Модернизм.pptx
- Количество слайдов: 46
ХХ ғасырдағы Батыс Еуропа мәдениеті модернизм Модернизм
Модерн , модерн стилі (фр. moderne – ең жаңа, қазіргі) – XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Еуропа және Америка елдері өнерінде орын алған стильдік ағым. Модерн Бельгия, Ұлыбритания мен АҚШ-та – “жаңа өнер”, Германияда – “югенд-стиль”, Австрияда – “сецессион стилі”, Италияда “либерти стилі”, Испанияда – “модернизм” деген атпен белгілі. Ол символизм мен эстетизм идеяларын, Ф. Ницшенің “өмір философиясын” дамытты. Модерн өкілдерінің (У. Морристің социалдық утопиясына сүйенген бельгиялық археологиялық әрі дизайнер Х. К. ван де Велде) пікірлеріне қарағанда ол қоғам құруға ықпал жасарлық жаңа өмір стилі, адам баласына эстетикалық ләззат алар орта мен тұрмыс жағдайын туғызу, байырғы дәстүрден бөлек, қазіргі конструкцияларды пайдалану арқылы өнерге жаңа жол салу болып табылады. Модерн
Бальо үйі
Модерн стиліндегі атақты архитектуралар
Альфонс Муха. Мод Адамс как Жанна д’Арк. Афиша 1909 жыл
Casa. Batllo
House with Chimaeras Химера бейнесі бейнеленген үй
Secession Vienna Венстік сецессион
gaudi-sagrada-familia-barcelona Саграда Фамилия
Церковь Святого Семейства, Барселона Архитектор Антонио Гауди
Национальная опера Украины. Архитектор В. Шрётер Источник: belcanto. ru/kiev. html
Модерннің негізгі принциптері – қоғамға сай ғимараттар тұрғызу, өнер арқылы дүниені өзгертуге талпыныс жасау. Модерн XX ғасырда архитектураның дамуына елеулі ықпал жасады. Ол сәулет өнеріне конструкциялықты, көркемдік бірлікке, функциялыққа негізделген еркін жобалауды, жаңа құрылыс материалдарын (темір, бетон, шыны, табиғи тас, жылтыр кірпіш, жұқа тақтай, кенеп) жан-жақты пайдалануды әкелді. Қала салу ісіндегі бір жүйелілік пен Сурет: Симметриялыққа модерн сәулетшілері алдыңғы жағы әр түрлі ғимараттарды кеңістікке еркін орналастыруды қарсы қойды. Жаңа техника әкелген түр тудырудың мол мүмкіндігі ғимарат бейнесін көркейте түсудің басты құралына айналды. Модерн стильдегі архитектура
XX ғасырдың бас кезіндегі кейбір сәулетшілер функционализмді ерекше құптап, ғимарат қаңқасын әсерлей (Германияда П. Беренс, Австрияда О. Вагнер, Францияда Г. Перре, Россияда Ф. О. Шехтель салған ғимараттар) түсуге ден қойды. Модерн стилінде өрнек салу затты әсемдеумен қатар оның композициялық құрылымын қалыптастыру құралы болып табылады. Бельгия сәулетшілері салған ғимараттар интерьеріндегі толқынды сызық пен өрнек тынысты кеңейтіп, еңсені көтере түседі. Қондырғылы, сән және қолданбалы өнердің бір-бірімен астаса дамуы – модерн стиліне тән қасиеттің бірі. Ол графикадан да орын алды. Бұл саладағы белгілі суретшілер: О. Бердсли - Ұлыбритания, Т. Хайне мен Г. Фогелер - Германия, Ф. Валлотон - Швецария, Э. Мунк - Норвегия , А. Н. Бенуа, К. А. Сомов - Ресей.
Луи Мажорель (Louis Majorelle), Эмиль Галле (Emile Galle), Эмиль Андре (Emile André), Эжен Валлен (Eugène Vallin), Камил Готье (Camille Gauthier), Жак Грубер (Jacques Gruber) — Франция; Рихард Римершмид (Richard Riemerschmid) — Германия; Гюстав Бови (Gustave Serrurier-Bovy), Хенри Ван де Вельде (Henry Van de Velde) — Бельгия; Тонет (Thonet), Коломан Мозер (Koloman Moser) — Австрия; Франтишек Билек (Frantisec Bilek) — Чехия; И. А. Фомин — Ресей. Жиhаздың дизайны және интерьердiң заттары
Обри Винсент Бердслей (Aubrey Beardsley) — Ұлыбритания; Анри Ван де Вельде (Van de Velde) — Бельгия; Теофиль Александр Стейнлен (Theophile Alexandre Steinlen) — Швейцария; Йохан Торн Приккер (Johan Thorn Prikker) — Нидерланд. Кiтап иллюстрациясы және графика
Обри Бердслей. «Саломее» . 1894
Кескіндеме мен мүсін өнерінде модерн стилі символизммен тығыз байланыста бола отырып, өз алдына көркемдік жүйе жасауға ұмтылды. Дегенмен ол XIX ғасырдағы дәстүрлі үлгіден алшақтап, шарттылыққа негізделген жаңа еуропалық ағымға бой ұрды. Бұл салада понтавен мектебі (П. Гоген бастаған) елеулі рөл атқарды. Модерннің кескіндеме мен мүсін өнері саласындағы белгілі өкілдері: Г. Климт - Австрия, Ж. Минне, Ф. Конпф - Бельгия, М. А. Врубель, Л. С. Бакст - Ресей, Э. Мунк - Норвегия, Франтишек Билек - Чехия, Г. Обрист - Германия. Кескіндеме мен мүсін өнері
Огюст Роден (Амур және Психея)
Герда Вегенер — Дания; Станислав Выспяньский — Польша; Морис Дени, Эдмон-Франсуа Аман-Жан — Франция; Густав Климт — Австрия; Жорж Леммен, Фернан Кнопф — Бельгия; Альфонс Муха — Чехия; Наби, Люсьен Леви-Дюрмэ (Lucien Levy-Dhurmer) — Франция; Джованни Сегантини — Италия; Ян Тороп — Голландия; Жорж де Фёр (Йозеф ван Слейтерс) — Нидерланд; Фердинанд Ходлер — Швейцария; М. А. Врубель; А. Н. Бенуа; В. М. Васнецов; Р. К. Калмаков; С. В. Малютин; М. В. Нестеров; В. Д. Поленов; Л. С. Бакст, К. А. Сомов, Мир искусства — Ресей. Суретшілер
Густав Климт. Поцелуй. 1907— 1908 жылдары
Фернан Кнопф. Искусство, или нежность сфинкса. 1896.
Лев Бакст. Ужин. 1902.
В. Серов. Похищение Европы. 1910
М. Врубель. Пан.
Файлдың қай уақытта қалай көрінетін үшін күнайы/уақыты дегенді нұқыңыз. Күн-ай/Уақыт. НобайӨлшемдері Қатысушы Пікір ағымдағы 15: 56, 2012 ж. сәуірдің 4522 × 800 (99 КБ)Shakkohttp: //fotki. yandex. ru/users/aliksandar/view/43604 2? page=0 14: 17, 2005 ж. тамыздың 25521 × 795 (23 КБ)Ghirlandajo 13: 36, 2005 ж. тамыздың 25242 × 283 (7 КБ)Alex Bakharev{[en: Mikhail Kuzmin]] {{sovietpd}} Kuzmin, Mikhail Downloaded from http: //www. rusf. ru/fc/img/big/kuzmin. jpg Файл тарихы
К. Сомов. Портрет М. Кузмина.
Модерн қол өнері бұйымдары мен үй жиһаздарын жасауда елеулі жетістіктерге жетті. Қазіргі кезеңде Қазақстан сәулетшілері модерн мен дәстүрлі архитектуралық жетістіктерді ұштастыра отырып, модернді дамытуда үлкен жетістіктерге жетті (қонақ үй, жоғарғы оқу орны ғимараттары, т. б. ).
Модернизм (итал. modernismo, лат. modernus – жаңа, қазіргі) – XX ғасыр басында рухани сана дағдарысы кезінде пайда болған философиялық-эстетикалық ағымдардың жиынтық атауы. Модернизм қаламгерлердің әлемдік соғысқа, адамзат дамуындағы дағдарыстарға көзқарасын білдірді. Модернизм авангардтық және декаденттік сатылардан өткенімен, олардан айырмашылығы болды. Модернизмнің негізгі бастауы ретінде А. Бергсонның - интуитивизмі, Э. Гуссерльдің - феноменологиясы, З. Фрейдтің психоталдауы С. Кьеркегор, М. Хайдеггер, К. Ясперс, Н. Бердяев, т. б. - экзистенциализмі танылды.
Модернизм жеке тұлға санасын рухани ауытқулармен байланыста қарады. Модернистер әлемдік деңгейдегі қоғамдық қайшылықтар, санадағы қақтығыстар кезінде адам дүниенің мағынасыз екенін, өзінің фәнидегі жалғыздығын түсінеді деген пікірлерді алға тартты. Мысалы, Г. Марсель мен Ж. П. Сартрдың қоршаған әлемді қатыгез, қарама-қайшылыққа толы дейтін пікірлері. Э. Хемингуэй, У. Фолкнер, Г. Грин, Ф. Мориак, А. Миллерге модернизм әсер етсе, М. Пруст, Д. Джойс, Ф. Кафка, Р. Музиль, А. Белый, П. Валери, Ж. Жироду, Ж. Кокто, Ж. Ануй секілді суреткерлер осы ағымдарды ұстанды. Жалғыздық қасіреті, қоршаған ортаны адамның жатсынуы модернизм өкілдерінің Модернизм шығармаларында айрықша көрініс тапты. Алайда модернистік шығармаларда дағдарыс себептері айқындалмады.
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ МОДЕРНИЗМ, ПОСТМОДЕРНИЗМ ҚҰБЫЛЫСЫ Модернизм өнердегі мифологиялық тәсілді жандандыруды көздеді. Мифтік ойлау арқылы қоршаған орта болмысын тану П. Валери, Т. С. Элиот, В. Иванов, В. Хлебников, У. Б. Йитс, А. Белый, т. б. шығармаларынан байқалды. Олардың туындыларында мистикалық жүйе қалыптасып, кейіпкерлері нақты тарихи уақытта емес, өткен, келер шақтар түйісіп жататын мифологиялық уақытта өмір сүрді. Оқиға шартты түрде бірнеше сағаттарда немесе бір күнде өтті. Модернизм ықпалы қазақ әдебиетінде де байқалды. Онда адам табиғатының трагедиялығы, болмыстың адам тіршілігімен үйлесе бермейтін қайшылығы, қатыгездігі жайлы ойлар айтылды. М. Әуезов әңгімелерінде, Ш. Құдайбердіұлы, Ж. Аймауытов шығармаларында трагедиялық бейнелер бой көрсетті. Адамның өмірдегі панасыздығын, қорғансыздығын меңзейтін, табиғатты жатсынуын бейнелейтін шығармалар 1960 – 1980 жылдары қазақ әдебиетінде көбірек кездесті. Мысалы, Ә. Кекілбаевтың “Шыңырау”, “Аңыздың ақыры”, Д. Исабековтың “Сүйекші”, “Тіршілік”, О. Бөкейдің “Мұзтау”, “Жетім ботасы”, т. б. шығармалар.
Модернизм - әдебиет пен өнер сахнасына ХХ ғасырда орнығып, өз дәуірінің мәдени қажеттіліктерінен туған, болмысты көркем бейнелеудің дәстүрлі әдістерінен бас тартқан бағыттардың жалпылама шартты атауы. Модернизм адам табиғатын, құпия сезімдерін ирония, ойын элементтері, сана астарындағы құбылыстар арқылы көрсетеді. Модернистік шығармаларда жеке тұлға мағынасыз болмыс алдында өз әлсіздігін сезінеді. Бұл бағыттағы жазушылар композицияға, тілге, т. б көптеген стильдік, көркемдік сынақтар жасады.
Модернистер әлемдік деңгейдегі қоғамдық қайшылықтар, санадағы қақтығыстар кезінде адам дүниенің мағынасыз екенін, өзінің фәнидегі жалғыздығын түсінеді деген пікірлерді алға тартты. Жалғыздық қасіреті қоршаған ортаны адамның жатсынуы модернизм өкілдерінің шығармаларында айрықша көрініс тапты. Модернизм ХХ ғасыр басындағы қаламгерлердің әлемдік соғысқа, адамзат дамуындағы дағдарыстарға көзқарасын білдірді. Ол жеке тұлғаның санасын рухани ауытқулармен байланыста алып қарады.
Модернизм әлемдік әдебиет тарихында ХХ ғасыр басындағы бірқатар бағыттарда, әсіресе символизмде (оның ішінде орыс және француз символизмінде) көрінді. Қоғам мен адам арасындағы қайшылық сарыны тұрғысынан романтизм эстетикасымен де ұқсас тұстары болды. Қазақ прозасындағы адам табиғатының трагедиялығы, болмыстың адам тіршілігімен үйлесе бермейтін қайшылығы бейнеленген, адамның панасыздығын, қорғансыздығын меңзейтін шығармаларда романтикалық сипат пен модернистік ұстанымның берік байланысы жатыр.
Кейіпкерлердің екіге жарылу мәселесі 70 -ші жылдардан бастап қазіргі қазақ прозасында да заңды жалғасын тапты. О. Бөкеевтің рухани сергелдеңге түскен, мазасыз, әлденені іздеумен жүретін сезімтал, қияли кейіпкерлері, сондай-ақ Т. Әбдіковтің «Оң қол» , «Парасат майданы» шығармаларындағы екіұдай сезім кешкен «сырқат» тұлғалары хақында да осыны айтуға болады. Осы кезеңде жеке тұлғаны, адам болмысының күрделі, жұмбақ мәселелерін, бүгінгі рухани құндылықтарды зерделеуде бейнелеудің дәстүрлі әдістерімен қатар реалистік емес сарындардың да орын тебе бастағанын аңғару қиын емес. 1970 -80 жылдардан бастап қазақ әдебиетінде әлемдік әдебиеттен жаңғырық тапқан модернистік эстетиканың әсері кем болмады. Т. Әбдіковтің «Оң қол» , «Ақиқат» шығармаларында модернизммен синтезге түскен, трансформацияланған романтизмді көреміз.
Модернизм белгілері – жазушының барынша ашық және еркін түрде өзін-өзі ашуы, көркем тілді барынша жаңартуға, жаңаша түлетуге ұмтылысы, өзіне жақын нақтылықтан гөрі алыс тұрған универсалды, мәденитарихи дүниеге назар аударуы. Осы қасиеттерімен модернизм классикалық реализмнен гөрі романтизмге анағұрлым жақын тұрады. Зерттеуші Н. А. Нагорная романтизмнен поэтикалық екіұдайылық, қосәлемділік идеясын өзіне мұраға алған «модернизмде суреткер идеалды әлем мен реалды әлемнің арасындағы қақтығыстың зардабын тартатынын» жазады.
Модернизмді хаосты әлемді адамның жатсынуында айқынырақ танылатын ерекше дүниетаным ретіндегі тарихифилософиялық және әдеби-көркемдік категория деп тануға болады. ХХ ғасырда модернистік бағыттар мен интенциялар әдебиеттің алуан көркемдік тінін құрай отырып, бір мәдени кеңістікте қатар өмір сүрді. Осы орайда қазіргі әдебиеттегі модернизм мен постмодернизм құбылыстарына баға беруші Д. В. Затонский романтизмнің көркемдік ерекшеліктерін қарастыра отырып, ондағы «модернистік» белгілерді айқындайды. Зерттеуші романтизм мен модернизм концепциясында кей ұқсастықтардың байқалатынын аңғара отырып, модернизмнің, шын мәнінде, романтиктерден көптеген дүниелерді өзіне алғанын, ал романтиктерді осы мағынасында тіпті «пре-модернистер» деп атауға да болатынын батыл айтады.
Болмысты «романтикалық» және «модернистік» , «постмодернистік» тұрғыда қабылдау – бұл негізінен қарама-қарсы жүйелер, бірақ сонымен қатар бір-біріне әсер етуші, тіпті белгілі бір деңгейде бірбірімен байланысты жүйелер. Олардың біреуін екіншісінен жоғары қойып, біреуін бөліп алып, я жақсы, я жаман деп айта алмаймыз. Көп жағдайда «постмодернизм» «декаденттік» ағым ретінде: үміттің жоғалуымен, ұмтылыстардың құлдырауымен, нақты мақсаттар мен бағдардың жоғалумен, апатиямен, өркениеттің құлдырауымен байланысты қабылданатындықтан, оған қарағанда модернизмді қолайлы көріп жатады. Модернизм мәдениет типі ретінде ХХ ғ. көркемдік процесіне зор ықпал етті. Ол рухани құндылықтардың бүкіл жүйесіне ревизия жасады, қатып-семген түсініктер мен қалыптардан бас тартып, көркемдік сананың жаңаруына қарқынды импульс берді. Модернизм романтизмнің тылсым күштердің ойыны туралы идеяларының бірін дамытты. Әрине, бұрынғы әлем өзгермегенмен, модернизмдегі қаһарман әлі де мәңгілік құндылықтарды тірек ете алатын. Алайда постмодернистік дәуірден бастап өткені, тарихы жоқ, реалдық, нақты сипаттарын жоғалта бастаған кейіпкерлер пайда бола бастады.
Еуропа әдебиетінде ХІХ ғасырдың ортасынан бастап романтизмді жетекші орнынан реализм ысыра бастады. Көркемдік таным аясының кеңеюі өзгеше әдістер мен жаңа бағыттарды талап етеді. Классикалық романтизм дәстүрлері түгелдей ХІХ ғасыр бойы белсенді көрініп, ХХ ғасыр басында неоромантизмде жаңа күш-қуат көзіне ие болады. Олардың негізінде көркемдік ойлаудың романтикалық типі жатқандықтан, дүниені қабылдау жүйесінде ғана емес, көркемдік формаларды дамыту деталдарында да сарындық ұқсастықтары болды. Романтизм дәстүрі қазақ әдебиетінің тарихында ақын-жазушылардың шығармаларында сақталып келді. ХХ ғасырдың екінші жартысында әдебиетте романтизм айқын көріне бастады. Алайда бұл құбылысқа жете назар аудармай, социалистік реализм дәстүріне дақ түсірердей сезінген кездер де болды. Соған қарамастан романтикалық сыңайда жазылған шығармаларда көркемдік ізденістер, соны ой мен ұтқыр образдар кездесіп отырды.
ХХ ғ. әдебиетінде ресми «рұқсат» етілген шығармашылық әдіс ретінде тек социалистік реализм ғана болғандықтан зерттеушілер кеңес әдебиетінде көрініс берген басқа көркемдік тенденцияларды «социалистік реализм бағытының стильдік ағымдары» деген терминмен жасырды. Романтикалық бейнелеу тәсілінің жаңа сапада дамуы романтизмнің мүмкіндіктерін игеру жолындағы алуан түрлі көркемдік ізденістердің нәтижесі еді. Қазақ прозасында бірқатар жазушылардың, атап айтсақ, Т. Әбдіков, Д. Исабеков, О. Бөкеев т. б. шығармаларында «жаңа романтизмнің» , яғни неоромантизмнің кейбір белгілері көрінді деуге болатын сияқты. Осы кезеңдегі қазақ прозасында романтикалық коллизия адам мен адам, адам мен қоғам, адам мен табиғат арасында өтті. Т. Әбдіков шығармаларында ол жеке тұлғаның өз ішінде ( «Оң қол» , «Парасат майданы» ), адам мен қоғам ( «Ақиқат» ), О. Бөкеев туындыларында адам мен табиғат «Атау-кере» , «Мұзтау» , «Сайтан көпір» ) арасында өтеді.
1970 жылдар прозасы стильдік тұрғыда лирикалық-субъективті бастауға, адамның ішкі дүниесіне, жан сырына ден қоюымен ерекшеленеді. Шығармада рефлексияның салмағы артып, жазушы жеке тәжірибесін жинақтауға, ой қорытуға бейім. Екінші жағынан, қаламгерлер өз шығармаларында сан алуан бейнелеудің шартты формаларын (гротеск, фантастикалық сюжеттер, мифологиялық бейнелер мен сюжеттік конструкцияларды) қолданады. Жатсыну, өгейлену сияқты философиялық категория – модернистік эстетиканың да жілікті, маңызды мәселесі. Модернизм негізінде айқын көрінетін спецификалық дүниетаным – қоғам тарапынан көрсетілген қысым мен рационалдық тәртіп орнаған әлемді адамның жатсынуы жатыр. Кейіннен мұндай дүниетанымдық аңсар постмодернистік танымда жалғасын тапты. Жеке тұлғаның жатсынуы романтизм эстетикасында да кездеседі. Өз ортасына, қоғамға қарсы тұрған романтикалық қаһарманның қоғамды, адамдарды жатсынып, табиғатқа, тау арасына қашуы немесе өзімен-өзі оңашалануы, өз ойымен жеке дара қалуы, т. б. – романтикалық әдебиетте жиі көрінетін мотивтердің бірі.
Бұл арада романтизмнің модернизммен, постмодернизммен өзара ұқсастығы жеке тұлға концепциясында байқалады – тұлғаның үміті мен нақты өмірлік тәжірибе арасындағы алшақтық, өмір мен ол туралы түсініктің өзара сәйкес келмеуі. Сонымен қатар жатсыну деңгейі бұл көркемдік жүйелерде өзіндік ерекшеліктерге де ие. Романтизмде қаһарман жатсынуды, өзін-өзі жатсынуды жеңуге, әлеммен үйлесім орнатып, ішкі тұтастығын жоғалтпауға тырысады. Бұл жағынан оның модернизммен кей тұста бірлігі байқалады. Модернизмде адам табиғатының жетілетініне, әлемнің өзгеретініне деген көмескі болса да үміт бар. Ал постмодернизмде жатсыну өзінің шарықтау шегіне, жоғарғы нүктесіне жетеді. Постмодернистік кейіпкер саналы түрде иллюзиялар әлеміне кетеді, транстық күйге түседі, сонда ғана ол өзінің сан алуан кейпін біріктіріп, өзін таба алады. Соның нәтижесінде модернизм мен постмодернизмде әлемді хаос деп түсіну, үзік-үзік сана, өткіншілік, тұрақсыздық сезімі мойын созады. Жеке тұлға әлемі бөлшектеніп, тұрақты, дәстүрлі құндылықтар қайта қаралады. Модернизм мен постмодернизмге «болмысты хаос пен абсурд деңгейінде суреттеу тән, көп жағдайда жеке тұлға өзі түсініксіз, қисынсыз, иррационалды тұрғыда қабылдаған социумды жатсыну контексінде қарастырылады» .
Адамның қоғамға көңілі толмай, өзін-өзі, басқа адамдарды, қоршаған ортаны, қоғамды жатсынуы – соңғы жылдары ғалымдар назарын өзіне аударып келе жатқан ауқымды философиялық мәселе. Адамдардың өзінің қоғамдық әрекеттері олардың абсолютті еркіндігіне шек қоятынын адамзаттың түйсінуі жатсынуды дүниеге әкелді. Осы уақытқа дейін әділ бағасын ала алмай келе жатқан бұл дүниетанымдық мәселеге кеңес тұсындағы материалистік көзқарастың салқыны болғаны мәлім. Қазақ прозасында жатсыну мәселесі Т. Әбдіков, Д. Исабеков, О. Бөкеев, Ә. Кекілбаев, т. б. жазушылар шығармаларында кездеседі. Бірақ ол жеткілікті деңгейде зерттелмеген. Модернизм поэтикасы түстер мен абсурд эстетикасы арқылы айқындалады. Модернистік әдебиеттің негізі қоғамдағы ықпалды тенденциялар мен тұлғаның рухани тәжірибесінің терең және қарсы тұру мүмкін еместей алшақтағаны деген сенімнен тұрады. Франц Кафка, Джеймс Джойс, Марсель Пруст сынды модернист-жазушылар шығармаларында белгілі жағдайда мистикалық сарын болғанымен, ХХ ғасырдағы буржуазиялық қоғамның кейбір даму өзгешеліктерін, ерекшеліктерін ашып берді. Модернизм эстетикалық жүйесі қоғамнан, өмірден, қоршаған ортадан адамның күшпен алшақтануы, әрбір тұлғаның өмір сүруден суынуы, осы әлемнің абсурдтығын өздерінің танымымен көре білуі, т. б. белгілерден тұрады. Постмодернизмде болса осы жатсыну тереңдеп, постиндустриалды әлем адамды біртіндеп машинаға айналдырады.
Модернизм мәдениет типі ретінде ХХ ғ. көркемдік процесіне зор ықпал етті. Ол рухани құндылықтардың бүкіл жүйесіне ревизия жасады, қатып-семген түсініктер мен қалыптардан бас тартып, көркемдік сананың жаңаруына қарқынды импульс берді. Модернизм романтизмнің тылсым күштердің ойыны туралы идеяларының бірін дамытты. Әрине, бұрынғы әлем өзгермегенмен, модернизмдегі қаһарман әлі де мәңгілік құндылықтарды тірек ете алатын. Алайда постмодернистік дәуірден бастап өткені, тарихы жоқ, реалдық, нақты сипаттарын жоғалта бастаған кейіпкерлер пайда бола бастады. Әдебиеттер: 1 Энциклопедический словарь по культурологии. – М. : Наука, 1997. – 568 с. 2 Нагорная Н. А. Сновидения в постмодернисткой прозе // Русская речь. – 2003. – № 3. – С. 14 -16. 3 Затонский Д. В. Модернизм и постмодернизм: мысли об извечном коловращении изящных и неизящных искусств. – Харьков: Фолио, 2000. – 256 с. 4 Жирмунский В. М. Введение в литературоведение: курс лекций. – М. : Едиториал УРСС, 2004. – 464 с. 5 Литературная энциклопедия терминов и понятий / под ред. А. Николюкина. – М. : ИНИОН РАН, НПК Интелвак, 2001. – 799 с.
Назар аударғандарыңызға рахмет !
Модернизм.pptx