
Презентация Microsoft PowerPoint.pptx
- Количество слайдов: 12
ХХ – ғасырдағы Бастыс философиясы 1. XX- гасыр философиясының негізгі мәселелері және багыттары. 2. Психоанализ. З. Фрейд және Э. Фромм. Неопозитивизм. 3. Өмір философиясы: С. Къеркегор, А. Шопенгауэр, Ф. Ницше. Экзис-тенциализм: М. Хайдеггер. Ж. Сартр. А. Камю. К. Ясперс. Н. Аббаньяно. Постмодернизм. 4. Неотомизм. Структурализм. КЛеви-Стросс. Гериеневтика. Г. Гадамер.
XX ғасыр – ғылыми – техникалық революция дәуірі. Рационализм мен иррационализм арақатынасын ғылыми техникалық прогреске көзқарастан да байқауға болады. Біріншісін сциентизм деп атайды. Ол бағыт, ғылымға ғылыми техникалық прогреске сенеді. Ғылым адамға қызмет етеді, оның өмірін жеңілдетіп, жақсартады. Бұл бағыт XX ғасырдың екінші жартысында дүниеге келді. Оған көптеген жаңа ғылымдардың, жаңатехникалардың, технологиялық әдістердің, компьютердің, т. б. дүниеге келуі себеп болды. Екіншісі антисциентизм деп аталады. Ол ғылымға сенбейді. Ғылыми – техникалық прогресс адамға тек қиындық әкеліп, зиян келтіреді, қоғамды басқарудың тоталитарлық жүйесін туғызды, ал адамдардың санасын ол қаспақтай ұстайды, ойлау жұйесінде шектеу саласы деп есептейді. Сөйтіп, иррационализм сайып келгенде мистикаға, жоққа сенуге де, ғылыми ізденістерге де жеткізеді. Сондықтан оған сыңаржақты қарап, жақтауға, не даттауға болмайды.
XX ғасырдың аяғы – XX ғасырдың басында физиология мен психологияның, сезім мүшесінің рөлі артты. Оны уағыздағандар Эрнст Мах (1938 – 1916) пен эмпириокритизмнің негізін салушы Рихард Авенариус (1843 – 1896) болды. Рессейде оларды жақтап, соңына ергендер А. Богданов (1873 – 1928), В. Базаров (1874 – 1939), т. б. Э. Мах былай деді: "Ағаш, стол, үй менің денемнен тыс, өздігінен өмір сүреді”. Дегенмен, XX ғасырдағы идеалистік философияның басты бағыттары үшеу. Олар: неопозитивизм, неотомизм және экзистенциализм.
Неопозитивизм. Негізгі позитивизм – "дұрыс пікір”деп аталатын ұғым болып дүниеге келді, оның бастамасын салған Огюст Конг (1798 – 1857) және Джон Стюарт Милль, Герберт Спенсер. Бұл философияның арғы түбі Д. Юм мен И. Кантқа тіреледі. Олардың мақсаты ғалымдарды толып жатқан алдын ораған бос ойлардан, былайша айтқанда, философияданазат ету. Олардың пікірінше, әрбір ғылым - өз алдына философия. Сол ғалымдарды зерттеу қажет. Сөйтіп, революция арқылы үстемдікке қолыжеткен буржуазия бұрын материализм, ғылым үшін күркскен болса, енді одан бас тартып, идеализмге біржолата ден қойды.
Неотомизм – католик шіркеуінің діни философиясы. Негізін салғандар: XIII ғасырда өмір сүйген әулие Августин және Фома Аквинский. Өкілдері: Жан Маритен, Э. Жильсон, Г. Марсель, В. Соловьев, Н. Бердяев, И. Бохенский, т. б. Бұл діни философияның мақсаты – адамдар жүрегіне жол салу.
Экзистенциализм. Философияда құдайшылдықты, жалпы тағдырды жаратушыны мадақтау жайында көп жазылды. Неотомизм де сол бағытқа жатады. Ол ағым теодиция деп аталады. Бірақ адамды мадақтауға – антроподицияға кезек келмей жүрді. Сондықтан адам туралы айту тасада, қалтарыста қалып келді. Енді адамды арнайы зерттейтінкез туды. Адамға , оны зерттеуге бетбұрыс жасалды. Философияда ол ағым экзистенциализм деп аталады. Бірақ бұл да субъективті идеалтзмге жатады. Н. Бердяев айтқандай, "бәлкім антоподиция теодицияға баратын бірден – бір жол, бірден – бір өшпеген және шексіз, бітпес жол шығар”. XIX ғасырда пайда болған антропологиялық философияның абстрактілі, жалпылық диктатынан бас тартуы, нақты адамның өміріне жалпы алғанда жақындауы – құптарлық, болашағы зор бағыт. XX ғасырда бұл бағыт экзистенциализмнен өз дамуын тапты. Оның мақсатыклассиктік мән философиясын адамның өмір сүру философиясымен алмастыру болды. Өкілдері: Н. Бердяев, Л. И. Шестов, К. Ясперс, М. Хайдаггер, Ж, П. Сартр, А. Камю, Г. Марсель.
а) Қоғамдық-тарихи мектеп; б) натуралистік мектеп; в) социологиялық (әлеуметтік) мектеп; г) рәміздік (символдық) мектеп.
Қоғамдық-тарихи мектеп Бұл мектептің қалыптасуының тамыры тереңде жатыр, өйткені оның классикалық дәстүрлері Кант, Гегель мен Гумбольдт сияқты ұлы философтардың шығармашылығымен тығыз байланысты болды. Қоғамдық-тарихи мектептің калынтасуына тарихшылар мен философтар ерекше ат салысты, бірақ олардың қатарында діни адамдардың да болғандығын атап өтуіміз кажет. Бұл ағымның негізгі қайраткерлері: Батыс Еуропада — Шпенглер мен Тойнби, ил Ресейде Н. Я. Данилевский болды.
Натуралистік мектеп Бұл мектептің басты ерекшелігі — мәдениеттің биологиялық сипатын әсірелеп көрсету. Бұл бағытты жақтаушылар: негізінен, дәрігерлер, психологтар және биологтар. Мәдениеттану ғылымы саласында натуралистік мектеппен кеңінен танымал болған «әлеуметтік дарвинизм» қабысады. Натуралистік мектептің қалыптасуына биологиядан басқа XX ғасырда пайда болған екі ғылым саласы: фрейдизм мен этология ерекше рөл атқарды. Жануарлардың мінез-құлқы туралы бұл ғылым саласындағы ғылыми табыстары үшін К. Лоренц пен оның әріптестері 1973 жылы Нобель сыйлығын алды. Адамға биологиялық көзқарас тұрғысынан қарайтын бұл мектеп өкілдерінің концепцияларын қысқаша қарастырып көрейік.
Социологиялық мектеп Бұл мектептің мәдениеттану саласындағы ғылыми зерттеулері — қоғамның өзіне, оның құрылымы мен әлеуметтік институттарына бағытталған. Әрине өзіне тән бағыт-бағдары болғанымен социологиялық мектеп басқа мектептерден «қытай қорғаны» арқылы бөлініп тұр, ешбір байланысы жоқ десек қателескен болар едік. Шын мәнінде, әр мектеп өкілдерінің концепциялары көп жағдайда бір-бірімен үндес, сабақтас келеді. Социологиялық мектептің көрнекті өкілдерінің бірі — Томас Стернз Элиот.
Рәміздік (символдық) мектеп - жаппай ақпарат құралдарының қарқынды дамуының нәтижесінде кейіннен қалыптасқан мектеп болса да, XX ғасырда қалыптасқан мектептердің арасында үлкен беделге ие болды. Олай болса, кейбір философтар мен социологтардың, қазіргі замандағы ғылымитехникалық революцияның орнын «ақпараттық революция» басады деген пікірлері дұрысқа шыққан сияқты. Шындығында да, мәдениетке адамдардың өздерінің түрлі интеллектуалдық (ғылыми) және сезімдік (өнер) хабарды беру және білдіру (тіл және тағы басқа белгілер) қабілеті тұрғысынан қарайтыл болсақ, онда адамның бүгінгі тандағы ақпараттық мәдениеттің шыңына шығу сырын айқыл түсінуге болады. Алғашқы қауымдық құрылыс адамы рәміздік жүйе тілінде өзінің қарапайым ойларын дауыстық қашықтыққа ғана жеткізе алды, ал уақыт шеңбері тұрғысынан қарастыратын болсақ, тастағы таңбалы суреттер пайда болғанға дейін адам өзінің жан дүниесінен хабардар ету қасиетінен ада болатын. Тілдің дамуы, көркемдік өнер мен жазудың пайда болуы — адамның ақпараттық қабілетін жоғары сатыға кетерді. Одан кейінгі замандарда қатынас құралдары мен баспасөздің пайда болуы, рәміздік жүйені одан әрі байыта түсті. Дүбірлі уақиғаларға толы XX ғасыр — адамзат баласының телеграфты, телефонды, радио мен киноны, телевидениені, видеоны т. б. кеңінен қолдануы — хабарлар тарату мүмкіндігінің шексіз екендігін, тіпті сонау коемос кеңістігімен де байланыс орнатуға болатындығын тәжірибе жүзінде көрсетіп берді. Хабарларды беру жылдамдығы мен оларды беру сапасы да айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Қоғамдағы бұл өзгерістер мен жетістіктер ғалымдардың адамзат мәдениетінің қайнар бұлағы — адамның «белгі беру» , «хабар беру» қабілеті, оның тек өзіне тән қасиеті деген қортындыға келуіне себепкер болды. Бұндай көзқарастың қалыптасуына ақпараттық хабарларды қабылдау, дайындау, қайта өңдеу мен сақтау сияқты жалпы заңдылықтарын зерттейтін семиотика, информатика, кибернетика және т. б. жаңадан туындаған ғылым салаларының дамуын айтуымызға болады. Соңғы кездерге дейін таза гуманитарлық ғылым болып есептелініп келген мәдениеттану ғылымы осы жаңа ғылым салаларының арқасында техника әлеміне тікелей шығуға және ЭВМ-ді құру сферасына қатысуға да мүмкіндік алды. Түрлі ғылым салаларымен қатар жаппай коммуникация саласында да жемісті еңбек етіп «рәміздік» мектептің көптеген өкілдерінің ішіндегі ең көрнектілері, осы мектептің «атасы» болып саналатын ұлы ғалымдар — Э. Кассирер мен К. Леви-Строс.
Презентация Microsoft PowerPoint.pptx