08b5fa1b549c9e0c7d4e493c498abc88.ppt
- Количество слайдов: 19
ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДОВ АТЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МЕКТЕБІ ШКОЛА ОБЩЕСТВЕННОГО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ ИМЕНИ ХАЛЕЛА ДОСМУХАМЕДОВА SCHOOL OF PUBLIC HEALTH AFTER KHALEL DOSMUKHAMEDOV
Х. ДОСМҰХАМЕДОВ АТЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МЕКТЕБІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ Х. Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі Денсаулық сақтау саясаты және басқару кафедрасы Дәлелді медицина орталығы «Қысқы мектеп» «Жазғы мектеп» Жастар Денсаулық Орталығы Ғылыми бөлім (зертхана) «Денсаулық адвокаты» клубы
30. 11. 09 ж. -04. 12. 09 ж. аралығында Университеттің 18 профессорлық- оқытушылық құрамы мен 32 магистранттары қатысуымен «Дәлелді медицина және қоғамдық денсаулық сақтау менеджменті» атты семинары өткізілді. Семинарды Израильден шақырылған қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы мамандар Aviv Zohar RN, MA – Director of Nursing Internal, Cardiology & Geratric Division, Ella Muller RN, MA - Director of Nursing Division of Oncology & Hematology өткізді. Қатысушыларға халықаралық деңгейдегі сертификат берілді.
ПРОФЕССОР ТУЛЕБАЕВ К. А. , ЗОАР АВИВ, ЭЛЛА МУЛЛЕР
«ДӘЛЕЛДІ МЕДИЦИНА ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МЕНЕДЖМЕНТІ» СЕМИНАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНАН КӨРІНІС
02. 12. 2009 ж. Университет күніне орай «Қан айналым жүйесі ауыруларын алдын-алу шаралары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Конференция жұмысына 43 адам қатысты. Олар: профессорлық-оқытушылық құрам, магистранттар, шақырылған қонақтар. Қазақстанның, Израилдің қоғамдық денсаулық сақтаудағы белгілі мамандары баяндама жасады.
ПРОФЕССОР ТУЛЕБАЕВ К. А.
ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДАҒЫ ЖӘНЕ ФАРМАЦИЯДАҒЫ МЕНЕДЖМЕНТ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ, М. Ғ. Д. ТОКМУРЗИЕВА Г. Ж.
26. 01. 2010 Ж. -29. 01. 2010 Ж. АРАЛЫҒЫНДА «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» АТТЫ БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫСҚЫ МЕКТЕП ЖҰМЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ. Қысқы мектеп жұмысында төмендегі оқу орындарының «Медициналық Университет-Астана» АҚ, Қарағанды Мемлекеттік Медициналық Университеті, Семей Мемлекеттік Медициналық Университеті, М. Оспанов атындағы Батыс-Қазақстан Мемлекеттік Университеті, Қырғыз Медициналық Университеті (Бішкек қаласы), С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университетінің қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің, медикопрофилактикалық факультетінің 5 курстық 31 студенттері қатысты.
Сабақтарды (лекциялар, семинарлар, талқылауларды) Ресей, Қырғызстан, Қазақстанның қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы жетекші ғалымдар мен мамандар өткізді, олар: академик В. Кучеренко, академик Т. Шарманов, профессор А. Ақанов, профессор М. Құльжанов, профессор Т. Рахыпбеков, профессор Қ. Төлебаев, профессор М. Асімов және т. б. Тренингтерді өткізуге алдын ала дайындалған ҚазҰМУ-нің «ТОР-100» студентері және магистранттар тартылды. Қысқы мектеп жұмысы аяқталысымен студенттерге қатысу сертификаттары, ал лекторларға – алғыс хаттар тапсырылды.
АКАДЕМИК ШАРМАНОВ Т. Ш. Ж ӘНЕ ПРОФЕССОР АКАНОВ А. А. ҚЫСҚЫ МЕКТЕБІН САЛТАНАТТЫ АШУ РӘСІМІНДЕ
«ТОП-100» СТУДЕНТТЕРІМЕН TEAM BUILDING
2010 ЖЫЛДЫҢ 27 ҚАҢТАРЫНДА Х. ДОСМҰХАМЕДОВ АТЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МЕКТЕБІ НЕГІЗІНДЕ «ӘЛЕМДЕГІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ: ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ БОЛАШАҚ» ТАҚЫРЫБЫНДА «ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ» ӨТКІЗІЛДІ. Дөңгелек үстелдің негізгі қатысушылары: академик В. Кучеренко (Ресей), академик Т. С. Мейманалиев (Қырғызстан), профессор А. Ақанов, профессор М. Құлжанов (ЖДСМ), профессор Т. Рахыпбеков (Семей мемлекеттік Медициналық Университеті), м. ғ. д. У. Ахметов, профессор Қ. Төлебаев, профессор О. Жүзжанов (Медициналық Университет-Астана), профессор Г. Нұрғазина, доцент А. Айкешова (Медициналық Университет-Астана), профессор Ж. Базарбек (Семей мемлекеттік Медициналық Университеті), профессор Н. Молдашев (М. Оспанов атындағы Батыс-Қазақстан Мемлекеттік Университеті), доцент А. Еремеев (Қарағанды Мемлекеттік Медициналық Университеті), профессор М. Бөлешов (Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті), м. ғ. д. , Г. Тоқмұрзиева, м. ғ. д. , Г. Каусова (ЖДСМ), профессор Т. Хайдарова (СӨСҚПҰО), доцент А. Арынғазина (ЖДСМ), профессор М. Қамалиев, профессор А. Саттаров, м. ғ. д. , Б. Тұрдалиева және «Денсаулық сақтау саясаты және басқару» кафедрасының қызметкерлері, 1, 2 курс магистранттары.
АКАДЕМИК КУЧЕРЕНКО В. З. (РЕСЕЙ), ПРОФЕССОР АКАНОВ А. А.
ПРОФ. ЖУЗЖАНОВ О. Т. , ПРОФ. РАХЫПБЕКОВ Т. К. , ПРОФ. САТТАРОВ А. И. , ДОЦЕНТ ЕРЕМЕЕВ А. М. , М. Ғ. Д. ТОКМУРЗИЕВА Г. Ж.
«ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» АТТЫ ЖЫЛДА ӨТЕТІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫСҚЫ МЕКТЕПТІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ Мақсаты – заманауи технологияларды пайдалану және халықаралық білім беру кеңістігіне бірігу арқылы студенттердің, медициналық жоғарғы оқу орындарының дайындығын жоғарылату. Міндеттері: Студенттерді қоғамдық денсаулық сақтаудағы өзекті сұрақтарды, дәлелділіктерді, қазіргі замандағы денсаулық сақтау мәселелерін шешудің негізгі принциптерін үйрету. Медициналық ақпараттың жаңаруы мен ғаламдануына байланысты қоғамдық денсаулық сақтау саласында студенттердің білімін кеңейту. Қоғамдық денсаулық сақтауда жаңа технологиялар мен көзқарастарды қолданып, студенттердің ақпаратты саралауы мен сыни ойлау қабілетін қалыптастыру. Әлемдік деңгейдегі озық білімді енгізу және ЖОО арасындағы білім байланысын қалыптастыру.
«ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫҢ ТАҢДАУЛЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ» АТТЫ ЖЫЛДА ӨТЕТІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАЗҒЫ МЕКТЕПТІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ Мақсаты – халықаралық білім беру аясында заманауи технологияларды қолдана отырып, дипломнан кейінгі деңгейде медициналық мамандар дайындығын жоғарылату. Міндеттері: 1. Дәлелдеу қағидасына орай бүгінгі таңдағы денсаулық сақтау мәселесін шешуде, қоғамдық денсаулықты сақтауда магистранттарды өзекті мәселелермен таныстырып, көзқарастарын зерделеу. 2. Медициналық ақпараттың жаңаруы байланысты қоғамдық денсаулық магистранттардың білімін кеңейту. мен ғаламдануына сақтау саласында 3. Қоғамдық денсаулық сақтауда жаңа технологиялар мен көзқарастарды қолданып, магистранттардың ғылыми ақпаратты саралауы мен сыни ойлау қабілетін қалыптастыру. 4. Әлемдік деңгейдегі озық білімді кірістіру және ЖОО арасындағы білім байланысын қалыптастыру.
ЖАСТАР ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ Мақсаты – денсаулықты нығайту, аурулардың алдын алу және қауіпті мінез-құлық факторлары аясында студенттік жастарды ынталандыру. Міндеттері: Коммуникативті дағдыларға оқыту, ақпаратты– білім материалдарына дайындау дағдылары және салауатты өмір сүру насихатының технологияларына үйрету. Студенттік жастар арасында салауатты өмір салтын енгізуде өмірлік дағдыларды қалыптастыру және мотивация жасау. Салауатты өмір салты үшін ұлттық студенттік қозғалыс жасау және дамыту.
ЗЕЙІН ҚОЙЫП ТЫҢДАҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!
08b5fa1b549c9e0c7d4e493c498abc88.ppt