ХV ғасырда − кітап, ХVІ − газет, ХVІІ ғасырда журнал жарыққа шықты. ХХ ғасырда радио мен телевизияның асалуы ақпарат саласында орасан зор толқыныс тудырса, ХХІ ғасырда аталмыш коммуникация құралдарын бір арнаға тоғыстырған Интернет пайда болды.
Көкейтесті әлуметтік ақпаратты жинау, сұраптау, өңдеу және баспасөз, радио, телевизия, кино, инте рнет және т. б арқылы тұтынушыға уақтылы және мерзімді тарату жөніндегі қоғамдық-шығармашылық және өндірістік қызмет.
Қажетті ақпаратты жинаумен және жеткізумен айналысатын ұйымдар жүйесі. Олардың қатарына редакциялар, телерадиокомпани ялар, ақпарат агенттіктері және олардың өндірістік техникалық базасы жатады.
Ол шығармашылық қызметтің өнімі. Сол өнімдер газет, журнал нөмірлеріне, радио мен телевизия бағдарламаларына, интернет журналистика блоктары мен сайттарына азық болады.
Ғылыми білімнің және білім берудің нақты саласы.
Белгілі бір дәрежеде әлеуметтік қарым қатынасты реттеуші механизм.
Біріншісі, әрі ең көп көрермен жиғаны этиканы сақтамайтын күлкі арналары. Ондай арналардың басты мақсаты көрерменін күлдіру. Шексіз, шекарасыз күлкі. Күлген, әрине, пайдалы. Бірақ күлкінің өз орны болады емес пе? ! Оның да мақсаты болуы тиіс. Өмірде күлкілі жайлар өте көп. Соның ішіндегі адамға «пайдалысын» , жұртқа сабақ болатынын көрсетпеуші ме еді? ! Қалай десек те, интернет теледидардың аудиториясы осындай ар наларды төңірегінде шоғырланған. ң Енді, сол арналардың бірін мысалға алынады.
Интернет – үлкен және кіші компютерлік желілердің бірігуі ғана емес, сонымен қатар олардың бүкіл әлемдік ақпараттық кеңістіктегі қызметі болып табылады. Бұл қызметтер ақпарат алмасудың әр түрлі хаттамаларына негізделген және сәйкесінше олармен жұмыс істеу үшін әр түрлі бағдарламалық жабдықтаулар пайдаланылады. Интернет сөзінің мағынасында оның ең танымал қызметтерінің біреуі World Wide Web пен түсіндіріледі. Интернет желісіндегі ақпарат осы қызметтің форматында орындалса, онда ол Web парақтар түрінде болады.