холино.ppt
- Количество слайдов: 30
Вегетатропты заттар № 3 лекция Холинергиялық заттар
Перифериялық нерв жүйесі Афферентты (сезімталды) бөлімі Эфферентты (орындаушы) бөлімі
Эфференттiк иннервация 1. Соматикалық бөлім (1 «мотонейрон» : қанқа бұлшық еттері); 2. Вегетативты бөлім (2 нейрон: тегіс салалы бұлшық еттер, бездер) - Симпатикалық (әдетте – белсендіруші қызмет атқарады); - Парасимпатикалық (әдетте –тежеуші қызмет атқарады).
Эфферентты иннервацияның құрылымы 1. С-типті эфферентты талшықтар (аксондар) - Екі нейронды құрылымды; - Синапстар (үзілудегі химиялық байланыстар); -Медиаторлар (тасымалдаушы). 2. Рецепторлар (медиатормен байланысу орыны ) Адренорецепторлар (медиаторы норадреналин, синтезделу орыны: симпатикалық жүйкеның 5 -і нейроны) - 1 А, В, С-адренорецепторлар; - 2 А, В, С-адренорецепторлар; - β 1, 2, 3 -адренорецепторлар. Холинорецепторлар (медиаторы ацетилхолин, синтезделу орыны – басқа қалған атқарушы нейрондар) - М 1, 2, 3, 4 - холинорецепторлар; - бұлшықетті және нейрональды типті Н-холинорецепторлар.
Холинергиялық синапс
Холинергиялық синапстың рецепторларының орналасуы және қызметі. ОЖЖ Симп жж Н-холинорец Ганглий Парасим жж Н-холинорец Бүйрек усті безі Қозғалт нейрон. ядросы Синокаротидты шумақ Н-холинорец Ганглий Адренорец М-холинорец СЖЖ атқарушы мүшесі ПСЖЖ атқарушы мүшесі Н-холинорец Қаңқа бұлшық еттері
Холинорецепторлардың ынталандырғыш әсерлері Холинорецептордың түрі Рецепторлардың орналасуы Холинорецепторларды ынталандырған кезде пайда болатын әсерлер М-холинорецепторлар М 1 ОНЖ Асқазанның энтерохромаффин тәрізді жасушалары Гистаминді бөледі, ал ол асқазанның париетальды жасушаларымен бөлінетін хлорсутекті қышқылдын секрециясын белсендіреді. М 2 Жүректің жиырылу жиілігін төмендетеді; атриовентрикулярлы өткізгіштікті тежейді; жүрекшелердің жиырылу белсенділігін төмендетеді; Постганглионарлы парасимпатикалық талшықтар ұштарының пресинаптикалық мембранасы Ацетилхолиннің босап шығуының төмендеуі Нұрлы қабаттың айналма бұлшық еті; Көздің цилиарлы (кірпікшелі) бұлшық еті; Көз қарашығының жиырылуы, тарылуы; көз іші қысымынының төмендеуі; аккомодацияның спазмы (көз жақын жерден көру Бронхтың, асқазанның, ішектің, өт қапшығының және өт өзегінің, қуықтың, жатырдың тегіс салалы бұлшық еттері; Экзокринді бездер (бронхиальды бездер, асқазан бездері, ішек, сілекеі, жас шығу, мұрын-жұтқыншақты және тер бездері) Асқазанның, ішектің және қуықтың моторкасының күшеюі (сфинктерден басқалары) және тонусының жоғарылауы; Секрецияның жоғарылауы; Қан-тамырлардың эндотелиальды жасушалары Тамырлардың тегіс салалы бұлшық еттерін босаңсытатын эндотелиальды релаксацияланатын факторды (NO) бөледі, М 3 (иннервацияла натын) М 3 (иннервацияла нбайтын) нүктесіне бейімделеді ) Н-холинорецепторлар Нм Қаңқа бұлшық еттері Жиырылу Нн Вегетативты ганглийлер; бүйрек үсті безінің милы қабатыныі Ганглионарлы нейрондардың қозуы; адреналиннің және норадреналиннің секрециясы;
М-холинорецепторларды ынталандырған кезде болатын әсерлер а) көз қарашығын тарылтады (миоз) - ол нұрлы қабаттың айналма бұлшық етіндегі Мхолинорецепторлардың қозуымен және осы бұлшық еттің жиырылуымен байланысты болып келеді; б) көз іші қысымын төмендетеді - ол миоздың салдарынан болады. Бұл кезде нұрлы қабат жұқаланып, көздің алдыңғы камерасының бұрыштары барынша ашылады, осыған байланысты нұрлы-қасаң қабатты бұрыштың Фонтанов кеңістігі арқылы ақ қабақтың венозды синусына - Шлеммов каналына көз іші сұйықтығының ағып өтуі жеңілдейді; в) аккомодацияның спазмын шақырады. Көздің кірпікшелі бұлшық етінің (m. Ciliaris) Мхолинрецепторларын ынталандырады және Циннов байламын босаңсытады, осыған байланысты көз бұршағының дөңестігі үлкейеді. Көз бұршағының дөңестігі үлкейеді де, көз жақын жерден көру нүктесіне бейімделеді (алыстан нашар көреді). г) тегіс салалы бұлшықетті мүшелердің ( АІЖ, бронхтар, зәр шығару және өт шығару жолдары) тонусын күшейтеді. д) cырткы секреция бездерінің (сілекей, бронхиальды, ішек, тер бездері) белсенділігін күшейтеді. е) Жүректің жиырылу жиілігін төмендетеді және қан қысымын төмендетуге бейім.
Н-холинорецепторларды ынталандырған кезде болатын әсерлер: Қаңқа бұлшық еттерің жиырылуы Aдреналиннің және норадреналиннің секрециясы; Ганглиялық нейрондардың қозуы (cимпатикалық, параcимпатикалық) Тыныс алу және тамыр-қозғалтқыш орталықтарын рефлекторлы қоздыру
Холинергиялық заттар Рецепторларды белсендіру – «миметиктер» . Рецепторларды тежеу – «блокаторлар» , «литиктер»
Холинергиялық заттардың жіктемесі • • • I. М-, Н-холиномиметиктер ацетилхолин, карбохолин II. Антихолинэстеразды заттар (АХЭ) а) қайтымды әсер ететін: прозерин, галантамин, физостигмин, б) қайтымсыз әсер ететін: фосфакол, армин III. М-холиномиметиктер: пилокарпин, ацеклидин, мускарин IV. М- холиноблокаторлар а) селективты емес: атропин, скополамин, платифиллин, метацин б) селективты (М 1 - холиноблокаторлар): пирензипин V. Н-холиномиметиктер: цититон, лобелин, никотин VI. Н-холиноблокаторлар а) Ганглиоблокаторлар: бензогексоний, пирилен, гигроний, б) Миорелаксанттар: тубокурарин, панкуроний, дитилин
М-, Н-холиномиметиктер: Ацетилхолин , карбохолин, метахолин Ацетихолинді дәрілік препарат ретінде мүлдем қолданбайды, себебі ол өте тез, найзағай тәрізді, қысқа уақыт әсер етеді (бірнеше минут). Ішке қолданғанда әсері болмайды, себебі ацетилхолинэстераза ферментімен гидролизге ұшырайды. Тәжірибелік физиология мен фармакологияда кеңінен қолданады. АЦЕТИЛХОЛИННІҢ ФАРМАКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРЛЕРІ • Ацетилхолиннің жүйелік әсерінде (көктамырға егуге болмайды, себебі қан қысымының кенеттен түсіп кетуі байқалады) • М-холиномиметикалық әсері басым болады : брадикардия, тамырлардың кеңеюі, бронхтың және асқазан-ішек жолдарының бұлшық еттерінің тонусы мен жиырылу белсенділігін жоғарылатады. • Ацетилхолиннің вегетативті ганглийлердің Нхолинорецепторларына ынталандырғыш әсері орын алады, бірақ ол М-холиномиметикалық әсерімен жабылып кетеді. Сонымен қатар ацетилхолин қаңқа бұлшық еттерінің Н-холинорецепторларына ынталандырғыш әсерін көрсетеді.
Антихолинэстеразды заттар (АХЭ) прозерин, галантамин, физостигмин ж. т. б. • АХЭ заттардың әсер ету механизмі Ацетилхолинэстераза ферментін тежейді, сол себепті синапс аймағында, яғни холинорецпторлар аймағында ацетихолин медиаторының жиналуы байқалады. • АХЭ заттардың әсерінен ацетилхолиннің ыдырау жылдамдығы баяулайды, ол Мжәне Н-холинорецепторларға ұзақ уақыт стимуляциялық әсер етеді. • Бұл препараттардың әсері М және Нхолиномиметиктерге ұқсас
Антихолинэстеразалы препараттардың ацетилхолинэстеразамен байланысуының тұрақтылығына қарай оларды 2 топқа бөлуге болады : • 1) Әсері қайтымды АХЭ заттар. Олардың әсері 2 -10 сағатқа созылады: физостигмин, прозерин, галантамин және басқалары. • 2) Әсері қайтымсыз АХЭ заттар. Бұл заттар ацетилхолинэстеразмен біраз күндерге, айларға дейін байланысады: армин, фосфакол және фосфорорганикалық қосылыстардың тобына жататын басқа антихолинэстеразалық заттар (инсектицидтер, фунгицидтер, гербицидтер, ҚУЗ) жатады.
М-холинорецепторларға әсер етуімен байланысты АХЭ заттардың әсерлері: 1. 2. 3. 4. 5. 6. Көз қарашығының тарылуы (миоз) – көздің нұрлы қабатының айналма бұлшық етінің жиырылуы; Көз іші қысымның төмендеуі. Аккомодация спазмы (көз жақын жерден көру нүктесіне бейімделеді) көздің кірпікшелі (цилиарлы) бұлшық етінің жиырылуы; Жүректің жиырылу жиілігінің төмендейді (брадикардия); Бронхтардың тонусы жоғарылайды; Асқазан- ішек жолдарының, қуықтың, миометрийдің тегіс салалы бұлшық еттерінің тонусының жоғарылауы; Жас ағу, бронхиальды және асқорыту бездерінің ( сілекей, асқазан-ішек жолдарының бездерінің) секрециясы жоғарылайды.
АХЭ ЗАТТАРДЫҢ Н-ХОЛИНОРЕЦЕПТОРЛАРҒА (НИКОТИН ТӘРІЗДІ ӘСЕРЛЕР) ӘСЕР ЕТКЕНДЕ БАЙҚАЛАТЫН ӘСЕРЛЕР: • нерв-бұлшықеттік импульс берілулерде және вегетативті ганглийлерде қозудың берілуін жеңілдетеді. • Нәтижесінде: қаңқа бұлшықеттерінің жиырылу күші біршама жоғарылайды.
М –рецепторлармен байланысты АХЭ заттарды қолдану көрсеткіштері : 1) ашық бұрышты глаукомада (0, 5% ерітінді); 2) оташалаудан кейінгі ішек және қуық атониясын емдеуде. Н –рецепторлармен байланысты АХЭ заттарды қолдану көрсеткіштері : • 1) Миастения– синаптикалық өткізгіштіктің зақымдалуымен байланысты жүретін жүйке бұлшық еттік. • Клиникасы: бұлшық еттің әлсіздігі және жедел қалжырағыштық. • 2) Неврологиялық тәжірибеде паралич, парез, басқа да невриттерде • 3) Ганглиоблокаторлармен уланған кезде. • 4) Антидеполяризациялаушы әсерлі миорелаксанттарды мөлшерден тыс қолданған кезде
• АХЭ заттардың жанама әсерлері: Мөлшерден тыс қолданған кезде немесе препаратқа жоғары сезімталдық байқалғанда ішек тонусының күшеюі (іш өтуі), брадикардия, бронхоспазм сияқты жағымсыз реакциялар пайда болуы мүмкін. • Қолдануға қарсы көрсеткіштері: эпилепсия, гиперкинезия, бронхиальды демікпе, стенокардия, атеросклероз, тыныстың және жұтынудың бұзылысы бар науқастарда қолдануға болмайды.
М-холиномиметиктер Пилокарпин, ацеклидин Әсер ету механизмі • М-холиномиметиктер холинергиялық иннервациямен қамтамасыз ететін атқарушы мүшелерді ынталандыра отырып, вегетативті холинергиялық жүйкелерді тітіркендіргенде байқалатын қасиеттерге ұқсас әсерлер көрсетеді.
• ПИЛОКАРПИН көз қарашығын және көз іші қысымын төмеңдетеді, сонымен қатар аккомодация спазмын туғызады. Әсіресе ол бездердің секрециясын жоғарылатады. • Улылығы өте жоғары препарат, тек қана көз тәжірибесінде • АЦЕКЛИДИН – тікелей әсерлі синтетикалық М-холиномиметик. Улылығы азырақ. Жергілікті және резорбтивті түрде қолданылады. • Қолдануға арналған көрсетімдер: ауыз қуысының кеуіп қалуында және глаукома мен атонияны емдеу үшін қолданады. • Жанама әсерлері: іш өту, тершеңдік, сілекейдің көп бөлінуі. • Қолдануға қарсы көрсеткіштері: бронх демікпе, жүктілік, атеросклероз.
М-ХОЛИНОРЕЦЕПТОРЛАРДЫ ТЕЖЕЙТІН ЗАТТАР (М-ХОЛИНОБЛОКАТОРЛАР) • Әсер ету механизмі: • М-холиноблокаторлар постганлиялық парасимпатикалық талшықтардың ұштарындағы орналасқан шеткі Мхолинорецепторларды тежейді. • ПАРАСИМПАТИКАЛЫҚ иннервацияны тежейді. • ОНЖ-дегі М-холинорецепторларды тежейді.
АТРОПИН СУЛЬФАТЫ, ПЛАТИФИЛЛИН, СКОПОЛАМИН • Жоғары таңдамалы әсерлі М-холиноблокатор • АТРОПИН – алқа тұқымдастар өсімдіктерінде болатын алкалоид : • итжидек (Atropa belladonna); • меңдуана (Hyoscyamus niger); • сасық меңдуана (Datura stramonium).
• • • М-ХОЛИНОБЛОКАТОРЛАРДЫҢ ФАРМАКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРЛЕРІ Көз қарашығын кеңейтеді (мидриаз); көзбұршақтың көру қабілетін алыстан жақсы көру нүктесіне бейімдейді, сондықтан жақын жатқан заттар анық көрінбейді - аккомодация салдануы (паралич); АІЖ-ның барлық бөлімдерінің тонусын және перистальтикасын төмендетеді; несепағардың және қуықтың перистальтикасын төмендетеді; бронхылардың және бронхиолдардың тегіс салалы бұлшықеттерін босаңсытады; бездерінің секрециясын төмендетеді; сілемейдің секрециясын тежейді де, ауыз қуысын құрғатады; жүректің өткізгіштік жүйесінде импульстың берілуін жақсартады (тахикардия) Улы мөлшерде ми қыртысының нейрондарын қоздырып, қозғалыстың және сөйлеудің қозуын туғызады.
М- ХОЛИНОБЛОКАТОРЛАРДЫ ҚОЛДАНУ КӨРСЕТКІШТЕРІ Көз түбін зерттегенде және көздің қабынбалы ауруымен ауыратын науқастарды емдеуде қажет. Ішек, бүйрек, бауыр шаншуларында жедел көмек көрсету кезінде қолданады; бронхылардың спазмында; асқазанның және ұлтабардың ойықжара ауруында; премедикация кезінде сілекей, мұрын-жұтқыншақ және кеңірдек-бронх бездерінің секрециясын басу; М- ХОЛИНОБЛОКАТОРЛААРЫНЫҢ ЖАНАМА ӘСЕРЛЕРІ. Ауыз қуысының құрғауы, жұтынудың қиындауы, ішек атониясы, (іш қатуы), көру қабілетінің нашарлауы, тахикардия. Атропинді жергілікті қолданған кезде аллергиялық реакциялар пайда болуы мүмкін (дерматит, коньюнктивит, стоматит) Атропинді глаукома кезінде қолдануға болмайды.
Н-ХОЛИНОМИМЕТИКТЕР немесе НИКОТИНГЕ СЕЗІМТАЛ ХОЛИНОРЕЦЕПТОРЛАРДЫ ЫНТАЛАНДЫРАТЫН ЗАТТАР Барлық Н -холиномиметиктер Н-холинорецепторларды әсер етудің тек қана бірінші фазасында қоздырады, ал екінші фазасында қозушы әсер тежеуші әсермен ауысып отырады. Цититон каротидті шумақтың және бүйрекүсті безінің милы қабатының Н-холинорецепторын таңдамалы түрде қоздырады, ал қалған Н-холинорецепторларға әсер етпейді. Рефлекторлы түрде тыныс алу орталығы қозады, АҚ деңгейі жоғарылайды. Лобелиннің әсері цититонға қарағанда әлсіз. Бұл препараттар рефлекторлы, жұлқылмалы түрде, қысқа мерзімді әсер етеді, сондықтан қолдануға тиімсіз. Қолдануға арналған көрсетімдер: Тыныс алу орталығының рефлекторлы қозуы сақталған жағдайда (комаға дейін) ғана тыныс алу орталығын қоздыру үшін қолданады. Қазіргі кезде тек қана бір мақсатта қолданады: көмірқышқыл газымен (CO) уланғанда.
Н-ХОЛИНОБЛОКАТОРЛАР (НИКОТИНГЕ СЕЗІМТАЛ ХОЛИНОРЕЦЕПТОРЛАРДЫ ТЕЖЕЙТІН ЗАТТАР ) 1) ганглиоблокаторлық заттар немесе ганглиоблокаторлар; 2) жүйке-бұлшық еттік синапстардың блокаторлары немесе миорелаксанттар. • • • ГАНГЛИОБЛОКАТОРЛАР: Бензогексоний, пентамин, пирилен, гигроний, пахикарпин және басқ. Әсер ету механизмі: Ганглиоблокаторлар симпатикалық және парасимпатикалық ганглийлердің, бүйрек үсті безінің милы қабатының және каротидті шумақтың Нхолинорецепторларын тежейді. Деполяризацияға қарсы заттарға жатады. Фармакологиялық әсерлері: 1) парасимпатикалық ганглийлерде импульстардың берілуін бұзады: сілекей, асқазан бездерінің секрециясын тежейді және асқорыту жолдарының моторикасын нашарлатады. 2) симпатических ганглийлердің тежелуі: қан тамырларын кеңейтеді (артериялы және венозды), артериялы және венозды қысым төмендейді. Тамырлардың кеңеюі соған сәйкес аймақтағы, аудандағы, тіндердегі қанайналымының жақсаруына әкеледі.
Ганглиоблокаторларды қолдану көрсеткіштері: • гипертониялық аурудың ең ауыр түрлерінде (гипертониялық криз); • өкпенің және мидың жіті ісінуінде; басқарылымды гипотензия (гипотония) кезінде жүрекке, ірі қантамырларға, қалқанша безіне операция жасаған кезде, мастэктомия кезінде (емшекке операция жасағанда) қолданады. • Жеткіліксіздігі – таңдамалы әсер етпейді.
ГАНГЛИОБЛОКАТОРЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ ЖАНАМА ӘСЕРЛЕРІ • ортостатикалық коллапс. Бұл жағдайдың алдын алу үшін ганглиоблокаторларды қабылдағаннан кейін науқас 2 сағаттай жатуы тиіс. • іш қатуы (обстипация) • мидриаз, зәр шығуының кідіруі және басқалары. • Ганглиоблокаторларға толеранттылық жылдам дамиды. • АҚ төмендеуі (ауыр улану кезінде 0 -ге дейін түсіп кетуі мүмкін)
ҚАҢҚА БҰЛШЫҚ ЕТТЕРІНІҢ Н-ХОЛИНОРЕЦЕПТОРЛАРЫН ТЕЖЕЙТІН ЗАТТАР (КУРАРЕ ТӘРІЗДІ ЗАТТАР НЕМЕСЕ ШЕТКІ ӘСЕРЛІ МИОРЕЛАКСАНТТАР) • Негізгі әсері жүйке-бұлшық еттік қозудың берілуін тежей отырып, қаңқа бұлшық еттерінің босаңсуын шақыру. • ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ БОЙЫНША барлық миорелаксанттар төртіншілік (диоксоний, тубокурарин, панкуроний, дитилин) аммоний қосылыстарына жатады немесе үшіншілік аминдермен сипатталады (ГЭТ арқылы нашар өтеді): пахикарпин, пирилен, мелликтин, кандельфин және басқалары). Бұлшық еттердің «сөну» реті: 1. Көз, аяқ және қолдың саусақтарының бұлшық еттері 2. Бет, мойын, аяқ-қол, дене, қабырғааралық бұлшық еттер 3. Диафрагма ( 20 -30% кезде «декураризация» қажет)
Қолдану көрсетімдері: ауқымды операция кезінде қаңқа бұлшықеттерін босаңсыту және әртүрлі хирургиялық шаралар МИОРЕЛАКСАНТТАРДЫҢ ӘСЕР ЕТУ МЕХАНИЗМІ • Миорелаксанттар постсинаптикалық мембрана деңгейіндегі жүйке-бұлшық еттік қозудың берілуін тежейді. • Әсер ету механизмі Н-холинорецепторлармен байланысып, постсинаптикалық мембрананың деңгейінде нерв-бұлшықеттік берілуді тежейді. • Қолдану көрсетімдері: • ауқымды операция кезінде қаңқа бұлшықеттерін босаңсыту және әртүрлі хирургиялық шараларды өткізу үшін; • кеңірдек интубациясы кезінде, бронхоскопияда, • сүйектің сынықтары репозициясында және сүйек шығып кеткен кезде орнына салу кезінде қолданады. •
холино.ppt