Zar_shy_1171_aru_zh_1199_yesi.pptx
- Количество слайдов: 19
Зәр шығару жүйесіндегі өзгерістер Орындағандар: Сазанова А. А. Сырайлова С. С.
Жоспар: v Зәр шығару жүйесі; v Зәр шығару жүйесіне кіретін мүшелер; v Бүйрек; v Қартаю барысында зәр шығару жүйесінде болатын өзгерістер; v Қарт адамдардың зәр шығару жүйесінде болатын аурулар.
Зәр шығару жүйесі — адамның ағзасында, дәлірек, қанда, болатын зат алмасу процесі кезінде бөліп шыққан сұйық күйдегі соңғы қалдық заттарды сыртқа бөліп шығарып, ағзадағы су мен тұздың балансын (қалыпты жағдайда болуын) қадағалайтын жүйе. Адамның Зәр шығару жүйесі зәрді өндіретін бүйректен, зәрді шығаратын бүйрек тостағаншалары мен бүйрек астауларынан, несеп (зәр) ағардан, қуықтан, несеп түтігінен тұрады. Бүйрек экскреторлық орган ретінде организмнен азоттық зат алмасу өнімдерін – мочевинаны, креатинді, мочевина қышқылын, артық тұздар мен суларды, т. б. бөтен заттарды шығарады.
Ыдырау өнімдерін шығарудың негізгі мүшесі - бүйрек. Бүйрек - үрмебұршақ пішінді жұп мүше. Ағзадан зат алмасу соңғы өнімдерінің 75%-ы бүйрек арқылы шығарады. Бүйректің ойыс жағында шағын қуысы болады, оны бүйректің астаушасы дейді. Бүйректің құрылысы өте күрделі. Бүйректің құрылымдық және қызметтік бірлігі - нефрон (гр. nefron -бүйрек) деп аталады. Әрбір бүйректе 1 миллионнан астам нефрон болады. Нефронның өзі екі бөлімнен тұрады. Сыртынан қоршап жатқан бөлімі — бүйрек денешігі деп аталады, ол қыртысты затта орналасқан. Екінші бөлімі — нефрон өзекшелер, олар бүйректің иір-иір болып шумақталып, боз затқа орналасады. Нефрон өзекшелері иректеліп әрі өзара қосылып жинағыш түтікшелерді құрайды. Олар тікелей пирамидалармен байланысқан. Қан тамырлары арқылы тасымалданатын қалдық заттардан бүйректе үнемі зәр түзіледі. Ол зәр несеп ағар арқылы қуыққа жетіп отырады. Қуықта жиналып қалған зәр несеп жолы арқылы сыртқа шығарылады.
Ағзадағы қан әрбір 5 минут сайын бүйрек арқылы өтеді. Қан ағзаның жасушаларынан жиналған зиянды заттарды бүйрекке әкеледі. Керексіз заттардан қанды тазартатын - бүйрек. Ø Бүйректің ең негізгі қызметі - сүзгіштік. Қанмен келген улы заттар, тұздар, артық су бүйректе бөгеліп сүзіліп калады. Сүзіліп тазарған қан вена қантамырларымен жүрекке карай ағады. Ø Қан мен басқа да сұйықтықтың құрамын реттейді. Ø Бүйректе зәр (несеп) түзіледі. Ø Ағзаның ішкі ортасы құрамының тұрақтылығын сақтайды. Ø Су мен тұздың мөлшерін реттейді. Ø Қандағы тұз концентрациясы мен жасушалардан ағып өтетін сұйықтықтардың осмостық қысымын реттейді. Дене сұйықтығындағы тұздың концентрациясы жасуша ішіндегі концентрациясынан артық болса, су жасушадан шығып, жасуша бүрісіп калады.
Қартаю барысында зәр шығару жүйесінде болатын өзгерістер: v Есейе келе бүйректің жұмыс клеткаларының нефрондардың саны азаяды (қарт адамдар барлық нефрондарының жартысынан айырылады); v Қалған клеткалардың саны көбейеді (компенсаторлық гипертрофия), алайда толықтай «тозған» бүйректі алмастыра алмайды; v Жастық (возрастной) нефросклероз пайда болады; v Бүйрек склерозының дамуы салдарынан, бүйрек тамырларының қанағымы (бүйрек ішілік иммунитет) және бүйректің «шығару» функциясы төмендейді; v Диурез, яғни, несептің тәуліктік мөлшері азаяды (8090 жастағы қарттарда диурездің мөлшері жас адамның диурезінің жартысына тең болады);
q. Несеп жоғары концентрацияда, өте аз мөлшерде бөлінеді; q. Дәрі-дәрмектер организмнен өте нашар шығарылады, сондықтан препараттардан улану (передозировка) болуы мүмкін; qҚуықтың қабырғасы қалыңдайды, ал сыйымдылығы мен созылғыштығы азаяды; q. Дәретке отырғысу келу жиілігі артады; qҚуық сфинктерінің функциясының бұзылуы салдарынан несеп «ағып кетеді» (қуыққа несеп толғанда оны ұстай алмайды ); q. Зәр шығару рефлекстерін бақылайтын жоғары жүйке орталығының функциялары төмендегендіктен, қарт адамдар қуығы несепке толғанда «шыдай алмайды» .
Қарттық жаста бүйректің ең көп кездесетін ауруларына жатады: ü Созылмалы пиелонефрит; ü Цистит; ü Уретрит; ü Простатит; ü Уролитиаз (несеп-тас ауруы); ü Гломерулонефрит.
Созылмалы пиелонефрит – бүйректің қуыстық жүйесінің және тубулоинтерстициялық аймағының басым зақымдануымен сипатталатын созылмалы бейспецификалық инфекциялық қабыну үдерісі. Пиелонефрит – нефрогенді гипертензияның және бүйректің созылмалы шамасыздығының басты себебінің бірі. Даму тегінен – пиелонофрит инфекциялық ауру. Пиелонефриттің дамуында негізгі роль атқаратын қоздырғыштар: 1. ішектік аутоинфекция; 2. экзоинфекция; 3. бактериялардың бір түрлері және микоплазмалар. Негізінде, созылмалы пиелонефриттің көрінісінде басты орын алатын келесі синдромдар: несептік, поллакиуриялық, интоксикациялық, ал өзге синдромдар – анемиялық, гипертониялық және бүйрек шамасыздығы жүре пайда болады.
Цистит (лат. cyctіtіs; грек. kystіs — қуық және іtіs — қабыну) — қуықтың өте жиі кездесетін қабынуы. циститпен ер адамдар да, әсіресе әйелдер жиі ауырады. Аурудың қоздырушылары: ішек таяқшасы, протей, стафилококк, т. б. инфекциялар. Бұлар қуыққа гематогендік жолмен организмдегі қабыну ошағынан немесе сырттан уретра (үрпі түтігі) арқылы жыныс мүшелерінен енеді. Аурудың дамуына қуыққа салқын тигізу, іш қату және ысталған, сүрленген тағамдарды көп жеу, т. б. әсер етеді. Циститтің екі түрі ажыратылады. Циститтің жедел түрінде адам кіші дәретке жиі барады, зәр сындырғанда қуықтың тұсы, сегізкөз сыздап ауырады. Науқастың дене температурасы көтерілмейді. Несепті талдаудан өткізгенде, оның құрамынан лейкоцит, эротрицит және белоктың бар екені анықталады. Аурудың жедел түрінде дәрігердің тағайындаған емін уақытымен, дұрыс қабылдап, дерттің созылмалы түріне ауысып кетпеуіне күш салу керек. Науқас осының бәрін орындаса, аурудан жазылып кетеді. Циститтің созылмалы түрі қуық ісігі, простатит, уретрит, т. б. аурулардың салдарынан дамиды. Кейде дерттің өршуіне туберкулез, трихомоноз ауруларының да көп әсері бар.
Уретрит - несеп түтігінің қабынуы. Ер адамдарда, көбінесе, несеп түтігінің қабынуы, әйелдерде қуық пен бүйрек қабынуы жиі кездеседі. Уретрит-әртүрлі бактериялар мен вирустардың салдарынан зәр шығару жолдарының қабынуы. Жыныс мүшесінің тазалығын сақтамағаннан болады. Белгілері: зәр жібергенде ауырсыну және іріңді сұйықтықтың білінуі, қызаруы, қышуы.
Простатит – қуық асты безінің (простата) қабынуы. Ол ер адамдар арасында жиі кездесетін урологиялық кесел. Дерт 30 -дан асқан еркектерде пайда бола бастайды. Соңғы кездері простатиттің "жасаруы” байқалады. 30 жастан соң еркектердің 30%-і, 40 жастан соң 40% -і, 50 жастан соң 50%-і және с. с. простатиттен жапа шегеді деп есептеледі. Аталық без қабынуында (простатитте) зәр бөліп шығаруға байланысты көптеген пролемалар туындайды және эректильдік функция бұзылады. Ең қауіптісі сауатты ем болмағанда шамамен науқастардың 40 пайызында бедеулік дамуының қауіпі бар. Өйткені аталық без одан әрі сперматозоидтардың жылжымалылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті көлемде сапалы секрет бөліп шығара алмайды. 35 жастан кіші тұлғаларда простатит әдетте жедел бактериалды простатит түрінде өтеді. Көбіне бұл инфекциялар - хламидиоз, трихомониаз, гарднереллез немесе соз (гонорея).
Назар аударғандарыңызға рахмет!