ОЗ 2.pptx
- Количество слайдов: 4
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексі 1. Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға, жолын кесуге, сондай-ақ халықтың денсаулығын сақтау және мекендеу ортасын қорғау мақсатында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер мен гигиеналық нормативтердiң сақталуын бақылауға бағытталады. 2. Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектiлерi жеке және заңды тұлғалар, жайлар, ғимараттар, өнеркәсiп орындары, өнiм, жабдық, көлiк құралдары, су, ауа, тамақ өнiмдерi және қызметi, пайдаланылуы, тұтынылуы, қолданылуы мен iске қосылуы адамның денсаулық жағдайы мен қоршаған ортаға зиян келтiруi мүмкiн өзге де объектiлер болып табылады. Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын объектiлер мен өнiмдер тiзбесiн уәкiлеттi орган айқындайды.
• 3. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады. Тексеру "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттiк бақылаудың өзге де нысандары осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады. 4. Осы Кодекске сәйкес мемлекеттiк санитариялықэпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыруға уәкiлеттi санитариялық-эпидемиологиялық қызметтiң лауазымды адамдары:
• 1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк санитариялық дәрiгерi және оның орынбасарлары; 2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органның басшылары мен мамандары; 3) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органының тиiстi аумақтардағы және көлiктегi аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары - тиiстi аумақтардағы және көлiктегi бас мемлекеттiк санитариялық дәрiгерлер, олардың орынбасарлары және мамандар;
• 4) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын өзге де мемлекеттiк органдар бөлiмшелерiнiң басшылары мен мамандары болып табылады. 5. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын өзге де мемлекеттiк органдар бөлiмшелерiнiң басшылары Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк санитариялық дәрiгерiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады. 6. Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарының басшылары лауазымына Қазақстан Республикасының санитариялық -эпидемиологиялық бейiндегi жоғары медициналық бiлiмi бар азаматтары тағайындалады.
ОЗ 2.pptx