1179_ozudy_otkizu.pptx
- Количество слайдов: 12
Жүйке талшықтары, олардан қозудың өткізілуі. Курс: 2 Тобы: 012 -1 Орындаған: Абибуллаев Б Тексерген: Артықбаева У
Жоспар Жүйке талшықтарының түрлері, құрылым ерекшеліктері Жүйке талшығы мембранасының маңызы Миелинсіз жүйке талшығынан қозудың таралу механизмі Миелинді жүйке талшығынан қозудың таралу механизмі.
Жүйке талшығының түрлері, құрылым ерекшеліктері Әр жүйке талшығы цилиндр тәрізді біліктен тұрады. Біліктің сыртын мембрана – аксолемма қаптаған. Аксолемманың іші аксоплазмаға толған. Аксоплазмада ұзынна бойы диаметрі 10 -40 нм нейрофибрелдер мен микротүтіктер жарыса орналасқан. Ал олардың арасын көптеген митохондрийлер мен микросомдар болады.
Жүйке талшықтарының түрлері Жүйке талшықтары миеленді және миеленсіз болып екіге бөлінеді: ·миеленді талшық – майлы қабықты талшық; ·миеленсіз талшық – майлы қабықсыз талшық.
Миеленді талшықтар Миеленді талшықтардың білігін сыртынан «Шван жасушасы» деп аталатын майлы қабық бірнеше қайтара орайды. Бірақ миеленді қабық жүйке талшығын тұтас жаппайды. Ол қандай да бір ұзындық бірлігінде (қалыңдығына байланысты) үзіліп «Ранвье үзілісін» түзеді.
Миеленді талшықтар Миеленді қабықтың қызметі: • Изоляторлық қызмет көрсетеді; • Зат алмасуды реттейді.
Миеленсіз талшықтар Миеленді талшыққа қарағанда әлдеқайда жіңішке. Білігінің сыртын «Шван жасушасы» бір ғана орам жасайды.
Жүйке талшығы мембранасының маңызы Жүйке мембранасы тыныштық потенциал кезінде мембрана сыртындағы және мембрана ішіндегі иондардың (негізінен K және Na) концентрациясын сақтай отырып, мембрана сырты мен ішіндегі потенциалды сақтайды. Және тітіркендіру кезінде тек қажетті каналдарды ашып(негізінен K және Na), әрекет потенциалы жүзеге асырылады.
Миелинсіз жүйке талшығынан қозудың таралу механизмі Миелинсіз талшықтар бойымен: қозу тегіс таралады; қозудың таралу жылдамдығы төмен.
Миелинді жүйке талшығынан қозудың таралу механизмі Миелинді талшықтар бойымен: қозу секірмелі, яғни сальтаторлы таралады; қозу жыллдам таралады.
Пайдаланылған әдебиеттер 1. «Адам физиологиясы» , Сәтбаева Х. Қ. , Өтепбергенов А. А. , Нілдібаева Ж. Б. 2. «Атлас по нормальной физиологии» , Коробков А. В. , Чеснокова С. А. 3. «Физиология человека» , Г. И. Косицкого. 4. «Основы физиологии человека» , Б. Н. Ткаченко
Назарларыңызға рахмет!!!
1179_ozudy_otkizu.pptx