химия.pptx
- Количество слайдов: 17
ХИМИЯ ӨНЕРКӘСІБІ Дайындаған: Усенова А. Ә. Тексерген: Сардар А. А.
Химия өнеркәсібі — ауыр өнеркәсіптің жетекші салаларының бірі, еңбек заттарын (шикізаттар мен материалдарды) өңдеуге, негізінен химиялық әдістерді баса қолданатын өндіріс салаларының кешені.
Қышқыл — химиялық қосынды, көк лакмус қағазына қызғылт рең беретін ерітінді , дәмі қышқыл. Қышқылдар құрамына қарай оттекті , оттексіз болып, олардағы сутек атомдарының сандарына қарай бір және көп негізді деп бөлінеді.
Азот, тұз, күкірт қышқылдары сұйық заттар, ал фосфор және бор қышқылы (Н 3 BО 3) - қатты заттар болса, кремний қышқылы суда ерімейтін іркілдек зат. Көмір және күкіртті қышқылдары тұрақсыз, оңай айырылатын заттар. H 2 CO 3→CO 2↑+H 2 O; H 2 SO 3→H 2 O|+SO 2↑
XVII ғасырда неміс химигі И. П. Глаубер (1604 – 1670) тұз қышқылды мен азот қышқылын өздерінің тұздарынан алып, қышқылды көп мөлшерде өндіруге жол ашты. Ағылшын химигі Р. Бойль (1627 – 1691) Глауберден сатып алған тұз қышқылының ерітіндісін кездейсоқ көкшіл күлгін гүлге төгіп алып, оның бірден ашық қызыл түске боялғанын байқаған.
Күкірт - сары түсті, суда нашар еритін, су жұктырмайтын, жылу мен тоқ өткізбейтін, морт сыңғыш келетін қатты зат. Балку температурасы 119°С. Күкірт атомының сыртқы валенттілік кабатында екі дара электроны болғандыктан, олар өзара байланыса алады.
Күкірт каучукты резинаға айналдыру (вулканизация) үшін, медицинада, тұрмыста жертөлені және қоймаларды аластау үшін, оқдәрі жөне сіріңке өндірістерінде қолданылады.
Фосфор элементі жай зат ретінде бірнеше аллотропиялық түрөзгерісін түзеді. Оның маңыздылары — ақ және қызыл фосфор. Ақ фосфор улы жөне тез тұтанатын болғандықтан аса ұқыптылықты қажет етеді. Оның буымен демалуға болмайды. Ақ фосфорды шыны ыдыста, су астында, сыртынан құм салынған металл банкаға орналастырып сақтайды. Ақ фосфор ауасыз кеңістікте қыздырғанда қызыл фосфорға, ал жоғары қысымда қара фосфорға айналады.
Ақ фосфор Ақ түсті кристалл зат, тығыздығы 1, 83 г/см 3. Қараңғыда жарқырайды. Кәдімгі жағдайда 30 — 40°С температурада ауадағы оттекпен тотығады. От алғыш кауіптілігіне байланысты су астында сақтайды. Суда ерімейді, күкірткөміртекте ериді. Өте қауіпті, улы! 44°С-та балқиды, 280°С-та қайнайды
q Қызыл фосфор Аморфты зат, кристалды емес, тығыздығы 2, 20 г/см 3. Қараңғыда жарқырамайды. Ауадағы оттекпен 260°С-та тотығады. Отқа қауіпті емес. Қыздырғанда оталады. Суда да, күкірткөміртекте де ерімейді. Улы емес. 400°С-та балқиды.
Минералды тыңайтқыштар – құрамында өсімдікке қажет элементтері бар бейорганикалық заттар. Минералды тыңайтқыштар топырақтың құнарлылығы мен ауыл шауашылығы дақылдарының өнімі мен сапасын арттыру үшін қолданылады. Минералды тыңайтқыштарды дұрыс пайдалану дақылдардың өнімін арттырумен қатар, оның түсімінің сапасын жақсартады, топырақты қоректік элементтермен байытып, микробиологиялық процестерге әсер етеді.
Минералды тыңайтқыштар тікелей және жанама әсер ететін тыңайтқыштар болып бөлінеді. Тікелей әсер ететін Минералды тыңайтқыштардың құрамында өсімдіктерге тікелей қорек болатын N, P, K, Mg, B, Mn, т. б. элементтер бар. Жанама әсер ететін Минералды тыңайтқыштар (әк, бор, гипс, доломит) топырақтың агрохимиялық және физикалық химиялық қасиетін жақсарту үшін пайдаланылады.
Мысалы, топырақтың қышқылдығын жою үшін ұнтақталған әк, доломит, бор шашылады. Ал құрамында натрий иондарының (Na+) мөлшері көп топыраққа ұнтақталған табиғи гипс (Ca. SO 4, 2 H 2 O) себіледі. Минералды тыңайтқыштар қатты (ұнтақталған, түйіршіктелген) және сұйық (аммиак суы, сұйық аммиак, т. б. ) түрінде өндіріледі
химия.pptx