zhaponia.ppt
- Количество слайдов: 17
Халықаралық қатынастардың қазіргі кезеңдегі мәселелерін шешудегі ұлттық мемлекеттің рөлі Жапония
Жапония — күн-шығыс елі Астанасы – Токио. Аумағы: 372. 6 мың км 2. Ірі 4 және 4 мыңдай ұсақ аралдан құоалған (Хоккайдо, Хонсю, Сикоку, Кюсю). Халқы – 128 млн адам (2004 ж. ) Мемлекеттік құрылымы – конституциялық монархия Мемлекет басшысы – император Үкімет басшысы – премьер-министр Заң шығарушы органы – парламент Мемлекеттік тілі – жапон тілі Ұлттық валютасы – жапон йенасы
Жапония императоры 1989 ж 7 қаңтардан бері Акахито
Жапония премьер-министрі 2012 ж 26 желтоқсанан бері Синдзо Абэ
Геосаяси жағдайы Жапония Тынық мұхитқа шығатын ыңғайлы теңіз коммуникациясына ие. Жапонияның геосаяси жағдайын тиімді деп айтуға болады. Олардың негізгілері: Еуразия континентіне әсіресе Қытайға жақын орналасқан. Оңтүстік Шығыс Азия елдерімен экономикалық қарым- қатынас жасауға тиімді. Осы жағдай жапонияға энергияны, материалды көп қажет ететін экологиялық лас өндірістерді көрші елдерге орналастыруға мүмкіндік береді. Осы аймақта Жапония АҚШ және Батыс Еуропа елдерімен тығыз экономикалық қатынас жасайтын елдерінің бірі.
Көлік -автомобиль және темір жол көлігі басты роль атқарды. -теңіз көлігімен де тасымалданады. Ірі порттар: Кобе, Нагойя, Йокогама. Автомобиль өнеркәсібі халықаралық мамандау саласы, дүние жүзінді 1 -ші орын алады. Жылына 12 млн. автомашина шығарады. Соның 8 млн-ы жеңіл автомобильдер. Атақты автомобиль маркалары “Тойота”, “Ниссан”, “Хонда”. Кеме жасау да осыдеңгейде. Радиоэлектроника, телевизор, робот жасау, электронды-есептеуіш техника – Жапонияның дүние жүзінде алдыңғы орынды иеленген салаларының бірі.
Экономикалық дамуы Ел қысқа мерзім ішінде ғылымда, техникада, білім беруде, өнеркәсіп пен саудада үлкен жетістіктерге жетіп, қарыштап алға басты. Жапония дүние жүзіндегі ең басты несие беруші елге айналды. Энергетика, металлургия, автомобиль және кеме жасау, химия, мұнай-химия, құрылыс өнеркәсібі сияқты базалық салалар импорттық шикізат арқылы қайта құрылған болатын. Ғылым электроника, жұмыс техникасы, биотехнология салаларында жетекші орынға ие болып, дәстүрлі қуат көздерін пайдалануға кірісті. Жапония ғылымды қаржыландыру үлесі жағынан дамыған елдердің ішінде бірінші орын алады. Жапония белсенді сауда балансына ие. Дүние жүзінің көптеген елдері жапон фотоаппаратын, бейне үнтаспаларын, калькуляторын, сағатын, автомобилі мен мотоциклін сатып алады. Жапония – барлық Азия – Тынық мұхит аймағы елдерінің басты сауда серігі. Ал, жолаушылар тасымалдайтын темір жолдарының молдығы жөнінен дүние жүзінде бірінші орын алады.
2003 жылы Ұлттық хартияға өзгерістер енгізілген болатын. Жапонияның осы бағыттағы стратегиялық жоспары бес мақсатқа негізделген: 1. Дамушы елдердің бастамаларына көмек көрсету; 2. Адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 3. Адалдық пен әділдік кепілдігі; 4. Жапонияның техникалық тәжірибесін пайдалану; 5. Халықаралық қауымдастықпен әріптестік және ынтымақтастықты нығайту;
1999 жылы қабылданған құжат бойынша мынандай салалар да қолдау шараларын жүзеге асыру жүктелген: 1. Кедейлікпен күрес; 2. Экономикалық, әлеуметтік инфрақұрылымды жетіл діру ; 3. Адам ресурстарын дамыту; 4. Жаһандық мәселелерді шешуге атсалысу; 5. Азиядағы экономикалық дағдарысты өткеру бағдарламасы
Жапония және жаһандық мәселелер Жапония жаһандық мәселеге экологияны, азық түлік тапшылығын, энергетика, демографиялық мәсе лелерді іргізіп отыр. 1958 жылы құрылған к Жапонияның «Сыртқы саудаға қолдау көрсету» ұйымы да әлемдік экономиканың дамуына үлкен қарқын берді. 1992 жылы «Халықаралық бейбітшілік пен ынтымақтастық туралы» заң қабылдаған Жапония «Үлкен сегіздіктің» басшыларының басқосуын 2000 жылы Окинава аралында өткізді.
Жапонияның әлемдік қауымдастықтағы орны Жапония БҰҰ на 1956 жылдың 18 желтоқсанында мүше болды. Содан бері Күншығыс елі ұйымның Қауіпсіздік Кеңесіне екі жылдық мерзіммен тоғыз мәрте мүше болды. 1960 жылдан бері Экономикалық кеңесінің тұрақты мүшесі болып табылатын Жапония 1996 жылдан бері БҰҰ ның қаржылай шығысының басым бөлігін көтеріп, бұл жөнінен АҚШ тан кейінгі екінші орында тұр. 1996 жылы 16 пайыз болса, 2001 жылы 19, 63, 2002 жылы 19, 67, 2003 жылы 19, 52 пайыздық бюджет шығыны Жапония тарапынан төленген. БҰҰ ның халықаралық бейбітшілікті нығайтудағы жұмысына белсене атсалысып келе жатқан Жапония дүниежүзілік қауымдастықта өз орны бар мемлекет.
Халықаралық дипломатия ортақ әдеп нормаларына бағынады. Жапон дәстүріндегі иіліп амандасудың үш түрі де дипломатиялық қатынастар барысында орындалады. Жапондар қол алысып амандасудан бас тартпағанмен, амандасудың ұлттық стилін сақтауға тырысады. Жапон дипломатиясының бірегейлігін америкалық, еуропалық мамандар әлдеқашан мойындаған. Қазіргі халықаралық аренадағы келіссөздер кезінде шалқайып, талтайып отырмау, дөрекі қалжыңдамау, қарқылдап күлмеу, алабажақ киінбеу сияқты ережелердің барлық жағдайда сақтала бермейтіні байқалып жүр. Осы тұрғыдан алғанда жапон дипломатиясы халықаралық стандарттарды сақтай отырып, ұлттық нышанынан айрылмаған мықты мектеп екендігін көрсетті. Барлық дәстүр нормалары халықаралық қатынас кезінде де мүлтіксіз орындалатынын дәлелдеген Жапония ұлттық дипломатиясы да мы ған мемлекет екендігі сөзсіз. Жапон дипломатиясы
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: І Дерек көздері: 1. Акт о капитуляции Японии // Хрестоматия по новейшей истории, том 2, издательство социально экономической литературы, М. , 1960, с. 667 669 2. Антикоминтерновский пакт // Хрестоматия по новейшей истории, том 1, издательство социально экономической литературы, М. , 1960, с. 250 252 3. Меморандум Танака Гиити // Хрестоматия по новейшей истории, том 1, издательство социально экономической литературы, М. , 1960, с. 732 4. Конституция Японии 1947 г. //Хрестоматия по внешней истории, том ІІІ М: издательствосоциально эканомической литературы 1960, с 689 709 Япония наших дней. М: Наука, 1978 г 6. Е. Ыдырысрв. Қазақыстан мен Жапония ынтымақтастығының белестері. // Егемен Қазақыстан, 1999 ж. 4 желтоқсан
ІІ Зерттеу еңбектері: 1. Аварин В. Борьба за Тихий океан ОГИЗ, Государственное издательство политической литературы, 1947 2. Бережков В. М. Страницы дипломатической истории М. , Международные отношения, 1987 3. Сиполс В. Я. Дипломатическая борьба накануне второй мировой войны М. , Международные отношения, 1989 4. Макаров А. А. Политическая власть в Японии. М: Наука, 1988 г.
III Әдебиеттер тізімі: 1. Н. Ә. Назарбаев Сындарлы он жыл, Алматы, 2001. 59 б. 2. Тоқаев Қ. Қ. Қазақыстан Республикасының дипломатиясы. А. , 2002. 238 б. 3. История дипломатии, том 4, издательство политической литературы, М. , 1975 4. Кузнецов Ю. Д. , Навлицкая Г. Б. , Сырицын И. М. История Японии М. , Высшая школа, 1988
Назарларыңызға рахмет! Орындаған: Нұрлықұлова Айжан Абдыкалыкова Ажар Аймақтану 21 топ Қабылдаған: т. ғ. к. , доцент Идрышева Ж. Қ
zhaponia.ppt