* Зере (1785 -1873) - Өскенбай бидің бәйбішесі, Құнанбай қажының анасы, Абайдың ұлы шешесі. Зеренің азан шақырып қойған аты Тоқбала. Әкесі Бектемір Найман ішінде Матайдың Қойгел руынан шыққан сыйлы адам. Бектемірдің Тоқбала есімді қызы, Жанәлі есімді ұлы болған. Жанәлінің бүрпағы - Иранғали мен Қабікен Оңғарбаевтар бүгінде Семей қаласында тұрады. Өскенбай би 5 әйелінен 10 бала сүйген. 3 ереден - Құттымұхамбет (жастай қайтыс болған), Құнанбай, Тайбала туған 3 ерені Ырғызбай тұқымдары, барша ауыл адамдары «Кәрі әже» деп атапты. Қартайған шағында құлағы естімей қалған 3 ере немерелеріне дұға оқытып, үшкіртеді екен. Ал Абай өлеңмен оқып Зере әжесін үшкіретін болыпты. 3 ере немерелері ішінде Ибраһимді алабөтен жақсы көрген. Абайды қойнына алып жатқызып, еркелете-еркіндете есірген ақылды, зейінді, жұмсақ мінезді, мейірімді 3 ере немересіне Абай деген аяулы ат қойса, туған анасы мен кіші шешесі Ибраһимді - Телғара деп атаған. Ізгі жұректі, үлкенге қамқор, кішіге пана бола білген 3 ере әже Абай өміріне, ақындығына игі әсерін тигізеді. Бұл туралы М. Әуөзовтың «Абай жолы» роман-эпопеясында шынайы суреттелген. 3 ере 1873 ж. баласы Құнанбайдың үйғаруымен Жидебай қыстауының қасына жерленген. Абай аулының азаматтары 1986 ж. қабір айналасын қайтадан жөнге келтіріп, ана бейітінің басына Шығыс үлгісімен алты қырлы мавзолей орнатқан.
*3 ере немерелері ішінде Ибраһимді алабөтен жақсы көрген. Абайды қойнына алып жатқызып, еркелете-еркіндете есірген ақылды, зейінді, жұмсақ мінезді, мейірімді 3 ере немересіне Абай деген аяулы ат қойса, туған анасы мен кіші шешесі Ибраһимді - Телғара деп атаған. Ізгі жұректі, үлкенге қамқор, кішіге пана бола білген 3 ере әже Абай өміріне, ақындығына игі әсерін тигізеді. Бұл туралы М. Әуөзовтың «Абай жолы» роман-эпопеясында шынайы суреттелген. 3 ере 1873 ж. баласы Құнанбайдың үйғаруымен Жидебай қыстауының қасына жерленген. Абай аулының азаматтары 1986 ж. қабір айналасын қайтадан жөнге келтіріп, ана бейітінің басына Шығыс үлгісімен алты қырлы мавзолей орнатқан.
Абай және әжесі Зере
Абайдың ғашықтары Абай жігітікке жеткен шағында қыз-келіншектерге сәлем хат қалжыңды көбінесе өлеңмен айта беретін болған. Сол кездерде «Сап-сап көңілім, сап көңілім» деген өлеңді сүйіктісі Тоғжанға арнаған. Абай үш рет неке қидырған. Абайдың сүйіктісі- Әйкерім Еріксіз үйленгені- Ділдә Тағдырмен қосылғаны -Еркежан Ең үлкен бәйбішесі Ділдәға он алты жасында үйленген. Ол- қаз дауысты Қазыбек бидің тұқымы, Алшынбайдың Жүсіп деген баласынын қызы. ол Абайдан екі жас үлкен болған. Әкесі Ақшоқыдан жер бөліп беріп, онда Абай сегіз бөлмелі қыстау салдырады. Ділдәдан Ақылбай, Хакімбай, Әбдірахман, Мағауия, Күлбадан, Райхан туған. Ділдә 1860 -1923 жылы Ақшоқыдағы қыстауда тұрады. Кеңес өкіметінің асыра сілтеуі тұсында, 1923 жылы Ділдә Ақшоқыдан көшіп кетуге мәжбүр болып, Абай мен Ділдә тұтынған дүние-мүліктің бірсыпырасы әлдекімдердің қолында кеткен. Абайдың өтінішімен 1880 жылы тобықтыдан шыққан ағаш ұстасы, зергершебер Еспенбет жасаған зерлі ағаш төсек қана аман қалған. Оны1939 жылы Абай аулының адамы Нығыман Өтепбаев Жидебайдағы Абайдың музей-үйінің қорына тапсырған. Ділдә Аралтөбедегі Әйгерім басына тұрғызылған төрт құлақты тамға жерленген. [1]
Еркежан Ибаққызы (1858 -1927) - Абайдың әмеңгерлік жолмен алған әйелі. Еркежан Тобықтының Мәмбетей Тасболат атасынан. Оны Құнанбай баласы Оспанға айттырып әперген. 1891 ж. Оспан қайтыс болған соң, Еркежан өз ықтиярымен Абайды таңдаған. Зере мен Ұлжанды өзіне өнеге тұтып, жақсы қасиеттерін бойына сіңірген Еркежан атасы Құнанбайды, Оспан мен Абайды, Ділдә мен Әйгерімді ақ жауып, арулап өз қолынан ақтық сапарға аттандырған. Жидебайдағы Абайдың мұражай-үйіңде Еркежан тұтынған, бетін үйектеп оюлап, күмістеп жасаған ағаш төсегі, төсек жапқышы, бет орамалы, камзолының кезіне құнды тас қондырылған екі түймесі сақтаулы. Еркежан денесі Жидебайдағы Оспан мен Абайдың төрт құлақты зираты қасына қойылған. *