Sintaxis_5_ball_Zabidullaeva_Zh иол.pptx
- Количество слайдов: 8
Ыңғайластық салалас құрмалас сөйлемдер
Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем – құрамындағы жай сөйлемдер білдіретін ой өз ара мезгілдес, бағыттас, ыңғайлас мәнде, қарым-қатынаста айтылған салаластың түрі. Ыңғайлас салаластың құрамындағы жай сөйлемдер білдіретін ой қатарлас; бір мезгілде, бір мәнде болып жатады я олар бірінен соң бірі болатын іс-әрекетті білдіреді. Ыңғайлас салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен жалғаулық шылаулар (және, сонан соң, да, де, әрі) арқылы да, жалғаулық шылаусыз, іргелес тұрып та байланыса береді. Осыған қарап оны жалғаулықты ыңғайлас салалас және жалғаулықсыз ыңғайлас салалас деп екіге бөлеміз.
§ Мысалы, Өнерді түсінбейтін инженер – нашар инженер, қиялдай алмайтын конструктор – конструктор емес, музыканы сезінбейтін және поэзияның кереметін түсінбейтін ғалым – әншейін өзін жұтатқан адам (Т. А. Ильина). § Винтовканың шаппасын тежеп қойғанда затвордың серіппесі сығылады да, потенциялық энергия жиналады (III. Мұртаза).
Және жалғаулығы қатысып құрылған салалас құрмалас сөйлемдер Бірінші компонентте бір пікір айтылады да, екінші компонент соған жалғас, соны толықтыратын пікірді айтады. Отырып әңгімелесетін, үлкен жұмысым жоқ және ұзақ отырып кеңес құруға уақыт тар (Х. Есенжанов). Және жалғаулығы Екінші компонентті жетектеп әкеліп, бірінші компонентке жалғастырып тұр. Сонымен, және жалғаулығы арқылы байланысқан құрмалас сөйлем іліктес, жалғас пікірлерді хабарлайды. Сағиланы мен саған бере алмаймын және сен оны ала алмайсың (С. Көбеев). Және жалғаулығы Екі компоненттің аралығында орналасады. Сонымен бірге жалғаулық екінші өзі байланыстырып тұрған компоненттің ішіне кіріп те тұра береді. Оразбайды ел ішінде де қостайтындар бар, олар және көп (м. Әуезов).
Сонан соң (сосын) жалғаулығы Да, де жалғаулығы Ауызекі сөзде жалғастық байланысты білдіреді. Бірінші компоненттің баяндауышына жымдасып тұрады. Сол себепті ол дыбысталу жағынан соған үйлеседі. Шаруам сол – радио бар еді, соған батарея керек, сосын кино жоқ. Депутатсыз, айтпайсыз ба біздің мұқтажды (А. Нұрманов) Келеді де, кетеді. Ол айтады да, сен қайталайсың.
Әрі – экспрессивті жалғаулық. Бірнеше сапаның, іс. Тек екі сөйлемді Іліктес, жалғас пікірді әрекеттің бір байланыстырып білдіріп, өзара субъектіге, объектіге қоймайды, синтаксистік бірдей сиып, қатысып сөйлеушінің байланысқа түсіп тұрғанын таныту үшін позициясын да тұрған әр сөйлемнің жұмсалады. байқатады. басқа позициясында Шотыңды қақ, келіп, қайталамайды. Онда өкімдік бар. Баршагүл, - деді Сыртқа да, ұлыққа да Қалың киінсең, әрі колхоздың уақытша жақындық беделі бар, күн өтпейді, әрі денең бастығы Бексұлтан, ол әрі қолы ұзын, малды салқын болады (С. әрі фирма бастығы (М. Әуезов) Мұқанов) болатын (М. Тиесов).
Аталған жалғаулықтар арқылы байланысқан сөйлемдердің синтаксистік қатынасы мынандай болады. ҚС бірінен соң бірі ілесе болатын оқиғаларды баяндайды. ҚС бір мезгілде, қатар болған немесе ұдайы қатар болатын оқиғаларды баяндайды. Жалғаулық арқылы байланысқан компоненттер өзара себептік қатынаста келеді. Өзара байланысқан компоненттердің құрамында қайталанып келіп да, де оқиғалардың бірінен соң бірі іле-шала болғанын білдіру үшін қызмет етеді. Өзара синтаксистік қатынасқа түскен екі компонентте қайталанып келіп да, де жалғаулығы оқиғаларды ерекшелеп айтуға жәрдем етеді. ҚС іліктес, жалғас пікірлерді баяндайды.
Забидуллаева Жұлдыз KZL-3
Sintaxis_5_ball_Zabidullaeva_Zh иол.pptx