ТУрысбеков Дулат 12 неделя.pptx
- Количество слайдов: 10
ХАТ ХАБАРЛАРДЫ ТҰТҚЫНДАУ. ХАБАРЛАМАЛАРДЫ ЖОЛДАН ҰСТАУ. СӨЙЛЕСУЛЕР МЕН ТЫҢДАУДЫ ЖАЗУ Орындаған: Турысбеков Дулат Тобы: СКК-302 Тексерген: Нуркеева Д. Р
• Хаттар, жеделхаттар, радиограммалар, бандерольдар, посылкалар мен басқа да пошта-телеграф жөнелтімдері іс үшін маңызы бар мәліметтерді, құжаттар мен заттарды қамтуы мүмкін деп пайымдауға жеткілікті негіз болған кезде олар тұтқындалуы мүмкін. • Пошта-телеграф жөнелтімдерін тұтқындау жайлы тергеушi қаулы шығарады, ал прокурор оны өз санкциясымен бекiтедi. Қаулыда пошта-телеграфтық жөнелтімдерді тұтқындау жүргiзген байланыс мекемесiнiң атауы, пошта-телеграф жөнелтімдерін жiберушi адамның аты-жөні, олардың мекенжайлары, тұтқындалған жөнелтімнің түрi, оның уақыты көрсетiледi.
Хат хабарлар Пошта-телеграф хат-хабарын тұтқындау жайлы қаулыны тиісті байланыс мекемесінің басшылығына жiберiледі, ол пошта-телеграф жөнелтімдерін ұстап қалып, ол туралы дереу тергеушiге хабарлауға міндетті. Пошта-телеграфтық жөнелтімдердi қарау, алу және көшiрмесiн алуды тергеушi пошта-телеграфтық мекеменiң жұмысшыларынан тұратын куәгерлемен бiрге жүргiзедi. Қатынас қағаз қараудан кейiн алынады. Егер қатынас қағазын алу қажет болмаса, онда ол тек қараумен шектеледi. Бұл жағдайда қарау өз бетiмен жүргiзiлген тергеулiк әрекет болып саналады.
• Қылмыстық iске қатысты техникалық, соның iшiнде байланыстың компьютерлiк каналдары арқылы берiлген хат-хабарды тұтқындау және ақпаратты компьютерлiк жүйесiнен алу прокурор санкциясымен бекiтілген тергеушiнiң қаулысы негiзiнде жүзеге асады. Қылмысты көбiне қазiргi хат-хабар құралдарымен жабдықталған ұйымдасқан топ және қылмыстық бiрлестiктер жасайды. Бұл жағдайда қылмыскерлер өзара тура байланыс тудырып пошта-телеграфтық жiберу қызметiне жүгiнбеуi мүмкiн, ол дер кезiнде құжаттарды алып, оны тұтқындау мүмкiншiлiгiн шектейдi
Ұялы (сотовый) және транновый радио жүйелер қарымқатынасқа ыңғайлы болғанымен, арнайы сканермен (егер қорғаныш коды болмаса) немесе қолданудағы ақпараттың егiзiмен ақпаратты ұстап қалуға болады.
• Тергеу әрекетiнiң өндiрiсiне кiрiспес бұрын, егер ақпаратты ұстап қалу қажет болса, прокурормен бекiтiлген, оның себебi көрсетiлген қаулы шығуы керек. Қаулыда бақылауға алынатын адамдар, ұйымдар, байланыс каналдары көрсетiледi. • Хабарды ұстап қалған орган алған нәтижесi жайлы жедел тергеушiге хабарлауы мiндеттi. • Ақпарат мазмұнымен танысқан тергеушi: • · ақпаратты адресатқа жiбермей оны қылмыстық iс құжаты ретiнде пайдалануға; • · ақпаратты адресатқа жiберуге рұхсат етiп немесе уақытша ұстап қалуға, қылмыстық iске ақпаратты пайдалануға талап етуге; • · ұсталған ақпаратты қылмыстық iске пайдаланбай, iс жүргiзу немесе тактикалық шешiмдердi шешуге пайдалануға құқығы бар.
СӨЙЛЕСУЛЕРДІ ТЫҢДАУ Сезіктінің, айыпталушының және қылмыс туралы, ауыр және аса ауыр қылмыстар туралы істер жөнінде мәліметтерді білуі мүмкін басқа да адамдардың бейне және дыбыс жазу техникаларын немесе өзге де арнаулы техникалық қүралдарды пайдалану арқылы әңгімелесулерін жасырын тыңдау мен жазу, сондай-ақ телефондар және басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы сөйлескен сөздерін тыңдау мен жазу тыңдау нәтижесінде іс үшін маңызы бар мәліметтер алынады деп пайымдауға жеткілікті негіздер болған кезде прокурор санкция берген тергеуші қаулысының негізінде жүргізіле алады.
жучо к Дәле л кеңей демелiк б а у әреке iне көме заның кт т және i бола от есет iн те ы ө р жаса те ауыр қ рып, ауы геу р ға ы қолд н адамда лмыс ан р әреке ылады. А ға қарсы т т аралы белгiлi б алмыш iр адам ғанда тың уақыт т д көме ехникалы ауға м iнд гi қ е жаса мен қылм құралда ттi р уш ы өзара ыларды сты ң с тыңд өйлескен б iр-бiрiм а е Сөзд уы болып ақпаратты н iк т магн ақпаратт абылады и. ы басқа ттi сақтау жазып а л ы д (стен а тәс iлде ш немес уға е р о қолд графия, х аныл ады. аттама)
• Күш қолдану, қорқытып алу және басқа қылмыстық әрекеттерді жәбірленушіге, куәға немесе олардың отбасы мүшелеріне қолдану қаупі болған кезде тергеушінің прокурор санкция берген қаулысы бойынша олардың келісімімен, бейне және дыбыс жазу техникаларын немесе басқа да арнаулы техникалық құралдарды пайдалану арқылы әңгімелесулерінің жасырын тыңдалуы және жазылуы, сондай-ақ олардың телефондары немесе басқа сөйлесу құрылғылары арқылы сөйлескен сөздерінің тыңдалуы және жазылуы мүмкін. • Тергеуші сейлескен сөздерді, әңгімелесулерді тыңдау мен оларды жазуды қажет деп таныған соң дәлелді қаулы шығарады, онда: қылмыстық іс және осы тергеу іс-әрекеті жүргізілуге тиіс негіздер, сөйлескен сөздері, әңгімелесулерді тыңдалатын және жазылатын адамдардың аты-жөні және ол қандай уақыт аралығында жүргізілетіні; сейлескен сөздерді, әңгімелесулерді тыңдау мен жазуды техникалық тұрғыдан жүзеге асыру тапсырылған орган көрсетіледі. Аталған қаулы прокурорға ұсынылады және ол санкция берген жағдайда тергеуші оны орындау үшін тиісті органға жібереді.
Егер тыңдау және жазып алуды прокурордың бекiтуiнен бұрын жүргiзу керек болса, онда ол жүргiзiле бередi, бiрақ жиырма төрт сағат iшiнде ол жайлы хабарлану мiндеттi. Прокурор оның заңдылығын тексередi, егер тергеу әрекетi заңсыз деп саналса, онда нәтижесi қылмыстың iстiң дәлелдемесi ретiнде қолданылмайды.
ТУрысбеков Дулат 12 неделя.pptx