Вирустардың генетикалық аппаратының ерекшелігі ДНҚ – лы және


Вирустардың генетикалық аппаратының ерекшелігі ДНҚ – лы және РНҚ – лы вирустар Орындаған: Әбсәмет Ж.Т. Қабылдаған: Сманова Г.Б

ЖОСПАР: І КІРІСПЕ 1. Жалпы вирустың анықтамасы және тарихы ІІ Негізгі бөлім Вирус гендері Вирустардың генетикалық ерекшеліктері ДНҚ – лы және РНҚ – лы вирустар Вирус тудыратын аурулар ІІІ Қорытынды ІV Пайдаланылған әдебиеттер

Вирустар – өсімдік, жануар және бактерия клеткаларының ішінде болатын паразиттер. Тірі табиғатта вирустар өз алдына дүние құрайды. Оларда жасуша жоқ және тірі ағзаның жасушасынан тысқары тіршілік нышанын білдіре алмайды. Мөлшері өте ұсақ болғандықтан, жай көзге көрінбейді. Бактериядан да кіші болғандықтан, вирусты х 100.000 есе үлкейтетітн микроскопта ғана көруге болады. Ол – жасушасы жоқ өте ұсақ бөлшекті затия, яғни жасушасыз құрылым. Вирус – латынша “у” деген сөз. Вирустарды вирусология ғылымы зерттейді. Вирусология ғылымының негізін 1862 жылы орыс ғалымы Д.И. Ивановский қалаған. Д.И. Ивановский ХІХ ғасырдың аяғында темекі теңбілі ауруын зерттеп, ол аурудың қоздырғыштары микробтан да ұсақ тіршілік иесінің әсерінен болатынын дәлелдеп, бірнеше еңбектер жазған. Тәжірибе нәтижесінде бұл аурудың әдеттегідей бактерияларды сүзетін сүзгілер көзінен де өтіп және ол сүзінді сұйықтықты темекіге жұқтырса, темекіні сол аурумен қайта зақымданған жапыраққа арнаулы тексеру жүргізген үзіндіде кристалдардың бар екені анықталған. 1935 жылы Америка ғалымы У.Стенли бұл кристалдар темекі теңбілі вирустарының шоғырланған жиынтығы екенін дәлелдеген.

Вирустар гендері Кейбір вирустардың ісік пайда ететіндігі дәлелденген және олардың бәріне ортақ мәндетті ерекшелік, вирус геномының жасушасының бір хромосомасына жағанды болып табылады.


ДНҚ және РНҚ сы бар вирустар.

Вирустардың генетикалық ерекшеліктері Бактериофагтар бұтақшалары арқылы алдымен бактерия жасушасының бетіне бекінеді. Вирустар сол жабысқан сыртқы ортада белгілі өлшемі мен химиялық құрамы және дұрыс пішіні бар. Вибрион деп аталатын өлі бөлшек түрінде болады. Мұндай бөлшек түрінде кездесетін кейбір вирустар, үлкен молекулалар сияқты кристалл формасы болады. Вибриан жасуша – иесіне өтерден бұрын алдымен оның бетіне бекінеді де, сол жабысқан жерінде жасушаның немесе бактерияның қабықшасын ерітіп жібереді. Вирустың сыртқы қабығы шприц сияқты ішіндегі ДНҚ-ны жасуша иесіне бүркеді. Осыдан кейін вирус өзі бейімделген жасуша иесіне енген бойда пішінін мүлдем өзгертіп, жасушаның паразитіне айналады. Вирустағы нуклеин қышқылы “өлі” вибрионның құрылымының генетикалық аппаратын алып жүреді. Ол жасуша иесіндегі барлық биохимиялық мүшенің қалыпты жұмысын бұзып, өзіне бағыдырады. Сол уақытта жасушадағы ферменттері, рбосомалар жасуша жиынтығының орнына көптеген жаңа вирустардың бөлшектерін синтездеуге кіріседі. Нәтижесінде бір вибрион мен уланған жасуша иесінде ондаған немесе жүздеген вирустар синтезделетіндігін және олардың мөлшері минут өзгерген сайын көбейе түседі.


Нуклейн қышқылы

Папова вирусы – бұлардың геномы қостізбекті сақиналанған ДНҚ болып табылады және ол зақымдалған жасуша хромосомасымен қосылмай – ақ, өз бетінше дербес қызмет ете алады. Бірақ, өте сирек, миллион жасушадан біруінде ғана вирус геномы не онан тек онкогені қожайын – жасушасының хромосомасына енуі мүмкін. Мұндай онкогендерге Папова вирустың t және Т гендері жатады. Олар қалыпты жағдайда вирус ДНҚ – сының репликациясын іске қосады, ал қожайын хромосомасымен қосылғаннан кейін, олардың өнімдері жасуша ДНҚ – сының бақылаусыз репликациялануын стимулдау қабілетіне ие болады.

Ретровирустар – бұлардың геномында РНҚ – ның (+) тізбегі болады. Олардың қызмет етуі үшін міндетті түрде қожайын хромосомасымен қосылуы қажет.

ДҢҚ - лы және РНҚ – лы вирустар. Бір вирус құрамында ДНҚ болса, екіншілері тек РНҚ – дан тұрады. Соңғы кезде ДНҚ мен РНҚ – ның қосындысынан тұратын вирустар да табылды.

Вирус ДНҚ – сы өзі сияқты құрылымдарды өте жоғары жылдамдықпен жасап шығарады: шамамен 20 минутта жүздеген жаңа пісіп жетілген фагтар пайда болады, Олар клетканы әбден толтырғаннан кейін клетка қабығы жарылып, ішіндегі фагтар сыртқа шығып, басқа бактерия клеткаларын зақымдауға әзірленеді.

Вирустардағы ДНҚ – ның генетикалық рөлін Америка оқымыстылары А.Херли мен М. Уейз Т2 фагының көбеюі зерттеу барысында изотоппен таңбалау әдісін қолдану арқылы дән анықтап берді. Фагтың блогы радиоактивті күкіртпен (35 S), ал ДНҚ радиокативті фосформен (32 р) таңбаланды. Темекі мозаикасы вирустың құрылысы қарапайым болып келеді. Оның пішіні таяқша тәрізді, денесінің сырты белок молекулаларымен қапталған РНҚ – дан тұрады. Бұл вирустың РНҚ – сы басқа вирустар мен фагтардағы ДНҚ – ның рөлін атқарады. Егер осы вирустың ДНҚ –сын белокты қапшығынан бөліп алып өсімдік клеткасына жіберсе, ол зақымдалып, көптеген жаңа фагтар пайда болады.

Ісік туғызатын вирустар

Вирус тудыратын аурулар. Вирус ағзаның жасушаларына еніп, тіршілігін бұзады, ауру тудырады. Олар: Тұмау Аусып Сары ауру ИТИС Қызылша Шешек Палеомелит Құтыру


Тұмау – нағыз қоздырғыш 1933 жылы табылды, 1918 – 1920 жылдары тұмаумен 500 млн-дай адам ауырып, оның 20 млн-ы қайтыс болған. Папеомиелит – тұмау вирусымен салыстырғанда өте кішкене, тез таралатын індет. 1916 жылы тек Нью-Йоркте бұл аурумен 2 мыңдай адам өліп, 7 мың адам сол ауруына душар болған. Папеомиелит әсіресе балалар арасында көп тараған, оның қоздырғышы әдетте тағам арқылы және ауамен де келіп түседі. Папеомиелит ауруы Қазақстанда әсіресе, 1961 жылы кең өріс алды. Бұл ауру қоздырғыштары жүйке жасушаларына еніп, адам қозғалысын басқаратын жүйкелерді бұзады да, жансыздандырады.


Иммунитет – ағзаның ауру қоздырғыштарын қабылдамайтын қасиеті. Ағазынң өз тұтастығын және биологиялық даралығын қорғайтын жасуша – иммундық жасуша деп аталады. Ауру тудыратын ұсақ ағзаларды қармап, тіршілігін жою арқылы иммундық жасуша ағзаны қауіпті жұқпадан сақтандырады.

Өсімдіктерде вирустар тудыратын аурулар. 100 топқа бірігетін вирустар мыңнан астам өсімдік ауруларын қоздырады. Вирус зақымдаған өсімдіктердің жапырағында, басқа мүшелерінде түрлі түсті, дақтар, жолақтар пайда болады, өсімдің бойы өспей пішіні өзгереді. Астық дақылдарын зақымдаған вирустар оның түсімін төмендетеді. Вирус – жасушасы жоқ кішкене бөлшек, яғни жасушасыз құрылым. Ол өлі және тірі формалардың аралық буыны деп есептеледі. Бактерия жасушасына еніп көбейетін вирус бактериофаг деп аталады. Вирус – тек жасуша ішінде тіршілік етеді. Вирустар адам және өсімдік, жануар ағзасына еніп, олардың тіршілігін бұзып, патологиялық ауруларға әкеліп соқтырады.


ВИРУСТАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ТIРШIЛIК ПРОЦЕСТЕРI Вирустар – клеткасыз организмдер. Олар негiзiн құрайтын ДНҚ немесе РНҚ және оны қоршап тұрған белокты капсидтен тұрады. Вирустар бактериялардан миллион есе кiшi және оны 40000 есе үлкейтетiн электрондық микроскоп арқылы көруге болады. Көптеген зерттеушiлер, вирустарды тiрi организмдер емес, олар тек күрделi құрылысты химиялық заттар деп есептейдi. Бiрақ вирустың ДНҚ молекулалары өзiн-өзi өндiре алады, бұл қасиет ДНҚ тән, сондықтан вирустық РНҚ генетикалық информацияның көзi және РНҚ өзi бола алады. Зақымданған клеткада вирустың нуклеин қышқылдарының бағдарламасы бойынша, иесiнiң рибосомаларында спецификалық вирусты ақуыздар синтезделедi және нуклеин қышқылдарынан жаңа вирустың бөлiмдерi түзiледi. Осы топтың барлық түрi сияқты қызылша вирусы өзiн-өзi өмiрлiк қажеттiлiкпен қамтамасыз ете алмайды. Ол тiрi организмнiң клеткаларын бағындырып, көптеген вирусты бөлiмдерiн тудырады. Бiрнеше уақыт өткеннен кейiн вирустық клетка өледi де, вирустар басқа жаңа клеткаларды зақымдайды.

ВИРУСТАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРI Вирустар – бұл көлемi шамамен 20 нм – ден 300 нм – ге дейiн болатын өте ұсақ тiрi организмдер; орташалап алғанда олар бактериялардан 50 есе кiшi. Жоғарыда айтылғандай вирустарды жарықтық микроскоптың көмегiмен көру мүмiн емес (себебi олардың көлемi жарық толқынының жартылайұзындығынан кiшi) және олар бактерия клеткаларын ұстап қалатын сүзгiштен өтiп кетедi. “Вирустар тiрi ме?” деген сұрақтар жиi қойылады. Егер тiрi деп, генетикалық материалдары (ДНҚ немесе РНҚ) бар және өзiн - өзi өндiру қабiлетi бар құрылымды есептесек, вирустарды тiрi деуге болады. Ал егерде тiрi деп, клеткалық құрылымды есептесек, жауап керi болу керек. Тағы да айта кететiн жәйт, вирустар қожайын-клеткасыз өмiр сүре алмайды. Олар өзiн-өзi тек қана тiрi клетканың iшiнде өндiре алады, сондықтан олар облигатты паразиттер болып табылады. Әдетте олар аурудың айқын белгiлерiн көрсетедi. Қожайын клетканың iшiне кiрген соң, олар қожайынның ДНҚ-ын “жойып” және өзiнiң ДНҚ немесе РНҚ пайдаланып, клеткаға вирустың жаңа көшiрмелерiн түзуге бұйрық бередi. Вирустар клеткадан клеткаға инерттi бөлшектер ретiнде жеткiзiледi. Вирустың құрылымы өте қарапайым. Олар вирустың өзегiн құрайтын генетикалық материалдан ДНҚ немесе РНҚ және оны қоршап тұрған капсид деп аталатын қорғаныс белок қабықшасынан тұрады. Толығымен қалыптасқан инфекциялық бөлшек вирион деп аталады.

ВИРУСТАРДЫҢ ШЫҒУ ТЕГI Ең шынайы және қолайлы гипотеза болып вирустың “қашқын” нуклеин қышқылынан пайда болуы, яғни нуклеин қышқылының өзi шыққан клеткадан тәуелсiз репликациялануға қабiлеттенуi, бiрақ мұндай ДНҚ осы немесе басқа клеткаларды пайдалануымен (паразиттiк) репликацияланады. Сол себептен вирустар клеткалық организмдерден шыққан болу керек, және оларды клеткалық организмдердiң ата-тегi деп қарастыруға болмайды. Бұл “өркендердi” қаншалық қарапайым екендiгiн бiлу тым қиын, бiрақ генетиканың жетiстiктерi, паразиттiк нуклеин қышқылдарының басқа түрлерiн вирус себепшi, соған қарамастан кейбiр гүл өсушiлер бұл қызғалдақтың ерекше сорты деп сатады. Өсiмдiк вирустары РНҚ-құрамдас вирустарға жатады. Вирустық және бактериялық аурулардың берiлу жолдары. Вирустық және бактериялық аурулардың берiлу жолдары бiрдей болғандықтан, бұл сұрақты бiрге қарастыру ыңғайлы.



Пайдаланылған әдебиеттер: www.google.ru www.wikipedia.ru Генетика мен селекция негіздері – Алматы “Санат” 1996 жыл. Мұхамбетжанов Көпжасар Тіршіліктану Алматы “Мектеп” 2003 жыл. Т. Қасымбаева, Ж. Әкімов Билология Алматы 2007 жыл. Қ.Қайым, Р.Сәтімбеков.

Назар аударғандарыңызға рахмет!!!

476-dn_1178__ly_zh_1241_ne_rn_1178__ly_virustar.ppt
- Количество слайдов: 29