Zh_1199_rek_sindromy.ppt
- Количество слайдов: 126
Жүрек қақпақша аппаратының зақымдану синдромы. Себебі. Гемодинамикасы. Симптомдары. Негізгі диагностикалық әдістері ҚазҰМУ Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы Доцент Умарова С. У.
Жүрек қақпақша аппаратының зақымдану синдромы. Себебі. n n Жүрек қақпақша аппаратының зақымдануы - бұл қақпақша ақаулары, яғни қүрылысының түрақты дертті өзгерісі. Негізінде қақпақша ақаулары – бұл жүрек ақауларының бір түрі, өйткені ақаулар жүрек құрылымының кез келгенінде болады. Ақаулар – а) туа біткен және б) жүре пайда болған (жиі кездеседі) болып бөлінеді Туа біткен - бұл жаратылысында жүрек немесе ірі қан тамырлардың қалыпты дамуының бұзылысы әлде туғаннан кейін ұрықтық қан айналымының сақталуы.
Жүрек қақпақша аппаратының зақымдану синдромы. Себебі. Жүре пайда болған ақаулар себептері n ревматикалық эндокардит n сепсис n атеросклероз n мерез n жарақат
Жүрек қақпақша аппаратының зақымдану синдромы. Себебі Негізгі себеп: қабыну – қақпақша жақтауларының қабынуы дәнекерленуге алып келеді –үйлесімінің бұзылысы мен көлемінің кішіреюі – бұндай қақпақша тесігін толық жаппайды – а) қақпақша жетіспеушілігі дамиды; егерде осы себептер салдарынан қақпақша жақтауларының қырлары бір –бірімен жабысып қалса, онда тесігі тарылады – бұл б) қақпақша тесігі тарылуы деп аталады
Жүрек қақпақша аппаратының зақымдану синдромы. Митральды қақпақша жетіспеушілігі Екі жармалы немесе митральды қақпақша жетіспеушілігі –insufficientia valvulfe mitralis – митральды қақпақша сол қарыншаның систола кезеңінде атриовентрикулярлық тесікті толық жаппайды – қан сол қарыншадан кері сол жүрекшеге қайтады – кері қан ағысы дамиды. Митральды қақпақша жетіспеушілігі 3 түрде болады: а) органикалық, б) салыстырмалы және в) функционалдық
Жүрек қақпақша аппаратының зақымдану синдромы. Митральды қақпақша жетіспеушілігі Органикалық – ревматикалық эндокардит –қақпақша жақтауларында дәнекер тін дамиды –олар және сіңірше жіпшелері қысқарады – қақпақша толық жаба алмайды – саңлау қалады –қанның бір бөлігі кері ағады n Салыстырмалы –митральды қақпақша өзгермеген, бірақ қақпақша тесігі айналасындағы бұлшық ет талшықтарының сол қарыншаның миокардитінде, n
Жүрек қақпақша аппаратының зақымдану синдромы. Митральды қақпақша жетіспеушілігі n миокардиодистрофияларында, кардиосклерозында кеңеюіне байланысты дамиды n функционалдық –қақпақшаның жабылуын қамтемесіз ететін бұлшық ет жүйесінің бұзылысы салдарынан.
Жүрек қақпақша аппаратының зақымдану синдромы. Митральды қақпақша жетіспеушілігі Гемодинамикасы n n Митральды қақпақша сол қарыншаның систола кезеңінде атриовентрикулярлық тесікті толық жаппайды – қанның бір бөлігі сол қарыншадан кері сол жүрекшеге қайтады – сол жүрешеде қан көлемі көбееді, өйткені өкпелік веналардан келетін қалыпты қанға кері кеткен қан қосылады. Сол жүрекшеде қысым жоғарлайды →кеңееді және гипертрофияға ұшырайды;
Жүрек қақпақша аппаратының зақымдану синдромы. Митральды қақпақша жетіспеушілігі n Диастолада сол қарыншаға толған сол жүрекшеден қалыптыдан көбірек көлемінде қан келеді→толады және созылады. Сол қарынша жұмысы асады → гипертрофия дамиды. С. Қ. бұл қызметі митральды қақпақша жетіспеушілігінің орның біраз уақыт басады
Жүрек қақпақша аппаратының зақымдану синдромы. Митральды қақпақша жетіспеушілігі n Гемодинамикасы Кейіннен С. Қ. жиырылу қызметі төмендегенде онда диастолалық қысым жоғарлайды → С. Ж. қысым жоғарлауына алып келеді →өкпелік веналарда қысым жоғарлайды → →барорецепторлардың тітіркену себебінен кіші қан айналым щеңбері артериоларының тарылуы дамиды (Китаев рефлексы) →өкпе артериясында қысым жоғарлайды →оң қарынша қызметі асады →ұзаққа созылған айқындалған митральды қақпақша жетіспеушілігінде оң қарыншаның гипертрофиясы дамиды.
Жүрек қақпақша аппаратының зақымдану синдромы. Митральды қақпақша жетіспеушілігі Белгілері Митральды қақпақша жетіспеушілігі біраз уақытқа дейін клиникалық көрініс бермейді. n Тек қана кіші қан айналым щеңберінде қан іркілісі дамығанда мына белгілер пайда болады: Ентігу, жүректің жиі соғуы немесе қағуы, цианоз, яғни көгеру – оттегі жетіспеушілігі. n
Жүрек қақпақша аппаратының зақымдану синдромы. Митральды қақпақша жетіспеушілігі n n Белгілері Пальпацияда –жүрек ұшы түрткісі солға ығысқан, кейбір жағдайда – төмен; қасиеттері өзгерген –таралған, күшейген, қарсыластығы жоғарлаған – сол қарынша гипертрофиясының белгісі; Перкуссияда –жүрек шекаралары сол қарыншамен сол жүрекше гипертрофиясына байланыстысолға және жоғары ығысқан – митральды пішін – жүрек мықыны немесе белі айқындалмаған. Оң қарынша гипетрофиясы дамыса – жүрек шекарасы оңға ығысады.
Жүрек қақпақша аппаратының зақымдану синдромы. Митральды қақпақша жетіспеушілігі Белгілері n Аускультацияда – жүрек ұшында І тон әлсіреген, өйткені қақпақшалардың толық жабылу кезеңі жоқ және осы жерде митральды қақпақша жетіспеушілігінің негізгі белгісі – систолалық шуыл естіледі – тар саңылаудан кері кеткен қанның ағысы; систолалық шуыл І тонмен бірігіп естіледі; сол қолтық астына тарайды, сол бүйіріне жатқанда күшееді.
Жүрек қақпақша аппаратының зақымдану синдромы. Митральды қақпақша жетіспеушілігі Белгілері Кіші қан айналым щеңберінде қысым ↑ өкпе бағанасы үстінде ІІ тонның күшеюі(акценті) дамиды – күшейіп естіледі. n Кейбір жағдайда осы қысымға байланысты өкпе бағанасы қақпақшасының кейінірек жабылуына байланысты ІІ тон ажырайды. n
Жүрек қақпақша аппаратының зақымдану синдромы. Митральды қақпақша жетіспеушілігі Белгілері n n PS же АҚ өзгермейді Р–генде – сол қарынша мен сол жүрекшенің ұлғаюына байланысты жүрек көлеңкесі солға, жоғары же артқа үлкееді; ЭКГ – сол қарынша мен сол жүрекшенің гипертрофия белгілері: сол көріністі ЭКГ, Р тісшелері ұлкейген; Эхо. КГ – сол қарынша мен сол жүрекше қуыстары кеңейген; қақпақша жақтаулар қозғалысы әр бағытта, олар қалыңдаған және систолада айқаспайды.
Жүрек қақпақша аппаратының зақымдану синдромы. Митральды қақпақшаның тарылуы n n Екі жармалы немесе митральды қақпақшаның тарылуы – stenosis ostii venosi senistri – органикалық ақау; Себебі – ұзаққа созылған ревматикалық эндокардит; Дамуы – қақпақша жақтауларының бос қырлары бір –бірімен жанасуы немесе жабысуы, олардың тығыздалуы мен қалыңдауы же сіңірше жіпшелерінің қысқаруы мен қалыңдауы қақпақшаның тарылуына алып келеді – тесік түрі су құйғыш тәрізді
Жүрек қақпақша аппаратының зақымдану синдромы. Митральды қақпақшаның тарылуы Гемодинамикасы n Қақпақша тесігінің N – d=4 6 см² n Гемодинамикасы өзгереді – d <1, 5 см² n Диастола кезінде қан сол жүрекшеден сол қарыншаға өтіп үлгермейді – қан көлемі онда көбееді – қалған қанға кіші қан айналым шеңберінен келетін қан қосылады→ сол жүрекшенің толуы мен ондағы қысымның жоғарлауы дамиды → қызметі асады → гипертрофия дамиды.
Жүрек қақпақша аппаратының зақымдану синдромы. Митральды қақпақшаның тарылуы n Бірақ с. ж. бұлшық етінің әлсіздігіне байланысты бұл үрдіс ұзақ болмайды → жиырылу қасиеті төмендейді → жүрекше кеңееді, ондағы қысым одан әрі жоғарлайды → өкпелік веналарда қысым жоғарлайды → барорецепторлардың тітіркену себебінен кіші қан айналым щеңбері артериоларының тарылуы дамиды (Китаев рефлексы) →өкпе артериясында қысым жоғарлайды →оң қарынша қызметі асады →оның гипертрофиясы дамиды.
Жүрек қақпақша аппаратының зақымдану синдромы. Митральды қақпақшаның тарылуы Белгілері n Кіші қан айналым щеңберінде қан іркілісі дамығанда қара күш жүктемесінде мына белгілер пайда болады: Ентігу, жүректің жиі соғуы немесе қағуы, кейбір жағдайда–жүрек аймағындағы ауру сезімі, жөтел, қанды қақырық n Қарауда – акроцианоз, бет ұшының күлгін түсті көгеруі- “facies mitralis”;
Жүрек қақпақша аппаратының зақымдану синдромы. Митральды қақпақшаның тарылуы n n n Белгілері Жүрек аймағын қарау–оң қарыншаның кеңеюі мен гипертрофиясына байланысты жүрек соққысы айқын білінеді. Ж. ұ. т. күшеймеген– пальпацияда бұл аймақта «мысық пырылы» –немесе диастолалық діріл белгісі анықталады –тар тесіктен өткен қанның иірімі – диастолалық шуыл. Перкуссияда –жүрек шекаралары жоғары же оңға ығысады –сол жүрекше мен оң қарынша гипертрофиясы – митральды пішін
Жүрек қақпақша аппаратының зақымдану синдромы. Митральды қақпақшаның тарылуы n Белгілері Митральды қақпақша тарылуының тәндік белгілері аускультацияда анықталады: а) С. Қ. қан көлемінің аздығына байланысты оның жиырылуы жылдамдайды →І тон жүрек ұшында дауысты, шапалақша болады; б) осы жерде ІІ тоннан кейін қосымша тон естіледі –митральды қақпақшаның ашылу тоны –дауысты І тон, ІІ тон және митральды қақпақшаның ашылу тоны митральды қақпақшаның тарылуына тәндік үннің пайда болуына алып келеді– «бөдене ырғағы»
Жүрек қақпақша аппаратының зақымдану синдромы. Митральды қақпақшаның тарылуы n n Белгілері Жүрек ұшында диастолалық шуыл –қанның жүру бағытында –сол жүрекшеден сол қарыншаға өтуінде – тарылу кедергісі бар –қан иіріммен жүреді –диастола кезеңінде пайда болғасын диастолалық, ал дерттік дыбыс болғасын – шуыл деп аталады; Диастоланың бар кезеңінде митральды қақпақшаның ашылу тонынан кейін І тонға қосылып күшейіп естіледі
Жүрек қақпақша аппаратының зақымдану синдромы. Митральды қақпақшаның тарылуы Белгілері n n PS екі қолда бірдей болмауы мүмкін –сол жүрекшенің айқын кеңею салдарынан сол бұғана асты артериясы қысылып сол жақ пульстың толуы азаяды –әртүрлі пульс – pulsus differens дамиды; Сол қарыншаның толуы мен бір соққы қан көлемінің азаюына байланысты кіші пульс – pulsus parvus дамиды; Митральды тарылу ақауында жыпылықша аритмия асқынуы мүмкін – бұл жағдайда аритмиялық пульс анықталады. АҚ өзгермейді
Жүрек қақпақша аппаратының зақымдану синдромы. Митральды қақпақшаның тарылуы Белгілері ЭКГ –сол жүрекше мен оң қарынша гипертрофиясының белгілері: Р тісшелерінің ұзақтығы мен биіктігі ұлкейген; ЖЭӨ оңға ығысқан; n Р–генде –сол жүрекшенің ұлғаюы айқын, соған байланысты жүрек белі жоғалады – митральды пішінді жүрек; n
Жүрек қақпақша аппаратының зақымдану синдромы. Митральды қақпақшаның тарылуы Белгілері n Эхо. КГ – тәндік белгілер пайда болады: – қақпақшалар толығынан ашылу кезеңі төмендейді; – қақпақша алдыңғы жақтауларының диастолалық толық жабылу жылдамдығы төмендейді; –қақпақша жақтауларының қимылы өзгереді – бір бағытта, қалыптыда – екі бағытта қозғалады; –сол жүрекшенің кеңеюі мен қақпақша жақтауларының өзгерістері (фиброз, кальциноз);
Жүрек қақпақша аппаратының зақымдану синдромы. Митральды қақпақшаның тарылуы Белгілері Митральды қақпақша тарылуында кіші қан айналым шеңберінде қан іркілісі жылдам дамиды. Бұл оң қарынша қызметін артады. Сол себептен митральды қақпақшаның жетіспеушілігіне қарағанда оң қарыншаның жиырылу қабілетінің төмендеуі мен үлкен қан айналым шеңберіндегі қан іркілісі осы ақауда тез дамиды. Ал оң қарынша бұлшық етінің әлсіздігі мен оның кеңеюі 3– жармалы қақпақшаның салыстырмалы жетіспеушілігін тудырады.
Жүрек қақпақша аппаратының зақымдану синдромы. Аорта қақпақшасының жетіспеушілігі – insufficientia valvulfe aortae – бұл ақауда жарты айшық тәрізді қақпақшалар аорта тесігін толық жаппайды сол себептен диастолада аортадан сол қарынша бағытында кері ағыс пайда болады. Ақау себебі: а) жиі – ревматикалық эндокардит; б) сирек –бактериалды эндокардит (септикалық) , аортаның мерездік зақымы, атеросклероз
Жүрек қақпақша аппаратының зақымдану синдромы. Аорта қақпақшасының жетіспеушілігі Дамуы а) ревматикалық эндокардитте қабыну мен дәнкерлену үрдісі қақпақша жақтаулары түбірін жиырып қысқартады; б) мерездік зақымында аортаның өзі зақымданады (кеңееді) немесе аорта мен қақпақша бірдей дерттеніп тыртықтанады;
Жүрек қақпақша аппаратының зақымдану синдромы. Аорта қақпақшасының жетіспеушілігі Дамуы в) бактериалды эндокардитте немесе сепсисінде – ойық жаралы эндокардит салдарынан қақпақшарда ыдырау үрдісі орын алып, мүкістіктер дамуы мен кейіннен олардың тыртақтануы пайда болады.
Жүрек қақпақша аппаратының зақымдану синдромы. Аорта қақпақшасының жетіспеушілігі Гемодинамикасы Аорта қақпақшалары диастола кезеңінде аорта тесігін толық жаппайды – қанның бір бөлігі аортадан сол қарыншаға кері қайтады , ал сол қарыншаға диастолада сол жүрешеден қан келеді – С. Қ. қан көлемі көбееді;
Жүрек қақпақша аппаратының зақымдану синдромы. Аорта қақпақшасының жетіспеушілігі Гемодинамикасы n көбейген қан көлемі систолада С. Қ. жұмысын артады → гипертрофиясын дамытады және қысым жоғарлануына байланысты →кеңейтеді ; n көбейген қан көлемі аортаға өтеді → аортаның кеңеюіне алып келеді;
Жүрек қақпақша аппаратының зақымдану синдромы. Аорта қақпақшасының жетіспеушілігі Гемодинамикасы n Аорта қақпақшасының жетіспеушілігіне аорта ішіндегі қан қысымының систола мен диастолада күрт өзгерісі тән – қалыпты жағдаймен салыстырғанда систолада аорта ішінде көбейген қан көлемі систолалық қысымды жоғарлатады, бірақ диастолада қанның кері сол қарыншаға кетуіне байланысты диастолалық қысым аортада күрт төмендейді.
Жүрек қақпақша аппаратының зақымдану синдромы. Аорта қақпақшасының жетіспеушілігі n n n Белгілері Аорта қақпақшасының жетіспеушілігінде науқастардың жағдайы біраз уақыт өзгермейді, өйткені сол қарыншаның күшейтілген жұмысы бұл ақаудың орнын толтырады. Бірақ келе –келе С. Қ. гипертрофиясы дамиды Жүрек аймағында ауру сезімі – айқын гипертрофия мен аортадағы төменгі диастолалық қысым жағдайында тәждік артериялардың қанға толуының нашарлауына байланысты салыстырмалы коронарлық жетіспеушілігі дамиды.
Жүрек қақпақша аппаратының зақымдану синдромы. Аорта қақпақшасының жетіспеушілігі Белгілері n n Кейбір жағдайда бас айналуы болады – төменгі диастолалық қысым жағдайында мидың қоректенуі бұзылады Миокард жиырылуының төмендеуі кіші қан айналым шеңберінде қан іркілісі дамуын тудырады – ентігу, жүректің жиі соғуы, әлсіздік, жөтел, қан қақыру сияқты шағымдармен айқындалады.
Жүрек қақпақша аппаратының зақымдану синдромы. Аорта қақпақшасының жетіспеушілігі Белгілері Қарауда : Диастола кезеңінде артериялдық жүйенің қанға толуының төмендеу салдарынан – тері түсі боз n Артериялдық жүйедегі қысымның систола мен диастоладағы күрт өзгерісі мына белгілердің пайда болуына алып келеді: – шеткі артериялардың айқын соғуы –ұйқы ( «каротид биі» ), бұғана асты, иық, самай, шыбық т. б; n
Жүрек қақпақша аппаратының зақымдану синдромы. Аорта қақпақшасының жетіспеушілігі –Мюссе белгісі – пульспен бірге, бастың ырғақты алды – артқа шайқалуы – Квинке белгісі –капиллярлық пульс – тырнақ түсінің сәл басқанда ырғақты өзгерісі; – теріні үйкелегенде –оның қызару аймағының ырғақты үлкеюі мен кішіреюі
Жүрек қақпақша аппаратының зақымдану синдромы. Аорта қақпақшасының жетіспеушілігі Белгілері – қарауда Жүрек аймағын қарау – жүрек ұшы түрткісі айқын білінеді. n Ж. ұ. т. үлкейген, солға және төменге ығысқан ; n Пальпацияда –жұ. т. 6– 7 қа, бүғана ортаңғы сызықтан сыртқары анықталады және ол таралған, күшейген, көтеріңкі, күмбез тәрізді – бұл С. Қ. кеңеюі мен гипертрофиясы салдарынан шамадан тыс үлкейгенін айқындайды n Перкуссияда – сол қарынша гипертрофиясына байланысты жүрек шекаралары солға ығысады – – жүректің аортальды пішіні (мықыны айқын) дамиды.
Жүрек қақпақша аппаратының зақымдану синдромы. Аорта қақпақшасының жетіспеушілігі Белгілері – қарауда Аускультациясы n І тон жүрек ұшында әлсіреген –сол қарынша систоласында қақпақшалар толық жабылмайды (М. Қ. салыстырмалы жетіспеушілігі); n ІІ тон аортада әлсіреген–жарты айшық тәрізді қақпақшалардың толық жабылмауы –қақпақшалық құрастырушысы жоқ;
Жүрек қақпақша аппаратының зақымдану синдромы. Аорта қақпақшасының жетіспеушілігі Белгілері – қарауда Аускультациясы n Аорта нүктесінде – тәндік диастолалық шуыл – кері кеткен қан ағысының толық жабылмаған аорта қақпашысының тар саңлауынан иіріммен өтуі – жұмсақ, үрлеген тәрізді, ІІ тоннан кейін басталады; диастоланың аяғында әлсірейді, азаяды –қан қысымы төмендеп қаң ағысы азаюына байланысты n Осы шуыл Боткин – Эрба нүктесіне таралып естіледі.
Жүрек қақпақша аппаратының зақымдану синдромы. Аорта қақпақшасының жетіспеушілігі Белгілері n PS аорта қақпақшасының жетіспеушілігінде –жылдам (pulsus celer), үлкен (pulsus magnus) және биік (pulsus altus) – бұл жоғарғы пульс қысымына және систола кезеңінде аортадағы көбейген қан көлеміне байланысты n АҚ – әрқашанда өзгереді: систолалық – жоғары, диастолалық – төмен, сол себептен пульстық қысым жоғары
Жүрек қақпақша аппаратының зақымдану синдромы. Аорта қақпақшасының жетіспеушілігі n n n Белгілері ЭКГ –сол қарынша гипертрофиясының белгілері: ЖЭӨ солға ығысқан; Р–генде –сол қарыншаның ұлғаюы, белі айқын; аорта кеңейген, оның пульсация жақсы білінеді; Эхо. КГ – диастола кезеңінде кері кеткен қан ағысының соғылуына байланысты М. Қ. жыпылықтануы анықталады.
Жүрек қақпақша аппаратының зақымдану синдромы. Аорта қақпақшасының тарылуы – stenosis ostii aortae– бұл ақауда қақпақша тесігінің тарылуы себебінен сол қарыншаның аортаға қан айдауына кедергі пайда болады. Ақау себебі: а) жиі – ревматикалық эндокардит; б) сирек –бактериалды эндокардит (септикалық) , атеросклероз немесе туа біткен.
Жүрек қақпақша аппаратының зақымдану синдромы. Аорта қақпақшасының тарылуы Дамуы: а) аорта қақпақшаларының бір –бірімен жанасуы б) аорта тесігінің тыртықты тарылуы
Жүрек қақпақша аппаратының зақымдану синдромы. Аорта қақпақшасының тарылуы Гемодинамикасы n Қақпақша тесігінің N – d=З см² n Гемодинамикасы өзгереді – d =1, О – О, 5 см² дейін кішірейгенде n Систола кезінде сол қарыншадағы қан аортаға өтіп үлгермейді – қанның бір бөлігі қалып қояды – оған диастолада сол жүрекшеден келетін қалыпты қан көлемі қосылады→ С. Қ. толуы мен ондағы қысымның жоғарлауы дамиды → қызметі асады → гипертрофия дамиды.
Жүрек қақпақша аппаратының зақымдану синдромы. Аорта қақпақшасының тарылуы Белгілері n Аорта қақпақшасының тарылуында науқастардың жағдайы біраз уақыт өзгермейді, өйткені сол қарыншаның күшейтілген жұмысы бұл ақаудың орнын толтырады. n Бірақ келе –келе С. Қ. гипертрофиясы дамиды n Жүрек аймағында стенокардия тәрізді ауру сезімі – айқын гипертрофия мен аортаның тарылуы тәждік артериялардың қанға толуын нашарлатады – салыстырмалы коронарлық жеітіспушілігі дамиды.
Жүрек қақпақша аппаратының зақымдану синдромы. Аорта қақпақшасының тарылуы Белгілері n Кейбір жағдайда бас айналуы, бас ауруы, талма болады – бұл аортаның тарылу себебінен артериялық жүйеге қан айдалуының төмендеуі даму салдарынан мидың қоректену бұзылысы.
Жүрек қақпақша аппаратының зақымдану синдромы. Аорта қақпақшасының тарылуы Белгілері Қарауда : Артериялдық жүйенің қанға толуының төмендеу салдарынан – тері түсі боз n Жүрек аймағын қарау – жүрек ұшы түрткісі айқын білінеді. n Ж. ұ. т. үлкейген, солға және төменге ығысқан ; n
Жүрек қақпақша аппаратының зақымдану синдромы. Аорта қақпақшасының тарылуы Белгілері n Пальпацияда –жұ. т. 6– 7 қа, бүғана ортаңғы сызықтан сыртқары анықталады және ол таралған, күшейген, көтеріңкі, күмбез тәрізді – бұл С. Қ. кеңеюі мен гипертрофиясы салдарынан шамадан тыс үлкейгенін айқындайды n Пальпацияда – аорта нүктесінде – систолалық діріл ( «мысық пырылы» ) белгісі–тар тесіктен өткен қан шуылы
Жүрек қақпақша аппаратының зақымдану синдромы. Аорта қақпақшасының тарылуы Белгілері n Перкуссияда – сол қарынша гипертрофиясына байланысты жүрек шекаралары солға ығысады –– жүректің аортальды пішіні (мықыны айқын) дамиды.
Жүрек қақпақша аппаратының зақымдану синдромы. Аорта қақпақшасының тарылуы Белгілері – қарауда Аускультациясы n І тон жүрек ұшында әлсіреген –сол қарыншаның жәй толуы және систоласының ұзаруы; n ІІ тон аортада әлсіреген–жарты айшық тәрізді қақпақшалардың толық жабылмауы –қақпақшалық құрастырушысы жоқ;
Жүрек қақпақша аппаратының зақымдану синдромы. Аорта қақпақшасының тарылуы Белгілері – қарауда Аускультациясы n Аорта нүктесінде – тәндік систолалық шуыл – аорта қақпашысының тар саңлауынан қан ағысының иіріммен өтуі – қатаң дауысты n Осы шуыл қан бағытына байланысты ұйқы артериясына таралып естіледі. Кейбір жағдайда жауырын аралығында тыңдауға болады.
Жүрек қақпақша аппаратының зақымдану синдромы. Аорта қақпақшасының тарылуы Белгілері n PS аорта қақпақшасының тарылуында – кіші (pulsus parvus), жәй (pulsus tardus) және сирек (pulsus rarus); n АҚ : систолалық – төмен, диастолалық – қалыпты, сол себептен пульстық қысым төмен.
Жүрек қақпақша аппаратының зақымдану синдромы. Аорта қақпақшасының тарылуы n n n Белгілері ЭКГ –сол қарынша гипертрофиясының белгілері: ЖЭӨ солға ығысқан; кейбір жағдайда коронарлық қан айналымының бұзылысы белгілері болуы мүмкін Р–генде –сол қарыншаның ұлғаюы, белі айқын; аорта көтерме бөлігінде кеңейген; Эхо. КГ – систола кезеңінде аорта қақпақшаларының ашылу деңгейі күрт төмен; сол қарынша гипертрофиясының белгілері анықталады.
Жүрек қақпақша аппаратының зақымдану синдромы. Аорта қақпақшасының тарылуы Белгілері Аорта қақпақшасының тарылуында маңызды тексеру әдісі – бұл сфигмография n Сфигмографиясы – ұйқы артериясынын соғу қасиетінің өзгерісі – пульс толқындары жәй, төмен, олардың төбесі таралған систолалық шуылға байланысты тісшеленген
Коронарлық қан айналым жетіспеушілігі. Жіті коронарлық жетіспеушілігі. Себебі. Симптомдары. Диагностикасы. ҚазҰМУ Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы Доцент Умарова С. У.
Коронарлық қан айналым жетіспеушілігі – бұл жүректің меншікті қан тамырларындағы (тәж тәрізді артериялар) өзгерістердің (органикалық – атеросклероз, тромбоз; қызметтік – жиырылу, серпінділігінің реттелуі немесе осы екі жағдайдың қосақтасуы) нәтижесінде болатын миокардтың керекті деңгейде қоректенуінің жіті әлде созылмалы түрде бұзылысы – яғни қажетті көлемде оттегінің жетіспеушілігі.
Коронарлық қан айналым жетіспеушілігі. Коронарлық қан айналымының жіті жетіспеушілігі – бұл коронарлық қан тамырларының толық, тұрақты немесе салыстырмалы жетіспеушілігі. Себептері: тәжді артериялардың – а) органикалық зақымдануы –тромб, атеросклероз; б) қызметтік бұзылысы –жиырылуы, күш түскенде қан қажеттілігінің өсуі
Коронарлық қан айналымының жіті жетіспеушілігінің клиникалық көрінісі – бұл миокард инфарктісі. Миокард инфарктісі – коронарлық қан келуінің толық немсе салыстырмалы жетіспеушілігіне байланысты жүрек бұлшық етінде ошақтық некроздың пайда болуымен сипатталатын жіті дерт.
Коронарлық қан айналымының жіті жетіспеушілігі Миокард инфарктісі –дамуы Негізгі себебі – тромбозбен немесе атеросклероз түйініне қан құйылумен асқынған тәждік артериялардың атеросклерозы(97– 98%), яғни органикалық өзгеріс; Сирек жағдайда – тәжді артериялардың жиырылуы – қызметтік бұзылыс(стресстік) Осы екі жағдайдада миокардқа қажетті қанның көлемі мен оның жеткізілу арасындағы тепе– теңдігі сәйкестігінің бұзылысы.
Коронарлық қан айналымының жіті жетіспеушілігі Миокард инфарктісі – дамуы Дамуына әсер ететін қолайсыз жәйттар: n семіздік, n май алмасу бұзылыстары, n қант диабеті, n қимылсыздық, n темекі шегу, n тұқым қуалаушылық
Коронарлық қан айналымының жіті жетіспеушілігі Миокард инфарктісі – клиникалық көрінісі Сұрап тексеру А) шағымдары –негізгі белгісі: – кенеттен дамитын, өте күшті, қарқынды, ұзақ, тұрақты, өлім қорқынышын тудыратын жүрек аймағында немесе төс артында орналасатын ауру сезімі. – ауру сезімі қысып, басып, бүріп, күйдіріп, бір күшейіп, бір басылып білінеді – ауру сезімі дененің жоғарғы сол бөлігіне (қол, иық, бұғана, мойын, төменгі жақ сүйегіне) және сол жауырын астына, жауырын ортасына, кейбір жағдайда – кеуденің оң бөлігіне тарайды;
Коронарлық қан айналымының жіті жетіспеушілігі Миокард инфарктісі – клиникалық көрінісі Сұрап тексеру n ауру сезімі нитроглицеринге тоқтамайды, ұзақ түрде – 20 – 30`–тен бірнеше сағат әлде тәуліктерге созылады; n қосымша – әлсіздік, ентігу, терлегіштік n ауру сезімнің басталуында қан қысымы жоғарлайды, кейіннен қарынша қызметі нашарлауына байланысты және қан тамырлар жетіспеушілігі нәтижесінде төмендейді.
Коронарлық қан айналымының жіті жетіспеушілігі Миокард инфарктісі – клиникалық көрінісі Қарап тексеру: n терісі – боз; n жүрек–қан тамыр жүйесі – тахикардия; жүрек тондары – бәсеңсіген, кейбір жағдайда – «шоқырақ ырғағы» . n Миокард инфарктісі кезінде маңызды белгілердің бірі – бұл жүрек–қан тамыр жетіспеушілігі. n Миокард инфарктісінің бастапқы кезеңінде дамитын бұл белгіні – кардиогендік шок деп атайды
Коронарлық қан айналымының жіті жетіспеушілігі Миокард инфарктісі – клиникалық көрінісі Кардиогендік шок Дамуы–сол қарыншаның жиырылу қызметінің күрт төмендеуі →жүректің бір соққы және минуттық қан көлемінің азаюы →артериялық қысымның төмендеуі Көрінісі – науқас қимылсыз, селқос, терісі салқын, ылғал – тер басқан, боз, сұр тарқан, көгеріңкі; ҚҚ төмен – 80 мм. с. б. б. ; PS– тық қысым – 30 мм. с. б. б. ; PS – жиі, жіпше тәрізді немесе анықталмауы мүмкін.
Коронарлық қан айналымының жіті жетіспеушілігі Миокард инфарктісі – клиникалық көрінісі Кардиогендік шок Кейбір науқастарда осы кезеңде жүрек жетіспеушілігі жүрек демікпесі немесе өкпе ісіну түрінде дамуы мүмкін. Бұл М. И. өте қауіпті жіті кезеңіндегі асқынулары болып табылады – 30 мин. – 2 сағат арасында өтеді
Коронарлық қан айналымының жіті жетіспеушілігі Миокард инфарктісі – клиникалық көрінісі n Жіті кезеңі – бірнеше сағаттан 2 – 10 тәулікке дейін созылады –некроз ошағы толығынан айқындалып бітеді –ауру сезімі жоғалады; бірақ дене қызуының көтерілуі, қалтырау болуы мүмкін –ошақ көлеміне байланысты – неғұрлым үлкен болса – дене қызуы жоғары және ұзақ болады – некрозды бұлшық еттің ыдырауы, қабынуы. Қызба 3– 5 немесе 10 күннен аса сақталады.
Коронарлық қан айналымының жіті жетіспеушілігі Миокард инфарктісі – клиникалық көрінісі n Жеделдеу кезеңі –науқастың жағдайы жақсарады, дене қызуы қалыпты, жүрек жетіспеушілігі белгілері азаяды немесе мүлдем жоғалады – некроз ошағы азаяды әлде дәнекерлене бастайды. Ұзақтығы – 4 – 8 жеті n Әрі қарай 2 – 6 айға созылатын жүректің жаңа жағдайға бейімделетін кезеңін инфарктан кейінгі кезең деп атайды
Коронарлық қан айналымының жіті жетіспеушілігі Миокард инфарктісі – анықталуы М. И. диагностикасында клиникалық көріністеріне қоса маңызды а) аспаптық тексеріс –ЭКГ – инфарктың орналасу орны, тереңдігі және көлемі туралы мәлімет береді; б) зертханалық тексерістер – маңыздылығы жоғары: – жалпы қан анализінде: жедел кезеңіндегі –L–тоз – жетінің аяғында қалпына келеді; сәл кейінірек ЭТЖ жоғарлайды – 7– 10 күнде ең биік көрсеткішіне жетеді – бірнеше айларға дейін сақталады; –биохимиялық өзгерістер – некроз ошағынан бөлініп шығатын ферменттер – ҚФК; ЛДГ; Ал. АТ, Ас. АТ – алдыңғы сағаттарында белсенділіктері артады
Дәріс аяқталды!! Сұрақтар? ?
Эссенциалдық артериалдық гипертензия синдромы. Себептері, симптомдары. Диагностикасы. Балалардағы ерекшеліктері. ҚазҰМУ Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы Доцент Умарова С. У.
Эссенциалдық артериалдық гипертензия синдромы. Себептері, симптомдары n n n Артериалдық гипертензия синдромы – диастолалық қысымның 90 ммс. б. б. , ал систолалық қысымның - 140 мм. с. б. б. жоғарлауы. Артериалдық қысым (АҚ) – бұл қанның қан тамырлар қабырғасына түсіретін қысымы. Артериалдық жүйедегі қысым ауытқып тұрады: систолада ең жоғарғы дейңгейге көтеріледі, ал диастолада - төмендейді. Бұл жағдай систолалық қанның жүру бағытындағы қан тамырлар қабырғасы мен артериялық жүйеге өтетін қаннық қарсылыстығына байланысты –қан тамырлар кернеліп, қысым жоғарлайды.
Эссенциалдық артериалдық гипертензия синдромы. Себептері, симптомдары Диастолада артериялық қысым төмендеп артерия қабырғаларының серпінділігіне байланысты бір деңгейде тұрақталып, қанның әрі қарай жүруіне мүмкіншілік туғызады. n Сонымен, артериялық қысым деңгейі аортаға өтетін қанның немесе систолалық қанның көлеміне тепе-тең. n
Эссенциалдық артериалдық гипертензия синдромы. Себептері, симптомдары n Эссенциалдық артериалдық гипертензия -өздігінше дамитын айқын себебі анықталмаған; n Қан қысымының жоғарлауы қан тамырлар тонусы мен жүрек жұмысы реттелуінің бұзылыстарымен байланысты;
Эссенциалдық артериалдық гипертензия синдромы. Себептері, симптомдары n АГ дамуына әсер ететін қауыпты жәйттар: Негізгі -ер кісі және менопауза кезеңіндегі әел кісі -темекі шегу -холестерин мөлшері 6, 5 ммоль/л жоғары -жанұясында жүрек-қан тамыр дерттері бар (әйелдерде -65 ж; ерлерде -55 ж. Төмен)
Эссенциалдық артериалдық гипертензия синдромы. Себептері, симптомдары АГ дамуына әсер ететін қауыпты жәйттар: Қосымша -ЖТЛП мөлшерінің төмендеуі -ТТЛП мөлшерінің жоғарлауы -Қантты диабет, глюкозаға төзімділіктің бұзылысы -Семіздік, қимылсыздық -Әлеуметтік жағдай -этникалық ерекшеліктері
Эссенциалдық артериалдық гипертензия синдромы. Себептері, симптомдары АГ даму жолы n АҚ деңгейіне бірнеше себептер әсер етеді: -шеткі қан тамырлар тұрақтылығының өзгеруі (белсенді заттардың әсері –олардың бөлінуі жүйке жүйесі белсенділігімен байланысты); -систолалық көлем; жасуша айналасындағы сұйықтық көлемі; бұйрек қызметі және тектік жағдай.
Эссенциалдық артериалдық гипертензия синдромы. Себептері, симптомдары АГ даму жолы АҚ әсер ететін негізгі екі жағдай: систолалық қан көлемі және ШҚТТ АҚ жоғарлауы минуттық қан көлемінің көбеюіне және/әлде ШҚТТ жоғарлауына байланысты
Эссенциалдық артериалдық гипертензия синдромы. Себептері, симптомдары АГ даму жолы Қосымша -бүйрек қызметі мен вазодепрессорлық гормондардың орны маңызды –ренин, АТІІ, вазопрессин, эндотелин. -ОЖЖ қозуы –адреналин, норадреналин бөләнуіҚТҚ жиырылуы –ШҚТТ жоғарлауы – қан көлем мен ШҚТТ тепе-теңдігінің бұзылысы -АҚ↑. -бүрек ҚТ жиырылуы –бүйрек ишемиясының дамуы - юга ренин бөліну жоғарлайды – ангиотензин – АТІІ – ҚТ тарылтады;
Эссенциалдық артериалдық гипертензия синдромы. Себептері, симптомдары - РАА белсенділігін артады -шеткі қан тамырлар жиырылуы мен олардың жалпы қарсыластығы жоғарлайды, тұздар мен судың мөлшері көбееді, оның салдарынан жүректің бір соққы көлемі мен жалпы айналымдағы қан көлемі өседі, ал шеткі қан тамылар қарсыластығының жоғарлауы мен қан көлемінің өсуі АҚ көтерілуіне алып келеді.
Эссенциалдық артериалдық гипертензия синдромы. Себептері, симптомдары Соңғы зерттеулер АҚ көтерілуінде тектік жағдайдың маңыздылығы дәлелденіп отыр; n АҚ реттелуінің бұзылыстар себебі- бұл ҚАЖ сыртқы ж/е ішкі қолайсыз әсерлерге жауабының өзгерісі тектік жетіспеушілікпен байланыстырылады. n
Эссенциалдық артериалдық гипертензия синдромы. Себептері, симптомдары Клиникалық көріністері нысана ағзалар зақымына байланысты. Олар -жүрек -ОЖЖ -бүйрек Осы ағзалар міндетті түрде зақымданады н/е осы ағзаларда асқынулар болады n
Эссенциалдық артериалдық гипертензия синдромы. Себептері, симптомдары n Клиникалық көріністері Шағымдары: бас ауру, бас айналу, бастағы зілді сезіну, құлақтағы шуыл, әлсіздік, жұмысқа қабылетінің төмендеуі, ұйқының бұзылысы, кейбір жағдайда –жүрек соғуы, ауру сезімі; ентігу кейіннен дамиды (бастапқыдатек күш түскенде ғана).
Эссенциалдық артериалдық гипертензия синдромы. Себептері, симптомдары n Даму себебі, яғни АҚ жоғарлау себебі: -стресстік жағдай, яғни ОЖЖ тежелуі (уайым, қайғы, толқу, қобалжулар ) -ауыр қара күш жүктемесі; -басқа дерттік жағдайлар – бүйрек аурулары, ми жарақаттары, ақаулар, ҮҚАШ іркіліс; гормоналдық дерттер – ҚД, Иценго-Кушинг дерті, тиреотоксикоз, біріншілік альдостеронизм феохромоцитома, менопауза – бұл АГ себебі белгілі – екіншілік АГ.
Эссенциалдық артериалдық гипертензия синдромы. Себептері, симптомдары Қарап тексеру: n АҚ жоғары –СҚ ж/е ДҚ n Қолқада – 2 тон күшееді; n PS – қатаң, кернелген n Кейінгі кезеңінде (ІІ кезеңі) – АГ маңызды белгісі пайда болады –сол қарынша гипертрофиясы –жүрек ұшы түрткісі көтеріңкі; жүрек шекарасы солға ығысқан, систолалық шуыл болуы мүмкін.
Эссенциалдық артериалдық гипертензия синдромы. Себептері, симптомдары АГ ағымы n АҚ күрт жоғарлауы – гипертониялық дағдарыс –АГ асқынуы – АҚ жіті, тез, өте жоғары және қосымша көтерілуі; n Себебі – психикалық н/е қара күш жүктемелері; сұйықтықты, тұзды тағамдарды, ішімдікті шамадан тыс көп қабылдау; дәріні уақытында қабылдамау n
Эссенциалдық артериалдық гипертензия синдромы. Себептері, симптомдары Клиникалық көрінісі n Көпшілікте АҚ күрт жоғарлауы ми ҚА бұзылыстарыменсипатталады – құсу, лоқсу, жүрек айну, көрудің нашарлауы; n Қосымша басқа белгілер н/е асқынулар болуы мүмкін - ЖИА, СҚ жіті жетіспеушілігі; ми ҚА жіті бұзылысы. n Көз түбірінде – қан құйылу, көрк нервісі шеңберінің ісінуі n
Эссенциалдық артериалдық гипертензия синдромы. Себептері, симптомдары АГ ағымы n АГ жүректің, бүйректің, мидың зақымына алып келеді; n Жиі жағдайда тәждік артериялардың атеросклерозы дамып ЖИА пайда болады; n Кейіннен АҚ ұзақ жоғарлау жағдайында – жүрек бұлшық еті қызметі асып ЖЖ дамиды –жүректік астма н/е өкпе ісінуі әлде ҚАЖ созылмалы түрі дамиды n
Эссенциалдық артериалдық гипертензия синдромы. Себептері, симптомдары АГ ағымы n Ми ҚА бұзылысы - инсульт n Қосымша – көрудің нашарлауы, бүйрек қан айналымы бұзылыстары – БЖ.
Эссенциалдық артериалдық гипертензия синдромы. Себептері, симптомдары n ЭКГ- бастапқыда T тісшесі сол тіркемелерде - V 5, 6 – аласа болады; Кейіннен СҚ гипертрофиясы белгілері айқындалады - ЖЭӨ сол бағытта; ST аралық төмен ығысқан, І, ІІ стандардтық және кеуделік сол тіркемелерде - V 5, 6 - T тісшесі тегістелген, теріс н/е екі өркешті болады.
Эссенциалдық артериалдық гипертензия синдромы. Себептері, симптомдары Р-генде – қолқалық пішін; аорта кеңейген, ұзарған, тығыздалған (қалыңдаған); n Эхо. КГ- қарыншалық перде мен СҚ артқы қабырғасы гипертрофиясының белгілерідилятация, жиырылу қызметі төмендейді. n Көз түбірі өзгерістері – көз торы артерияларының тарылуы, веналарының кеңеюі. n
Эссенциалдық артериалдық гипертензия синдромы. Себептері, симптомдары Қанда -әртүрлі метаболикалық өзгерістердислипидемия, инсулин жоғарлауы, глюкозаға тұрақтылығының төмендеуі; ренин деңгейі. n Зәрде –альдостерон, натрий тәулік мөлшері n
Жүрек жетіспеушілігі. Жіті сол қарыншалық жетіспеушілігі. Жүректің созылмалы толық жетіспеушілігі. Жіті қан тамыр жетіспеушілігі. ҚазҰМУ Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы Доцент Умарова С. У.
Жүрек жетіспеушілігі. n Жүрек жетіспеушілігі немесе қан айналым жетіспеушілігі синдромы – бұл жүрек – қан тамыр жүйесінің ағзаларға және тіндерге олардың қызметін қалыпты атқаруына керекті қанды қажетті мөлшерде жеткізе алмауы.
Жүрек жетіспеушілігі Жіктеу Себебі бойынша түрлері ) Жүректік Қан тамырлық Жүрек – қан тамырлық
Жүрек жетіспеушілігі. Ағымы бойынша түрлері Жіті Созылмалы Даму орны бойынша түрлері Сол қарыншалық Сол жүрекшелік Оң қарыншалық
Жүрек жетіспеушілігі. Жіті сол қарыншалық жетіспеушілігі – қажетті қан айналымының күрт нашарлауына алып келетін кенеттен дамыған сол жүректің жиырылу қызметінің бұзылысы.
Жүрек жетіспеушілігі. Жіті сол қарыншалық жетіспеушілігі. Даму себептері – сол қарынша қызметін нашарлататын дерттер: n артериялдық гипертония, n аорта ақаулары, n миокард инфарктісі
Жүрек жетіспеушілігі. Жіті сол қарыншалық жетіспеушілігі. n n Сипаты –минуттік қан көлемі мен артериялдық жүйенің қанға толуы кенеттен төмендейді. Клиникалық көрінісінің негізгі белгісі –– бұл жүрек демікпесі –– ауыр ентігу, кенеттен дамыған өкпедегі қан іркілісі және газ алмасу бұзылысымен сипатталады. Даму себебі – қара күш жүктемесі және жүйке тежелуі
Жүрек жетіспеушілігі. Жіті сол қарыншалық жетіспеушілігі. Жүрек демікпесі ұстамасының клиникалық көрінісі n тұншығу n қиын бөлінетін шірішті қақырықты жөтел n суық тер n айқын әлсіздік
Жүрек жетіспеушілігі. Жіті сол қарыншалық жетіспеушілігі. Жүрек демікпесі ұстамасындағы клиникалық көрінісі n Төсектегі кейпі –мәжбүрлі – түрегеліп тұрады немесе аяғын төмен қойып отырады n Терісі – боз және көгерген n Өкпе үстінде – таралған көп мөлшерде құрғақ және ылғалды сырылдар
Жүрек жетіспеушілігі. Жіті сол қарыншалық жетіспеушілігі Жүрек демікпесі ұстамасындағы клиникалық көрінісі n Жүрек –тондар жүрек ұшында бәсеңдеген, өкпе бағанасында ІІ тон күшейген, тахикардия n PS –жиі, кіші
Жүрек жетіспеушілігі. Жіті сол қарыншалық жетіспеушілігі Жүрек n демікпесі ұстамасындағы клиникалық көрінісі Қан іркілісі күшейген жағдайда – өкпе ісінуі дамиды –қанның сұйықтығы өкпе капиллярларынан альвеолаларға, әрі қарай тыныс жолдарына өтеді –тұншығу мен жөтел күшееді, тыныс дыбысты болады, көбікті, қызғылт немес қызыл түсті қанды қақырық шығады.
Жүрек жетіспеушілігі. Жіті сол қарыншалық жетіспеушілігі Жүрек демікпесі ұстамасының клиникалық көрінісінің n Өкпе үстінде – көп мөлшерде әр түрлі көпіршікті ылғалды сырылдар тыңдалады; n Жүректе – жиі «шоқырақ ырғағы» анықталады; n PS –өте жиі, жіпше тәрізді
Жүрек жетіспеушілігі. Созылмалы тотальды жүрек жетіспеушілігі Созылмалы толық жүрек жетіспеушілігі – бұл қан айналым жетіспеушілігінің ІІБ деңгейі – екі қан айналым шеңберіндеде қан іркілісі дамиды. Себебі – миокард жиырылу қызметінің төмендеуі – 2 топқа бөлінеді : ,
Жүрек жетіспеушілігі. Созылмалы тотальды жүрек жетіспеушілігі а) миокард зақымы мен ондағы зат алмасу үрдістерінің бұзылысы: –миокардит, -кардиосклероз, -миокардтың қоректену бұзылысы – меншікті қан айналымының өзгерісі, анемиялар, улануы
Жүрек жетіспеушілігі. Созылмалы тотальды жүрек жетіспеушілігі б) жүрек өзіндегі немесе қан бағытындағы өзгерістер: –ақаулар, -артериялдық гипертония, -жабысқақ перикардит, -өкпе бағанасы тарамдарының тромбпен бітелуі – қанның ағуына кедергі.
Жүрек жетіспеушілігі. Созылмалы тотальды жүрек жетіспеушілігі Белгілері -ентігу, -цианоз, -тахикардия, -жүрек демікпесі ұстамасы, әсіресе түнде дамитын, - өкпедегі іркіліс сырылдары, -гепатомегалия, -шеткі және қуыстық ісіктер
Жүрек жетіспеушілігі. Балалардағы ерекшеліктері Жиі шағымдар n Тыныстың жиіленуі –тахипноэ n Ентігу n Қарауда n Терісі -боз, көгілдір реңді, сәл мәрмәр тәріздес; салқын, жабысқақ тершеңдік n Цианоз –ернінде, тырнақ аймағында, аяқ ұшында айқындалған n
Жүрек жетіспеушілігі. Балалардағы ерекшеліктері Цианоз бала айқайлағанда, тиышсыздығында көбеебі n Тұрақты тахикардия - бала ұйықтағандада, тиышсыздығындада өзгермейді n Емізу қиындайды – 1 -2 мин. аспайдытыныс жетіспеушілігіне шыдаймайды; n Ұйқысы бұзылады – үстіртін, тиышсыз n
Жүрек жетіспеушілігі. Балалардағы ерекшеліктері КҚАШ іркіліс жоғарлаған сайын -ентігу айқын, “сырылдаған” тыныс; n Кейбір жағдайда – тыныс шығару кезеңі қиындайды; жиі- ентігудің аралас түрі болады; n Жөтел дамиды n ҮҚАШ- іркіліс жоғарлауы – гепатомегалия жиі спленомегалиямен бірге; үлкен дәрет бұзылысы, құсық болады. n
Жүрек жетіспеушілігі. Балалардағы ерекшеліктері Ісіну –дене салмағының көбею ж/е кіші дәреттің азаюмен бейнеленеді; n Ісінулер –ең алдымен ұл балаларда – аталық мүшесінде дамиды, кейіннен - бел, құрсақтың алдыңғы аймағында және бетте n Жүрек өзгерістері негізгі себеп болған дерттке байланысты. n
Жіті қантамырлық жетіспеушілігі Қантамырлық жетіспеушілігі – бұл қан тамыр көлемі мен айналымдағы қан көлемінің қалыпты cәйкестігінің бұзылысы. Даму жолы – а)қан көлемінің азаюы (қан кету, ағзаның сусыздануы – кеберсуы) немесе б) қан тамыр тонусының төмендеуі
Жіті қантамырлық жетіспеушілігі Қантамыр тонусының төмендеу себептері – n Қан тамырлар қимыл –қозғалысын реттейтін жүйке бұзылысы n Орталық жүйкелік реттелуінің бұзылысы n Қан тамырлардың уытты зақымдары
Жіті қантамырлық жетіспеушілігі Қан тамыр тонусы төмендеуі ағзада қан бөліну бұзылысына алып келеді: n сақталған қан көлемі көбееді –әсіресе құрсақ қан тамырларында, n керісінше айналымдағы қан азаяды –ал ол жүрекке келетін веноздық қанды азайтады –систолалық көлем азаяды, артериялық пен веноздық қысым төмендейді.
Жіті қантамырлық жетіспеушілігі үш түрде кездеседі: естен тану, коллапс, шок. Естен тану – кенеттен және өтпелі түрдегі ми қан айналымының бұзылысы мен гипоксиясында дамитын қысқа уақытта естен айырылу
Жіті қантамырлық жетіспеушілігі n Себебі – қатты қорқыныш, күйзеліс, шаршау, тар, ауасы аз бөлмеде болу, қатты ауру сезімі, дене кейпін өзгерту (көлденең жағдайдан тік тұру); кейбір дерттер– анемия, аорта ақаулары, жүрек ырғағының бұзылысы – атриовентрикулярлық, синустық, жұқпалы аурулар.
Жіті қантамырлық жетіспеушілігі Дамуы – қан тамырлар тонусы реттелуінің орталық жүйке бұзылысы салдарынан құрсақ қан тамырларына жиналады. n Клиникалық көрінісі – естен тану алдында күрт әлсіздік , бас айналу, көздің қараутуы болады n
Жіті қантамырлық жетіспеушілігі n Қарауда есі жоқ, n терісі – боз, салқын тер, n аяқ –қолы мұздаған, n пульсы –кіші, жіпше тәрізді, n АҚ төмендеу, бұлшық ет әлсіздігі. n Естен тану уақыты – 2 – 3 минут. n
Жіті қантамырлық жетіспеушілігі n Коллапс – артериялдық қысымның күрт төмендеуі n Себебі – ауыр уланулар, жұқпалар, бүйрек үсті безінің жіті жетіспеушілігі
Жіті қантамырлық жетіспеушілігі n Дамуы– жоғарыда көрсетілген себептер әсерінен майда қан тамырлардың жиырылу қабілеті төмендеп, олардың көлемі үлкееді, яғни қан тамырлар кеңееді, айналымдағы қан көлемі сәйкес келмейді – артериялдық қысым төмендейді
Жіті қантамырлық жетіспеушілігі Көріністері – басым жағдайда есі сақталған, сұраққа жауап береді; n Шағымдары n тоңғақтық, n шөл, n бас айналу, n көзінің қараутуы, n құлақтағы шу;
Жіті қантамырлық жетіспеушілігі Қарауда – n АҚ төмен – систолалық – 90 ммс. б. б. , диастолалық – 60 мм. с. б. б. төмен; n айналасына селқостықпен қарайды, n терісі – боз, n аяқ –қолы мұздаған, n пульсы –кіші, жіпше тәрізді. Кейбір жағдайда естен тануы мүмкін. n
Жіті қантамырлық жетіспеушілігі Шок –естен танумен қатар артериалдық қысымның төмендеуі және ағзалар мен тіндердің қанмен қамтемесіздігінің айқын азаюы. n Себебі –ауыр жарақаттар, күйіктер, топты сәйкестік емес қан құйю, үлкен көлемді қан кетулер, миокард инфарктісі, операциялар n
Жіті қантамырлық жетіспеушілігі n Шок n Дамуы – қантамырлар тонусы реттелуінің орталық жүйкелік бұзылысы мен қан көлемінің азаюы, ми зақымы, бүйректің жіті жетіспеушілігі.
Жіті қантамырлық жетіспеушілігі n Шок Клиникалық көрінісі -ессіз, -қан қысымы күрт төмен немесе анықталмайды, -келбеті – үшкірленген, терісі мен кілегей қабаттары айқын боз, ірі тамшылы тер, -тыныс беткей және жиі, -аяқ қолдарында – дақты цианоз, -күрт азайған диурез (сағатына 10 мл төмен)
Дәріс аяқталды! Тыңдағандарыңызға рахмет! Сұрақтар?
Zh_1199_rek_sindromy.ppt