтерін дұрыс бағалау үшін кеуде бетіндегі қақпақшалар көлеңке нүктелері мен әр қақпақшадан шығатын дыбыстардың жақсы естілетін, яғни тыңдау нүктелерін білу керек.

Жүрек аускультациясы. Жүрек тондары Кеуде бетіндегі қақпақшалар көлеңке нүктелері немесе проекциясы – 4 нүкте 2 - жармалы қақпақша немесе митральды – төстің сол қыры, 3 қабырғаның жанасатын орны; аортальды- 3 қабырғалар деңгейіндегі төстің ортасы; өкпе бағанасы - төстің сол қыры 2 қ/а; 3- жармалы қақпақша - сол жақтан 3 қабырға сіңірінің, оң жақтан 5 қабырға сіңірінің төске жанасқан орындары аралығындағы сызықтың ортасы.

Жүрек аускультациясы. Жүрек тондары Тыңдау нүктелері - түсініктеме Проекция нүктелері бір-біріне өте жақын орналасуына байланысты дыбыс айыру мен әр қақпақша зақымын ажыратып анықтау қиындайды. Сол себептен дыбыс толқындарының қан бағытытына сәйкес таралуы мен әр қақпақшаның қызметіне байланысты осы дыбыстардың жақсы естілетін орындары, яғни тыңдау нүктелері анықталған.

Жүрек аускультациясы. Жүрек тондары Тыңдау нүктелері – 5, олар қақпақшаларды тыңдау реттілігі бойынша беріледі 1- митральды – жүрек ұшы - сол қарынша бұлшық етінің қалыңдығы дыбысты жақсы өткізеді; 2 – аорта - төстің оң қыры 2 қ/а (аортаның көтерме бөлігі осы аралыққа жақын келеді – қан бағытына сәйкес дыбыс таралады);

Жүрек аускультациясы. Жүрек тондары Тыңдау нүктелері – 5 3 - өкпе бағанасы – қақпашаның өз проекция орны; 4 - үш-жармалы қақпақша – төстің семсер тәрізді өсіндісінің негізі (оң қарынша);

Жүрек аускультациясы. Жүрек тондары 5 – аортаны қайта тыңдайтын нүкте – төстің сол қырына 3-4 қабырғалар жанасқан орны (аорта ақауындағы шуыл жақсы естіледі) - Боткин-Эрба нүктесі. Тыңдау реттілігі - қақпақшалар зақымы жиілігіне кері қатынаста, яғни ең жиі зақымдалатын митральды қақпақша -ол бірінші тыңдалады.

Жүрек аускультациясы. Жүрек тондары ІІ.Жүрек тондарының сипаттамасы 1тон: - диастолалық, үлкен үзілістен кейін пайда болады үйқы, шыбық артерияларының соғуына, яғни PS, жүрек ұшы түрткісіне сәйкес келеді; 1 тон - төмен және ұзақ, құрастырушысына байланысты жүрек ұшында және 3-жармалы қақпақша нүктесінде жақсы естіледі.

Жүрек аускультациясы. Жүрек тондары ІІ.Жүрек тондарының сипаттамасы 2 тон: - қысқа үзілістен кейін пайда болады; РS - ке сәйкес келмейді; жоғары және қысқа ; жүрек негізінде жақсы естіледі.

Жүрек аускультациясы. Жүрек тондары Тондардың өзгерісі 2 топқа бөлінеді: 1- жүрекке байланысты; 2 - жүрекке байланысты емес Өзгеру түрлері: күшеюі, әлсіреуі, ажырауы, қосарлануы.

Жүрек аускультациясы. Жүрек тондары Тондардың өзгерісі Жүрекке байланысты екі тон бірдей күшеймейді, бірақ әлсірейді - жүрек бұлшық еті жиырылу қасиетінің төмендеуінде –миокардиодистрофия, миокардит, миокард инфарктісі, кардиосклероз, гидроперикардит дерттерінде.

Жүрек аускультациясы. Жүрек тондары Тондардың өзгерісі Жүрек дерттерінің диагностикасындағы маңызды белгі – бір тонның өзгерісі. 1тонның күшею себептері: Қарынша қанға толмағанда митральды қақпақша тарылуы - сол қарынша қанға толмағанда;

Жүрек аускультациясы. Жүрек тондары 1тонның күшею себептері: 3-жармалы қақпақша тарылуында - оң қарынша қанға толмайды Дамуы - жүрек систоласы жиілейді – 1 тон күшееді – шапалақша тон; Қақпақша зақымына байланысты өз нүктелерінде жақсы естіледі.

Жүрек аускультациясы. Жүрек тондары 1тонның әлсіреуі – митральды және 3-жармалы қақпашаларының жетіспеушілігінде – толық жабылмаған қақпақша арқылы қан кері өтеді – изометриялық қысым төмен – бұлшықет кернелуі төмен - қақпақша мен бұлшық еттік құрастырушысы толық емес –- дыбыс төмен;

Жүрек аускультациясы. Жүрек тондары 1тонның әлсіреуі аорта мен өкпе бағанасы қақпақшаларының жетіспеушілігінде – олар систола кезеңінде толық жабылмайды – изометриялық қысым төмен - бұлшықет кернелуі төмен - қақпақшалық пен бұлшық еттік компонентері төмендейді – дыбыс әлсірейді.

Жүрек аускультациясы. Жүрек тондары Ітонның әлсіреуі – Аорта қақпақшасының тарылуында- Митральды қақпақшаның салыстырмалы жетіспеушілігі Бұл жағдайда - сол қарыншаның қанға шамадан тыс толуына байланысты гипетрофиясы мен кеңеюі және изометриялық қысым жәй жоғарлауы – бұлшық еттік компоненті төмен.

Жүрек аускультациясы. Жүрек тондары Тондардың өзгерісі – ІІ тон ІІ тон өзінің жақсы естілетін екі нүктесінде бірдей өзгермейді.

Жүрек аускультациясы. Жүрек тондары ІІ тонның әлсіреуі ІІ тонның аортада әлсіреуі - аорта ақауларында: - жетіспеушілігінде - қақпақша жақтауларының дертке байланысты көлемінің кішірею немесе дәнекерлену салдарынан тербелісі төмендейді-дыбыс төмендейді;

Жүрек аускультациясы. Жүрек тондары тарылуында –аортада қысым төмендейді –қанның мөлшері аз - аорта қақпақшасы жақтауларының тербелісі төмен – қақпақшалық құрастырушысы толық емес және сол қарыншаның қанға шамадан тыс толу салдарынан изометриялық қысым жәй көтеріледі – бұлшық еттік құрастырушысы толық болмайды;

Жүрек аускультациясы. Жүрек тондары ІІ тонның аортада әлсіреуі - Тағы бір себеп - артериялық қысымның төмендеуі.

Жүрек аускультациясы. Жүрек тондары ІІ тонның күшеюі - аортада артериялық қан қысымының жоғарлауында - артериялық гипертензия дерті - қысымға байланысты қақпақша қатты жабылады; басқа себептер - атеросклероз, мерездік аортит – темір дыбысы тәрізді.

Жүрек аускультациясы. Жүрек тондары ІІ тонның өкпе бағанасындағы өзгерістері ІІ тонның өкпе бағанасында күшеюі - кіші қан айналым шеңберінде қан іркіліске байланысты қысымның жоғарлауы (жүрек пен өкпе дерті )

Жүрек аускультациясы. Жүрек тондары ІІ тонның өкпе бағанасында әлсіреуі – өте сирек кездесетін өкпе артериясының ақаулары - жетіспеушілігі мен тарылуы Анықталуы - ІІ тонның дыбысын бір - бірімен екі нүктеде салыстырады!!

Жүрек аускультациясы. Жүрек тондары Тондардың ажырауы мен қосарлануы – бір дыбыстың орнына арасында қысқа уақыты бар екі дыбыс естіледі; Себебі – қақпақшалық құрастырушыларының бұзылысы - бірдей жабылмауы.

Жүрек аускультациясы. Жүрек тондары 1 тонның қосарлануы - Гис шоғыры аяқшаларының біреуінде импульсты өткізу нашарлағанда - бір қарыншаның систоласы қалысуы жағдайы дамиды– миокард зақымының күрделі дерттерінде – систолалық “шоқырақ ырғағы” деп атайды

Жүрек аускультациясы. Жүрек тондары ІІ тонның өкпе бағанасында қосарлануы немесе ажырауы Себебі – қақпақшалық құрастырушысының бұзылысы, яғни өкпе бағанасы мен аорта қақпақшасының бірдей жабылмауы. Клиникалық тәжірибеде жиі кездесетін себепті жағдай – кіші қан айналым шеңберінде қысым жоғарлағап өкпе бағанасы қақпақшасының қалып жабылуы (жүрек, өкпе дерттері).

Жүрек аускультациясы. Жүрек тондары Балалардағы ерекшеліктері Аускультация балаларда – мүмкіншілігінде тыныстың жоғарғы кезеңінде ұстап тұрғанда және толық тыныс шығарғанда; 9 жастан әрі – жүктеме беріп тыңдауға болады; 2-3 жастан 11-12 жасқа дейін өкпе бағанасында ІІ тонның күшеюі мен ажырауы естіледі

Жүрек аускультациясы. Жүрек тондары Балалардағы ерекшеліктері Жүрек дыбыстарының сипаты өзгеріп тұрады- Жүрек ұшында ІІІ тон – сүйек пен жұмсақ тіндердің ерекшеліктеріне жақсы естіледі; және зат алмасу үрдістерінің өзгерісі мен басқа ағзалар дертіне байланысты (өкпе, ас қорыту, бүйрек ж/е т.б.)

Жүрек аускультациясы. Жүрек тондары Эмбриокардия - 2 айға дейін қалыпты – І ж/е ІІ тонның дауыстылығы мен арасындағы уақыттары бірдей; Айыру – ЖҰТ мен ұйқы артериясының соғуына сәйкестігі байланысты Басқа жастарында – бұл дерттік жағдай.

Жүрек аускультациясы. Жүрек шулары Жүрек шулары - жүрек дерттерінде пайда болатын қосымша дыбыстар – 2 топқа бөлінеді 1- жүрек ішінде; 2 – жүректен тыс Жүрек ішінде пайда болатын шулар жиі кездеседі.

Жүрек аускультациясы. Жүрек шулары Жүрек шулары даму себебіне байланысты: а – органикалық - анатомиялық құрылымы өзгергенде (ақаулар); б – функционалдық - өзгермеген қақпақшалардың қызметі бұзылғанда (қан жылдамғы асқанда, қан сүйылғанда).

Жүрек аускультациясы. Жүрек шулары Органикалық шулар: а - себебі - ақаулар; б - дамуы –қан жүректің бір бөлігінен екінші бөлігіне өткенде кедергі болып қиындықпен өтуі (тарылуы) немесе кері айдалуы. Шуылдардың пайда болуы, яғни дамуы - физика заңына негізделеді - түтікшенің тарылған немесе кеңейген жерінен, әлде бір - бірімен жанасып жатқан түтікшелерден сүйықтық өткенде қысымның өзгерісіне сәйкес иірім дамиды –дыбыс (шуыл) береді - жүректегі органикалық ақаулардағы өзгеріс түрлері осыған ұқсас.

Жүрек аускультациясы. Жүрек шулары Шуылдардың пайда болуы, яғни дамуы - физика заңына негізделеді - түтікшенің тарылған немесе кеңейген жерінен, әлде бір - бірімен жанасып жатқан түтікшелерден сүйықтық өткенде қысымның өзгерісіне сәйкес иірім дамиды –дыбыс (шуыл) береді - жүректегі органикалық ақаулардағы өзгеріс түрлері осыған ұқсас.

Жүрек аускультациясы. Жүрек шулары Пайда болу кезеңіне байланысты түрлері: 1- систолалық - систола кезеңінде : - 2- және 3 - жармалы қақпаша жетіспеушілігі - жабылмаған қақпақшалардың тар саңлауы арқылы қанның кері өтуі - иірім - шуыл; - аорта, өкпе бағанасы қақпақшаларының тарылуы (стенозы)– қанның тар тесіктен айдалуы(кедергі)- иірім – шуыл

Жүрек аускультациясы. Жүрек шулары 2 - диастолалық – диастола кезеңінде – аорта мен өкпе бағанасы қақпақшаларының жетіспеушілігі - жабылмаған қақпақшалардың тар саңлауы арқылы кері ағуы - иірім - шуыл; -2(митральды)- және 3 - жармалы қақпақшалардың тарылуы –қанның тар тесіктен айдалуы(кедергі)- иірім – шуыл

Жүрек аускультациясы. Жүрек шулары Шуылдарды тыңдауда айыра білу керек: 1-жүрек қызметі кезеңіне қатысын: -систолаға – І тонмен бірге, қысқа үзілісте, жүрек ұшына және ұйқы артериясының соғуына сәйкес; -диастолаға – ІІ тоннан кейін, ұзақ үзілісте; тыңдалу кезеңіне сәйкес 3 түрге бөлінеді: -протодиастолалық – диастоланың басталуында, -мезодиастолалық - диастоланың ортасы -пресистолалық - диастоланың аяғында

Жүрек аускультациясы. Жүрек шулары 2 - сипатын – жұмсақ, үрленген тәрізді, қатты; тырналаған; -дыбысы - жоғары, төмен; -ұзақтығы – қысқа, ұзақ; -күші немесе қарқындылығы – жүрек қызметінің белгілі бір кезеңі барысында - азаюы әлде үдеюі - шуылдың пішіні; 3- орналасқан орны- яғни жақсы естілетін жері - себеп болған (зақымданған) қақпақша орнында; 4 - таралуы – қан бағытына байланысты.

Жүрек аускультациясы. Жүрек шулары Функционалдық шулар – қақпақша өзгермейді - а - динамикалық (қан жылдамғының асуы-тиреотоксикоз, невроз, қалтырау); -б- анемиялық (сүықтығы жоғарлауы, соған байланысты жылдамдығының асуы); -в-қақпақшалардың салыстырмалы жетіспеушілігі немесе тарылуы (жүректің әртүрлі органикалық дерттерінде, қақпақшалар жақтауының қан толқынымен ығысуы-қызметінің өзгерісі).

Жүрек аускультациясы. Жүрек шулары Органикалық шуылдардан айырмашылығы: сипаты – жұмсақ, үрлеген тәрізді басым жағдайда – систолалық, бірақ систола кезеңіне толық тарамайды тұрақты емес - дене кейпіне байланысты, тыныс алудың кезеңдерінде, қимылдаған-нан кейін жоғалуы мүмкін

Жүрек аускультациясы. Жүрек шулары Органикалық шуылдардан айырмашылығы естілу орны - басым жағдайда - өкпе бағанасында естіледі, жүрек ұшында сиректеу таралуы -таралмайды, шектеліп естіледі ұзақтығы - қысқа жүректе өзгерістер анықталмайды.

Жүрек аускультациясы. Жүрек шулары Балалардағы ерекшеліктері Жүре пайда болған ақаулардағы шулардың тыңдалу орны – қақпақша зақымына байланысты Туа біткен ақаулар шулары- жиі - систолалық тыңдалатын орны – төстің сол қыры 2-4 қ/а

Дәріс аяқталды! Сұрақтар??? Тыңдағандарыңызға рахмет!

zh_1199_rek_d_1241_ris_doc.ppt
- Количество слайдов: 114