обез.стом каз.ppt
- Количество слайдов: 12
«Жүкті әйелдерге стоматологиялық операция жүргізу кезінде дәрілік препараттарды және наркозды қолдану ерекшілігі»
2 Стоматологиялық қабылдаудағы жүкті және омыраумен емізуші әйелдер психофизиологиялық қасиетіне байланысты ерекше қауіп топты құрайды. Жүктілік кезінде стоматологиялық көмектің қажеттілігі бірнеше жағдайларға байланысты: 1. Ананың жалпы денсаулығын сақтау мақсатымен ауыз қуысын жүйелі санациялаудың қажеттілігі; 2. Жүктілік және босану кезеңіне сәйкес әйелдің ауыз қуысындағы өзгерістеріне байланысты қаралуы; 3. Созылмалы одонтогенді инфекция ошақтарының өршуінің мүмкіндігі
Жүкті әйелге жағымсыз стоматологиялық кірісулердің факторлары: • Стоматологқа келумен, ауырсынудың болуымен қамтамасыз етілген психоэмоциональді стресс; • Стоматологиялық креслодағы горизонтальді қалып, әсіресе жүктіліктің кеш мерзімінде; • Процедураның ұзақтығы; • Стоматологиялық ем процессі кезінде медикаментозды заттарды қолдану (жергілікті анестетиктер, транквилизаторлар, жүйелі түрде антибактериальді препараттарды қолдану және т. б. )
Стоматолог білу керек: • Жүктіліктің 6 -шы аптасынан кейін қанайналымы түрі гипердинамикалыққа өзгереді, клиникалық тұрғыда пульсының жиілігінің және толуының ұлғаюымен көрінеді; • Артериалды қан қысымы жүктіліктің II үштігінде қалыпты жағдайда да төмендейді; • Экстрасистолия түрінде жүрек ырғағының бұзылыстары көрінеді; • Жүктілік кезіндегі гипертензивті жағдайлар көрінісі болып, жүктіліктің II-ші және III-ші үштігінде қан қысымы көтерілуі мүмкін.
4 Жүктіліктің екінші жартысынан патологиялық процесс айқын болады, жиі диффузды катаральді немесе гипертрофиялық гингивит түрінде өтеді. Жүктілік дамуына байланысты пародонтопатия үздіксіз үдей береді, тек босанудан кейінгі кезеңде ғана клиникалық көрінісі жақсарады. Шектелген мерзімде жүктілік кезінде дамыған гингивит созылмалы ағымға ауысады.
5 Жүктілік токсикозы кезінде ауыз қуысының зақымдалуы ауыр өтеді. Мысалы, жүктілік кезіндегі гипертензивті жағдайлар кезінде кариес дамуы 94 % дейін артады. Екіншілік кареис, эмаль гиперестезиясы 79 % кездеседі. Кариозды процестің ағымының клиникалық ерекшелігі әсіресе жүктілік кезіндегі гипертензивті жағдайлар кезінде, жедел ағым, тез таралу болып табылады.
І үштік: • Стоматолог кеңесі, гигиена сабағы, ауыз қуысының гигиена заттарын жеке дара таңдау ІІ үштік: • Гигиена сабақтары, тісті тазалау • Эмальді күшейту және қалпына келтіру • кариозды қуыстарды пломбылау • Рентген-диагностика ІІІ үштік: • тісті емдеу қажеттілік болса.
• Жедел стоматологиялық көмек жүкті әйелдерге кез келген мерзімде қосымша патологияны және аллергологиялық статусты ескере отырып көрсетілуі қажет!
• Ауыз қуысының жоспарлы санациясы үшін жүктіліктің 13 -ші мен 32 -ші аптасы қолайлы болып келеді. Бұл кезеңде ұрық органогенезі біткен, плацента қалыптасты, фетоплацентарлық қанайналымы қызметін атқаруда, гемодинамикасы тұрақты, иммунологиялық статустың көрсеткіштері жақсарды.
Жансыздандыру Жүкті әйелдерде әртүрлі стоматологиялық операциялар жүргізу кезінде жансыздандырғыш препараттары ретінде ана мен ұрық ағзасына зиян келтірмейтін қауіпсіз және тиімді дәрілік анестетиктерді қолданады. Анестезия ретінде жергілікті анестетиктерді пайдаланылады, мысалға ультракаин немесе убистезин, бұл препараттар трансплацентарлы барьер арқылы енбейді. Бірақта жүктіліктің кеш мерзімінде құрамында адреналині бар бұл препараттар ерте босануға әкеліп соқтыруы мүмкін. Сондықтан да дәрігер стоматолог арсеналында басқа да дәрілік заттар болуы керек, мысалға вазиконстриктор негізіндегі препараттар. 6
Пломбирлеу. Жүктілік кезінде тістерді пломбирлеу қарсы көрсетілмеген және пломбирлеуші материалға қатысты ешқандай шектеулер жоқ. Рентген. Жүктіліктің 20 аптасынан кейін рентген жасау қарсы көрсетілмеген. Егерде арнайы рентген-қондырғы болмаған жағдайда «автоматты» түрде пациентпен дәрігерді сәуленуден қорғайтын қорғаныш алжапқышын жабу керек.
обез.стом каз.ppt