vitfmin Lek.ppt
- Количество слайдов: 41
Витаминдер (дәрумендер)– ағза тіршілігінің бірқалыпты өмір сүруі үшін өте аз мөлшерде қажет болатын, заттардың алмасуы кезінде биохимиялық және физиологиялық үрдістердің қалыпты жүруін қамтамасыз ететін кіші молекулалы органикалық қосылыс. Витаминнің ашылу тарихы Н. И. Луниннің (1880 ж. ) есімімен тығыз байланысты.
Дәрумендер- бұл қалыпты зат алмасуға қажетті, адам және жануарлар ағзасына тағамдық заттармен түсетін немесе олардан өндірілетін кіші молекулалы органикалық қосылыстар. Дәруменді алғаш зерттеу Н. И. Луниннің 1880 жылы есімімен байланысты. Алғаш рет 1911 жылы поляк ғалымы Казимир Функ витаминді кристалл түрінде бөліп алды. Ол – латын тілінен "vita" - «өмір", яғни өмірге қажетті «амин" деген сөзден алынған. Бүгінде дәрумендердің 50 шақты түрі белгілі. Дәрімен әдетте ағзада жиналмайды, оның шектен тыс мөлшері бөлу мүшелері арқылы шығарылады. Дәруменнің көп мөлшері өсімдік, көкөністерде, ал кейбіреуі тек жануар текті өнімдерде кездеседі. Тағамда дәрумендер жеткіліксіздігі кезінде гипоавитаминоз дамиды.
Жіктелуі Суда ерит індер (В 1, В 2, В 6, РР, С, В 5, В 9, В 12) Майда еритіндер ( А, Д, Е, К, F )
Дәрумендер Майда еритін А D E K ретинол Суда еритін B 1 B 2 рибофлавин кальциферол B 3 пантотен қышқылы токоферол B 5 Никотин қышқылы B 6 филлохинон B 12 BC F тиамин Қаныққан май қышқылы H C N пиридоксол цианкобаламин фолацин биотин Аскорбин қышқылы Липой қышқылы
l l Азық қорында витаминдердің жетіспеуінен ағзадағы авитаминоз пайда болады. Ағзада бірнеше витаминдердің жетіспеуі поливитаминоз деп аталады. Ағза тіршілігінде көп жағдайда салыстырмалы түрде белгілі бір витаминнің жетіспеуі көп кездеседі, яғни гиповитаминоз пайда болады. Гиповитаминоздың түрлері: а) біріншілік гиповитаминоз азық қорымен ағзаға белгілі бір витаминнің қажетті мөлшерге қарағанда аз түсуі; ә) екіншілік гиповитаминоз түрлі жұқпалы аурулардың зардабынан кейін, сіңірілу үрдісінің бұзылуынан т. б. пайда болады. Гиповитаминозге тән ерекшелік: жұмыс қабілетінің кемуі, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, баланың бойының, санасының өсуінде тежелу т. б. қалыпты жағдайлардан ауытқулардың пайда болуымен сипатталады.
Витамин жетіспеушілігінің АВИТАМИНОЗ организмде витаминнің түрлерінің болмауы ГИПОВИТАМИНОЗ Организмде витаминнің жетіспеуі Тез шаршау, жұмыс істеу қабілетінің, инфекцияларға қарсы тұруыны төмендеуі Цинга, рахит, тауық соқырлығы, пеллагра, бери-бери
• Витаминнің ағзаға артық мөлшерде жіберілуі гипервитаминоз деп аталады. Ол майда еритін витаминдерге тән болады. Себебі, майда еритін витаминдер ағзада артық мөлшерде жинақталып, өзінің улы зиянды әсерін тудырады. • Авитаминоз кезінде зат алмасу үрдісіндегі ауытқу ферменттік жүйенің бұзылуынан деп те қарастырады. • Кейбір фармацевтикалық дәрі-дәрмектер (сульфаниламид топты қосылыстар) химиялық қасиеттері мен құрылысы жағынан бактерияларға қажетті витаминдерге ұқсас келеді, бірақ витаминнің қасиеттерін көрсетпейді. Мұндай «витамин атын жамылған» заттар бактериялармен «ұсталынып» , бактериялық торшаның белсенді ортасын қоршап алады, нәтижесінде зат алмасу үрдісі бұзылып, бактерия жойылады. Витамин-дерге жалғанатын «анти» жалғауы, аталмыш витаминді белгілі бір аурудан сақтандыруға немесе сол ауруға қарсы қолдануға болатындығын
Кез-келген витаминді организмге қалыптан тыс көп беру гипервитаминоз ауруына ұшыратады. Витаминдердің улы қасиеті майда еритіндедің артық мөлшерінде көбірек болады, себебі олар организмде жинлады. Гипервитаминоз көбінесе культуризмбодибилдингпен айналысатын адамдарда кездеседі, себебі олар витаминдер мен тағамдардың түрлі қоспаларын мөдшерден тыс пайдаланады.
ШАШҚА ҚАЖЕТ: А, В 2, В 6, Н ҚАЖЕТ КӨЗГЕ ҚАЖЕТ: А және В ТІСКЕ ҚАЖЕТ: Е и D ТЫРНАҚҚА ҚАЖЕТ: А, D, С Барлық ағзаға, теріге қажет: А, В, В 12, Е
Табиғи витаминдер түрлі заттармен байланысқан, ерекше құрылымы бар биологиялық кешен Жасанды витамин дегеніміз табиғи витаминнің кеңістік құрылымын қабылдаған кезде ғана белсенді болатын кристалл. Әдетте ол табиғи витаминнің аз ғана мөлшерінің құрылымын қабылдайды. «Қалдығы» қан тамырларының қабырғаларында тұнып, олардың зақымдандырады. Витаминдердің қабылдануы дәрігерлік кеңестен кейін жынысна, жасына, организмнің жалпы жағдайына, тамақтану режиміне байланысты болып келеді.
Суда еритін витаминдер: B 1, B 2, B 3, B 5(РР), B 6, B 12, Bс, B 15, C, P, инозит. Инозит, С және Р витаминдерінің молекуласы азот құрамдас, сондықтан оларды В витамин тобына біріктіреді.
B 1 ВИТАМИН
В 1 витамині- Тиамин- Антиневриттік витамин немесе аневрин В 1 витаминін алғаш рет К. Функ таза күйінде бөліп алған. Құрамында аминотоптан басқа күкірт атомы болғандықтан, бұл витамин тиамин деп аталады. Биологиялық белсенді түрі тиаминдифосфат (ТДФ). ТДФ күрделі екі ферменттік жүйе: пируват және α-кетоглутардегидрогеназалық комплекстің құрамына кіреді. l Көмірсулардың алмасуына қатысады. l Пирожүзім қышқылының тотыға декарбоксилденуін катализдейді l Пируатдегидрогеназа (пирожүзім қышқылын карбоксилсіздендіріп ацетилкоферментке дейін тотықтырады), l α-кетоглутарадегидрогеназа, транскетолаза - ферменттерінің простетикалық тобы. Декарбоксилдеу (СО 2 - нің бөлінуі) реакциясына қатысады. l Авитаминоз кезінде- бери-бери ауруы пайда болады. Мида, қанда кетоқышқылдар артық мөлшерде жинақталған-дықтан, жүйке тамырларын ісініп, дене тырысқақ келеді, жүрек жүйесін зақымдалып жүректің соғуы жиілейді. Қызба қандылық пайда болады. Теріс азоттық тепе-теңдік артып, амин қышқылдарының несеппен бөлінуі байқалады. l Бидай, күріш, қарай бидай қауыздары; бауыр, ми бұлшық ет, сүт. l Тәуліктік қажеттілігі 1 -3 мг. құрайды. l
B 2 ВИТАМИН
В 2 витамині- Рибофлавин витамині l l l Ағзаның өсу және тыныстану үрдісіне қатысатын витамин (Кун, 1953 ж. ). Ассимиляция үрдісін, майлар мен көмірсулардың тотығуын қамтамасыз етеді. Рибофлавиннің белсенді түрі ФАД (флавинадениндинуклеотид) және ФМН (флавинаденинмононуклео-тид). ФМН және ФАД флавопротеидтер деп аталатын ферменттердің құрамына кіреді. Олар тотығу-тотық-сыздандыру реакциясына қатысады. Авитаминоз- көз айнасы тұнжырап, қарауытады. Малдың өсуі тежеледі. Тері қабыршықтанып, малдың жүні түскіш келеді. Витамин көзі: сүтте бос күйінде, ал жануарлардың бауырында, бүйрегінде ФМН және ФАД құрамында ақуызбен байланысқан күйде кездеседі. Бидай, күріш, қарай бидай, бұршақ тұқымдас дақылдар; бүйрек, жұмыртқа, сүт. l Тәуліктік қажеттілігі 1, 5 - 2, 5 мг. құрайды.
B 5 ВИТАМИН
В 5 немесе РР витамині- никотин қышқылы- ниацин- Антипеллагрлік вита l l l РР витамині-(Эльвегей, 1937 ж. ) ағзада триптофан амин қышқылынан синтезделеді. В 5 витаминінің биологиялық белсенді түрі НАД+ (никотинамидадениндинуклеотид) және НАДФ+ (никотинамидадениндинуклеотидфосфат). НАДФ+ дегидрогеназа ферментінің құрамына кіріп, биология - лық тотығу үрдісін белсендіреді. Көмірсулардың, органикалық қышқылдар мен басқа да қосылыстардың биологиялық тотығуына, яғни ағзадағы тотығу-тотықсыздандыру реакциясына қатысады. Авитаминоз- пеллагра (тері жарылып, түрпіленеді). Пеллагра ауруын көбіне «үш Д» , яғни –дерматит, диарея, деменция д. а. «Қара тіл» стоматит дерті пайда болады. Жүйке жүйесі зақымдалады. Шошқа майы мен жүгері өнімдерін көп қолданғанда ауру мүмкіндігі жоғары болады. Витамин көзі: жүгері мен күріш кебегі, ашытқы, картоп; бауыр, ет, балық. Тәуліктік қажеттілігі 15 -20 -25 мг.
B 6 ВИТАМИН
В 6 витамині- пиридоксин немесе пиридоксол l l В 6 витамині-(Дьерди, 1934 ж. ) антианемиялық витамин. Екі анологы- пиридоксаль және пиридоксаминге қолданылады. Биологиялық белсенді түрі олардың фосфорланған түрі пиридоксальфосфат пен пиридоксамин-фосфат (ПФ). ПФ амин қышқылдарының трансаминаза мен декарбоксилаза ферсенттерінің простетикалық тобы. Трансаминаза – кетоқышқылға NH 2 тобын тасымалдануын, декарбоксилаза амин қышқылдарынан карбоксил топтарынан СО 2 қайтымсыз үзілуін қамтамасыз етеді. Авитаминоз- орталық жүйке жүйесінің зақымдалып тырысқақ ауруы, терінің қабықтануы, әлсіздік т. б. Тәуліктік қажеттілігі- 2 -3 мг.
B 12 ВИТАМИН
В 12 витамині- цианкобаламин- Антианемиялық витамин l l l В 12 витамині-(1948 ж. ) цианкобаламин алғаш бауырдан бөлініп алынған. Химиялық құрамы күрделі, құрамында «Со» металлы бар витамин. Зат алмасу үрдісіне оның кобаламидтік коферменттері (метилкобаламин және дезоксиаденилкобаламин) қатысады. Трансметилдеу, қайта топтасу реакциясына, пуриндік және пиримдиндік негіздерді, амин және нуклеин қышқылдардарын синтездеуге қатысады. Бойдың өсуін белсендіреді. Авитаминоз- қанда жетілмеген және тұрақсыз эритроциттер пайда болады. Қанның құрамындағы эритроцит мөлшері азаяды. Қатерлі анемия ауыруы пайда болады. Жүйке жүйесі зақымдалады. Витамин көзі: өсімдіктерде іс жүзінде синтезделмейді
Вс витамині- Фолий қышқылы- фолацин l l l l Вс витамині (1941 ж. ) өсімдіктің жасыл жапырағынан бөлініп алынған. Химиялық құрамы птеридин қалдығы, парааминобензой қышқылы және L-глутамин қышқылынан тұрады. Биологиялық қызметі тотықсызданған ТГФҚ (тетрагидрофолий қышқылы) түрімен байланысты. ТГФҚ қатысуымен этаноламиннен холин, урацилден тимин, глициннен фолиаттың синтезі жүреді. Ағзада жыныс бездерінің жұмысын жақсартады. Жасушалардың көбеюіне, қанның сұйылуына көмектеседі. Амин және нуклеин қышқылдарының синтезіне, зат алмасуда тотығу-тотықсыздану реакциясына қатысады. Авитаминоз- жұқпалы ауруға төзімділік кемиді. Анемия кейде диарея ауруы пайда болады. Витамин көзі: жасыл жапырақта, жас көкөністерде көп болады.
C ВИТАМИН
С витамині- аскорбин қышқылы - Антиқұрқұлақ витамині l l l Антискорбуттық витамин химиялық құрамы жағынан аскорбин қышқылы L-глюкозаның құрылысына жақын қышқылдың лактоны. Өсімдіктерде галактозадан синтезделіп жасалады. Өндірісте көбіне D-глюкозадан өндіреді. Биологиялық қызметі тотығу-тотықсыздану реакциясына қатысады. Сутегі атомдарының доноры. Көмірсулардың майға айналуын жеделдетеді. Май, белок, азоттық алмасуға қатысады. Авитаминоз- құрқұлақ (цинга) ауруы пайда болады. Тістің қызыл иегі қанайды, тіс босап түседі. Байланыстырушы ұлпаларды, бауыр, бүйрек, жыныс бездерінің жұмыстары зақымдалады, сүйек морт сынғыш келеді. Витамин көзі: итмұрын, шырғанақ, қарақат, лимон, апельсин, бұрыш; бауыр, сүт, қымыз.
В 3 витамині- пантотен қышқылы. l l Пантотен қышқылы (Вильямс, 1933 ж. ) белсендіруші ретінде АТБ (ацил тасымалдаушы белок) құрамына кіреді. А коферменті май қышқылдарын белсендіруге, тотықтыруға қатысады. Витаминнің биологиялық белсендірілген түрі коэнзим А (HSKo. A). Авитаминоз- жас малдардың өсуі тежеледі, терісі, жүйке жүйесі зақымдалады. Адам мен жануарда сирек кездеседі. Витамин көзі: өсімдік көгі, бауыр, балық уылдырығы.
Н витамині - Биотин –Антисебройлық витамин. l l Биотин (Н) витамиині (1935 ж. ) жұмыртқаның сары уызынан бөліп алынған. Биотин кофермент ретінде карбоксилдену және транскарбоксилдену реакцияларын катализдейтін ферменттердің құрамына кіреді. Авитаминоз- көздің айналасы көлкілдеп, қанталайды, бұлшық еттің ауруы, депрессия, анемия сияқты аурулар пайда болады. Жас малдың өсуі тежеледі. Витамин көзі: соя, бұршақ, сәбіз, қызанақ, бауыр, бүйрек, ет, сүт.
A
l l l l А витамині –Ретинол- Антиксерофтальмиялық. Бір атомды қанықпаған спирттер үш түрде (ретинол, ретиналь, ретин қышқылы) кездеседі. Биологиялық маңызы - жарықты сезінеді. Ағзада тотығутотықсыздану реакциясына қатысады. Көздің шырыш қабықшасына бекітіліп, көруді жақсартады, туған малдарда сүттің көп шығуына септігін тигізеді. Қаңқа сүйектерінің қалыптасуына, бойдың өсуіне әсер етеді. Глюкопротеидтер биосинтезіне қатысады. Гипервитаминоз- тері құрғап, қабыршақтанады. Бауырдың көлемі ұлғайып, қанның құрамы өзгереді, буаз малдарға түсік тастау қаупі төнеді. Авитаминоз- кешкілік уақытта көру қызметі нашарлайды. «Тауық соқыр» , «Қаз тері» ауруларына соқтырады. Витамин көзі: ет, бауыр, жұмыртқаның сарысы, сары май, бидай және қарамық жармасы, бұршақ тұқымдас өсімдіктер. Тәуліктік қолданысы: 1, 5 -2, 5 мг.
D ВИТАМИН
D витамині –Кальциферол- Антирахит. Күн витамині. l l l l D витамині химиялық құрамы жағынан стериндерге жатады. Биологиялық белсенділігі D 1, D 2, D 3) түрінде кездеседі. Биологиялық маңызы: ағзада фосфор мен кальцийдің алмасуына қатысады. Минералдардың алмасуға әсер етеді. Ультракүлгін сәуленің қатысында рахитке қарсы әсерлі зат пайда болады. Сүйекте кальцийдің жинақталуына әсер етеді. Авитаминоз- сүйек жұмсарады. Омыртқа сүйектерінің пішіні бұзылады, аяқ қисайып өседі. Өсу тежеледі. Жалпы сүйек жүйесінің дамуы бәсеңдейді. Витамин көзі: балық майы, сары май, сүт, жұмыртқа, сиыр, қой, треска бауыры, өсімдік дәндері, саңырауқұлақ. Тәуліктік қолданысы: 0, 0025 мг-0, 01 мг
E ВИТАМИН
Е витамині – Токоферол- Антистерил немесе өсіп-өну витамині l l l Көбею витамині (1936 ж. ). Биологиялық белсенді 8 табиғи қосылысы бар- токоферолдар деп аталады. Әсер ету механизмі бойынша биологиялық антиоксидант, биологиялық мембрананың тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Биологиялық маңызы: өсіп-өну қабілеті артады. Se микроэлементімен тығыз байланысты. Авитаминоз- ұрпақсыздық дертіне шалдығады. Бұлшық ет әлсізденіп, азықтану қабілеті бұзылады. Витамин көзі: өсімдік майлары.
K ВИТАМИН
К витамині – филлохинондар- Антигеморройлық витамин. l l l К витаминінің үш түрі (К 1, К 2, К 3) белгілі. Ағзада органикалық заттардың тотығуы кезінде электрондарды тасымалдауға қатысады. Биологиялық маңызы: қанның ұюына қатысады. Авитаминоз- тері астына, бұлшық еттерге қан кету жиілейді. Витамин көзі: түсті орамжапырақ, қызанақ, асқабақ.
Витаминдердің тәуліктік қажеттілігі және олардың жалпы функциялары Витамин Тәуліктік қажеттілік Функциялары Аскорбин қыш 50 -100 мг Экстрималдық әсерлерге қарсылықты жақсартады Тиамин (В 1) 1, 4 -2, 4 мг Көмірсуі, май алмасуының, жүйке жүйесінің қызметі Рибофлавин (В 2) 1, 5 – 3, 0 мг Белок, май, көмірсулардың алмасуына қатысады Пиридоксин (В 6) 2, 0 - 2, 2 мг Жүйке жүйесінің денсаулығы мен белоктың сіңірілуі Ниацин (РР) 15 – 20 мг Авитоминозы пеллагра ауруына шалдықтырады Фолиевая кислота (В 9) 200 мкг Холин, амин қышқылы, нуклеин қышқылдарының синтезіне қатысады, қан түзуші фактор Цианокобальтамин (В 12) 2 – 5 мкг Ағзаның өсуіне, қан түзуге қажет, анемияға қарсы тұрады Биотин (Н) Пантотеновая к-та (В 3) 50 -300 мкг Қышқыл алмасу реакциясына қатысады 5 – 10 мг Белок, май, көмірсу алмасуына қатысады Холин 250 -600 мкг Биологиялық маңызды қосылыстардың синтезі Ретинол (А) 0, 5 – 2, 5 мг Буындардың қимылдауын , көз көруін жақсартады Кальциферол (D) 2, 5 – 10 мкг Кальций және фосфат алмасуы, сүйектер мен тістерді қатайтады Токоферол (Е) 8 – 15 мг Белсенді антиқышқыл
Азық- түлік А, мг/100 г Е, мг/100 г D, мг/100 г Сиыр бауыры 3, 83 1, 28 - Маргарин 0, 42 20 - Сары май 0, 50 - - Тауық жұмыртқасы 0, 35 - - Соя майы - 114 - Жүгері майы - 93, 0 - Күнбағыс майы - 67 - Соя - 17, 3 - Бұршақ - 9, 1 - Кілегей 20% 0, 06 0, 52 0, 12 Кета 0, 04 16, 3 Қара уылдырық 0, 18 8, 0
Суда еритін витаминдер Азық-түлік С В 1 В 2 В 6 В 12 мкг РР Фолий қыш Итмұрын(құрғақ) 1200 0, 15 0, 84 - - 1, 50 - Итмұрын(балғын) 470 0, 05 0, 33 - - 0, 60 - қырыққабат 50 0, 06 0, 08 0, 14 - 0, 40 10, 0 түсті қырыққабат 70 0, 10 0, 16 - 0, 60 23, 0 қарақат 200 0, 02 0, 13 - 0, 30 5, 0 Апельсин 60 0, 04 0, 03 0, 06 - 0, 20 5, 0 Бұршақ 0 0, 81 0, 15 0, 27 - 2, 20 16, 0 Бұршақ жасыл 25 0, 34 0, 19 0, 17 - 2, 0 20, 0 Пияз жасыл 30 0, 02 0, 10 0, 15 - 0, 30 18, 0 Қызылша 10 0, 02 0, 04 0, 07 - 0, 20 13, 0 Саңырауқұлақ ақ 30 0, 02 0, 30 0, 07 - 4, 6 40, 0 Саңырауқұлақ кеп 150 0, 27 3, 23 - - 40, 4 - сұлы - 0, 02 0, 04 0, 52 - 1, 15 40, 0 Қарақұмық - 0, 53 0, 20 0, 40 - 4, 19 32, 0
Азық- түлік С В 1 В 2 В 6 В 12 мкг РР Фолий қыш Жұмыртқа - 0, 07 0, 44 0, 12 0, 19 - - Ақ нан - 0, 21 0, 2 0, 30 - 2, 81 32, 0 Сиыр бауыры 33 0, 30 2, 19 0, 70 60, 0 0, 8 240 Сиыр еті ізі 0, 07 0, 18 0, 39 2, 80 3, 0 8, 9 Тауық еті - 0, 07 0, 15 - - 3, 7 - Қоян еті - 0, 08 0, 10 - - 4, 0 - Қызанақ 25 0, 06 0, 04 0, 1 0, 5 0, 7 - ірімшік 0, 5 0, 05 0, 30 0, 11 1, 0 0, 30 35 Сыр 10, 5 0, 05 0, 5 - 2, 0 0, 2 10 -45 Кета 2, 2 0, 33 0, 20 0, 50 4, 0 2, 8 15, 1 Қара уылдырық 7, 0 0, 36 0, 29 - 1, 52 24, 0 - 0, 60 0, 68 0, 58 - 11, 4 550 шай 10 0, 07 1, 0 - - 8, 0 - Кофе - - 1, 0 - - 24 - 1, 15 0, 047 0, 198 - - 0, 103 - Ашытқы сүт
ВИТАМИННІ ӨНДІРІСТІК Т Ң ҮРЛЕРІ
Дәрумен атауы Ағзадағы негізгі қызметі А дәрумені Жарықты сезінудегі биологиялық маңызы зор. Ағзадағы ТТР - на қатысады. D дәрумені Ағзада фосфор мен кальцийдің алмасуына қатысады. E дәрумені Әсер ету механизмі бойынша биологиялық анти - оксидант, биологиялық мембрананың тұрақтылығын қамтамасыз етеді. K дәрумені Ағзада органикалық заттардың тотығуы кезінде электрондарды тасымалдауға қатысады. F дәрумені Пластикалық қызмет атқарады. B 1 дәрумені Декарбоксилдеу реакциясына, көмірсулардың алмасуына қатысады. B 2 дәрумені Ассимиляция процесін, майлар мен көмірсулардың тотығуын қамтамасыз етеді. B 5 дәрумені Ағзадағы ТТР - на қатысады. P дәрумені Сутегі атомдарын алмастырады. B 6 дәрумені Антианемиялық витамин. B 12 дәрумені Трансметилдеу, қайта топтасу реакциясына, пуриндік, пириминдік негіздерді және амин, нуклеин қышқылдарын синтездеуге қатысады. Bc дәрумені Амин, нуклеин қышқылдарын синтездеуге қатысады. Зат алмасуда ТТР - на қатысады. B 3 дәрумені А коферменті май қышқылдарын белсендіруге және тотықтыруға қатысады. H дәрумені Биотин кофермент ретінде карбоксилдену және транскарбоксилдену реакциясын катализдейтін ферменттердің құрамына кіреді.
Дәрумен Тәуліктік қажеттілік Қызметтері Аскорбин қышқылы(С) 50 -100 мг Ағзаның экстремальды әсерлерге төзімділігін жоғарлатады Тиамин (В 1) 1, 4 -2, 4 мг Май және көмірсу алмасуының, жүйке жүйесінің қызметін реттейді Рибофлавин (В 2) 1, 5 – 3, 0 мг Нәруыздар, майлар және көмірсулар алмасуына қатысады Пиридоксин (В 6) 2, 0 - 2, 2 мг Нәруыздың сіңірілуі және жүйке жүйесінің саулығы Ниацин (РР) 15 – 20 мг Жасушалардағы ОВР-ға қатысады. Жетіспеушілігі пеллаграны шақырады. Фоль қышқылы (В 9) 200 мкг Қан түзу факторы, амин қышқылдары нуклеин қышқылдары, холиннің синтезіне қатысады. Цианокобальтамин (В 12) 2 – 5 мкг Қан түзуге қажет, анемияның алдын алады, ағза өсуінде маңызды Биотин (Н) Пантотеновая к-та (В 3) 50 -300 мкг 5 – 10 мг Қышқылдар алмасу реакцияларына қатысады Нәруыздар, майлар, көмірсулар алмасуына қатысады Холин 250 -600 мкг Биологиялық мағызды қосылыстардың синтезі Ретинол (А) 0, 5 – 2, 5 мг Көруді жақсартады, буындар қозғалысын сақтайды Кальциферол (D) 2, 5 – 10 мкг кальций және фосфат алмасуы, сүйектер мен тістердің минерализациясы Токоферол (Е) 8 – 15 мг Белсенді антитотықтырғыш
vitfmin Lek.ppt