мал кус 2.pptx
- Количество слайдов: 21
Ветсансараптау және гигиена кафедрасы Тақырыбы: Эндокринді шикізаттарды жинау мен тасымалдаудың негізгі принциптері. Орындаған: Құрманғали Б. Тексерген: Шалхарова Д. Тобы: ВС-313
Кіріспе. ҚР ветеринария заңы бойынша темір жол, су арқылы тасымалдау, автокөлік, әуе көлігі арқылы тек қана мемлекет стандарттарына сай, клиникалық тексерістен өткен өнімдер ғана, диагностикалық зерттеулерден, өңдеуден өткеннен соң жіберіледі. Басқа аудандарға сатылуға жіберілетін өнімдер профилактикалық оқшауға қояды. Жүктерді тасымалдау алдында жөнелтуші жүктерді дұрыс сақтап жеткізу үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Эндокринді шикі заттар дегеніміз-жануарлардың эндокриндік бездерін айтамыз.
Эндокринді бездер. Эндокринді бездер биологиялық белсенді заттаргормондарды организмнің ішкі сұйық ортасына бөлу арқылы дене мүшелері мен жалпы организмдегі зат алмасу процесін, организм ұлпалары мен мүшелерінің дамуы мен сомалық өсу және көбею қызметтерін реттеуге қатысатын қомақты паренхималы мүшелер мен жекелеген торшалар жүйесі. Гормондар қан және лимфа тамырларындағы сұйық ұлпалардың ағысымен организмнің барлық мүшелері мен ұлпаларына таралып, жалпы денедегі немесе жеке мүшелердегі зат алмасу процестерін реттеуге қатысады. Эндокринді бездер гормондары арқылы организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын және оның сыртқы ортамен байланысын қамтамасыз етеді.
Эндокринді шикізаттар. Эдокринді шикізаттарға гормон бөлу мен фермент бөлу қызметін атқаратын ішкі және сыртқы секреция бездері жатады. Жануарлар ферменттері мен гормондары химиялық құрамы мен биологиялық әсері жағынан адамның ферменттері мен гормондарының аналогі болып келеді. Осы қағиданы негізге ала отырып малды сойған кезде эндокринді шикізаттарды дәрілік препараттар алу мақсатында қолданады. Қазіргі заманғы ет комбинаттарында эндокринді бездерден: бүйрек үсті безі, гипофиз, жұмыртқалық, ен, қалқанша маңы безі, асқазан асты безі, эндокринді шикізаттардан басқа жұлын, эмбрион, өт дәрілік препараттар алу үшін жиналады.
1 -сурет . Ет комбинатының жұмысшылары
Шикізат жинау мен алғашқы өңдеу. Медициналық дәрілік препараттар дайындалатын эндокринді шикізаттар тек сау малдардан алынады. Бездерді жинау уақыты мал сойылғанан кейін 15 минут аралығында барлық ветеринарлық- санитарлық талаптарды сақтай отырып жүргізілуі тиіс. Тек бруцелез ауруына қауіпі бар, бірақ бұл аурумен ауырмаған малдың өті ғана кристалл түріндегі инсуллин дайындауға жіберіледі. Қазіргі кездегі заманауи ет комбинаттарында эндокринді бездерді жинау бөлімі болады. Осы жерде безді арнайы мамандар жинайды, ол арнайы таза мрамор столдар үстінде дезинфекцияланған тат баспайтын никельден немесе хромдалған металлдардан жасалған пышықтар мен қайшылармен жүзеге асады. Бездерді зақымдап алмас үшін оларды айналасындағы ұлпалармен бірге кесіп алады. Безді бөліп алғаннан кейін жылдам артық ұлпалардан тазартады. Бездерді тазартудың жалпы ережесіне жұмыстың тез орындалуы мен бездің бүтіндігін сақтау болып табылады. Тазаланған бездерді ветсан эксперт маманына тексеруге жібереді. Маман шикізаттың түріне, түсіне, иісіне және қандай да бір патологиялық өзгерістер байқайтын болса жарамсыз деп таниды.
Жәшіктердегі эндокринді шикізаттарды 12º температурада тоңазытқыштарда 3 -4 айдан артық ұстауға болмайды. Егер эндокринді шикізаттар аталған уақыттан ұзақ сақталатын болса бездердің активтілігі төмендеп және дәрілік препараттар жасауға жарамсыз болып қалады. Жұмыртқалықтар мен ен 90 -95º этил спиртінде консервіленеді. Жасанды панкреатин алу мақсатындағы асқазан асты безін консевілеу үшін ас тұзын қолданады. Өтті формалиннің 0, 2% ерітіндісімен консервілейді.
Гипофизден алынатын препараттар Гипофиздің алдынғы бөлігінде: өсу гормоны, тиреоидты, паратереоитты, адренокортикотропты, қантты төмендегіш жане басқа да оннан астам гормондар пайда болады. Бұлардың ішіндегі ең маңыздылары аденокортикотронды жане гонадротропты гормондар болып табылады.
Гипофиз – басты денеден бөліп, технологиялық өңдеуден, малдәрігерлік байқаудан өткеннен кейін жиналады. Бас дискілі араның немесе гильотина көмегімен ортасынан бір жағына қарай 0, 5 -1 см ауытқи отырып екіге бөлінеді. Жіңішке жүзді пышақтың немесе Купер қайшысының ұшымен гипофиз ми қуысынан шығарылады. Алынған гипофизді арнаулы ыдысқа салып 30 -60 минут ішінде тазалау орнына жеткізеді. Қабыршағынан, айналасындағы заттардың қалдығынан тазартылған гипофиз салқындату орнына жеткізіліп, консервіленеді.
Гипофиз және одан жасалатын препараттар.
Ұйқы безінің гормоналдық препараттары: Инсулин ұйқы бездеріндегі Лангрганс аралшықтарың В торшаларында түзілетін гормон. Химиялық құрлымы жағынан бұл 51 амин қышқылдары қалдықтарынан тұратын молекулярлық салмағы 6000 -ға жуық полипептидке жатады. Инъекция үшін дайындалатын препарат сыртқы түрі бойынша мөлдір, түссіз немесе аздап сарғыштау қышқылдық реакция көрсететін сұйықтық.
Ұйқы безін жіңішке пышақтың көмегімен, ұлпасын зақымдамай, айналасындағы ұлпалар мен ағзалардан бөледі. Без май, дәнекер ұлпалы қабығынан және тамырларынан Купер қайшысының көмегімен ажыратылады. Тазартылған бездер арнаулы ыдысқа жиналып әрбір 10 -15 минут сайын мұздатуға жіберіліп отырады.
Ұйқы безі және одан жасалатын препараттар.
Тез бұзылатын өнімдерді сақтау мерзімі Өнім атауы Эндокрин дік шикі зат Сақтау мерзімі Сақтау Ауа айна- Ауа температ лымы ылғалдығ урасы, 0 С ы, % 3 -6 ай -9 - ден Әлсіз 95 -100 % -18 - дейн (сағатына көлемі 1020)
Сиырдың бүйрек безін ішек қарынды аударғаннан кейін, ал қой, шошқа бездерін ұшадан бүйректі аларда жинайды. Бүйрек безінің гормондары күн сәулесінен ыдырайтындықтан, оны жабық ыдыстарға жинайды. Консервілеу мұздату әдісімен жүргізіледі. Қалқанша және қалқанша маңы бездері мал кеудесінен бас бөлінгенен кейін 3 -4 шеміршек сақиналарының тұсынан жиналады. Аталық жыныс безі ұшаны өңдеу кезінде құрсақ еттерінің бітісу сызығы бойымен кесілгеннен кейін алынады.
Жиналатын және алғашқы өңдеуге жататын эндокринді шикізатқа гипофиз, эпифиз, қалқанша асты бездері, тимус, бүйрек үсті безі, ұйқы безі, ен, аналық без және басқалар жатады. Ағза препараттарын жасауға қолданатын ішкі секреция бездері мен басқа мүшелер сойылған мал ұшасынан 15 -30 мин кейін емес (тимус, ұйқы без) немесе 1 сағатта (компактты бездер: гипофиз, эпифиз, қалқанша және қалқанша асты безі, бүйрек үсті безі, ендер аналық бездері) алынып, мұқият тазаланып, консервіленеді.
Тимус
Тимустан жасалған препараттар.
Тасымалдауға дайындалған өнімдер сапасы жағынан және мөлшері бойынша стандарт және технологиялық шартқа сәйкес болу керек, тауарлар тасымалдайтын ыдыс-қораптар мықты және таза болу керек. Эндокриндік шикізат, қан және етті тасымалдау кезінде олардың сау малдан алынғаны туралы анықтамасы болуы керек. Тасымалдауға қабылдау кезінде құжаттар берілген жүктердің сапасының тасымалданатын жүктердің сипаттамасымен сәйкес болуын қадағалау керек.
Эндокринді шикізаттың сараптауын эндокринді бөлімде тікелей мал дәрігері бездер бөгде ұлпалардан тазартылғаннан кейін жүргізеді. Шикізатты қарау алдында эндокринді бөлмеде қайта өңделетін мал басының партиясының ветеринарлық –санитарлық сәттілігін анықтау қажет. Сонымен қатар мал жасы мен қоңдылығына назар аударады. Барлық бұл мәліметтер осы сойылымның эндокринді шикізатын қарағанда көмек көрсетеді. Жануарлар қаны құнды ақуызды өнім болып табылады. Оны тағамдық, емдік, азықтық және техникалық мақсатта қолданады. Әдетте, жануар организмінде қан келесі мөлшерде болады: ІҚМ-да 6, 8 -8%, қой мен ешкіде 6, 2 -7, шошқада 5, 6 -6, 2, жылқыларда 8 -8, 4, қояндарда 5, 6% (тірі салмақтарына).
Назарларыңызға рахмет!!!
мал кус 2.pptx