ДУ,ГУ,ВУ.pptx
- Количество слайдов: 12
Жүк тасымалдауды айлық жоспарлау
Вагондармен, контейнерлермен жүктерді тасымалдауды айлық жоспарлау облысаралық және халықаралық қатынаста жоспарланған ай басталғанға дейін жүк жөнелтушілермен ұсынылатын жүктерді тасымалдау жөніндегі айлық өтінімдер негізінде 14 күнтізбелік күннен кешіктірілмей және халықаралық қатынаста үшінші елдерге 20 күнтізбелік күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады. Жүк жөнелтушілер жүктерді тасымалдау жоспары бойынша тасымалдаушыға 3 данада жүктердің номенклатуралық топтарымен белгіленген тізбеге (осы Қағидаға 1 -қосымша) сәйкес ГУ-12, ГУ-12 К нысандары (осы Қағидаға 2 және 3 -қосымшалар) бойынша ресімделген айлық өтінімдер тапсырады. Бұрыс ресімделген жүктерді тасымалдау жоспары жөніндегі өтінімдер қарауға қабылданбайды.
Жүктерді тасымалдау жоспары бойынша жүк жөнелтушілер: әрбір жөнелту станциясы бойынша; әрбір жүк номенклатурасына; жөнелту белгілері бойынша: вагондармен, контейнерлермен; вагондар мен контейнерлердің тиесілілік белгілері бойынша; қатынас түрлері бойынша жеке айлық өтінімді ұсынады. Өз осьтерімен жүктерді тасымалдауға арналған өтінім өз осьтеріндегі жүк бірліктерінің саны және оның массасы көрсетіле отырып, ұсынылады. ГУ-12 нысанындағы айлық өтінім осы Қағидаға 2қосымшада жазылған тәртіппен толтырылады.
Жүк жөнелтушілер жүк тасымалдары жоспары бойынша айлық өтінімдермен қатар тасымалдаушыға жоспарланып отырған ай басталғанға дейін 14 күнтізбелік күннен кешіктірмей, ГУ-114 нысанындағы тасымалдау жоспары бойынша айлық өтінімде (осы Қағидаға 10 -қосымша) көзделген мөлшерде жүктерді маршруттармен тасымалдауға үш дана өтінімді тапсырады. Жүктерді маршруттармен тасымалдауға арналған өтінім негізгі айлық өтінімге қоса тіркеледі.
. Жүктерді тасымалдау жоспары бойынша өтінімді орындаудың келісілген тәртібі осы Қағидаға 12қосымшағасәйкес ГУ-1 нысаны бойынша тасымалдар жоспарын орындаудың есептік карточкасына жазылады. Жүк жөнелтушілер жоспардан тыс жүк тасымалдарына өтінімдерді тиеу күні басталғанға дейін 5 күнтізбелік күннен кешіктірмей тапсыруы тиіс. Мұндай тасымалдарға арналған өтінімдер «жоспардан тыс» белгісімен бір данада ГУ-12, ГУ-12 К нысандағы бланкілерде ресімделеді.
Кіру, маршруттық немесе шығу бағдаршамының тыйым салушы көрсеткіштері кезінде поездарды қабылдау немесе жөнелту жағдайларында ДУ-2, 3 нысанындағы поездар мен локомотивтер қозғалысы журналында поезд нөміріне қарсы ( «Ескертулер» бағанында) мынадай белгі жасалады: «PC» (радиобайланыс бойынша), «ПС» (шақыру сигналы бойынша), «ПР» (жазбаша рұқсат бойынша). «PC» белгісінде бұдан басқа бұйрықтың нөмірі және оны машинистке беру уақыты, сондай-ақ бағдаршамның литері (немесе шығу бағдаршамы жоқ жөнелту жолының нөмірі) көрсетіледі. Мысалы: РС N 1. 12 - 00 Ч 2» . ДУ-2, 3 нысанындағы поездар мен локомотивтер қозғалысы журналында бұйрық мәтінін жазу талап етілмейді.
Автобұғаттаумен жабдықталған қос жолды учаскелерде дұрыс жолмен (қос жолды учаскелерде ешқандай рұқсат хатынсыз поездың өтуіне рұқсат етіледі) жүріп келе жатқан поездың келу уақыты көрші (артта қалған) станцияға берілмеуі мүмкін. Бұл жағдайда ДУ-2, 3 нысанындағы поездар мен локомотивтер қозғалысы журналында поездың көрші алда орналасқан станцияға келу уақыты көрсетілмейді.
Поездық диспетчерге поездардың келуі, жөнелтілуі және жүріп өтуі туралы хабарламаларды тапсырудың осындай тәртібі орындалған қозғалыстар кестелерін автоматты жазуға арналған құрылғылармен жабдықталған қос жолды және дара жолды учаскелерде белгіленеді. Мұндай учаскелердің тізбесі мен поездардың келуі, жөнелтілуі және жүріп өтуі туралы хабарламаларды Ұлттық темір жол компаниясы белгілейді. Әрбір поездың нақты келу, жөнелтілу немесе жүріп өту уақытын станция бойынша кезекші (станция бойынша кезекшінің жанындағы оператор) ДУ-2, 3 нысанындағы поездар мен локомотивтер қозғалысы журналында белгіленеді, бұл ретте тиісті әріптермен немесе индекстермен толықтырылған поездар нөмірлері осы әріптермен және индекстермен журналға да жазылады.
ДУ-58 нысанындағы диспетчерлік өкімдер журналындағы, ДУ-2, 3 нысанындағы поездар мен локомотивтер қозғалысы журналындағы, ДУ-60 нысанындағы ескертулер кітабындағы, ДУ-46 нысанындағы қарап тексеру журналындағы, ДУ-47 нысанындағы поездық телефонограммалар журналындағы және станция бойынша кезекші жүргізетін поездар қозғалысы мәселелері бойынша басқа кітаптар мен журналдардағы жазбалармен танысады. Осы Нұсқаулықтың 3 -қосымшасына сәйкес нысан бойынша ДУ-2, 3 нысанындағы поездар мен локомотивтер қозғалысы журналында кезекшілікке кіру жазбалармен ресімделеді.
ДУ,ГУ,ВУ.pptx