лекция 7 философия.pptx
- Количество слайдов: 26
ХҮІІІ ғасырдағы Еуропаның Ағартушылық философиясы. Классикалық неміс философиясы. 1. Ағартушылық философиясының ерекшелігі. 2. Француз ағартушылары: Шарль Луи де Монтескье , Франсуа Мари Аруэ Вольтер, Жан–Жак Руссо. 3. Немiс классикалық философиясы: Иммануил Кант, Георг Вильгельм Фридрих Гегель, Людвиг Фейербах
Ағартушылық философиясының ерекшелігі ХVIII ғасырда Еуропа топырағында дүниеге келген философияға Ағарту философиясы деген атақ берiлдi. § Бiрiншiден, олар дiннен аулақ, ғылымға жақын, ағарған бiлiмдi, болмыс жөнiнде айқын, түсiнiктi философиялық қағидалар тудырғысы келедi. • Екiншiден, олар халықты надандықтың құрсауынан шығарып, оларға бiлiм берiп, көздерiн ашып, қалайша ақылой арқылы бақытты өмiр орнатуға болатыны жөнiнде насихат жүргiзедi. • Немiстiң ұлы философы И. Канттың айтуына қарағанда, Ағарту дегенiмiз - әлеуметтiк алға жылжудағы ақыл-ойдың, зерденiң кеңiнен пайдалануы, адамдар моральдық және бiлiмдiк жағынан жетiлiп, қараңғылық пен надандықтан құтылған ерiктi қоғам құрады деп есептейдi.
Француз ағартушылары • Дүниежүзiлiк философия тарихында Француз ағартушыларының орны ерекше. Бұл философиялық-саяси бағыттың негiзiн қалаған Вольтер мен Монтескье болды. • Дiн, табиғатты түсiну, қоғам, мемлекеттiң құрылымы мен басқарылуы - бәрi де үзiлдi-кесiлдi сыннан өттi, бүкiл бұрынғы қалыптасқан көзқарастардың көпшiлiгi терiске шығарылып Дүниеге деген жаңа таным қалыптаса бастады. • Француз ағартушыларының еңбектерiнде табиғат және ондағы адамның орнына деген материалистiк көзқарас қалыптаса бастады. • Егер ағылшын ағартушыларының көбi король билiгiн жақтап, я болмаса аристократияны қолдаса, француз ойшылдары феодалдық тәртiпке үзiлдi-кесiлдi қарсы шығып, саяси-құқтық мәселелердi күн тәртiбiне ашық та айқын қоя бiлдi.
Монтескьенiң философиялық көзқарастары Шарль Луи де Монтескье (1689 - 1775 ж. ж. ) француз ақсүйек семьясында дүниеге келедi. Негiзгi еңбектерi “Персиялық хаттар , “Заңдардың рухы жөнiнде , “Римдiктердiң өрлеуi мен құлдырауының себептерi. Өзiнiң ең алғашқы “Персиялық хаттар атты еңбегiнде Монтескье монархиялық тәртiптi, ақсүйектердiң дүние шашуын, дiни қызметкерлердiң екiжүздiлiгiн айыптап оларды Шығыстағы “Азиаттық деспотиямен салыстырады. Әсiресе, ол христиан дiнiн қатты сынайды. Христиан дiнi сүйiспеншiлiк дiнi болуға тырысқанымен өзiнiң тарихында талай -талай қақтығыс пен соғыстарды әкелдi. Бiрақ, ол Құдай идеясын толығынан терiске шығарған жоқ. Құдай өзiнiң құдiреттi күшiнiң негiзiнде табиғатты және оның заңдылықтарын тудырды, ал содан кейiн Ол табиғаттың әрi қарай өмiр сүруiне килiкпейдi. Екiншiден, ол дiнге гуманистiк- өмiрлiк бағыт бергiсi келдi.
• Монтескье “Римдiктердiң өрлеуi мен құлдырауы жөнiнде деген еңбегiнде, “әрбiр мемлекеттiң өрлеуi мен құлдырауының, күшейуi мен әлсiреуiнiң жалпы рухани және физикалық себептерi бар , - деген тұжырымға келедi. • Көне замандағы Римдiктердiң өрлеп күшеюiн Монтескье азаматтық құндылықтардан, адамдардың өздерiнiң жеке мүдделерiнен гөрi қоғамның жалпы мүддесiн жоғары қойып, соны жан-тәнiн салып қорғауға тырысқанынан көредi. • Монтескьенiң “Заңдардың рухы жөнiнде деген еңбегiнде қоғамның өмiр сүруi мен дамуын заңдардың сапалығымен байланыстырады. Егер белгiлi бiр қоғамның ерекшелiгiн түсiнгiңiз келсе, онда сол елдегi қабылданған заңдарды зерттеңiз. Қоғам жөнiндегi мұндай түсiнiктi жүре келе ғалымдар “заңдық көзқарас деп атап кеттi.
Монтескье құқықтың үш түрiн анықтайды. 1. Халықаралық құқықтар-мемлекет, халықтар арасындағы қарым-қатынастарды ретке келтiредi. 2. Саяси құқықтар-мемлекеттегi басшылар мен халықтың арасында-ғы қатынастарды ретке келтiредi. 3. Азаматтық құқтар - адамдардың өзара қатынастарын ретке келтiредi.
Монтескье мемлекеттi басқарудың үш түрiн көрсетті: республика, монархия және деспотия. Деспотиялық басқару ешқандай заңдылықты мойындамайды. Оның өзi елдi бақытсыздыққа әкелiп, неше-түрлi зорлық-зомбылыққа жол бередi. Республикалық басқару саяси заңмен бекiтiлген бостандықтардың негiзiнде iске асады. Монархиялық басқару жүйесi жоғарыда көрсетiлген басқару-лардың екi ортасында орналасқан. Шынайы саяси бостандық болу үшiн басқару жүйесiнде заң беру, атқару және сот билiктерi бiр-бiрiнен бөлiнуi қажет.
• Ал ендi “заңдардың рухына келер болсақ, олардың әрбiр елдердегi ерекшелiктерi көп жағдайлармен байланысты. Олар жердiң құнарлығы, ауа-райы, таулы-жазықтығы, әдетғұрыптар, дiни сезiмдер, халықтың саны мен материалдық қалақуалы, заң берушiлердiң мақсаты, саяси билiктiң, елдегi жалпы тәртiптiң көрiнiстерiмен байланысты, - деп қорытады ұлы ойшыл. Мұндай көзқарасты әдебиетте “географиялық детерминизм (себептiлiк) деп айтады. • Сондықтан, ыстық ауа-райында өмiр сүретiн халықтар құлдыққа келдi де, суық жерде өмiр сүретiн халықтар өздерiнiң бостандығын сақтап қалды, - деп ойлайды Монтескье. Әрине, бүгiнгi таңдағы адамдар мұндай көзқарасқа күлкiлi көзбен қарауы әбден мүмкiн.
Франсуа Мари Аруэ Вольтер (1694 -1778) француз ағартушыларының ұлы өкiлi. Негiзгi еңбектерi: “Философиялық хаттар , “Метафизикалық трактат , “Тарих философиясы т. с. с. Вольтердiң дүниетанымдық көзқарастарының негiзiнде сол кездегi кеңiнен тараған деистiк материализм болды. Дүниедегi сан-алуан материалдық заттар мен құбылыстар жөнiндегi деректердi бiз сезiмдiк тану арқылы аламыз деді. Демокрит пен Эпикурдың атомистiк көзқарасын қолдап, Вольтер “дүниенiң элементтерi материалдық және олар өткiзбейтiн созылған субстанция , - деген пiкiрге келедi. Сонымен қатар, И. Ньютонның ашқан тарту қасиетiн қолдап, оны ол материяның негiзгi қасиеттерiнiң бiрi және табиғаттың әлi ашылмаған сан-алуан қасиеттерi бар деген тұжырымға келедi.
Қоғам өзiнiң iшiнде миллиондаған адамдарды бiрiктiргеннен кейiн олардың моральдық және құқтық қарым-қатынастары саяси заңдар мен ережелер арқылы ретке келтiрiледi. Оларды адамдардың өзi тудырады. Оған Құдайдың еш қатынасы жоқ. • Моральдық табиғи заң - ол “өзiңе не қаласаң, басқаларға да соны жаса , - бүкiл адамзатқа тән нәрсе. Құдай болмаса адамдар ойларына не келсе соны iстейдi, тiзгiнсiз кетедi, - деген осы уақытқа дейiн кең тараған пiкiрге қарсы шығып, Вольтер ондай адамдарды қоғамның өзi-ақ неше-түрлi заңдар арқылы ауыздықтай алады деген пiкiрге келедi. • Екiншiден, халықтың өзi-ақ ондай адамдарға терiс қарайды бұның өзi ондай адамдарға ең күштi тiзгiн. Олай болса, әр адам жетiле келе қоғам өмiрiнде өзiн таза ұстау керектiгiн, өзiнiң басқа адамдар алдындағы борышын бұлжытпай орындау қажеттiгiн түсiнiп орындайды, - деп қорытады Вольтер. •
• Вольтер өз заманына - ХҮIII ғасырға көп үмiт артады, өйткенi ғылымның дамуы, өнердiң өрлеуi, зердеге негiзделген философиялық ойлар кеңiнен тарап халық бұқарасының рухани деңгейiн өсiрiп жатыр. • Ал мұндай өрлеу Вольтердiң ойынша өкiмет билiгiне “ағарған дана патшаның келуiне себеп болады. Ол қоғамдағы залымдықты құртып, адамдардың бақытты өмiр сүруiне керектi жағдайларды жасайды, - деген оптимистiк өмiршеңдiк оймен өзiнiң тарих философиясын аяқтайды. • Тарих- үлкен оқытушы. Өткендегi болған кемшiлiктер мен қаталықтарды бiлген халық қана оларды өзiнiң болашақ өмiрiнде қайталамайды, - дейді.
• • Жан–Жак Руссо (1712 -1778 ж. ж. ) Швейцариядағы Женева қаласында сағат жөндеушiнiң семьясында дүниеге келедi. Негiзгi еңбектерi “Қоғамдық шарт жөнiнде , “Эмиль, я тәрбие жөнiнде т. с. с. Ж. Ж. Руссо адам мәселесінде- өзiнiң табиғи жағынан алсақ, адам iзгiлiкке ұмтылатын пәнде. Егер адам iзгi iс-әрекет жасап, өзiнiң өзiмшiлдiгiмен күресе бiлсе, оның бұл қасиетi терең етек жаяды. Бiрте-бiрте iзгiлiкке ұмтылу қажеттiкке айналып адамға рахат әкеледi. Басқалардың алдындағы адамның борышы-ол iзгiлiктiң сыртқы көрiнiсi ғана. Ал табиғи сезiмнен шығатын басқа адамдарға деген iзгi iс-әрекет-ол ең биiк дәрежедегi адамгершiлiк, - деп қорытады Руссо. Бiрақ, адамның басқаларға деген iзгi сезiмiн дамытуға тежеу жасалса, ол өзiнiң қарама-қарсылығына айналып эгоизмдi, яғни өзiмшiлдiктi тудырады. «Адам еркін болып туылады, ал қоғам оны құл етеді» .
Руссо адамды тәрбиелеу мәселелерiне де көп көңiл бөледi. Тәрбиелеу дегенiмiз табиғаттың адамға берген туа бiткен дарын бiрте-бiрте дамытып. Адамға еркіндік, тәуелсiз пiкiр айту сезiмдерiн қалыптастыру қажет. Ұсынған идеялары: прогресс, адамға және табиғатқа табыну; мінсіз мораль; қоғамдық келісім. Тәрбие жолында еңбек етуге үйретудiң орны ерекше. Iзгiлiктi сүйу үшiн балаға iзгiлiктi iстердi жасату керек. Тәрбие жолында баланың денесi мен ақыл-ойының дамуы бiр-бiрiне ауысып қатар жүрiп отыруы керек. Тәрбие жолында тiкелей зорлық жасамай баланың дамуына астыртын ықпал жасау керек. Теңсіздіктің үш түрі: физикалық, материалдық (мүліктік), саяси.
• Немiс халқының рухы тудырған ХҮIII- ХIХ ғғ философияға Ф. Энгельс “немiс классикалық философиясы деген ат қойған. Мұның өзiнен бiз өте биiк бағаны, деңгейдi сезiнемiз, өйткенi, “классика деп адамзат тарихындағы қоғамның қайсыбiр саласындағы мәңгi өшпес жетiстiктердi айтамыз. • Ал немiс классикалық философиясының өкiлдерiне келер болсақ - И. Кант, Г. Гегель, И. Фихте, Ф. Шеллинг, Л. Фейербах. • Өз заманының ең биiк деңгейiне көтерiлген немiс философиясы сол кездегi басқа Еуропа елдерiне қарағанда әлеуметтiк-экономикалық жағдайы анағұрлым артта қалып қойған елде пайда болады. Мұның өзi қоғамның материалдық дамуы мен оның рухани деңгейi әрқашанда бiр-бiрiне сәйкес келе бермейтiнiн көрсетедi.
• Сол кездегi немiс елi жүздеген кiшiгiрiм мемлекеттерден тұрған болатын. Бұл елдердегi әрбiр князь, граф, герцог өзiн дана елбасы ретiнде көрсеткiсi келiп, ұлы ойшыл, жазушы, суреткер, әуеншi т. с. с. адамдарды өздерiне тартып, олардың өмiрге керек қаражаттарын өз мойындарына алып, шығармашылық еңбекпен айналысуға мүмкiншiлiк жасады. • Уақытында Ф. Ницше айтқандай, шығармашылықпен айналысуға, бiрiншiден, бос уақыт, екiншiден, адам күнбе-күнгi материалдық мұқтаждықтардан құтылуы қажет. • Бiрақ, соған қарамастан, олар өздерiнiң философиясында, астыртын түрде болса да, сол кездегi халықтың аянышты жағдайына қарсы шығып, адам рухани пәнде ретiнде жағалай ортаны өзгерте алатындығы және өзгерту керектiгi жөнiнде тамаша ойларды философияға еңгiздi. Ол үшiн олар философияға диалектиканы, яғни даму тұжырымдамаларын өмiрге еңгiздi.
И. Канттың өмiрi мен шығармашылық жолы Иммануил Кант (1724 -1804) Шығыс Пруссиядағы Кенигсберг (қазiргi Калининград) қаласында дүниеге келiп өмiр бойы сол жерде өмiр сүрген. • И. Кант 1745 жылы жергiлiктi университеттi бiтiргеннен кейiн жаратылыстану мәселелерiмен айналысады. Тек 1770 жылдан бастап өмiрiнiң соңына дейiн философиямен шұғылданады. И. Канттың бұл өмiр кезеңiн “сындық кезең деп зерттеушiлер атап кеткен. • Себебi, И. Канттың бұл уақытта жарыққа шығарған үш негiзгi еңбектерi “сын деген сөзден басталады. “Таза зерденi сынау -негiзiнен дүниетаным мәселелерiне арналған, “Практикалық зерденi сынау - мораль мәселелерiне, “Пайымдау қабiлетiн сынау - табиғат философиясы мен өнер мәселелерiне арналған. •
• Өмiрiнiң “сындық кезеңiнде И. Кант өзiнiң алдына бiрнеше көлемдi философиялық сұрақтарды қойып, соларға жауап беруге тырысады. Олар: “Мен ненi бiле аламын , “Мен не iстеуiм керек , “Мен не нәрсеге үмiттене аламын , “Адам дегенiмiз не және ол өзi не бола алады . • И. Канттың гносеология (таным) саласында жасаған коперникандық төңкерісі мен нені біле аламын? деген сұраққа жауап беруiнен шығады. • Бiрiншiден, И. Кант бiлiмдi екiге бөледi. Олар тәжiрибелiк (апостериорлық) бiлiм және априорлық (яғни тәжiрибеден бұрын, таза, оны тiптi туа бiткен деген мағнада да түсiнуге болады, өйткенi ол тәжiрибеге дейiн бiзге берiлген).
• Әлем мәселесiне келер болсақ, ол жөнiнде И. Кант төрт тұжырым жасап, оған қарсы тұрған төрт пiкiр келтiредi. Ойшыл оны антиномия дейдi, өйткенi, бiрiншi тұжырым мен оған қарсы бағытталған тұжырымның екеуi де тең дәлелденедi. Осының әсерiнен зерде шешiлмейтiн қайшылыққа келiп тiреледi. И. Канттың төрт антиномиясы: 1. Әлемнің бастау көзі бар және ол кеңістікте шектеулі. – Әлемнің бастау көзі жоқ және ол кеңістікте шектелмейді. 2. Әрбір күрделі субстанция қарапайым бөлшектерден тұрады. – Ешқандай зат қарапайым бөлшектерден тұрмайды. 3. Әлемде еркіндік бар. – Әлемде еркіндік жоқ. 4. Әлемде себеп бар. – Әлемде ешқандай себеп жоқ. Антиномиялар болғандықтан, ақыл-ой әлемді тани алмайды, әлем бұл- «өзіндік зат» .
• И. Кант «Таза зердеге сын» еңбегінде «трансцендентальды логика» категориясының пайда болуын қарастырады. • Трансцендентальды- латын тілінде-аттап өту деген мағынадан шығады. Философияда білім, ұғым, сана. Идея тәжірибе арқылы пайда болмайды, одан аттап өтеді. Ал тәжірибе білімдердің жиынтығынан пайда болады.
Гегель - немiс классикалық философиясының шыңы • Георг Вильгельм Фридрих Гегель (1770 -1831 ж. ж. ) Германияның Штутгарт қаласында лауазымы биiк шен иесiнiң жанұясында дүниеге келген. Гимназияны үздiк бiтiрiп, 1788 -1793 ж. ж. Тюбинген теологиялық институтында оқиды. 1801 ж. бастап Иена университетiнде ғылыми-педагогикалық жұмыс атқара бастайды. • Негiзгi еңбектерi: “Рухтың феноменологиясы (құбылысы) , “Логика ғылымы , “Философиялық ғылымдардың энциклопедиясы , “Құқ философиясы , “Эстетикаға арналған лекциялар т. с. с. •
• Гегельдің философиялық құрылымы идеядан басталады. Оны ол «абсолюттік идея» , «әлемдік ақыл-ой» деп атайды. Қоғамда рухтың үш кезеңі болады деп түсіндірді. Олар: 1. Субъективтік рух-адам санасы, ол толық жетілмеген. 2. Объективтік рух-құқық, мораль, отбасы, қоғам, мемлекет. 3. Абсолюттік рух-өнер, дін, философия. Әлемдік ақыл-ой тек абсолюттік рухта ғана іске асады. Гегельдiң ойынша, адамдар өздерiнiң күнбе-күнгi өмiрiнде ақылой арқылы заттар мен құбылыстарды талдап, олардың бiрбiрiнен айырмашылығын анықтайды. Қайшылық - дүниенiң шынайы қозғаушысы, ал қайшылықты ойлауға болмайды деген пiкiр тек күлкiнi туғызады.
• • • Фейербахтың философиялық антропологиясы Людвиг Фейербах (1804 -1872 ж. ж. ) – немiс классикалық философиясының соңғы өкiлi. . "Христиандықтың мәнi» , "Өлiм және өлместiк жөнiндегi ойлар» . Таным мәселесiнде Фейербах агностицизмдi қатты сынға алады. Оның ойынша, түйсiктер бiздi Дүниеден алшақтатпай-ды, керiсiнше, бiздi онымен байланыстырады. Фейербах Дүниенiң көптүрлiлiгiн мойындайды. Материяның өмiр сүру формасы –ол қозғалыс, ал ол қажеттi түрде кеңiстiк пен уақытты талап етедi. Олай болса, олар болмыстың өмiр сүруiнiң негiзгi жағдайлары. Табиғаттың өзiнiң себебi өзiнде, оны ешкiм тудырған жоқ, ол мәңгiлiк өмiр сүредi. Табиғат пен қоғамнан тыс ешкiм және ешнәрсе жоқ. Табиғат-та ақыл-ой жоқ, ол адам арқылы ғана ақыл-ойға ие болады. Адам арқылы ғана ол өзiн-өзi түсiну дәрежесiне көтерiледi. Тек адам ғана өзiнiң iс-әрекет жасау негiзiнде табиғатты қайта өзгертiп, өзiнiң санасын табиғатқа таңады.
• Фейербахтың философиясының негiзгi мәселесi ол адам мәселесi. Сондықтан Фейербахтың iлiмiн антропологиялық философия деп атайды. • Ол адамды негiзiнен психо-физиологиялық пәнде ретiнде қарайды. Оның ойынша, адам бiр жағынан материалдық дене болатын болса, екiншi жағынан ойлайтын рух. • Фейербах көбiне адамның табиғи-биологиялық жақтарын қайта орнына келтiруге тырысады. "Мен" дегенiмiз – ол ойлайтын рух қана емес, ол денесi мен ойлай алатын басы бар, нақтылы кеңiстiк пен уақыттың шеңберiнде өмiр сүрiп жатқан тiрi адамның өзi.
• Фейербах христиандықты қатты сынға алғанмен, қоғам өмiрiне бәрiбiр дiннiң керектiгiн мойындайды. Оның ойынша, тарихтағы бiрiнбiрi ауыстыратын үлкен дәуiрлер дiндердiң ауысуымен тығыз байланысты. • Ол дiн Құдайға деген сүйiспеншiлiктiң орнына адамды сүюдi қоюы керек. "Христиандықтың мәнi" деген негiзгi еңбегiндегi соңғы тарауында Фейербах "Адам адамға - Құдай" деген пiкiр айтады. • Оның ойынша, адамдардың бiр-бiрiне деген қатынастарына дiни бiтiм берiлмесе, олар өзiнiң гуманистiк (адамгершiлiк) қасиеттерiнен жұрдай болады, өйткенi, ондай жағдайда адамдар өздерiнiң табиғи өзiмшiлдiгiнен арыла алмай қалады. Дiнсiз болу – тек адамның өзiн ғана ойлауымен тең, дiнге сену – басқаларды да ойлаумен бiрдей, дейдi Фейербах. • Олай болса, "аспандағы ләззаттан" гөрi адам жердегi "сезiмдiк бақытқа" ұмтылуы қажет.
Қайталау сұрақтары 1. Утилитаризм- пайда мен олжа. 2. Неміс калассикалық философия өкілдері-Кант, Гегель, Фейербах. 3. Канттың «априорлық» деп аталған білімі- тәжірибеден тыс білім. 4. Канттың «апостериорлық» деп аталған білімі-тәжірибелік білім. 5. Канттың таным теориясының мақсаты-дүниенің танылмайтындығын көрсету. 6. Канттың «категориялық императив» деген принципінің маңызы - «Басқалардың бәрі қалай әрекет жасауы тиісті, сенде солай жаса» . 7. Мораль проблемасына арналған И. Кант еңбегі- «Практикалық ақыл-ойға сын» . 8. Абсолюттік идея принципин ұсынған-Гегель.
9. Антиномия дегеніміз- бірін-бірі жоққа шығаруға ұмтылған ілім. 10. Гегель философиясы қалай аталады-абсолютті идеализм. 11. «Рух феноменологиясы» еңбегінің авторы-Г. В. Ф. Гегель. 12. Фейербахтың философиясы қалай аталады-Антропологиялық материализм. 13. Фейербахтың негізгі еңбегі- «Христиандықтың мәні» . 14. Трансценденттік - /лат. –аттап өтуші, шектен шығушы/ теология мен философияның негізгі категорияларының бірі. Ол шектен асатын нәрсені белгілейді: теологияда-Құдайды, философияда –қайсібір ең жоғарғы нақтылықты. 15. Триада - /гр. –үштік/ -философиялық құрылыстың тәсілі. Г. Гегельдің логикасында абсолютті идеяның өздігінен дамуының /ереже –терістеуді терістеу/ және өзін өзі тануының /тезис –антитезис –синтез/ ішкі ырғағы.
лекция 7 философия.pptx