Tabi_1171_i_zh_1241_ne_sintetikaly_1179__1179_osylystardan_payda_bol_1171_an_talshy_1179_tar.pptx
- Количество слайдов: 11
Химиялық талшықтардан жасалған беймата ТООП-13 -11
Бейматалар тағайындалуына байланысты бөлінеді: тұрмыстық, киімдерге, жылытқыш, аяқкиімдерге, фильтирлерге, орауыштар. Беймата материалдары құрамына қарай аралас және біртекті болып бөлінеді. Біртекті бейматалар бір ғана талшық түрынен тұрады(мақта, жүн, вискозалық т. б. ), ала аралас бейматалар әр текті талшықтардан жасалады(мақта вискоза). Беймата материалдары – майысқақ, берік, бір немесе одан да көп текстиль материалдарының қабаттарынан құралған бұйым. Мысалы, егер тарақты тарау немесе аппараттық машинадан алынған жіңішке мақта жайғағын біріне қоссақ (жабыстырсақ) беймата пайда болады. Жалпы беймата екі элементтен тұрады, соның бірінші басты роль, ал екінші дәнекерлік роль атқарады. Бейматаның негізі болып табылатын, бастапқы роль пайда болған қысымды қабылдайды. Бастапқы элементте талшықты жайғақ, жіп жүйесі, полимерлік қабық – матадан, талшықтан құралған материалдар қолданылады. Дәнекерлеуші элемент бастапқы элементті байланыстырушы және оған нақты қасиет беруші. Және дәнекерлеуші элемент бастапқы элементтегі талшықтар, төменгі температурада балқытылған химиялық талшықтар, полимер заттары (полиэтилен, каучук) қолданылады.
Штапельденген вискоза талшығы Вискозды талшықтар отандық химиялық өндірістерде штапель түрінде шығарылады. Беріктігі, ұзындығы және салмағы бойынша мақта талшығына ұқсас болып келеді, бірақ жоғарғы гигроскопиялық қасиетке ие. Су күйіндегі вискоза талшықтарының беріктігі 40 -50% түседі. Вискоза талшықтары макта талшыктарына карағанда, жылу сақтағыштық қасиеттері сақталған. Штапельды вискозаның біркелкі ұзындығы және гигиенаға тұрақтылығы макта талшығына қарағанда ерекшеленеді. Ол күн сәулесіне төзімді болып келеді, бірақ бір кемшілігі қара куйе әсерінен закымданады. Штапельді-вискозды талшықтар беймата өндірісінде қазіргі танда Ресейде және шет елдерінде өндіру алдынғы орында. Механикалық әдіспен беймата өндіру тек вискозды талшықтармен шектеліп қоймай, филаментті жіпті тігін жібі ретінде қолданылады.
449 мтекс және кесу ұзындығы 38 -40, 65 мм вискозды штапельды талшық беймата өндірісінде қолданылады. Одан жасалған беймата жаймаларын сырт киімдерге, жасанды былғарыға және сәндеу мақсаттарында қолданылады. АҚШ-та беймата текстиль маталарын өндіруде вискоза штапельді талшықтарды қолдану кең орын алады. Табиғи талшықтар беймата өндіруге қажетті қасиеттерге шектеулі, сол себепті вискоза штапель талшықтарын қолданады.
Ацетатты талшықтардың шикізат көзі – эфир целлюлозасының сірке қышқылы. АҚШ-та ацетатты талшы0 тарды филаментті жіп турінде шығарылады. Сырт келбетімен ол табиғи жібек матасына ұқсас. Вискоза жіптеріне қарағанда, дымқыл ортада беріктігін аз жоғалтады, салмағы вискозаға қарағанда мөлшермен азырақ. Ацетатты талшықты өнімдер аз қыртыстанады, электрөткізгіштігі жоғары. Қазіргі танда триацетатты талшықтар диацетатты талшықтарға қарағанда пайдалы қасиеттері басым болып келеді. Триацетатты талшықтарын жүн, мақта талшыктарымен косканда, коспа касиеттері жақсарады. Ресейде ацетатты талшықтардан беймата өндіру әлі қолданыс үстінде.
Ацетатты талшыктардың өзіндік құны аз, арзан, термопластикалығы, зеңге тұрақтылығы, ісінуге тұрақтылығы және осы сиякты баска пайдалы касиеттеріне қарамастан, беймата өндірісінде ацетатты талшықтар кең cұранысқа ие емес.
Поливинилхлорид талшығы. Хлорин талшығының ерекшелігі химиялық реагенттерге төзімділігі болып табылады. Талшық жақсы жылуөткізгіштігімен ерекшеленеді; бұйым қыртыстанбайды. Арнайы бағыттағы киімдерге, фиьтрлік маталарға, емдеу бағытында қолданылады.
Полиакрилонитрил талшығы. (нитрон) Нитрон талшығы жүн талшығының алмастырушысы болып табылады. Және де мынадай қасиеттер тән: жылусақтағыш, төменгі жылуөткізгіштік. Ерекшеліктері: кез-келген ауа райының қолайсыз жағдайына төзімді, мөлшерленген салмағымен және сулы ортада да өзінің беріктігін жоғалтпайды. Нитрон талшығы және жүн талшықтарын араластырып, іліп-тоқу әдісімен беймата аламыз. Оларды сырт киімдерге, арнайы бағыттағы киімдерге қолданылады.
Полиэфир талшықтары. Бұл талшық лавсан атымен де белгілі. Сырт келбетіне және қасиетіне байланысты лавсан жүн талшығына ұқсас. Ол мынадай қасиеттерімен ерекшеленеді: төменгі жылуөткізгіштігімен, беріктігімен, үлкен көлемділігімен, жоғарғы эластикалығымен, жоғарғы температураға төзімділігімен. Бұл талшықтың қоспасымен жасалған бейматалар тұрмыстық, техникалық, фильтрлік, жылудыбысизоляционды материалдар ретінде қолданылады.
Синтетикалық талшық Полиамид талшығы бұл топқа капрон(найлон 6) талшығы жатады. Оның ең басты ерекшелігі жоғарғы төзімділік, жууға беріктігі, яғни бұл қасиет табиғи және химиялық талшықтардың көмегінен пайда болған. Сондықтан беймата алу үшін басқа да талшықтармен араластырып, мысалы: мақта, жүн, химиялық және т. б. Капрон талшығы физико –химиялық техноллогиясындағы фильтерленген материалдарда, әр түрлі қоспалардың көмегімен дайындалады. Және термопластық қасиеті жоғары болғандықтан сырт киімдерге қолданылады.
Беймата материалдарының ішіндегі ерекше орын алатынмалиполь. Оларды дайындау барысында каркастық жайма қолданылады. Каркастық жаймаларды алу үшін саржалық, атластық, тоқыма жаймалары, малимо жайғағы қолданылады. Малипольға әртүрлілік беру үшін бояу қажет. Бояу барысында оның тек бір бөлшегі ғана боялады. Малиполь жайғағы тұрақты өлшемді, аз созылады(10%) және аз шөгуімен ерекшеленеді.
Tabi_1171_i_zh_1241_ne_sintetikaly_1179__1179_osylystardan_payda_bol_1171_an_talshy_1179_tar.pptx