Презен -Зина.ppt
- Количество слайдов: 28
Вирустар - тіршіліктің жасушасыз түрі
Мақсаты : 1. Білімділігі : Вирустардың зерттелу тарихы , құрылысы , құрылымы , зияны туралы білім беру. 2. Дамытушылық : Сабақта белсенділікпен жұмыс жасап , одан қорытынды шығара білу , оқушыны өз бетінше ізденуге , іскерлікке дағдыландыру. Сабақта материалды игеріп қана қоймай зерттеу , іздену , сынау , сараптау , салыстыру арқылы өз пікірлерін қорғай білуге , биологиялық дүниетанымын кеңейтуге баулу. 3. Тәрбиелік : Салауатты өмір салтын қалыптастыру , тазалыққа , адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : аралас сабақ Типі: жаңа білімді меңгерту Әдісі: топтық жұмыс, тірек- сызба , ассоциация , “Ізден , Ойлан , Тап” сандық терезе , “Шыңға шығу” ойын түрлері , сатылай кешенді оқыту технологиясы Көрнекілігі: электронды оқулық, кесте- суреттер, слайдтар Құралжабдықтар: интерактивті тақта, арнайы құралдар, слайдтар, электрондық оқулық
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу, түгендеу Оқушы назарын сабаққа аудару ІІ. Үй тапсырмасын сұрау 1. Игерілген білімді тірек-сызба бойынша пысықтау. Ағзалар Вирустар дүниесі бактериялар Цианобактериялар (көк-жасыл балдырлар) Анциттер (жасушасыз) Прокариоттар (ядросыздар) өсімдіктер саңырауқұлақтар Эукариоттар (ядролылар) қыналар жануарлар
“Мықтылар” тобына Жасуша мөлшері ірі 10 мкм-100 мкм Өсімдіктер , жануарлар, саңырауқұлақтар клеткасы Митоз жолымен бөлінеді Ген хромосомада орналасқан Эукариотты Ядросы бар Органоидтары бар Экзоцитоз, эндоцитоз құбылыстары бар Хромосомалардың диплоидты жиынтығы
“Күштілер” тобына Гені бар Органоидтар митохондрия , рибосома болмайды Жасуша мөлшері ұсақ 2 мкм-3 мкм Бактериялар , көк жасыл балдырлар Прокариотты Бір ғана геннің көшірмесі Экзоцитоз , эндоцитоз құбылысы жоқ Теңдей екіге бөлінеді Ядросы жоқ
Көз сүзіп тамсанып қарама құр , Байлыққа жету үшін керек ақыл Талпынған , талаптанған , еңбек еткен Еш кетпес маңдай терің , табан ақың. “Ізден , Ойлан , Тап !” бөлімінде “Кімнің еңбектері” деген сауалдарға жауап беру үшін мына сандық терезелерді ашасыздар. 20 20 20 30 30 30 40 40 40
20 (оң) Қай жылы қай елдің ғалымы “Нуклеин қышқылын” ашты ?
20 (сол) Қай жылы , қай елдің ғалымы “митохондрияны” ең бірінші тауып , “саркасома” деп атады ?
20 (орта ) Қай жылы , қай елдің ғалымы нәруызды ыдырату арқылы глицинді алды ?
30 (оң) Сведберг нені дәлелдеді және нені ойлап тапты ?
30 (сол ) Лизосоманың екінші атауы ?
30 (орта ) 1894 жылы неміс анатомы Р. Альтман митохондрияны не деп атады ?
40 (оң ) Лизосоманың ең алғаш кім , қай жылы ашқан ?
40 (сол ) Гольджи жиынтығын кім , қай жылы , қайдан тапты ?
40 (орта ) Эндоплазмалық торды қай жылы , кім ненің көмегімен қайдан тапты ?
Микробиология ғылымының негізін қалаушылар
“Шыңға шығу” ойыны 5 5 4 4 3 3 2 2 1 1 “Мықтылар” тобы 1. Жасушаны зерттейтін ғылым ? 2. Өсімдіктерге ғана тән денешік ? 3. Хромосомадағы құрылыс қызметін атқаратын нәруыз ? 4. Шар тәрізді денешік ? 5. “Табиғат жүйесі” еңбегінің авторы ? “Күштілер” тобы 1. 2. 3. 4. 5. Бактерияны зерттейтін ғылым ? Цитоплазманың түп негізі – Фагоцитоз процесін терең зерттеп , бұл терминді алғаш ғылымға енгізген ғалым ? Нәруыз молекуласын тұңғыш зерттеген ғалым ? “Көмірсу” деген терминді ғылымға енгізген ғалым ?
ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі “Ой шақыру” 1. 2. 3. 4. 5. Вирустарды зерттейтін ғылым саласы ? Вирустарды кім ашты ? Вирустар қандай ауру тудырады ? Иммунитет дегеніміз не ? Мына сурет бойынша бактериофагтың құрылысын талда.
ІҮ. Жаңа сабақ : “Вирустар – тіршіліктің жасушасыз түрі” Сатылай кешенді талдау технологиясын қолдану. Вирустар 1. Анықтамасы : Вирус деген латынның “virus”деген сөзінен алынып , “у” деген ұғымды білдіреді. 2. Ашылу тарихы. Бұл терминді алғаш рет ғылымға Нидерланды ғалымы М. В. Бейерник (1815 -1931) 1899 жылы енгізді. Вирусты алғаш орыс ғалымы Д. И. Ивановский 1892 жылы темекі жапырағының теңбіл ауруынан тапты. Вирустарды тек электронды микроскоппен ғана көруге болады. 3. Сөз таным. Вирустарды зерттейтін ғылым саласын вирусология деп аталады. Иммунитет – ағзаның ауру қоздырғыштарын қабылдамайтын қасиеті. Ағзаның өз тұтастығын және биологиялық даралығын қорғайтын жасуша иммундық жасуша деп аталады. Ауру тудыратын ұсақ ағзаларды қармап , тіршілігін жою арқылы иммундық жасуша ағзаны қауіпті жұқпадан (инфекциядан) сақтандырады. 4. Негізгі қасиеттері : 1. Бактериялардан да ұсақ ; 2. Бактериялар өте алмайтын арнаулы сүзгілерден өтетіндігі ; 3. Зертханада қолдан жасалған қоректік орталарда өспейді ; 4. Тек тірі жасушада ғана тіршілік етеді ; 5. Тауық жұмыртқасында жақсы өседі ; 6. Кейбір вирустар кристалл түзеді ;
5. Сыртқы пішіндері: Шар , таяқша , сопақша , жіп тәрізді. Мөлшері өте ұсақ , өлшемі 0, 0000002 см. 6. Вирустың түрлері : Қарапайым құрылысы бар вирустар нуклеопротеиндер , яғни бұл вирустар нук. қышқ/нан (ДНҚ немесе РНҚ) , ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан-капсидтен тұрады. Бұл қабықша вирустың құрам/ғы нук. қышқ/н сыртқы орта ның қолайсыз жағдай/н қорғайды. Күрделі вирустардың нәруызды немесе либопротеинді қосымша қабықшасы болады және көмірсулар мен ферменттер кездеседі. 7. Вирус жасушасының құрылысы : Барлық вирустар екі топқа бөлінеді : 1) ДНҚ-геномды 2) РНҚ-геномды жануарлар мен адамдардың Өсімдік жасушасында жасушаларында не кездесетін вирустар көбіне РНҚ-геномды немесе РНҚ-геномды болып келеді. ДНҚ-геномды вирустар кездеседі. 8. Тіршілік ортасы. Вирустар өз бетінше тіршілік ете алмайды және бөлінбейді. Вирустар жасанды қоректік ортада көбеймейді және олар тіршілігін өздері паразитті тіршілік ететін иесінің жасушаларында ғана жалғастыра алады. Вирустар екі түрлі ортада ғана кездеседі. 1) жасушадан тыс жерде тек вирион (вирус бөлшектері ) күйінде ; 2) жасуша ішінде көбеюге қабілетті кезеңі. Вирион күйіндегі әрбір вирустыа зат алмасу процесі жүрмейді , яғни бос күйінде не өспейді , не көбеймейді.
9. Вирустардың өздеріне ғана тән ерекшелік : 1) Олардың өздеріне тән заттар мен энергия алмасуы болмайды. 2) Олар өздеріне қажетті нәруызды түзу үшін өзі паразитті тіршілік ететін жасушаның рибосомасын пайдаланады. 10. Вирустың зияны : Вирустар адам өміріне өте қауіпті ауру тудырады. ЖҚТБ , шешек , гепатит , энцефалит , полиомиелит , қызылша , қызамық , тұмау А , В , С , гепатиттің вирусы бауыр ұлпасын , т. б. Өсімдіктерде : темекі теңбілі , картоп , бұршақта т. б. Мәдени өсімдіктерде , қызанақта қола ауруы , қант қызылшасында сары ауру. Өсімдіктердің хлоропластарын түссіздендіріп зақымдайды. 11. Қорытынды. Вирустар – табиғатта өте көп таралған жасушасыз тіршілік иесі. Ол орта жағдайының өзгерісіне өте төзімді және көптеген жұқпалы аурулардың қоздырғышы.
Тарихи мәлімет 1. 1892 жылы вирусты алғаш орыс ғалымы Д. И. Ивановский темекі жапырағының теңбіл ауруын тапты. 2. 1898 жылы орыс ғалымы Н. Ф. Гамалея топалаңды қоздыратын бактерияларды ерітіп жіберетін бактериофагтарды анықтады. 3. 1899 жылы “вирус” терминін ғылымға М. В. Бейерник енгізді. 4. 1915 жылы бактериофагты зерттеген ағылшын ғалымы Ф. Туорт. 5. 1917 жылы іш сүзегі бактериясын ерітіп жіберетін бактериофагтарды канадалық ғалым Д’Эрелль байқаған. 6. 1935 жылы американ ғалымы У. М. Стэнли вирусты кристалл түрінде бөліп алып , онымен темекінің бұрын ауырмаған жапырағын зақымдаған кезде ауру пайда болатындығын байқаған.
Вирустың түрлері :
ИТИС вирусымен зақымданған табан
Ү. Сабақты бекіту. Вирустар
ҮІ. Үйге тапсырма 1) § 21 оқу , конспектілеу. 2) Вирустар арқылы таралатын жұқпалы аурулар туралы хабарлама дайындау. ҮІІ. Бағалау
Тыңдағандарыңызға рахмет!
Презен -Зина.ppt