XX ғ. - XX I ғ. мәдениетіндегі батыс философиясы
XX ғасыр бүкіл адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған саясиэкономикалық, әлеуметтік, ғылымитехникалық түбегейлі демократиялық өзгерістерді дүниеге ала келді. Ғасыр адамзат тарихындағы ең серпінді жаңа диалектикалық даму процесін тудырды.
Прагматизм - гректің «прагма» - «ісәрекет» деген сөзді білдіреді. Бұл философия XIX ғ. 70 -жылдары АҚШ-та пайда болды. Прагматизм - абстракті акиқатты, ұғымдардың танымдық рөлін терістеді, ұғымның орнына белгілерді қарастыруды ұсынды. Ұғым тек субъектке ғана қатысты болып, оның мағынасы нақты салдардың (пайдалы, тиімділік) нәтижесі болып табылды .
Прагматизмнің негізін алғашқы өкілдері, философтары - Ч. Пирс пен У. Джемс салды. Ч. Пирс (1839 -1914) ғылым мен дінді ымыраға келтіруге тырысты, «ақылға қонымды философияны» , яғни утилитаризм, іскерлік, пайдалы, практикалық мәні бар философия, «американдық өмір бейнесін» жасауға ұмтылды.
Герменевтика (грекше - түсіндіруші, ұғындырушы деген сөзін білдіреді, ежелгі грек құдайы Герместің атынан шыққан) ұғыну, түсіну философиясы, тұспалдап сөйлеу тәсілін зерттейді, мәтіндерді түсіндіру өнерін, практикасы мен теориясын қарастыратын философиялық бағыт. Қазіргі заманғы философ-герменевттерге Ф. Шлейермахерді, М. Хайдеггерді, Г. Гадамерді жатқызуға болады.
Г. Гадамер (1900 -1993) философия гносеологиядан (танымнан) герменевтикаға (ұғынуға) өтуі керек деп ойлаған. Оның атақты шығармасы: «Ақиқат және метод» , «Герменевтика философиясының негіздері» . Гадамер адами тіршілік адамның өз болмысын бастан кешіруінсіз болмақ емес дейді. Өз өмірінің барысында әрбір адам тәжірибе жинайды.
Жан Поль Сартр философ қана емес, француздың көрнекті жазушысы. Оның романдары – «Еркіндікке қарай жолдар» , «Қабырға» , «Бөлме» , «Герострат сияқты бірнеше новеллалары әлемге әйгілі. Ж. П. Сартрдың қарастырған негізгі мәселелерінің біріадам және оның еркіндігі болғандықтан, гуманизм проблемасын көтеріп, оны басқаша шешкен «Экзистенциализм - ол гуманизм» деген еңбегін атап өткеніміз жөн. Бұрынғы гуманистік идея бойынша адамның мәнін ашып, оның бойындағы жақсы қасиеттерді жарыққа шығару керек. Біз, амал нешік, күні бүгінге дейін осылай ойлаумен келеміз
А. Камюдің көзқарасын абсурд (латын тілінде мағынасыз, қисынсыз) философиясы деуге болады. Осы абсурд философиясын үш кезеңге бөліп қараған жөн. Бірінші кезеңде абсурдтың пайда болып, қалыптасуы. Бұл кезең оның «Бөтен» деген повесі мен «Сизиф туралы аңыз» атты эссесінде толығынан баяндалған. Адам, оның еңбегі, күнделікті күйбең тіршілігі, барлық өмірі - абсурд. Абсурдтық ойлау, абсурдтық шығармашылық. Екінші кезең - абсурдқа қарсы күресу.
Ендеше бұл күрес, қарсылық нәтижесіз, абсурдқа алып келе береді. Үшінші кезең күрес, әрекет, бүлік еш нәтиже бермеген соң «қуғында болу, «айырылысу. Осы кезеңнің мазмұнын «Құлдырау» деген повесі айқындап берді. Бұл дәуірде адамның жалғыздығын, тіршіліктен безушілігін қарастырумен қатар адам мен адамды жақындастыруды сағыну, аңсау сарыны бар. Экзистенциализм философиясын түйіндей келе, оның XX ғасырдың қайғы-қасыретін, адамның басына түскен ауыртпашылықты терең ой, көркем тілмен суреттеп бергенін атап өткен жөн. Сондықтан да бұл философия адам, оның өмір сүруі мен өмірі туралы философия деуге әбден болады.
Әдебиет: 1) Назарбаев Н. А. В потоке истории. – Алматы, 2008. 2) Назарбаев Н. А. Избранные произведения. В двух томах. – А. , 2010. 3) Абишев К. А. Философия. – Алматы, 2000. 4) Абдильдин Ж. М. Соч. В 5 -ти т. – А. , 2001 -2002. 5) История философии. – М. , 2004. 6) Атымбаева К. Философия истории (учебное пособие для бакалавриата) – Алматы, 2010. 7) Алтаев Ж. А. , Габитов Т. Х. История философии. – Алматы, 2010.
Назарларыңызға рахмет!