10 лек.pptx
- Количество слайдов: 10
Жүктерді маркировкалау. Манипуляциялық белгілер
Таралық жыне дана жүктерге ЖЖ-сі Жүкті тасымалдау Ережесіне сай көліктік маркировкамен белгілеуге міндетті. Көліктік маркировканың құрылымы, қай орынға, қалай белгіленуі керектігі, манипуляциялық белгілердің өлшемі «Жүктерді маркировкалау» МЕСТ стандартына сай белгіленуі тиіс. Көліктік маркировка негізгі, қосымша, ақпараттық жазулардан және манипуляциялық белгілерден тұрады.
Негізгі жазулар мыналардан тұрады: ЖҚ-ның толық немесе қысқаша атауы; қабылдау станциясының толық атауы; жөнелтілім ішіндегі жалпы жүк орнының саны және жүк орнының жөнелтілім ішіндегі реттік нөмірі бөлшекпен жазылады (алымында - жүк орнының жөнелтілім ішіндегі реттік нөмірі, бөлімінде жөнелтілім ішіндегі жалпы жүк орнының саны).
Қосымша жазулар мынадан тұрады: жөнелту пунктісінің атауы, жөнелту станциясының атауы, тасымалдаушының атауы; теміржолдық маркировка, бұл кіші жөнелтіліммен жүкті жөнелткенде, әр жүк орнына жазылады. Теміржолдық маркировка бөлшек арқылы жазылады. Алымында – тасымалдаушы маркасы және тиреден соң жөнелтілімдегі жүк орны саны, бөлімінде – жөнелту станциясының коды.
Ақпараттық жазуларда жүк орнының брутто және нетто массасы килограммен көрсетіліп жазылады. Нетто массасының орнына бұйымның қанша данасы бар екенін жазуға рұқсат етілген. Габариттік өлшемдер сантиметрде (ұзындығы, ені, биіктігі немесе диаметрі және биіктігі) көрсетіледі. Егер ашық жылжымалы құрамда орналасқан жүктің барлық габариттік өлшемдері 1 м-ден аспаса, ал жабық вагонда 1, 2 м-ден аспаса, бұл өлшемдерді көрсетпуге болады.
1 -манипуляциялық белгілер, 2 -қосымша ескерту жазулар, 3 -жөнелтілім ішіндегі жүк орнының реттік нөмірі, 4 -жүк қабылдаушы және қабылдау пункті атауы, 5қайтадан тиеу станциясының атауы, 6 -теміржолдық маркировка, 7 -жүк қабылдаушы атауы, 8 -жөнелту станциясының атауы, 9 -нетто массасы, 10 брутто массасы, 11 -жүк орнының габариттік өлшемдері. Сурет 1. Көліктік маркировканың жазылу орындары
Жазба Мағынасы Сипаттамасы Өлшемі - 74 х 105 мм Морт сынғыш. Абайла Жақтауы: қара сызық Қағаз түсі: ақ. Бейнесі: қара түсті бокал. Соғылатын жүк. Абайла. Күн сәулесінен сақтау керек Жүкті жылулықтан сақтау керек Өлшемі - 74 х 105 мм Ылғалдылықтан сақтау керек Жақтауы: қара сызық Қағаз түсі: ақ. Бейнесі: алты тамшысы бар қара түсті ашылған қолшатыр. Жазбасы (мәні): жүкті жерден сақтау керек Сәулеленуден сақта Кез келген сәулелену жүктің қасиеті мен олардың өзгеруіне әсер етеді Температура шектілігі Температура диапазоны, жүкті сақтау немесе басқару кезіндегі
Тез бұзылатын жүктерге: ет, балықтан жасалғандар Ілгіштермен алуға болмайды Жүк көтеруге ілгіш қолдануға болмайды Герметикалық қаптама Тасымал кезінде тиеу және сақтау жұмысын жасағанда қаптаманы ашуға болмайды Қаптамалау орны Жүк көтеруге арналған шынжыр мен арқандар орнын көрсетеді Бұл арадан арабамен көтеруге болмайды Жүк көтеру кезінде араба қолдануға болмайтын орынды көрсетеді Жоғары Жүк жағдайының дұрыс тік екенін көрсетеді Жүктің ауырлық ортасын көрсетеді. Ауырлық ортасы Ескерту. Белгі, ортасы геометриялық ауырлық ортамен сәйкес келмесе салынады Тропикалық қаптама Қабаттауға болмайды Мағынасы : Т – тропикалық қаптама белгісі; 00 -00 – қапталған айы мен жылы Жүкті қабаттауға болмайды. Осындай белгісі бар жүкті тасымалдау және сақтау кезінде басқа жүктер үстіне қабаттауға болмайды
Жүкті тура, тік көтеру керек Көтеру тек жүкке тік орндалу керек сондай-ақ қаптамадан көтеруге болмайды Осы жерден ашылады Қаптаманы тек көрсетілген орыннан ашу керек Шайқамау керек Жүкті қозғалудан сақтау керек Қабаттаудың шектеулігі Жүкті қабаттаудың шектік мүмкіндігі Осы жерден қысу керек Жүктің қай жерден қысып алуға болатын жерін көрсетеді Қыспау керек Тиеу-түсіру жұмысы кезінде жүкті қысуға болмайды Қабаттап салу кезіндегі қабат санының кедергісі Қабаттауға ярустар санының шектеулігі Тырмалы тиеуге болмайды Тиеу жұмысы кезінде тырмалы нәрсе қолдануға болмайды
10 лек.pptx