
ОФГ Л-4 каз.pptx
- Количество слайдов: 43
Химко-фармацевтика өнеркәсібін жобалау және құрылысын салу кезінде САҚТЫҚ-САНИТАРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ жүргізу ерекшеліктері.
САНИТАРЛЫҚ САҚТЫҚ ҚАДАҒАЛАУ БАРЫСЫНДА ЭКСПЕРТИЗАДАН ӨТЕТIН НЕГIЗГI ҚҰЖАТТАР Алдын ала жоспарлау (предплановая) құжаттары: § халық шаруашылығының және өнеркәсiп салаларының даму және орналастыру сызбан нұсқаулары; § өндiрiстiк күштердiң экономикалық район бойынша дамуы және орналастыру сызбан нұсқасы; § өндiрiстiк күштердiң дамуы және орналастыруының бас сызба нұсқасы; § тұрғын жердiң және қала құрылысының бас жоспары; Алдыңғы жоба (предпроектная) құжаттары: • күрделi зерзаттардың техника-экономикалық негiзде; • кiшiгiрiм зерзаттардың және жеке үйлер құрылыстардың техникаэкономикалық есеп айыру құжаттары; Жоба материалдары: • үлкен, күрделi ерекше зерзаттарға жоба және жұмыс құжаттары жасалынады, • ал жаппай типтi құрылыс зерзаттарына тек қана жұмыс жоба жасалынады
САҚТЫҚ САНИТАРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ 4 КЕЗЕҢДЕ ЖҮРГIЗIЛЕДI 1. Құрылысқа жер учаскесiн бөлу 2. Жобалауды бақылау 3. Зерзатты құрылыс барысында қадағалау 4. Жаңа салынған зерзатты эксплуатацияға қабылдау
1 -кезең. Құрылысқа жер учаскесiн бөлу кезіндегі ССҚ Құрылыс қажеттерiне жер бөлу жергiлiктi мемлекеттiк санитарлы қадағалау қызметкерлерiнiң келiсiмiмен жүргiзiлуi тиiс. Жер бөлу комиссияның құрамына мiндеттi түрде § санитарлық дәрiгер, § әкiмшiлiктiң, § құрылыс жүргiзетiн мекеменiң § құрылыс жобалау жұмыстарын жүргiзетiн мамандары болу керек.
1 -кезең. Құрылысқа жер учаскесiн бөлу кезіндегі ССҚ СЭС-қа талап бойынша мынандай материалдар тапсырылуы керек • салынатын мекеменiң жобасы немесе жобаға тапсырма; • жердiң бағыты белгiленген радиусы 2 км-ден қашық емес жердiң ситуациялық жоспары; • жер бөлiнуiне әкiмшiлiктiң келiсiмi; • бөлiнген жердiң жер асты су деңгейi туралы мәлiмет; • құрылыс алаңындағы жер-топырақ туралы мәлiмет; • су шығатын көздер туралы мәлiмет; • ағынды судың барысы, көлемi, сапасы туралы мәлiмет; • сыртқы ортаға шығатын зиянды заттардың көлемi, сапасы туралы мәлiметтер; • құрылыс маңындағы ауаның жалпы тазалығы туралы мәлiмет; • белгiленген сыртқы ортаны қорғау шаралары; • салынатын зерзатты басқа құрылыс мекемелердiң коммуникациялық, канализация, су жабдықтау, тоқ торабы жүйелерiне жалғасуына әр ведомостволардың келiсiмдерi; • 25 жыл бұрын осы жер учаскесi қандай мақсатта қолданылғаны туралы мәлiмет
1 -кезең. Құрылысқа жер учаскесiн бөлу кезіндегі ССҚ Құжаттар санитарлық қызметкерге оның комиссиялық қарауынан 15 күн бұрын тапсырылуы керек. Бұл жұмыс алдын ала келiсiм ретiнде жүргiзiледi, оған басқа қызметтердiң мамандары да қатысады. Онда құрылыс зерзаттары тоққа қосу, су коммуникациялармен байланыстыру және сыртқы ортаны қорғау шараларын ойластыру керек болады. Шығарылған шешiм сыртқы ортаны қорғау саласында қойылған талаптарға сәйкес болуы қажет (Министрлер кабинетi «Сыртқы ортаны қорғау» ). Жер учаскесiн құрылысқа бөлуге рұқсат беру үшiн санитарлы-дәрiгер бiрiншiден тапсырылған құжаттардың толық жиналғандығын тексереді.
1 -кезең. Құрылысқа жер учаскесiн бөлу кезіндегі ССҚ Құжаттар жалпы қаралғаннан кейiн, әр мәлiметке жекелеп баға беріледi: 1. Салынатын мекеменiң жобасы немесе жобаға тапсырмасын орындау. Салынатын мекеменiң жоба шешiмдерi санитарлық заңдылықтарға сәйкестігі қаралады § «СН проектирование промышленных предприятий» § «Санитарные правила общественного и страслевого характера, методические рекомендации и указания, СНи. П» сәйкес болуы қажет.
1 -кезең. Құрылысқа жер учаскесiн бөлу кезіндегі ССҚ 2. Желдiң бағыты белгiленген радиусы 2 км кем емес жердiң ситуациялық жоспарын тексеру. Қаралатын бiрiншi мәселе - санитарлық қорғау алаңы. Санитарлық қорғау алаңы - өнеркәсiп алаңының шекарасынан тұрғын зонаға дейiнгi территория. Санитарлық қорғау алаңның аудан көлемi әр түрлi болады, ол мекеменiң қандай қауiптiк класқа жататынына байланысты. 1 класс - 1000 м 2 класс - 500 м 3 класс - 300 м 4 класс - 100 м 5 класс - 50 м
1 -кезең. Құрылысқа жер учаскесiн бөлу кезіндегі ССҚ
1 -кезең. Құрылысқа жер учаскесiн бөлу кезіндегі ССҚ Санитарлық қорғау алаңның көлемi келесi кәсiпорындарға белгiленедi: a) атмосфералық ауаға зиянды және ұнамсыз иiс шығаратын және қоршаған ортаны ластайтын көздерiн өңдейтiн мекемелер. b) шу, дiрiл, ЭМӨ-iң т. б. факторлардың зиянды көздерi бар мекемелер. c) ТЭС (жылу электр станциялар) өндiрiстiк және жылыту өндiрiстердiң түтiн құбырлардан зиянды заттар шығаратындар. Осы мекемелердi тұрғын зонаға жел жақтан орналастыруға болмайды. Онда СҚА көлемiн 3 есеге дейiн үлкейтуге болады.
1 -кезең. Құрылысқа жер учаскесiн бөлу кезіндегі ССҚ Осы мекемелердi тұрғын зонаға жел жақтан орналастыруға болмайды. Онда СҚА көлемiн 3 есеге дейiн үлкейтуге болады. СҚА көлемiн азайтуға да болады: a) Тұрғын жерлерде атмосфералық ауадағы заттардың көлемi - мөлшерi белгiленген санитарлық нормаларға сай болғанда b) тұрғын жерлерде шудың, дiрiлдiң шектелген нормадан аспаса c) ЭМӨ-нiң иондауыш сәулелердiң деңгейi шектелген нормадан аспаса СҚА-ның көлемiн дәлелдейтiн фактор – болашақта болатын атмосфералық ауаның ластануы, тұрғын жерлерде зиянды заттармен атмосфералық ауа ластану есебi белгiленген нормалардан аспау керек.
1 -кезең. Құрылысқа жер учаскесiн бөлу кезіндегі ССҚ Санитарлық қорғау алаңының дұрыс көгалдандыруы. Ондағы көгал өндiрiстен шығатын газ, бу, аэрозальдарға төзiмдi болуы тиiс. Өндiрiстiк алаң инсоляция және аэрация жақтардан санитарлық талаптарға қанағаттанарлық болу қажет. Жобада жел бағыты көрсетiлу керек – роза ветров. Жел бағытының бiр жыл iшiнде өзгергенiне байланысты, оның негiзгi бағытын анықтайды.
1 -кезең. Құрылысқа жер учаскесiн бөлу кезіндегі ССҚ 3. Бөлiнген жердегi жер асты судың деңгейi туралы мәлiмет. Жер асты судың деңгейi ең төменгi қабаттың еденiнен, подвалдан 0, 5 метрден кем болмау керек. Ал жер асты судың деңгейi жоғары болса, онда терiс шешiм бермей жобаның құрылыс бөлiгiнде гидроизоляция шараларын қарастыруына және подвал бөлмелерiн салып беруiн талап ету керек. 4. Құрылыс алаңындағы жер-топырақ туралы мәлiмет. Учаскенi таңдау кезiнде оның жер-топырағы бақпақтанған емес, жиналған атмосфералық жауынды суы жоқ жер болу керек. Рельефi (жер бетi) тегiс, тасты емес, жаңбыр сулары өзi ағатындай жағдай болу керек. 5. Су шығатын көздерi туралы мәлiмет. Су шығатын көздерiнiң дұрыс орналасуын, тазалығы және оның су қоймаға ағынын не өрiске ағатынын тексередi. Судың көзi ретiнде не пайдаланады, водопровод (су құбыры), немесе ашық су көзi (өзен) қандай тазарту қондырғылар орналастырылады.
1 -кезең. Құрылысқа жер учаскесiн бөлу кезіндегі ССҚ 6. Ағынды судың барлығы, көлемi, сапасы туралы керектi мәлiмет. Канализацияны орталық жүйеге қосу үшiн керек. 7. Сыртқы ортаға шығатын зиянды заттардың мөлшерi, сапасы, туралы мәлiмет. Тазарту қондырғыларын орнату үшiн керек. 8. Құрылыс маңындағы ауаның жалпы тазалығы туралы мәлiмет.
1 -кезең. Құрылысқа жер учаскесiн бөлу кезіндегі ССҚ 9. Белгiленген сыртқы ортаны қорғау шаралары. Қоршаған ортаны қорғау шаралары: § санитарлық қорғау алаң көлемiн белгiлеу § технологиялық шараларын ұйымдастыру § санитарлық-техникалық шараларын ұйымдастыру § құбырдың биiктiгiн бегiлеу § айналымдағы сумен қамтамасыз ету Анық су көздерiн қорғау шаралары: • санитарлық-техникалық (тазарту қондырғылары) 10. 25 жыл бұрын осы жер учаскесi қандай мақсатпен қолданған туралы мәлiмет: неше жыл не болғаны. Санитарлық дәрiгердiң сұрауы бойынша топырақтың сан-бак химиялық анализдердiң нәтижелерi.
1 -кезең. Құрылысқа жер учаскесiн бөлу кезіндегі ССҚ 11. Барлық коммуникацияларға қосуына әр ведомостволардың келiсiмi. Құрылыс зерзатты тоққа қосу, жылу , су топтарына және канализация мен коммуникацияға (телефон, сигнализация), оларды байланыстыру және сыртқы ортаны қорғау шараларын ойластыру. Санитарлық қызметтi басқа да мамандармен бiрге шығарған шешiмi сыртқы ортаны қорғау саласында қойылған талаптарға сәйкес болуы қажет.
1 -кезең. Құрылысқа жер учаскесiн бөлу кезіндегі ССҚ Жер учаскесiн құрылысқа бөлу туралы шешiм беру үшiн санитарлық дәрiгер, бiрiншiден - экспертиза тапсырылған қажеттi құжаттардың барлық екенiн тексеру керек. Барлық материалдардың егжей-тегжейiн тексерiп болғаннан кейiн комиссия бөлiнетiн учаскенi барып көруге тиiстi. Жер учаскесi құрылыс жүргiзуге лайықты екенiне тұжырым шығарады. Егер талаптар санитарлық ережелеге сәйкес келмесе - онда терiс шешiм шығаруда мүмкiн. Ең бастысы санитарлық нормамен ережелердiң сақталуын қадағалау керек. Құрылысқа жер учаскесi бөлiнуi туралы шешiм есеп қалпы N 151 бойынша берiледi. СЭС-тiң нұсқаулары мiндеттi түрде атқарылу керек. Құжаттың (берiлген шешiм) бiр экземпляры СЭС-те болу керек. Жергiлiктi зерзаттарды кеңейту, не болмаса жаңарту, реконструкция жүргiзу, жаңа технология енгiзу, жаңа шикiзат қолдану барысында реконструкция жүргiзу үшiн жоғарыда айтылған жұмыстар сол қалыпты келiсiм ретiнде жүргiзiлу керек.
2 -кезең. Жобалау барысындағы ССҚ Мемлекеттiк санитарлық қызмет мiндеттi түрде Денсаулық Сақтау Министрлiгiнiң инструктивтi хаты «О порядке рассмотрения проектной документации, представляемой на согласование в органы Государственного санитарного надзора»
2 -кезең. Жобалау барысындағы ССҚ Санитарлық қадағалау осы кезеңде жоба құжаттарымен танысудан басталады, Құжаттар жергiлiктi саниталық қызметiне құрылыстың алдынан 15 күн бұрын тапсырылуы керек. Күрделi үлкен зерзаттардың құжаттары 30 күн бұрын.
2 -кезең. Жобалау барысындағы ССҚ Жобаның санитарлық-гигиеналық сараптауына қажеттi материалдарды құрылыс мекеме мiндеттi түрде құрылыс алдынан санитарлық қызмет органдарына тексерту керек, қажеттi материалдардың тiзiмi: 1. Жобаны талқылауына - хат-тапсырыс; 2. Жер учаскесi бөлiнуiнiң актiсi, жергiлiктi СЭС-тiң шешiмi; 3. Жоба; 4. Зерзатты коммуникация, канализация талаптарына қосуына әр ведомоствалардың рұқсаты (келiсiмi); 5. Құрылыстың күнтiзбелi жоспары, онда құрылыс жұмыстарының жүргiзiлетiн мерзiмi, кезеңi көрсетiледi, оған сүйене отырып, санитарлық дәрiгер құрылыс барысында жүргiзiлетiн жұмысын жоспарлайды.
2 -кезең. Жобалау барысындағы ССҚ Осы құжаттарды қабылдайтын санитарлық дәрiгер келешекте өзi осы жобаға сараптау жүргiзедi. Жобаның экспертизасы тапсырылған материалдардың толық екенiн тексеруден басталады. Санитарлық дәрiгер жер учаскесiн бөлу шешiмi қай санитарлық қызмет мекемемен және қуаттылығы қандай өндiрiске берiлгенiн анықтау керек. Жер учаскесi бөлу туралы актысындағы мәлiметтердің жоба мәлiметтерiне сәйкестiгiн тексеру керек.
2 -кезең. Жобалау барысындағы ССҚ Жоба келесi бөлiмдерден тұрады: 1. Жалпы түсiнiктеме; 2. Бас жоспар, көлiк; 3. Технологиялық шешiмдер; 4. Жұмысшылардың және қызметкерлердiң еңбегiн ғылыми ұйымдастыру; 5. Өндiрiстi басқару; 6. Құрылыс шешiмдерi (Архитектуралы-құрылыс бөлiгi, канализация және су жабдықтау бөлiгi, электрожарықтандыру бөлiгi). 7. Құрылыс ұйымдастыру; 8. Сметалық құжаттар; 9. Жобаның паспорты;
2 -кезең. Жобалау барысындағы ССҚ 1. Жалпы түсiнiктеме бөлiмi – салынатын мекеменiң қуаттылығы, жұмыс кестесi, жұмысшылардың саны, олар қандай жұмыс iстейтiнi туралы мәлiмет
2 -кезең. Жобалау барысындағы ССҚ 2. Бас жоспары: Бас жоспарды талқылау үшiн СНи. П 11 89 -80 «Генеральные планы промышленных предприятий. Норм проектирования» деген деректi қолдану керек. Онда төмендегi мәселелер қаралады: а) Құрылысқа бөлiнген участоктiң жерiнiң жеткiлiктiлiгi. Оның сәйкестiгi - құрылыстың тығыздылығы (СН 11 -89 -90 -тiң нормаларымен салыстыру керек. б) Зерзаттың территориясын зоналарға бөлу. 1. Өндiрiстiк 2. Көлiк 3. Шаруашылық 4. Демалыс 5. Қойма 6. Қосымша зоналар Қосымша зонаға энерго-су жабдықтау, канализация шаруашылықтары кiредi.
2 -кезең. Жобалау барысындағы ССҚ в) көгалдандыру учаскенiң көгалдандыру көлемi мекеменiң учаскесiнiң жалпы көлемiнн 15 %тен кем болмауы керек. Алаңды көгалдандыру үшiн ағаш, бұта өсiмдiктерiн отырғызады, олар зиянды заттарға төзiмдi болу керек. Атмосфералық ауаға зиянды зат шығаратын мекеменiң учаскелерiн өсiмдiктермен тығыз топпен, сызықпен көгалдандыруға болмайды - олар зиян затты көп уақытқа дейiн сақтайды және олар жинағыш болады. Көгалдандыру участогының көлемiн есептегенде бiр сменадағы әр жұмысшыға 3 м 2 -ден кем болмау керек.
2 -кезең. Жобалау барысындағы ССҚ г) Жайластыру (благоустройство) • • зерзаттың алаңы асфальтталынған, таза болу керек. кiрiс жолдарының саны - участоктiң көлемiне байланысты, егер участок 5 га болса, онда 2 -ден дарбаза болу тиiс. бiр-бiрiнен 1, 5 м ара қашықтықта орналасуын қадағалау керек. тротуарлардың енi 1, 5 м кем болмау керек, ал екi бағытта жүрiс болса, онда 1 -метрден әр бағыт жағына. д) Мекеме территориясында демалыс зонасы жел жақтан ұйымдастырылады. е) Технологиялық процесс бағытын сақтау. ж) Кейбiр учаскелерде қатал санитарлық тәртiп сақтау үшiн мекеменiң алаңын қоршауға алады. (СН 245 -71)
2 -кезең. Жобалау барысындағы ССҚ 3. Технологиялық шешiмдер Технологиялық бөлiгiн сараптау үшiн санитарлық дәрiгер технологияның негiзгi кезеңдерiнiң бағытын бiлу керек. Өндiрiс барысында қандай зиянды заттар және қолайсыз факторлар пайда болатыны, олардың мөлшерiн, құрамын және бөлiнетiн жерлерiн анық бiлу керек. Одан басқа жұмысшының организiмiне зиянды заттар, қолайсыз факторлардың әсер етпеу үшiн қандай технологиялық шаралар қолдану қарастырылғандығын, олардың тиімділігі, жеткiлiктiлiгi анықталады. Жобаның осы бөлiгiнiң түсiнiктемесiнде пайдаланатын шикiзат және аралық заттар туралы мәлiметтер болу керек. Өндiрiстегi мүмкiн болатын зиянды заттардың химиялық құрамының, технологиялық процестiң аралық және соңғы заттардың токсико-гигиеналық сипаттамаларын, және олардың организмге тигiзетiн зиянды жерiн бiлу қажет, және сан. дәрiгер оларға қарсы арнайы шараларды жүргiзу жолдарын бiлу керек.
2 -кезең. Жобалау барысындағы ССҚ 4. Жұмысшылар мен қызметкерлердiң еңбегiн ғылыми ұйымдастыру. Жұмысшылардың құрамы, жұмыс орнындағы еңбек жағдайы мен еңбек процестi ұйымдастыру туралы т. б. мәлiметтер болу керек. СН 245 -71. 5. Өндiрiстi басқару. Мынау бөлiкте автоматтандырылған жүйелерiнiң тiзiмi берiледi. Диспетчер, телефон, телеграф байланыстардың жұмысы туралы мәлiметтер.
2 -кезең. Жобалау барысындағы ССҚ 6. Құрылыс шешiмдерi Жобаның архитектуралық-құрылыс бөлiгiнде барлық жобаға кiретiн мекеменiң бөлмелерi, олардың көлемi, iшкi өңдеу жұмыстары туралы мәлiметтер болу керек. Сонымен қатар фундаменттi судан оқшаландыру, кемiргiштерден қорғау шаралары, бөлмелерге табиғи жарықтың түсуiн жобада келтiредi. Құрылыс бөлiгiнде өндiрiстiк бөлмелердiң технологиялық процестiң ағынына сай орналастыру
2 -кезең. Жобалау барысындағы ССҚ Жобаның құрылыс бөлiгiне санитарлық сараптау жүргiзгенде зерзаттың конструкцияларының жылу сақтау қасиеттерi климотологиялық ауданның жағдайларына сәйкес екенiн тексеру керек. Онда қабырғалардың қалыңдығы, терезелердiң әйнектелуi, табиғи жарықтандыруы, гигиеналық бақылау үшiн жобада мынау материалдар болуға тиiс: барлық бөлмелердiң жоспары және кесiктерi табиғи жарықтың көздерi бөлiнген (форточка, фонари). Светотехникалық есептерi және ТЖК ең аз көрсеткiштердiң кестесi. Осы бөлiктiң анықтамасында ғимараттың қай жаққа қарап орналасуы көрсетiледi (С, О, В, Ш) «Естественное освещение. Нормы проектированная»
2 -кезең. Жобалау барысындағы ССҚ Өндiрiстiк бөлмелермен бiрге қосымша бөлмелерi бағаланады: § әкімшілік, § тұрмыстық, § тамақтану, § здравпункттер. Санитарлық-гигиеналық талаптар СНи. П 2. 09. 04 -87 талаптарына сай болу керек. Жобаның су жабдықтау, канализация бөлiгi коммуналды гигиена маманымен бiрге қаралуы керек. Онда су көзiн таңдауда, iшетiн судың сапасына, т. б ГОСТ-арға сәйкестiгiн тексеріледі.
2 -кезең. Жобалау барысындағы ССҚ Желдетудің ұйымдастырылуы. § Ауа алмасу қажеттiлiгiн дұрыс анықтауы: § Алынған сормалы және үрмелi желдету схемалары жергiлiктi климатологиялық ерекшелiктерiне сәйкестiгi жобаланған. § Жергiлiктi желдету торапының жеткiлiктiлiгi; § Үрмелi ауаны алу және шығару тесiктерi дұрыс таңдалғанын; § Қажеттi ауа алмасуына байланысты вентиляторлардың калорифердiң дұрыс алынғаны; § желдету қондырғылардың шығатын шумен күресу шаралары;
2 -кезең. Жобалау барысындағы ССҚ Жылыту жобасын сараптау кезiнде келесi мәселелерге назар аудару керек: - жылу ретiнде не пайдаланылды (газ, бу, су) Олардың параметрллері - Қандай қыздырғыш құралдар алынған, олардың жеткiлiктiлiгi. -Жоба бойынша бөлмелердiң температурасы және олардың ГОСТ-пен сәйкестiгi. Тағы да жылытуға келесi гигиеналық және конструктивтi талаптарға сай болуға қажеттi: 1. Сыртқы ауаны ластайтын түтiн зиянды газдардың болмауы; 2. Сыртқы орта факторларға байланысты бөлменiң температурасын реттеуге мүмкiншiлiк. 3. Шусыз жұмыс iстеу. 4. Пайдалануға, бақылауға, тазалауға, жөндеу жақтарынан қарапайым болу. 5. Эстетика талаптарына сәйкес болуға тиiстi.
2 -кезең. Жобалау барысындағы ССҚ 7. Құрылысты ұйымдастыру: Бұл бөлiгiнде санитарлық дәрiгер жұмысшыларға қауiпсiз, қолайлы еңбек жағдайларын ұйымдастыру жолдарын белгiлеу керек. Мысалы: жұмыс құрылыс алаңында iшетiн су көзi, жарықтандыру, желдету құралдары орнатылуы. 8. Сметалық материалдар 9. Паспорт Жобаның барлық бөлiктерiне гигиеналық сараптау жүргiзiп болып, оның гигиеналық нормаларға сәйкестiгiне шешiм шығарады. Егерде ауытқулар болса, онда терiс шешiм қабылдап, Оны қайтадан жасауға жоба институтына тапсырылады.
3 -кезең. Құрылыс барысындағы ССҚ Зерзатты салатын мекеме құрылыс басталуын бiр ай бұрын СЭС-ке мiндеттi түрде хабарлау керек. Осы кезеңде СЭС жұмысы календарлық бақылау жоспар бойынша жүргiзiледi. 1. ғимараттың фундаментi салынғанда немесе бiр қабаттың қабырғалары көтерiлгенде; 2. iшкi өңдеу жұмыстары басталғанда; 3. сан-техникалық, сан-тұрмыстық жабдықтарды орнату кезде тазарту қондырғылардан; 4. құрылыс монтажды жұмыстары аяқталғанда; Зерзаттың құрылысын сан-дәрiгер техникалық бақылау өкiлдерi және қаржы органдардың өкiлдерiмен бiрге қадағалайды. Тексеру алдында дәрiгер жоба материалдарымен танысады.
3 -кезең. Құрылыс барысындағы ССҚ Зерзатты тексеру барысында акт құрылады. Онда мынадай негiзгi сұрақтарға жауабы болу керек. § құрылыстың жалпы жағдайы, жұмыс комплексiнiң жобаның құрылыс және технологиялық бөлiмдерiнiң орындалғанының сипаттамасы § құрылыстың календарлы жоспары орындалуы § құрылыс монтажды жұмыстарының жобаға сәйкестiгi, кемшiлiктер, ауытқулар болса көрсетiледi, себептерi жазылады § жұмысшылардың еңбек жағдайы. Егер құрылыс -монтажды жұмыстар ауытқулармен жүргiзiлсе, онда сан-дәрiгер құрылыстың бастауына ақы төлеуiне протокол жазады.
4 -кезең. Зерзатты пайдалануға беру кезіндегі ССҚ Зерзат салынып болғаннан кейiн немесе реконструкция жүргiзiлгеннен кейiн ол пайдалануға қабылданады (СНи. П от 3. 01. 04. 87 министерстволармен, ведомостволармен бекiтiлген қабылдау ережелерi сақталмаса қабылдамайды. Салынған зерзатты немесе реконструкция жүргiзiлген жақта осы пайдалану барысында ауаны, суды ластануға қарсы қолданылатын құрал- жабдықтары жоқ болса, зиянды әсер ететiн болса, санитарлық-гигиеналық жағдайлардың еңбек қауiпсiздiк талаптары қабылданса, сонда санитарлық қадағалау органдары ол зерзатты пайдалануға тиым салады. Сонымен қатар егерде салынған зерзатта бекiтiлген жобадан ауытқыған жағдайлары болса, онда да зерзат қабылданбайды. Зерзаттағы құрал- жабдықтардың жұмысын тексермей оны қабылдауға болмайды. Өндiрiстiк зерзатты iске қосу барысында санитарлық қадағалау қызметкерлерi өкiметтiк комиссияда оны қабылдау жұмыстарында бiрге қатысады. Зерзатты пайдалануға қабылдануы екi кезеңнен тұрады: бiрiншi - жұмыс комиссиясыны қабылдау, екiншi - мемлекеттiк комиссияны қабылдау.
4 -кезең. Зерзатты пайдалануға беру кезіндегі ССҚ ЖҰМЫС КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ Жұмыс комиссияның құрамына бұйрық бойынша бiрнеше мекемелердiң өкiлдерi кiредi: § зерзатты салып жатқан мекеменiң өкiлi, § мекеменiң подрядчигi, § жобалау ұйымдарынан, § санитарлық қадағалау, § мемлекеттiң өрт қадағалау ұйымдарының өкiлдерi. Сонымен қатар тағы мемлекеттiк табиғат қорғау комитетi, кәсiподақ ұйымдарының өкiлдерi қатысу керек. Подрядчик хабарлануымен алдын ала 5 күн бұрын жұмыс комиссиясы ұйымдастырылады, зерзатты қабылдауға дайын екендiгi айтылады. Қабылдау жұмыстарының ұзақтығы мен ережелерi келiсiм ретiнде жүргiзiледi.
4 -кезең. Зерзатты пайдалануға беру кезіндегі ССҚ МЕМЛЕКЕТТIК КОМИССИЯНЫҢ ҚҰРАМЫ Мемлекеттiк комиссияның құрамына жоғарыда айтылған мекемелердiң басшылары кiредi. Мемлекеттiк қабылдау комиссиясының құрамын, зарзатты қабылдауға 3 ай қалғанда бекiтедi.
4 -кезең. Зерзатты пайдалануға беру кезіндегі ССҚ Мердiгер (подрядчик) жұмыс комиссиясына мынандай құжаттарды тапсырады: § зерзаттың құрылыс-монтаж жұмыстарын атқаратын ұйымдардың тiзiмiн, олар қандай жұмыстар жүргiздi және оны басқарған жұмысшылардың аты-жөнi: § зерзаттың жобалау ұйымдармен дайындалған сызбанұсқалары, атқарылған жұмыстардың аттары, құрылыс-монтаж жұмыстарына жауапты адамдардың атыжөндерi. Бұл құжат жұмыс барысында тиек болатын негiзгi құжат. § құрылыста қолданылған материалдардың сертификаттары, техникалық паспорттары, оның сапасына сипаттама беретiн т. б. құжаттар: § құрылыста жүргiзiлген көрiнбейтiн жұмыстарға кепiлдiк құжаты және ертеректе қабылданған бөлек конструкциялардың құжаттары; § құрылыста орналастырылған құрал-жабдықтардың сынаудан өткен актiлерi, су, жылу жүйелерi, газ жүйелерi, канализаторларға жеке сынақтан өткiзiлген актiлерi; § iшкi және сыртқа электр тұғырлардың сынақтан өткен актiлерi; § телефон, радио, телевидение, т. б. қондырғылардың сынақ актiлерi; § жұмыс жүргiзу барысында жоба ұйымдарын бақылау, тексеру және өкiметтiк қадағалау мекемелердiң тексеру жұмыстарын тiркейтiн журнал;
4 -кезең. Зерзатты пайдалануға беру кезіндегі ССҚ Мемлекеттiк қабылдау комиссиясына жоғарыда айтылғаннан басқа мынандай құжаттар тапсырылу керек: § жұмыс комиссиясымен тексеру барысында табылған, бiтпеген жұмыстарды атқарғанның анықтамасы; § жұмыс комиссиясымен жасалған зарзаттағы орнатылған құрылыс жабдықтардың коммуникацияларда қабылдау актiсi; § жеке салынған қосалқы құрылыстарға жасалған актiлер; § жобалау-сметалық құжаттар; § жер учаскесi бөлiнген туралы құжаттар: § геологиялық жүргiзiлген зерттеу материалдары (жер-топырақты, жер асты судың зерттеу мәлiметтерi); § орнатылған құрылыс жабдықтардың паспорттары, т. б. актiлер анықтамалар.
4 -кезең. Зерзатты пайдалануға беру кезіндегі ССҚ МЕМЛЕКЕТТIК КОМИССИЯ Мемлекеттiк-санитарық қадағалау мекемелерiнiң қызметкерлерi су құбырларын, жылу, жарықтың қондырғыларға және өндiрiстiк құралжабдықтарды сынақтан өткенi туралы актiлерге аса көңiл бөледі. Оның iшiнде шу, шаң, дiрiл, шығаратын жабдықтардың сынақ актiлерi, ағынды суды тазалау, сыртқы ортаға шығатын өндiрiстiк зиянды заттарды тазалайтын қондырғылардың тиiмдiлiгiн тексерген материалдар мен актiлер бар болу керек. Ондай құжаттар жоқ болса, онда тiкелей шығатын заттарды талдау жасауды талап ету керек. Сонда ғана орналастырылған тазалау қондырғылардың тиiмдiлiгiн анықтауға болады. Аса көңiл бөлетiн жай, өндiрiстiк мекемелердiң және зерзаттарға энергиясы, жылу жеткiлiктiгiн және сан-гигиеналық жабдықтарды қамтамасыз етуге жеткiлiктiлiгiн қадалаған дұрыс. Зерзатта орналастырылған тазалау қондырғылардың тиiмдiлiгiн жобамен сәйкес екендiгiн тексеру қажет.
4 -кезең. Зерзатты пайдалануға беру кезіндегі ССҚ МЕМЛЕКЕТТIК КОМИССИЯ Санитарлық бөлме, жабдықтардың мекемеде жұмыс iстейтiн адамдардың сынына сәйкестiгiн санитарлық ережелер арқылы қадағалау өте маңызды. Салынған құрылыстың санитарлық жағдайы лайықты екендiгi белгiленнен кейiн сәйкес шешiм шығарады. Онда зарзатты санитарлық жағынан қабылдауға болады деген шешiм жазылады. Бұл шешiм - акт мекеменiң әкiмшiлiгiне тапсырылады да зерзатты қабылдауға болатындығына рұқсат етiледi.
ОФГ Л-4 каз.pptx