
лекция 8 философия.pptx
- Количество слайдов: 30
ХҮІІІ ғ. соңы-ХХ ғ. басындағы философия. ХІХ-ХХ ғасыр басындағы орыс философиясы. 1. Маркстiк философия 2. ХIХ ғасырдағы «өмір философиясы» 3. ХІХ-ХХ ғасыр басындағы орыс философиясындағы бағыттар.
1. 2. 3. 4. Қазіргі заман философиясының ерекшелігі: Еуропа елдерінің көпшілігінде капитализмнің қарқынды дамуы, жұмысшылар мен буржуазияның пайда болуы. Капитал қорын жасау мақсатында қалыптасқан дәстүр, әдептілік қағидалар жоққа шығарылып, байлыққа қалай жетсең де өз еркің деген принциптің қалыптасуы. Халық жағдайының төмендеуі, бұқара мен буржуазия арасындағы шиеленістің пайда болуы. Саяси-философиялық ілімдердің дамуы (либерализм, консерватизм, анархизм, марксизм)
• Маркстiк философияның негiзiн қалаған екi немiс ойшылдары Карл Маркс (1818 -1883 ж. ж. ) пен Фридрих Энгельс (1820 -1895 ж. ж. ) болды. • К. Маркстiң әкесi - сол кездегi iрi заңгерлердiң бiрi болса, Ф. Энгельс өзiнiң жеке меншiктегi фабрикасы бар iскердiң жан-ұясында дүниеге келедi. • Сондықтан, олардың екеуi де өз заманындағы үлкен жоғарғы оқу орындарда оқып, бiлiм алады. Студенттiк жас кездерiнде олар “жас гегельшiлердiң қатарында болғанымен, сол кездегi әлеуметтiк-саяси ақуал оларды буржуазиялық либерализмнен гөрi революциалық демократизм жолына қарай итермелейдi.
• Маркстік философияның мақсаты дүниенi түсiнiп қана қоймай, оны қайта құру, өзгерту қажеттiгi, және оны рухани тұрғыдан негiздеу болды. Мұндай мақсат билiк басындағылардың үрейiн туғызды. • Маркстiк философиядағы жаңалық қоғамды материалистiк тұрғыдан түсiну қағидасы. • Маркстiк философия тарихтағы адамдардың сана туындыларының рөлiн жоққа шығармады. Олардың ойынша, “адамдар өз драмаларының авторлары мен актерлерi.
• К. Маркс адамдардың сана-сезiмiнiң өзi олардың өмiр сүру жағдайларымен тығыз байланысты, соларға тәуелдi екенiн ашады. “Болмысты анықтайтын олардың санасы емес, керiсiнше, қоғамдық болмыс олардың санасын анықтайды , - деген тұжырымға келедi. • Қоғамның дамуы - табиғи-тарихи процесс, ол өзiнiң белгiлi бiр қажеттi сатыларынан аттап өте алмайды. • Маркстiң түсіндіруінше дүниетаным субъект (адам) пен объектінің (сыртқы дүниедегi танылатын зат) өзара байланысы мен iс-әрекетiнен тұрады.
• Маркстiк философияның келесi ерекшелiгi - материалистiк диалектика. • Егер, Гегельдiң ойынша, шынайы даму тек қана рух саласында болса, Маркс дамудың қайнар көзiн сол материалдық дүниенiң iшкi қайшылығынан көредi. Тарихтың қозғаушы күші идея емес, бұқара халықтың әрекеті дейді. • Қоғам өмiрiнiң де негiзгi қайшылығы өндiрiстегi өндiргiш күштер мен өндiрiс қатынастарының арасында жатыр. • Өндірістік қатынас (материалдық игіліктерді өндіру барысында қалыптасатын адамдар арасындағы қатынас) қоғамның материалдық базисін құрайды. Ал, ғылым, мәдениет, өнер, саясат, құқық, философия, дін -қоғамдық сананың түрлері, қондырма.
• Егер Гегель қоғамдағы диалектикалық өзгерiстiң бәрiн ұлттық iс-қимылдан көрсе, Маркс оны әлеуметтiк таптан көредi. • Жарқын болашаққа жеткiзетiн негiзгi күш-жұмысшы табы, пролетариат. • Өйткенi, олар қоғамға керек негiзгi материалдық қажеттiктердi өндiредi, сандық жағынан алып қара-ғанда әлеуметтiк топтардың ең көлемдiсi, сонымен қатар, олар жеке меншiктiң шырмауына байланбаған әлеуметтiк әдiлеттiлiктi жақтайтын таза тап. • К. Маркстің еңбектері: «Фейербах туралы тезис-тер» , «Капитал» , «Неміс идеологиясы» , «Саяси экономияға сын» . • Ф. Энгельс еңбектері: «Анти-Дюринг» , «Табиғат диалектикасы» .
• ХІХ ғасыр батыс философиясында рационализмге қарамақарсы иррационализм немесе «өмір философиясы» экзистенциализм бағыты пайда болды. • Иррационализм- латын сөзі- ақылдан тыс деген мағынаны білдіреді. • Экзистенция-латын сөзі- өмір сүру, адам өзінің орталық түпқазығы , «ойлайтын ақыл-парасат» . • Экзистенциализм-тіршілік, өмір философиясы. • Бұл бағыттың негізін қалаған немiс философы Артур Шопенгауэр, Фридрих Ницше мен Дания ойшылы Серен Кьеркогер болды. • А. Шопенгауэр еңбегі: «Әлемдік жігер және елестету ретінде» , «Табиғаттағы жігер туралы» . • Ол өзінің ілімін пессимизм, ал бар болып тұрған әлемді «бар болатындардың арасындағы ең жаманы» деген
«Әлемде ақыл-парасат жоқ. Онда өмір сүруге итермелейтін ерік бар. Хайуандар өздерінің әрекетін түсінбейді, тек сақтануға ұмтылады, оларды инстинкт басқарады. Дүниеде болып жатқан оқиғалар арасында байланыс, мағына жоқ. Бір оқиға екінші оқиғаны кездейсоқ ауыстырады. Шындығында мазасыздық, сенбеушілік, қанағаттанбаушылық, үрей өмір сүреді. Адамдар өміріндегі үш байлық: денсаулық, жастық, еркіндікті жоғалтқан кезде бағалайды, түсінеді. Адамдар арасында адамгершілік аз. Ол тек романдар мен театрларда. Адам ақшаға тойымсыз, қызғаншақ, біреудің қасіретінен қуанады. Адам үшін ерік-өмір сүру» .
• Шопенгауэр Т. Гоббстың «Адам адамға-қасқыр» идеясын қолдайды. Дін мәслесінде Кант пікірін қолдап, құдайдың бар екендігі дәлелденбеген дейді. • «Дін мен ғылым сыйыспайды» , христиан дініндегі адам кінәлі деген ұғымды қолдайды. Адам өз кінәсін жақсы істермен, азап шегумен өтеп, тәубеге келуге міндетті дейді. • Таным мәселесінде ол, «Әлем-ол елес, ол шын өмір сүрмейді. Елестерді тудыратын санасыз, соқыр ерік, Таным да санасыз және соқыр. Ақиқатта, әділдікте жоқ. Тек өлім алдындағы қорқыныш бар» дейді.
• Шопенгауер адамдарға “категорикалық императив (үзiлдiкесiлдi талап) ұсынады “өзiңе қалайтынның бәрiнен де бас тартып, қаламайтыныңды жаса. • Негiзгі мағына мынада ол-адамның өмiрге деген қызығушылығын, соған бағытталған еркiн сөндiру. Ол үшiн адам аскетикалық өмiр салтын ұстап, басқалардың зардабын бөлiсiп, өзiнiң жан-дүниесiнде ешқандай да өзiмшiлдiктiң жұрнағын қалдырмай құрту керек. • Сонда ғана адам өмiрге деген қызығушылықтан толығынан арылып, өзi сияқты жердегi бақытқа жетуден бас тартқан адамдармен бiрiгiп, басқа адамдардың зардабын, қайғысын жеңiлдетуге тырысады. • Бұл көзқарас үндi халқының тудырған “нирвана , көне Грек философтарының “атараксия деген ұғымдарына өте жақын. • «Адам өз өмірін сыйлыққа алғандай жоқтан пайда болып, ал ажал келгенде осы сыйлықтан айырылып, қайтадан жоққа айналады» .
Кьеркогердiң философиясы • Серен Кьеркогер (1813 - 1855 ж. ж. )- өз заманында бағаланбаған, жалғыздықтың зардабын толығынан басынан өткiзген, бүкiл өмiрiн жеке тұлғаның iшкi рухани өмiрiнiң қайталанбас жақтарын, оның Құдаймен тiкелей байланысын көрсеткiсi келген Дания елiнен шыққан дiни философ. • Негiзгi еңбектерi: “Әлде- әлде , “Үрей мен қалтырау. Диалектикалық лирика. “Ажалға бастайтын ауру. Қайта туу мен оянуға бағытталған христиандық-психологиялық тебiренiстер
“Шындық- ол iшкi дүние, Меннiң өз Менiне деген қатынасы. • Кьеркогер адамның iшкi өмiрiн бейнелейтiн жаңа категорияларды философияға еңгiзедi. Олар: өмiр сүру, үрей, шешiм, шектелген мен шексiздiк, мүмкiндiк пен шындық, зардап шегу, түңiлу, өкiну, кiнә мен күнә. Кьеркогердiң ойынша, бұл ұғымдар арқылы жеке адамның қайталанбас тебiренiстерiн беруге болады. • Өмiр сүру дегенiмiз-ол тебiрену, зардап шегiп, соның шеңберiнен шығуға бағытталған адамның әрекеті. • Өмiр сүру - адамның алдындағы мүмкiндiктердiң бiреуiн ерiктi түрде таңдап алып өзiнiң қайталанбайтын ерекше болмысын iске асыру, тобырға ұқсамау, одан бөлiну. • Өмiр сүру дегенiмiз - iшкi шектелген мен шексiздiктiң арасындағы таңдау, соған байланысты үрей, шешiм және секiрiс.
• • Фридрих Ницше (1844 -1900 жж) Неміс ойшылы, иррационализм өкілі. Оның еңбектері: «Музыка рухынан трагедияның туындауы» , «Заратуштра осылай деген» , «Билікке ұмтылған жігер» . Негізгі қағидасы: Ч. Дарвиннің «Өмір дегеніміз-күрес» идеясын дамытып, «өмір дегеніміз-күрес арқылы билікке ұмтылу» деген тұжырым жасайды. Осы тұжырым негізінде жоғары дәрежедегі биологиялық тип- «аса күшті адамдар» идеалын қалыптастыру керек дейді. «Аса күшті адамдар» -басқалардың тәрбиесі, өзін тәрбиелеу арқылы емес, өзінде туғаннан бар өмірлік күштің арқасында қалыптасады.
• «Аса күшті адамдарды» қарапайым адамдардан ерекшелейтін қасиеттері: алғырлық, жан-жақты дамыған әдемілік, билікке ұмтылған күш пен жігер. • Билікке жету және мақсатын жүзеге асыру үшінқоғамда кездесетін алдамшылыққа, қиыншылыққа, өзіне қарсы бағытталған қастандыққа қарсы күрес жүргізуі керек. • Ницше «құлдық мораль негізінде» қалыптасқан дінді, «жалған» моральды уағыздайтын буржуазияны, барлық игілік пен құндылықты құртатын тобырды сынға алып, адамзаттың мақсаты- «аса күшті адамдарды дүниеге келтіру» тұжырымын жасайды.
• Ницше адамдардың теңдігіне қарсы, теңгермешілік ешкімге үздік шығуға, көтерілуге мүмкіндік бермейді. • Адамдарды «Тонама, Өлтірме» деп үйретеді. Бірақ одан тонау мен өлтіру азаймайды. Сондықтан осылай айту-өтірік. Ерік жігері жоғары адам рақымшылдықты жек көреді. • Рессентимент-әлсіздік салдарынан пайда болатын жағымсыз эмоциялар (күншілдік, қызғаншақтық, өшпенділік, кекшілдік).
Зигмунд Фрейд (1856 -1939 жж) • “Өмiр философиясының ХХ ғ беделдi ағымдарының бiрi - фрейдизм болып табылады. Негiзiн қалаушы Зигмунд Фрейд- австриялық дәрiгер, психолог, философ. Негiзгi еңбектерi : “ Мен және Ол , “Тотем мен Табу. • З. Фрейд жүйке ауруларын зерттеу мен емдеу жолында адам психикасында бисаналықтың зор орын алаты-нын байқайды. Егер одан бұрын қайсыбiр невроз ауруларының себебiн ғалымдар сананың шеңберiнен iздеген болса, ол оны бисаналықтан көрiп, жұйке ауруларын емдеудiң “психоанализ әдiстерiн жасап, бiршама жетiстiктерге жетедi.
З. Фрейдтiң ойынша, адамның психикасының үш деңгейi бар: 1. “Ego (латын сөзi, - “Мен деген мағына бередi), яғни адамның өзiндiк сана-сезiмi орналасқан. 2. “Super ego (өзiндiк сана-сезiмнен жоғары) деп атайды. Оған неше-тұрлi қоғамның тұлға алдына қоятын талаптары, әлеуметтiк нормалар, әке-шешенiң бала алдына қойған талаптары мен бұйрықтары кiредi, ол тәрбие барысында адамның психикасына енгiзiлiп, соңынан оның барлық жұрiс-тұрысын қоғамның талабына сәйкес ретке келтiрiп отыратын iшкi механизм. 3. Адам психикасының iрге тасы ретiнде ең терең жатқан және өте көне құрамдас бөлiгi - ол “Libido (латын сөзi, құштарлық, iңкәр, әуестік деген мағына бередi),
• З. Фрейдтiң ойынша, егер адам психикасының ең терең қабаты ләззат алуға тырысса, сана, керiсiнше, сыртқы дұниеге, ортаға бейiмделуге асығады. Осы себептi сана мен бисаналықтың арасында әрдайым қайшылық пайда болады. • Егер тәрбие барысында адамның жан-дұниесiне әлеуметтiк нормалардың талаптары өте күштi болса (Super ego), онда ләззат алуға бағытталған жыныс кұшқуаты сыртқа шыға алмай, бiр жағынан адамды невроз ауруларының түрлерiне әкеледі. • екiншi жағынан, ол белгiлi бiр жағдайда сублимацияланып (sublimatio, -латын сөзi-“биiкке көтеремiн , - деген мағына бередi), яғни жыныс энергиясы мәдени шығармашылыққа айналып, тұлға үлкен рухани туындыларды дүниеге әкелуi мұмкiн.
Орыс философиясы Философиялық ой-пiкiрдiң Ресейде дүниеге келуi Х ғ. басталып, негiзiнен, христиандық дiндi қабылдаумен байланысты болды. Осы уақыттан бастап Ресейдiң ойшылдары өз мемлекеттерiнiң Құдай нұрының шапағатына қатысты екенiн негiздей бастайды. Алғашында ойшылдардың ой өрiсi адамның жүрiс-тұрысын ретке келтiретiн мақал-мәтел, нақыл сөздерге, соңынан православие дiнiнiң бүкiл адамзат цивилизациясының дамуындағы ерекше орнын негiздеуге бағытталды.
Славянофилдер мен батысшылар ағымы • Алтын Орда мемлекетiнен өз дербестiгiн алып Мәскеу княздiгiнiң Шығыс жақтағы жерлерге лап берген кезiнде Орыс халқының “ұлылығы , “артта қалған Азия халықтарын православиялық дiнге еңгiзу, орыс тiлiн, мәдениетiн үйрету негiзiнде дүниежүзiлiк цивилизацияның шеңберiне тарту идеясына негiзделген “Мәскеу - үшiншi Рим деген философиялық көзқарас пайда болды. Мұндай идея орыс халқының ерекше өзiндiк болмысы мен мәдениетi, философиялық ой-пiкiрi бар деген славянофильдiк (славяндықты сүю) ағымды тудырды. • Екiншi бағыттағы ойшылдар Ресей монғол-татар бодандығында екi ғасырдан артық болып, басқа Еуропа елдерiнен қалып қойды, сондықтан, орыс халқы Батыс өткен тарихи жолды қайталап, олардан тәлiм-тәрбие, өнеге алуы керек деген ойда болды. Бұл бағыттағы ойшылдарды “батысшылар деп атай бастады.
• “Батысшыларға келер болсақ, бұл ағымның негiзiн қалаған П. Я. Чаадаев болды. Оның ойынша, Еуропа елдерi қоғамның материалдық және рухани жағынан да кемелiне келген, орнықты, тәртiптi. Еуропа құндылықтарына ол парыз бен жауапкершiлiктi, азаматтық ерiктiктi қорғауды жатқызады. • Ресейге келер болсақ, онда зорлыққа негiзделген күшке табыну, соның нәтижесiнде барлық адамдардың құлға айналуы, тұлғаның абыройын таптау дөрекi нәрселердi көремiз. Мұның негiзгi себебiн П. Я. Чаадаев Ресей халқының дiндi “бишара Византиядан алып, Еуропаның католиктiк бiрлiгiнен шығып қалғанынан көредi. • Ресей Еуропа халықтарының тарихи тәжiрибесiн игерiп, олардың жiберген қаталарын қайталамай, өзiнiң болашағын ағарған зерденiң негiзiнде құруы керек. • П. Я. Чаадаевтiң көзқарасы “батысшылар тобының қалыптасуына әкелдi. Оларға А. И. Герцен, Н. П. Огарев, Т. Н. Грановский, В. Г. Белинский т. с. с. жатқызуға болады.
• “Батысшылар Ресейдi “византиялық-православиялық ноқтадан құтқару керектiгiн, тұлғалар өз таңдауының негiзiнде iсәрекет жасау мұмкiндiгiн алуы жөнiнде бiршама терең ойлар айтты. Бiрақ, олар Батыс Еуропа халықтары цивилизацияның бүкiл адамзаттық құндылықтары мен нормаларын iске асырды деген жалған ойда болды. • Славянофилдер қарама-қарсы бағытта болды. Олардың ойынша, Орыс мәдениетi православиялық дiннiң шеңберiнде дамуы керек. Олар “патшаныкi - патшаға, Құдайдікi - Құдайға деген қағиданы ұстады. Яғни, мемлекет тек қана қоғамды сырттай өзгерте алады, ал iшкi жаңару - православиялықхалықтық мәдениеттiң iсi. • Тек iшкi рухани жаңарудың негiзiнде ғана iзгi қоғамды орнатуға болады. И. В. Киреевский мен А. С. Хомяков Еуропадағы ағартушылық өзiнiң iшкi мүмкiншiлiгiн сарқыды, онда техникалық алға өрлеу рухани тоқыраумен қатар жүрiп жатыр, - деген көзқараста болды.
Қоғамды реформалаудағы негiзгi мәселелердiң бiрi Ресей қоғамы жекелiктiң, я болмаса қауымдастықтың негiзiнде даму керек пе- деген сұраққа жауап ретiнде олар соңғыны таңдады. Қауымдасып өмiр сұру - Ресей халқының табиғатына тән нәрсе. қауымдастықтың шеңберiнде ғана рухани бiрлiк бар. В. С. Соловьевтiң “бәрiнiң бiрлiктегi философиясы • Владимир Сергеевич Соловьев (1853 -1900 ж. ж. ) - аса дарынды орыс дiни философы. Адамның әлеуметтiкмәдени және дiни қажеттiктерiн өтей алатын философиялық жүйе жасауға тырысты. Христиандық дiндегi бағыттардың (католицизм, протестантизм, православие) басын бiрiктiрiп дiни көзқарасты ең жаңа ғылымдағы ашылған деректермен толықтыру қажеттiгiн айтты.
• Өзiнiң дүниетанымдық көзқарастарында В. С. Соловьев “бiртұтастық бiлiм алу жолын құптады. Ол үшiн сезiмдiк тәжiрибе мен рационалдық ойлауды сенiммен ұштастыру қажет. Ақиқаттың үш түрi бар: материалдық, формальдық, абсолюттiк. Олар ғылым, философия, дiннiң шеңберiнде қалыптасады. Ақиқаттың ең жоғарғы түрi, абсолюттiк бiлiмдi тек қана дiн, теология бере алады. Оны ол мистицизм дейдi. • Эмпиризм, яғни тәжiрибелiк жолмен ашылатын бiлiм, материалдық дүниенi танып бiлуге бағышталған. Ал оның өзi екiге - iшкi және сыртқы тәжiрибеге бөлiнедi. • Сыртқы тәжiрибеге келер болсақ, ол жағалай қоршаған ортадағы заттардың бiздiң түйсiктерiмiзге тигiзетiн ықпалынан пайда болады. • Iшкi тәжiрибенi В. С. Соловьев екiге бөледi: олар психикалық және мистикалық. Психикалық тәжiрибе деп бiз өз табиғатымыздың бой көрсетуiнен шығатын құбылыстарды жатқызамыз. • Мистикалық тәжiрибе деп бiздiң жан-дүниемiздiң әр жағында жатқан, өзiнiң бiзге тигiзетiн ықпалымен бiздi жоғарыға көтеретiн, iшкi рухани ерiктiктi тудыратын құбылысты айтамыз.
• Орыстың дiни философиясына қомақты үлес қосқан Николай Александрович Бердяев (1874 -1948 ж. ж. ) болды. Негiзгi еңбектерi: “Ерiктiк философиясы. Шығармашылық мағынасы , “Тарих мағынасы “Өзiндiк тану т. с. с. • Оның ойынша, философия - рухты зерттейтiн iлiм, яғни адамның өмiр сүруiне, сол арқылы болмыстың мән-мағнасын ашуға бағытталған пән. Ғылым сыртқы дүниенi зерттесе, философия адамның iшкi рухани өмiрiне үңiледi. Сондықтан, философия объективтi емес, ол - әрқашанда субъективтi.
Орыс философиясында ХҮІІІ ғ бастап антропокосмизм идеялары пайда болып дамиды. Яғни, адамның жер бетiндегi орны емес, оның ғарыштағы рөлi зерттеле бастайды. Негiзгi идеялар: а) ғарыштағы адамзаттың өлместiгi (К. Э. Циолковский) ; в) биосфераның ноосфераға өтуi (В. И. Вернадский) ; с) табиғатты зерттеп, өткен ұрпақтарды тiрiлту (Н. Ф. Федоров) ; д) күн мен биосфераның ажырамас байланысы (А. Л. Чижевский); е) сананың ғарыштық дамуы (Н. К. Рерих) ; т. с. с. К. Э. Циолковский орыс космонавтикасының әкесi ретiнде кеңiнен таныс.
• К. Э. Циолковский адамзаттың жерлiк және космостық өмiр сүруiн бiр-бiрiнен айырады. Жер бетiндегi өмiр сүру адамзаттың “сәбилiк шағы , сондықтан, ол кемелiне келмеген, зардабы мен қиянаты мол. • Адамзаттың ғарыштық болмысы келген уақытта өмiрдiң терiс жақтарының бәрi жойылып, қуаныш пен жетiлгендiк, шығармашылық - өмiрдiң негiзгi жақтарына айналады. Оның ойынша, ғарышқа шығу - көп уақытты талап етiп, сатыларға бөлiнедi: а) адамзат қажеттiктерiн өтеу жолында жер бетiн толығынан қайта өзгерту; в) жер айналасындағы кеңiстiктi игеру; с) басқа планеталарды, содан кейiн алыс Ғарышты игеру; д) адамның өз биологиялық табиғатын өзгертiп, ашық Ғарышта өмiр сұре алатын дәрежеге келуi;
В. И. Вернадскийдiң негiзгi ойлары жер бетiндегi өмiр мен адамзатқа арналды. Нәтижесiнде, ол биосфера мен ноосфера жөнiнде терең де тамаша ойларын адамзатқа ұсынды. Жер бетiндегi тiршiлiктi ол жердiң ерекше қалыптасқан геологиялық қабаты ретiнде қарайды. Тiршiлiк биогеохимиялық зат пен энергияның айналысын тудырып жер бетiн толығынан өзгертедi. Осы тұрғыдан қарағанда, адамзат тiршiлiк әлемiнiң ерекше ең жоғарғы бөлiгi. Ол ерекше бiр - басқа энергия формаларына ұқсамайтын- күш- қуатты тудырады. Оның аты-ақыл-ой, зерде. Адамзат ақыл-ойы мен еңбегiнiң арқасында жаңа геологиялық күшке айналып биосфера жаңа ақуалғаноосфера (ақыл-ой арқылы ретке келтiрiлген жер бетi) сатысына көтерiледi.
лекция 8 философия.pptx