4-лекция патент.ppt
- Количество слайдов: 20
Халықаралық конвенциялар мен келісімдер Алматы-2013 ж.
Электр ұстарыны сынау турлері Париж патенттік конвенциясы Патенттік құқық өнеркәсіптің дамуымен Ұлыбританияда – ХVІІ ғ. , Франция мен АҚШ – да XVIII ғ. аяғында, Ресейде – ХІХ ғ. 2 жартысында қалыптаса бастады. Алғашқы халықаралық құжат 1883 жылы 20 наурызда қабылданған, өнеркәсіптік меншікті қорғайтын Париж патенттік конвенциясы болды. Бұл конвенцияның мақсаты мемлекеттер арасындағы өнеркәсіптік меншікті патенттеуде жеңілдіктерді жасау болды. Париж конвенциясы осы уақытқа дейін бірнеше рет қайта қаралып, толықтырулар енгізілген, яғни 1900 жылы 14 желтоқсанда Брюссельде, 1911 жылы 2 маусымда Вашингтонда, 1925 жылы 6 қарашада Гагада, 1934 жылы 2 маусымда Лондонда, 1958 жылы 31 қазанда Лиссабонда, 1967 жылы 14 маусымда және 1979 жылы 2 қазанда Стокгольмда. 2
Электр ұстарыны сынау турлері Конвенция енгізілген толықтырулардың негізгі мақсаты: осы конвенцияға қатысушы елдер арасында патенттеу жүйесін реттеу. Қазіргі уақытта конвенцияға 173 ел қойған, оның ішінде ҚР 1993 ж. 5 ақпанда қол қойған. Конвенцияның басты маңыздылығы басымдылық құқығында. 3
Халықаралық патент 1970 ж 19 маусымда Вашингтонда келешектегі экономикалық және ғылыми әріптестік мақсатында Париж конвенциясының қатысушылары арасында Патенттік кооперация туралы келісім шарт жасалды. Бұл шарт 1978 жылы күшіне енді. Қазақстан 16 ақпанда 1993 жылы осы келісімге қол қойды. Келісімнің мақсаты – өнертабысқа патент бірнеше елде сұралған жағдайлардағы уақыт пен күшті үнемдеу. Яғни, мәні бойынша сараптамадан өткен өнертабысқа егер ол елдің патенттік қызметтері, фонды, сараптамасы болмаған жағдайда патент беруге мүмкіндігін жасау. Келісім бойынша өтініш иесі өтінішін келісімге қатысатын бір елге беру арқылы келісімдегі басқа да елдердің патентін алады. Бұл көптеген елдерге жалпы патент - халықаралық д. а. және оны РСТ деп белгілейді. PCT – Patent Cooperation Tready. Келісімге отырған мемлекеттер саны 2009 жылдың 13 қазанындағы ақпарат бойынша - 142. 4
Европалық патент конвенция ық Patent Convention (EPC)) – әр түрлі өнертабысқа патент берудің жалпыланған ережесі мен нормаларын бекітетін мемлекетаралық келісім. ЕПК 1973 жылы Мюнхенде қол қойылды. ЕПК 1973 жылы 1 қазанда алты мемлекет бекіткеннен кейін күшіне енді. Конвенцияның мүшелері Еуропаның мемлекеттерінің арасындағы өнертабыстарды қорғау мақсатындағы патент беруде біртұтас процедура көмегімен келісімге келіп, өнертабыстарды қорғау саласында тығыз байланыс орнатып және осы мақсатты орындауға нақтылы ережелер жасауы. 5
ЕПК 1973 жылдан бастап, 1991 жылы және 2000 жылдары түзетулер енгізіліп жұмысын жалғастырып келеді. Ең алғашқы түзету 1991 жылы ЕПК-нің конференциясында қарастырылған. Осы конференцияда европатенттің әсер мерзімі жөніндегі 63 бапты өзгерту мүмкіндігі талқыланды. Бұл баптың өзгертiлген мәтiнi 1997 жылы 4 шiлдеде күшiне ендi. Екiншi рет болған конференцияда ЕПК-ке түзетулерiн енгiзу бойынша 2000 жылдың 20 -шi қарашасында Мюнхенде өттi. ЕПК-нің қазіргі таңда 37 қатысушысы бар: Болгария, Түркия, Словакия, Словения, Швеция, Румыния, Португалия, Польша, Нидерланды, Мальта, Монако, Латвия, Люксембург, Литва, Италия, Лихтенштейн, Ирландия, Венгрия, Греция, Ұлыбритания, Франция, Финляндия, Испания, Эстония, Германия, Чехия, Кипр, Швейцария. 6
Еуропалық патент мекемесi - Еуропалық патент ұйымының органдарының бiрi. ЕПМ - Еуропалық патент ұйымының атқарушы органы болып табылады. ЕПМ-нің қызметкерлері еуропалық патентке өтінімдерді қарастырады және өнертабыстқа патент беруi туралы шешiмдер қабылдайды. ЕПМ Еуропалық патент конвенциясы ескерген процедураларды жүзеге асырады. ніңЕуропалық атент әкiмшiлiк және функционалдық. Әкiмшiлiк құрылым иерархиялық болып табылады. Жоғарғы деңгей президент және 5 басқарма сәйкес келетiн вице-Президенттер орналасады. 7
Еуразиялық патент (ЕАПК) КСРО тараған соң әрбір мемлекет өз тәуелсіздігін алып олардың бұрынғы өнеркәсіп, ғылым және мәдени байланыстары үзілді. Ол өнеркәсіптің құлдырауына, ғылыми зерттеулердің әлсіреуі сияқты жағдайларға әкелді. Яғни, көптеген мемлекеттерде экономикалық орнықсыздық, өмір сүру деңгейі төмендеді. Осының бәрін қарай отырып, ТМД елдері өзара байланыс құруды қарастырды. КСРО ыдыраған соң әрбір елдің патенті өз елінде ғана күші болды. Осы қиын жағдай олардың патенттік құқықтарын қорғауда көрінді. 1994 жылы 9 қыркүйекте Мәскеуде Евразиялық патенттік конвенция қабылданды. 1995 жылы күшіне енді, Конвенцияға 9 ел қойды: 1. Армения. 2. Азербайжан. 3. Белоруссия. 4. Қазақстан. 5. Қырғызстан. 6. Молдава. 7. Ресей. 8. Тәжікстан. 9. Түркіменстан. Бұл конвенцияға ТМД елдері кіре алады. 8
Электр ұстарыны сынау турлері Бұл конвенцияның мақсаты - қатысушы мемлекет аумағында жалпы патенттік кеңістік құру. Өтінім беру тәртібі Ресей мен ҚР-дағы сияқты өтінімге патенттік төлем туралы құжат тіркеледі. Барлық істер орыс тілінде жүргізіледі. Өтініш ұлттық патент ведомствасына беріледі және басымдылық құқығына ие болады. Ұлттық патент ведомства ресми сараптама жүргізіп, мәні бойынша сараптамаға Ресейдегі Евразиялық патенттік ведомстваға жібереді. Өтініш иесінің қалауымен өтінішті Евразиялық патенттік ведомстваға жіберуіне болады. Евразиялық патент үшін төлемдер 1 желтоқсан 1995 жылы арнайы тәртіп бойынша жүреді. Евразиялық патентті бір елде жойылса, басқа елдерде қолданыста болады. Евразиялық патенттің қорғалу мерзімі - 20 жыл. 9
Халықаралық белгілерді тіркеу туралы Мадрид келісімі 1891 жылы 14 сәуірде Мадрид қаласында қатысушы елдермен тауарлық белгілерді тіркеудің халықаралық келісім шарты жасалды, оның да мақсаты Париж Конвенциясы сияқты, тауарлық белгілерді қорғау және оның әр елдегі авторларының құқын қорғау. Келісім бірнеше рет толықтырылып, өзгертілді. Қазақстан Республикасы да бұл келісімді толық орындап, қабылдады. Осы келісім көлемінде тауарлық белгіні халықаралық тіркеуге өтініш беруге және тауарлық белгіні бірнеше рет елде тіркеуге мүмкіндік болды. 10
Мадрид келісімі интеллектуалды меншіктің Бүкіләлемдік Ұйымы (ВОИС World Intellectual Property Organization- WIPO) негізінде жұмыс істейді, бұл ұйым бүкіл әлемде интеллектуалды меншіктің дамуы мен қорғалуы жайлы мәселелермен айналысады. 11
Мадрид келісімі тауар таңбаларының иелеріне немесе өз елінде тауар таңбасын тіркеуге өтініш берген тұлғаларға, Мадрид одағының бірнеше мүше елдерінде оларға тиесілі тауар таңбаларының қорғау мүмкіндігін береді. Өтініш сол елдің тауар таңбалары бойынша ұлттық ведомоствоға тікелей беріледі. Бұл жағдайда халықаралық тіркеуге өтініш беру үшін, өтініш берушіге Халықаралық Бюроның (ВОИС) формальды талаптарын ғана сақтау керек. Халықаралық тіркеумен бірге , ”базалық” тіркеу жүру керек. 12
Егер Халықаралық тіркеуге өтініш берген кезде, Халықаралық Бюромен келісілген барлық шарттар, соның ішінде халықаралық бажды төлеу шартымен қоса орындалса, онда халықаралық бюро тауар таңбасын халықаралық реестрде тіркейді және тез арада сол елдің өтінішінде көрсетілген тауар таңбалары бойынша ұлттық ведомостволарға халықаралық тіркеу жөнінде хабар береді. 13
Тіркелген тауар таңбасы жайлы ақпаратты ВОИСтің “WIPO. Gazette of International Marks Gazette OMPI des marques internationals” мерзімді бюллетенінде басып шығарады. Мадрид келісімінің алтыншы статьясына сәйкес, халықаралық тіркеу, ұлттық заңнамамен қарастырылған 20 жыл қызмет етеді. Халықаралық тіркеудің күнінен санағанда, алғашқы бес жыл ішінде «базалық» тіркеуге байланысты болады. Егер бұл бес жыл ішінде «базалық» тіркеу жоққа шығарылса, халықаралық тіркеу де өз қызметін барлық елдерде тоқтатады. 14
ü Өтініш беруші бір тілде (француз немесе ағылшын тілінде) тек бір өтінішті ғана береді; ü Өтініш Халықаралық Бюроның ресми шарттарының бір тізіміне сәйкес беріледі. ü Халықаралық Бюроға бір халықаралық баж бәрыңғай валютада (швейцар франкілері) төленеді; ü Өтініш берілген тауар таңбасын құқықтық қорғау туралы мәселе бір жыл көлемінде (немесе Мадрид протоколына сәйкес 18 ай) ішінде шешіледі. 15
Қазіргі таңда 56 мемлекет Мадрид келісімінің мүшесі, 83 мемлекет Мадрид протоколының мүшесі болып саналады, Мадрид жүйесінің барлығы 85 мүше ел бар. Қазақстан Республикасы Мадрид келісіміне 1993 жылы 25 желтоқсанда мүше болды. Мадрид протоколына 2010 жылдың 18 желтоқсанда кірді. Мадрид келісімімен сәйкес, тауар таңбасының тіркелуіне халықаралық өтінішті, сол тауар таңбасына Қазақстан Республикаының куәлігі бар болғанда, бере алады. 16
Африкалық аймақтық өнеркәсіптік меншік ұйымына (OAPI – African Intellectual Property Organization) патент алу үшін өтінім беру РСТ талаптарына сәйкес жүргізіледі. 2001 жылдың ақпарат бойынша OAPI қатысушылары 16 мемлекеттен тұрады. Бұлар Буркина Фасо, Бенин, Орталық Африкалық Республика, Конго, Кот д'Ивуар, Камерун, Габон, Гвинея-Бисау, Экваторлық Гвинея, Мали, Мавритания, Нигер, Сенегал, Чад және Того. OAPI орталығына берілген патенке өтінім осы келісімге қатысатын барлық елдердің ведомстволарына берілген болып саналады. Егер халықаралық өтінімде OAPI қатысушыларының біреуі көрсетілсе, онда өтінім OAPI қатысушыларының елдерінде ұлттық түрде әрекет етіледі, яғни РСТ мүшесінде болғаны сияқты. Өтінім француз немесе ағылшын тілінде беріледі. 17
Патент уақытының мерзімі – мерзімін ұзарту мүмкіндігімен 10 жыл. Патенттің қолданылуының шарты болып өнертабыстың ұлттық өндірістің аумағында нақты іске асырылуы табылады. Кейде сонымен қатар барлығына назар аударылған, лицензияны сату туралы ұсыныс түрінде - номиналды қолдану мүмкін. Қолданыс патент шыққаннан кейін үш жылдан кешіктірмей басталуы керек немесе өтінімді бергеннен кейін төрт жылдан кейін. 18
Африкалық өнеркәсіптік меншіктік аймақтық ұйымның патентінің (ARIPO African Regional Industrial Property Organization) патент алу үшін өтінім беру РСТ талаптарына сәйкес жүргізіледі. 2001 ж. желтоқсанындағы ARIPO қатысушылары 12 мемлекет болып табылады: Гана, Гамбия, Кения, Лесото, Малави, Мозамбик, Судан, Сьерра Леон, Свазиленд, Танзания Республикасы, Уганда және Зимбабве. ARIPO кейбір немесе барлық келісілген елдерде бір өтінімді ағылшын тілінде беру жолымен және ARIPO ведомствасында баж салығын төлеу барысында қорғау құжатын алуға мүмкіндік береді. Алынған ведомства келісілген елдердің бір патенттік ведомствасы болуы мүмкін. Өтінімде келісімге отырған мемлекеттер көрсетілуі керек, яғни күзетте сұралатын. 19
Егер ARIPO ведомствасы патентті беру туралы шешім қабылдайтын болса, ол бұны көрсетілген мемлекет бойынша ескертеді, сонымен қатар, алты ай ішінде қарсылық беруі мүмкін, өйткені тіркеу олардың территорияларында таралуы мүмкін. Осы мерзім біткенге дейін ARIPO ведомствасы патентті береді және жариялайды, яғни қарсылық білдірмей, көрсетілген мемлекетке кідірмей күшіне ендіреді. Патенттің қолдану мерзімі әр көрсетілген мемлекеттің ұлттық заң шығаруымен түзетіледі. Өтінімде қорғау құжаты сұралатын келісілген мемлекеттер көрсетілу қажет. Нәтижесінде гармонизацияланған ұлттық патенттердің заң шығарушыларымен келісіп, мерзім уақыты барлық елдерде шығарылған күннен бастап 20 жыл болып бекітіледі. Шет елдік патентпен байланысты барлық шығындарды өтінім беруші немесе басқа азаматтың келісімі немесе заңды тұлға мойнына алады. Салықтың төлемі патенттің заңдарында және арнайы патенттік бюллетенде, мына патенттік ведомствалар – Европалық патенттік ведомства, Евразиялық патенттік ведомства санымен қатар ″өтінім берушілердің басшылары″ - ″PCT 20 Applicat′S Guide″ т. б жарияланады.
4-лекция патент.ppt