XXI ғасыр халықаралық жүйесіндегі Жапония Орындаған: Сарсенбекова Сымбат
XXI ғасыр халықаралық жүйесіндегі Жапония Орындаған: Сарсенбекова Сымбат
Тақырыптың өзектілігі Тақырыптың өзектілігі соңғы онжылдықта жапон сыртқы саясатында болған өзгерістерде. Бұл уақытты өзгеру және негіз салу дәуірі болды десе де болады, өйткені ХХ ғасырдың 90-жылдарында қазіргі уақытта қолданылып отырған халықаралық қарым-қатынастар жүйесі қалыптасты. Бұл жұмыс Жапонияның ХХ-ХХІ ғасырлардағы халықаралық қарым-қатынастарындағы өзгерістерге арналған
Зерттеу нысаны Жапонияның ХХ ғасырдың екінші жартысы – ХХІ ғасырдың басындағы халықаралық қарым-қатынастардың дамуына ат салысуы болып табылады. Таңдап алынған тақырыптың хронологиялық аясы ХХ ғасырдың 50-жылдары – ХХІ ғасырдың басы – Жапонияның жалпы өркендеуі мен алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына қосылған кезеңін қамтиды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: ХХІ ғасырдағы халықаралық қатынастардың қалыптасуының алғышарттарына көз жүгірту; Жапония дипломатиясы тарихына шолу жасау; Жапонияның жаңа экономикалық саясатының даму қарқынын сипаттау; Жапонияның БҰҰ шеңберіндегі қызметтерін қарастыру; Жапонияның халықаралық аренада алатын орнын белгілеу;
Жапонияның АҚШ, Ресей, Қытай сияқты ірі державалармен бірге Қос Корея сияқты көрші елдермен қарым-қатынастарына баға беру; Жапонияның Орталық Азия, соның ішінде Қазақстанмен байланыстарына шолу жасау; «Солтүстік территорияларға» қатысты мәселелерді қарастыру; Бүгінгі күнгі Жапонияның тіршілік тынысына тоқталып өту.
Жапонияның АҚШ-пен және Қос Кореямен қарым-қатынасы Құрама Штаттар мен Жапонияның бір жарым ғасырдан бергі өзара қарым-қатынасы әрқашан қарама-қайшылықтарға толы болуымен сипатталады. Алайда ХХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХІ ғасырдың басында бұл екі мемлекет жақындасуға бағытталған қарым-қатынастар жасап келеді. Түрлі тарихи кезеңдерде бұл қатынастың негізінде үш негізгі приоритет жатты: геосаяси, әскери және экономикалық.
Жапония үшін басты мәселе – осы күнге дейін Солтүстік Кореямен дұрыс бір мемлекетаралық қатынастардың болмауы. Бұл жағдай Жапонияның тек Солтүстік-Шығыс Азияда емес, сонымен қатар барша Азиялық-Тынық мұхиты геосаяси кеңістіктегі сыртқы саясат ұстанымын әлсіретіп, дипломатиялық қимыл жасу алаңын тарылтып отыр. Жапония мен Оңтүстік Корея арасындағы қарым-қатынас та жақсы емес. Екі ел арасындағы тарихи дұшпандық соңғы жылдары қайта ушықты. Екі ел арасындағы дау-дамайдың басында Токто аралы тұр. Бұл территория мәселесі екі ел арасындағы қарым-қатынасты барынша шиеленістіруде. Арал мәселесі екі елге өздерінің экономикалық алаңдарының шекарасын белгілеуге кедергі жасайды.
Ресей мен Жапония арасындағы «солтүстік территория» мәселесі Жапония мен Ресей арасындағы қарым-қатынаста әлі күнге дейін шешімін таппаған мәселе бар. Ол – Куриль аралдары мәселесі. Бұл аралдардың қай мемлекетке тиесілі екендігіне көз жеткізу үшін жапондық-ресейлік және жапондық-кеңестік қарым-қатынастардың жай-жапсарын мұқият сараптау қажет.
Куриль аралдарын солтүстік жақтан орыстардың ашып, зерттеу жүргізіп, алғашқы дұрыс картасын жасағаны анық. Бірақ жапон тарапы мұны жерді иеленуге құқық беретін жайт деп қабылдамайды. 1855 жылғы ресейлік-жапондық келісімшарт бойынша Куриль аралдары жапондықтарға берілген болатын. Бұл мәселені шешу үшін екі жақты да қанағаттандырарлық бір жол тапқан абзал. Ол үшін екі жақ та компромисс жасап, өзара тиімді шешімге келулері тиіс.
Қытай мен Жапония қарым-қатынастары Жапония мен Қытайдың қарым-қатынастарын айқындайтын басты фактор екі елдің өзара экономикалық тәуелділігі болып табылады. Екі тарапты сауда-саттық көлемі 2007 жылы 236,6 млрд. АҚШ долларына жетті. 2006 жылдың өзінде Қытай Жапонияның ең ірі сауда-саттық серіктесі болды. Өз кезегінде, Жапония – Қытайдың үшінші ірі сауда-саттық серіктестігі және көлемі жағынан екінші тікелей шетелдік инвестициялар көзі.
Жапония мен Қытай арасындағы қарым-қатынасқа қатысты маңызды оқиға ретінде Ху Цзиньтаоның Жапонияға ресми сапарын атап өтуге болады. Соңғы он жылда бірінші рет Токиода жоғары дәрежедегі қытай-жапон келіссөздері жүргізілді. Бұл ресми сапардан кейін көптеген шетелдік сарапшылар Пекин мен Токио арасындағы қатынастарда жағымды жағдайлар орнағанын айта бастады.
4956-sima_slaid.ppt
- Количество слайдов: 11