холин.ОМ.ppt
- Количество слайдов: 48
Холинергиялық заттар Қурастырған фармакология кафедрасының аға оқытушысы Сатбаева Э. М.
n n n Холинергиялық синапста қозудың берілуі ацетилхолин медиаторы арқылы жүреді. Холинергиялық нейронның цитоплазмалық мембранасында холин мен ацетилкоэнзим А-дан цитоплазмалық холинацетилаза ферментінің әсерінен өндіріледі. Холинергиялық нерв ұшында қорға жиналады (везикулаға – көпіршік). Импульстың әсерінен көпіршік жарылып ацетилхолин бөлініп, синапстық саңлауға жиналады.
Холинорецепторлардың түрлері
М-холинорецепторлардың орналасуы n n Ганглийден кейінгі холинергиялық талшықтардың ұшында: жүректің өткізгіштік жүйесі, көз, сыртқы секреция бездері, тегіс салалы бұлшық ет жасушалары Холинергиялық типтес, постганглионарлық симпатикалық талшықтармен иннервацияланатын тер бездерінің жасушаларында ОЖЖ (ми қыртысында, ретикулярлы фармацияда) М-холинорецепторлардың М 1 М 2 М 3 М 4 М 5 түрлері бар.
Н-холинорецепторлардың орналасуы n n n Симпатикалық және парасимпатикалық ганглийлерде Сино-каротидті шумақта (ұйқы артериясының бөліну орны) Бүйрек үсті безінің хромофинді жасушаларында Қаңқа бұлшық еттерінде (соңғы пластинкасында) ОЖЖ (нейрогипофизде, Реншоу жасушаларында).
Холинергиялық заттардың жіктелуі 1. М, Н-холиномиметиктер: - Ацетилхолин - Карбахолин 2. М, Н-холиноблокаторлар - Циклодол
3. Антихолинэстеразалық заттар (тікелей емес әсер ететін М, Н-холиномиметиктер): n Қайтымды әсер ететін - Прозерин - Физостигмин салицилаты - Галантамин гидробромиді n Қайтымсыз әсер ететін - Фосфакол - Армин
4. М-холиномиметиктер: - Пилокарпин гидрохлориді - Ацеклидин
5. М-холиноблокаторлар (атропинтәрізді заттар) Талғамсыз әсер ететін - Атропин сульфаты - Скопаламин гидробромиді - Метацин - Платифиллин гидротартраты Таңдамалы әсер ететін - Пирензепин - Тиотропий бромиді
6. Н-холиномиметиктер: - никотин - цититон - лобелин гидрохлориді
7. Н-холиноблокаторлар: n Ганглиоблокаторлар Бис төртіншілік аммоний қосылыстар: -Бензогексоний -Пентамин -Гигроний - Арфонад Үшіншілік аминдер: -Пирилен -Пахикарпин гидройодиді
n Кураретәрізді заттар немесе шеткі миорелаксанттар Әсер ету механизм бойынша: 1. Антидеполяризациялық миорелаксанттар пипекуроний, панкуроний, антруксоний, тубокурарин, мелликтин 2. Деполяризациялаушы миорелаксанттар дитилин 3. Аралас әсерлі миорелаксанттар диоксоний
Ацетилхолиннің әсер ету механизмі n Ацетилхолин постсинапстық мембранадан натрий иондарының өткізгіштігін жоғарылатады. Натрий ионы жасуша ішіне өтеді. Синапстан кейінгі мембранада деполяризация үрдісі, әрекет потенциалы пайда болады. Қозу жүйкеден эффекторлы мүшелерге беріледі.
Ацетилхолиннің әсерлері М-холинорецепторларды ынталандырғанда: • миоз (қарашықтың тарылуы), көзішілік қысым төмендейді, аккомодацияның спазмы • Брадикардия; • Ішектің, бронхтардың, қуықтың, өт қапшығының, тегіс салалы бұлшық еттерінің тонусы жоғарылайды, ал қуықтың және ас қорыту жолдарының сфинктерлерінің тонусы төмендейді; n Сілекей, ас қорыту, тер бездерінің секрциясы жоғарылайды
Н-холинорецепторларды ынталандырғанда: n n АҚ және ЖЖЖ жоғарылайды Қанқа бұлшық еттеріне импульстың берілуі жақсарады және оның тарылуы жоғарылайды
Антихолинэстеразалық заттардың әсер ету механизмі n Антихолинестеразалық заттар ацетилхолинэстераза ферментімен байланысып ацетилхолиннің ыдырауына жол бермейді. Бұл ацетилхолиннің синапстық саңлауда жиналуына, әсерінің күшейуіне және ұзаруына әкеледі.
Антихолинэстеразалық заттардың жіктемесі n n n Холинэстераза ферментімен байланысуының тұрақтылығына байланысты бөлінеді: 1. Қайтымды әсерлі антихолинэстеразалық заттар Прозерин Физостигмин салицилаты Галантамин гидробромиді 2. Қайтымсыз әсерлі антихолинэстеразалық заттар Фосфакол Армин
Антихолинэстеразалық заттардың қолдануға көрсетілулері • глаукома (галантаминнен басқалары); • Ішектің және қуықтың операциядан кейінгі атониясы; • миастения, параличтер, парездер, невриттер, полиневриттер; • антидеполяризациялық миорелаксанттарды мөлшерден тыс қолданғанда;
Антихолинэстеразалық заттармен уланғанда көмек көрсету шаралары n n М-холиноблокатор – атропин сульфаты холинэстераза реактиваторлары дипироксим және изонитрозин
М-холиномиметиктер Пилокарпин, ацеклидин: n n n ас қорыту және бронхиалдық бездердің секрециясын бөлінуін күшейтеді, қарашық тарылады, көз ішілік қысым төмендейді және көз тінінің трофикасын жақсартады. Бронхтың, қуықтың, ішектің өт жолының, жатырдың тонусын жоғарылатады
М-холиномиметиктердің қолданылуы: Глаукомада n Қуықтың, асқазан-ішек жолының және жатырдың атониясында n
М-Н холиноблокатор n Циклодол n Паркинсон ауруында қолданылады
М – холиноблокаторлар Үшіншілік аминдер: атропин, платифиллин n Төртіншілік аммоний қосылыстылары: метацин, атровент, ипротропиум бромиді n
М – холиноблокаторлардың негізгі әсерлері n n сілекей, тер, асқазан, бронхиалдық, ұйқы бездерінің секрециясын төмендетеді тахикардия асқазан жолының, тыныс жолының, өт жолының тонусын төмендетеді Мидриаз, көзішілік қысымының жоғарылауы, аккомодацияның параличі
М – холиноблокаторлардың қолданылуы асқазан және 12 елі ішектің ойық жарасында n ішек, бауыр және бүйрек шаншуларында (коликасында) n бронхиалды демікпеде n бронх, асқазан, сілекей бездерінің секрециясн төмендету үшін n анестизиологияда премедикация үшін n офтальмологияда диагностикалық мақсатта n
М – холиноблокаторлардың жанама әсерлері ауыз және терінің құрғауы n мидриаз, көз қысымының жоғарылауы, аккомодацияның бұзылуы. n тахикардия n несеп бөлінуі бұзылады n іштің қатуы n
Атропинмен уланғанда: қарашық кеңейеді, жарықтан қорқу n тахикардия n тері, ауыз құрғауы n психоз, сандырақ, галлюцинация байқалады. n
Көмек көрсету шаралары науқасты қараңғы бөлмеге жатқызу n антогонист ретінде антихолинэстеразалық дәрілер қолданылады (прозерин) n
Н-холиномиметиктер n Никотин n Цититон n Лобелин гидрохлориді
Никотин хромофинді жасушалардан адреналиннің босап шығуын жоғарылатады n шеткі қан тамырларын тарылтады. n жүрек жұмысын аз мөлшерде баяулатады, жоғарғы мөлшерде тахикардия шақырады n бронхтардың тегіс салалы еттерінің тонусы жоғарылайды, бронхиалдық бездердің секрециясы күшейеді n
асқазанда тұз қышқылының бөлінуі жоғарылайды, тәбет төмендейді, асқазан және 12 -елі ішектің ойық жарасы пайда болады n диурез төмендейді, себебі АДГ-ның бөлінуі жоғарылайды. n Никотин орташа мөлшерде қаңқалық бұлшық еттерге импульстың берілуін жоғарылатады, ал жоғарғы мөлшерде босаңсытады. n Тынысты аз мөлшерде ынталандырады, ал жоғарғы мөлшерде тежейді. n
СТГ, ТТГ секрециясы бұзылады, нәтижесінде өсу, физикалық және жыныстық даму нашарлайды n физикалық тәуелділік дамиды, n темекінің түтінімен дем алғанда ағзада концерогенді зат –бензпирен түзеді, ол бронхогенді рактың дамуына әкеледі n
Никотинмен уланғанда Гиперсаливация n жүрек айну, құсу, диарея n Брадикардия тахикардияға ауысады n АҚ жоғарылайды, n демікпе, тыныстың тежелуі. n Қарашық басында тарылады, содан соң кеңейеді. n Көру, есту бұзылады n тырысу пайда болады. n
Көмек көрсету шаралары n аналептиктер n жасанды тыныс беру n Гемосорбция, гемодиализ
Н-холиномиметиктер n Синокаротидтік шумақтағы Н холинорецепторларды ынталандырады, рефлекторлы сопақша мидың тыныс алу орталығын ынталандырады. n Симпатикалық ганглийді және бүйрек үсті безінің хромофинді жасушасын ынталандырады, АҚ жоғарылатады
Н-холиномиметиктердің қолданылуы: n көмір тотығымен уланғанда n Электротравмаларда n түншығуда n Темекі шегуден айығу үшін – никотин тобының алкалоид препараттары лобесил (құрамында лобелин), табекс (құрамында цитизин)
Н-холиноблокаторлар n Ганглиоблокаторлар n Кураретәрізді заттар немесе шеткі әсерлі миорелаксанттар
Ганглиоблокаторлар n симпатикалық және парасимпатикалық ганглийлердегі Н-холинорецепторларды тежейтін заттар
Симпатикалық жүйенің тежелуі: n АҚ төмендейді, өйткені імпульс қан тамырларға түспейді, сондықтан шеткі қан тамырлар кеңейеді. n Бүйрек үсті безінің хромофинді тінінің тежелуінен адреналиннің бөлінуі азаяды, рефлекторлы прессорлық реакциялар әлсірейді.
Парасимпатикалық жүйенің тежелуі: қарашық кеңейеді, n көз ішілік қысым жоғарылайды, n аккомодация бұзылады, n бронхтар кеңейеді, n асқазан ішек жолының мотрикасы төмендейді, n бездердің секрециясы тежеледі, n қуықтың атониясы пайда болады. n
Ганглиоблокаторлардың қолданылуы n Гипертониялық криз n Қан қысымының жоғарылауынан пайда болған өкпе және ми ісінуі n басқарылатын гипотония n Шеткі қан тамырлардың спазмы (эндартерииттер, Рейно ауруы)
Ганглиоблокаторлардың жанама әсерлері ортостатикалық коллапс n Ішек және қуық атониясы n Мидриаз, көрудің нашарлауы (аккомодацияның параличі) n ауыз қуысының құрғауы n тахикардия n
Кураретәрізді заттар Әсер ету ұзақтығы бойынша жіктеледі: n Қысқа әсерлі – 50 -10 мин – дитилин n Орташа әсерлі 20 -30 мин – атракурий, векуроний. n Ұзақ әсер ететінге – тубокурарин, пипекуроний, панкуроний. n
Миопаралитикалық әсер кеңдігі Бұл дәрілік заттың ең сезімтал еттердің параличін шақыратын мөлшері мен тынысты толық тежейтін мөлшер арасындағы діапазон. n Миопаралитикалық әсер кеңдігі қысқа перапараттарға тубокурарин, панкуроний, пипекуроний жатады. n
Антидеполяризациялық миорелаксанттар n қаңқалық бұлшық ет пластинкаларындағы Н холинорецепторларды тежейді. Деполяризацияны болдырмайды. Қолданылады: үлкен операцияларда бұлшық еттерді ұзақ уақытқа босаңсыту үшін n Сіреспеде тырысуларды тоқтату үшін n
Деполяризациялық миорелаксанттар қаңқалық бұлшық ет пластинкаларындағы Н холинорецепторларды ынталандырады, тұрақты деполяризация шақырады. n Қолданылуы: n Кеңірдек интубациясында n қысқа уақытқа миорелаксация тудыру үшін – Шығып кеткен буындарды және сүйек сынықтарын қайтадан орналастыруда – Бронхоскопияда n
Улануларда: Антидеполяризациялық миорелаксанттармен уланғанда антагонист ретінде антихолинестеразалық заттар қолданылады Деполяризациялық миорелаксанттармен уланғанда жаңа цитратталған қан (құрамында псевдохолинэстераза болады)
холин.ОМ.ppt