МПП эконом.право.pptx
- Количество слайдов: 25
Халықаралық экономикалық құқық
Халықаралық экономикалық құқық түсінігі Халықаралық экономикалық құқық – халықаралық жария құқықтың бір саласы, халықаралық экономикалық қатынастар саласында мемлекеттер мен басқа субъектілер арасындағы қатынастарды реттейтін нормалар мен қағидалардың жиынтығы.
ХЭҚ реттеу объектісі Халықаралық экономикалық құқықтың реттеу объектісі болып экономикалық – тауаралмасушылық, өндірістік, валюталық, каржылық және т. б. – сипаттағы мемлекетаралық қоғамдық қатынастар табылады.
ХЭҚ тарихы Халықаралық экономикалық құқықтың бастау алған кезеңі ұлттар арасындағы сауда қатынастарының дамуымен байланысты. Ежелгі Грецияда полистер арасында исополотия келісімі жасалатын. Ол келісім бойынша келісуші мемлекеттер азаматтарына жергілікті азаматтардың шарт жасасу және жергілікті дәстүрлер бойынша өзге де әрекеттерді жасасу құқығы беріледі. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғанда, БҰҰ-ның құрылуы барысында экономикалық сипаттағы мәселелерді шешудегі мемлекетаралық серіктестікті жүзеге асыру БҰҰ Жарғысында 1 бабтың 3 бөлімінде көрсетілген. 1947 жылы тарихта ең алғашқы көпжақты сауда келісімщарты жасалынды – Тарифтер және сауда бойынша бас келісім (ГАТТ). Кейіннен бұл келісім Дүниежүзілік сауда ұйымын (1995 ж. ) құруға негіз болды.
ХЭҚ жүйесі Жалпы ХЭҚ қағидалары, субъектілердің құқықтық мәртебесі, жауапкершілік пен ХЭҚ-та санкция қолдануды реттейтін нормалар, жалпы ережелер. Ерекше ХЭҚ салашықтары: халықаралық сауда құқығы, инвестициялық құқық, халықаралық қаржы құқығы және т. б.
ХЭҚ қайнар көздері БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциялары 1974 жылғы мемлекеттердің экономикалық құқықтары мен міндеттері хартиясы 1974 жылғы жаңа халықаралық экономикалық тәртіп орнату туралы декларация
ХЭҚ қағидалары 1. Мемлекеттердің өзінің табиғи ресурстарына егемендігі қағидасы 2. Екіжақты пайда қағидасы 3. Мемлекеттердің өзінің экономикалық жүйесін еркін таңдау 4. Мемлекеттердің экономикалық даму құқығы
ХЭҚ мақсаты 1) бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған экономикалық қатынастар мен ынтымақтастықты реттеу; әлемдік экономикалық мәселелерді шешу; экономика облысындағы ғылымитехникалық прогресті дамыту, сонымен қатар жаһандық тұтынушылық, энергетикалық, шикізаттық, көлік, валюталық, қаржылық мәселелерді шешу; 2) мемлекеттердің егеменді теңдігі, мемлекеттердің ішкі ісіне араласпау, жанжақты ынтымақтастық үшін қолайлы жағдайлар туғызу үшін халықаралық міндеттемелерді адал ниетпен орындау, барлық мемлекеттердің олардың әлеуметтік құрылыстарына, территориясының көлеміне, географиялық жағдайына, экономикалық даму деңгейі мен әскери қуаттылығына байланыссыз халықтарының тұрмыстық деңгейлерін көтеру және тұрмыс – тіршіліктерін жақсарту қағидаларына негізделген халықаралық экономикалық қатынастардың орнауына халықаралық-құқықтық құралдармен жәрдемдесу;
ХЭҚ салашықтары Халықаралық сауда құқығы; Халықаралық қаржы құқығы; Халықаралық инвестициялық құқық; Халықаралық транспорттық құқық.
Халықаралық сауда құқығы - бұл халықаралық сауда қатынастарын реттейтін халықаралық қағидалар мен нормалардың жиынтығы. Халықаралық сауда құқығын реттеу екіжақты, көпжақты шарттар мен келісімдер негізінде жүзеге асырылады. Халықаралық сауда құқығы халықаралық экономикалық құқықтың бір салашығы болып табылады.
Ұғымдар Тауар айналымдары туралы келісім – үкімет деңгейінде екі жақты тәртіпте жасалынатын және тауарлардың көлемі, ассортименті және жеткізу мерзімдері бойынша тараптардың міндеттерін белгілейтін келісім. Мысалы, сауда келісімдері, мысалы, 1993 ж. Сауда және экономикалық ынтымақтастық туралы РФ мен Аргентина үкіметтерінің арасындағы Келісім. Мемлекетаралық тауар келісімдері – бұл өндіруші мемлекеттер мен тұтынушылар үшін экспорттық - импорттық квоталарды және осы тауарларға ең жоғары және ең төменгі бағалар шегін белгілеу арқылы шикізат тауарларының (қант, бидай, кофе, қалайы, каучук және т. б. ) халықаралық рыногын тұрақтандыру мақсатында жасалынатын көпжақты келісімдер. Мысалы, 1977 ж. Қант бойынша Халықаралық Келісім.
Қайнар көздері Әмбебап сипаттағы маңызды көпжақты келісімдер: 1980 жылғы тауарларды халықаралық сатып алусату шарттары туралы БҰҰ Конвенциясы 1992 жылғы мемлекеттер ұйымдары арасында тауар жеткізілімі туралы жалпы ережелер келісімі
Сонымен қатар халықаралық саудаэкономикалық қатынастардың дамуына 1964 жылы құрылған Сауда және Даму бойынша БҰҰ Конференциясы (ЮНКТАД) және халықаралық сауда құқығы бойынша БҰҰ Комиссиясы (ЮНСИТРАЛ) үлесін қосады.
Дүниежүзілік сауда ұйымы – халықаралық сауда ережелерін либерализм принциптеріне қарай реттейтін халықаралық экономикалық ұйым, ол 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істей бастады.
Дүниежүзілік сауда ұйымы Алғашқы кезеңде ДСҰ-ға 77 мемлекет кірсе, 2005 жылғы 11 желтоқсандағы соңғы мәлімет бойынша оған 149 ел мүше болды. 2015 жылы 27 шілдеде Қазақстан ВТО-ға кірді.
ДСҰ міндеттері ДСҰ басты міндеті — іркіліссіз халықаралық сауда-саттыққа мүмкіндіктер жасау. Дамыған елдердің бастамасымен құрылған аталған ұйым халықаралық саудада экономикалық өсім мен адамдардың тұрмыс тіршілігін көтеруге ықпал етеді деп есептеледі.
ДСҰ міндеттері Бүгінгі таңда әлемдік сауда жүйесі негізгі бес ұстанымға сәйкес келуі тиіс: — Саудада еш кемсітушіліктің болмау шарты, яғни бірде-бір мемлекет қайсыбір мемлекетке экспорт пен импортқа шектеушілік қоюға құқығы болмайды; — Сауда кедергілерін азайту, немесе қайсыбір елдің нарығына шетелдік тауарлардың келуіне кедергі келтіретін факторларды жою, оларға бірінші кезекте кедендік алымдар мен импорттық квоталар жатады, басқаша айтқанда импортқа қойылатын көлемдік шектеулер; — Тұрақтылық пен сауда шартының алдын-ала болжамдылығы, бұл шетелдік компаниялар, инвесторлар мен үкіметтер қолданыстағы сауда шарттарының кенеттен және бір тараптың еркімен өзгерілмейтініне кепілдік береді;
ДСҰ міндеттері — Халықаралық саудадағы бәсекелестікті ынталандыру, яғни түрлі елдер фирмаларының тең құқықты бәсекелестігі үшін «әділетсіз» тәсілдерді жою, оған экспорттық субсидиялар (экспортшы-фирмаларға мемлекет демеушілігі), жаңа сату нарықтарын иелену мақсатында демпингтік бағаларды пайдалану; — Жоғары дамымаған мемлекеттер үшін халықаралық саудада жеңілдіктер жасау. Нақ осы бап жоғарыда көрсетілген ұстанымдарға кереғар келеді, алайда ол әлемдік шаруашылыққа осал дамыған елдерді тарту үшін қажет болды. Бұл елдер алғашқы кезеңде дамыған мемлекеттермен бәсекелесе алмайтыны айдан анық, сондықтан да нашар дамыған елдерге ерекше жеңілдіктер қарастыру «әділетті» болар деп есептеледі.
Халықаралық қаржы құқығы – мемлекетаралық қаржы және онымен байланысты салалардағы қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы, халықаралық экономикалық құқықтың бір салашығы.
Халықаралық қаржы құқығының түп негізін – Халықаралық валюта қоры және Халықаралық қайта құру және даму банкі құрайды.
Іnternatіonal Monetary Fund Халықаралық валюта қоры (Іnternatіonal Monetary Fund (ІMF) — әлемдік қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатысты туындайтын түйткілдерді зерттейтін және қажет болған жағдайда мүше елдерге қаржылық және техникалық қолдау ұсынатын халықаралық ұйым. Оның штаб-пәтері АҚШ астанасы Вашингтонда орналасқан. Құрамына 184 мемлекет кіреді. ХВҚ — мүше мемлекеттер арасындағы валюта несие қатынастарын реттейтін, төлем теңгерімінің тапшылығынан валюталық қиындықтар туындаған кезде оларға шет ел валютасымен қысқа және орта мерзімді несие беру жолымен қаржы көмегін көрсететін халықар. ұйым. Брет-Будстағы конференцияның(АҚШ‚ 1944) шешіміне сәйкес құрылған. Оған БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі мәртебесі берілген. Ресми мақсаты — валюта-қаржы саласындағы халықар. ынтымақтастыққа және дүниежүз. сауданы дамытуға жәрдемдесу. Қордың активтері, көбінесе қатысушы мемлекеттердің жарналары (үлестері) есебінен құралады.
International Bank for Reconstruction and Development Халықаралық қайта құру және даму банкі (International Bank for Reconstruction and Development) — 1945 жылы құрылған. Қатысушылары — 154 мемлекет. Мақсаттары — мүше мемлекеттерге басымдылықтарды белгілеуде, қоршаған ортаны қорғаудың ұйымдық құрылымын жасау және бағдарламаларын орындауда көмек көрсету; қоршаған ортаға жағымсыз әсерді болғызбау жөніндегі жобаларды қаржыландыру; кедейшілікті жоюда, экономиканың пәрменділігін арттыруда және қоршаған ортаны қорғауда көмек көрсету; Ғаламдық қоршаған орта қорына қатысу. Негізгі қызметі — саяси диалогты қалыптастыру, техникалық көмек көрсету, ғылыми зерттеулер жүргізу және қаражаттық көмекті үйлестіру.
Инвестицияға байланысты мемлекетаралық экономикалық қатыныстарды реттейтін нормалардың жиынтығы халықаралық нвестициялық құқықты құрайды. Мұндағы құқықтық қатынастардың пәні болып кез келген нысандағы инвестициялар, инвестициялық климат, шетелдік инвестициялармен кәсіпорын режимі, бағалы қағаздар, оларға меншік құқығы, қарыздық міндеттемелер және т. б.
Халықаралық көлік құқығы – бұл жолаушылар мн жүктерді тасымалдау бойынша мемлекетаралық қатынастарды реттейтін халықаралыққұықтық қағидалар мен нормалардың жиынтығы.
Орындаған: Асқарбек Еркежан, МП 53
МПП эконом.право.pptx