Скачать презентацию ВАКЦИНА ДАЙЫНДАҒАН 1 -ТОП ТЕКСЕРГЕР БЕКМУХАМБЕТ КАЗМУХАМБЕТОВИЧ Скачать презентацию ВАКЦИНА ДАЙЫНДАҒАН 1 -ТОП ТЕКСЕРГЕР БЕКМУХАМБЕТ КАЗМУХАМБЕТОВИЧ

Вакцина.pptx

  • Количество слайдов: 9

ВАКЦИНА ДАЙЫНДАҒАН: 1 -ТОП ТЕКСЕРГЕР: БЕКМУХАМБЕТ КАЗМУХАМБЕТОВИЧ ВАКЦИНА ДАЙЫНДАҒАН: 1 -ТОП ТЕКСЕРГЕР: БЕКМУХАМБЕТ КАЗМУХАМБЕТОВИЧ

ВАКЦИНА • микроорганизмдерден (бактерия, вирус, т. б. ) алынып, адам мен жануарлар организміне жұқпалы ВАКЦИНА • микроорганизмдерден (бактерия, вирус, т. б. ) алынып, адам мен жануарлар организміне жұқпалы аурулардан алдын ала сақтану және олардың иммундық қасиетін арттыру үшін егілетін препараттар • 1796 жылы ағылшын дәрігері Э. Дженнер алғаш рет сиыр шешегін адамға егу арқылы алды. • Өндірісте вакцинаның зиянды инфекциялардан қорғайтын қасиетін сақтай отырып, артық және зиянды заттардан тазартады. Олар осылайша өте қатаң тексерулерден кейін ғана шығарылады.

ВАКЦИНА ТІРІ, ӨЛТІРІЛГЕН, ХИМИЯЛЫҚ, АССОЦИАЦИЯЛАНҒАН БОЛЫП АЖЫРАТЫЛАДЫ. ВАКЦИНА ТІРІ, ӨЛТІРІЛГЕН, ХИМИЯЛЫҚ, АССОЦИАЦИЯЛАНҒАН БОЛЫП АЖЫРАТЫЛАДЫ.

ВАКЦИНА Тірі Өлтірілген • Тірі вакцина — микробтардың уыттылығын әлсіретіп, ауру тудырғыш қабілетін жою, ВАКЦИНА Тірі Өлтірілген • Тірі вакцина — микробтардың уыттылығын әлсіретіп, ауру тудырғыш қабілетін жою, иммунитет қалыптастыру үшін алынады. Алғаш рет француз микробиологы Л. Пастер тірі вакцинаны түйнемеге (1881) және құтыру ауруына (1885) қарсы қолданды. Ал 1926 жылы француз ғалымдары А. Кальмет пен К. Гереннің ашқан тірі туберкулез (БЦЖ) вакцинасы ғылымдағы үлкен жаңалық болды. Тірі вакциналар шешек, құтыру, оба, туляремия, т. б. ауруларға қарсы пайдаланылады. • Өлтірілген Вакцина — микроорганизмдерді физикалық (қыздыру арқылы) және химиялық жолмен (фенол, ацетон және спиртпен өңдеу) өлтіру әдістері арқылы алынады. Бұлардың қорғаныштық қабілеті тірі вакцинаға қарағанда төмендеу болғандықтан бірнеше рет егіледі.

ВАКЦИНА Химиялық • Химиялық вакцина — микроорганизмдерден бөлінетін активті антигендерден алынады. Бұл вакциналар паратиф, ВАКЦИНА Химиялық • Химиялық вакцина — микроорганизмдерден бөлінетін активті антигендерден алынады. Бұл вакциналар паратиф, іш сүзегі, т. б. ауруларға қарсы пайдаланылады. Анатоксиндер — улы токсиндерді формалинмен өңдеу арқылы алынған усыз вакциналар. Бұларды алғаш рет (1923 — 1926) француз ғалымы Г. Рамон алды. Анатоксиндер дифтерия (күл), ботулизм, сіреспе, т. б. ауруларға қарсы қолданылады. Ассоциацияланған • Ассоциацияланған Вакцина — 2 — 3 ауруға бірден қолданылатын вакциналар. Мысалы, сиырларды қараталақ пен қарасан (эмкар) ауруына қарсы бір вакцинамен егіп тастау өте тиімді. Вакциналарды организмге әр түрлі әдіспен енгізеді. Мысалы, шешек, туберкулез вакцинасын тері үстіне (тырнап), полиомиелитке қарсы ауыздан, гриптікін танау қуысынан құяды. Сүзек, тырысқақ, топалаң, құтыру вакцинасын тері астына, қызылша мен қарасан вакцинасын бұлшық етке егеді. Вакцина егілген организмде ауруға қарсы иммунитет 2 — 3 аптадан кейін қалыптасып, бірнеше жылдар бойы сақталады.

ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРҒА ҚАРСЫ ЕГУДІҢ БІРНЕШЕ ТҮРІ БАР: 1. міндетті егу – балаларға (туберкулез, қызылша, ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРҒА ҚАРСЫ ЕГУДІҢ БІРНЕШЕ ТҮРІ БАР: 1. міндетті егу – балаларға (туберкулез, қызылша, күл, сіреспе, көкжөтел, гепатит, т. б. ауруларға қарсы), нәрестелі бола алатын әйелдер және қыздарға қызамыққа қарсы; 2. жоспарлы-кәсіби егу – мал шаруашылығымен айналысатын немесе олардың өнімін өңдейтін адамдарға күйдіргіге қарсы; 3. эпидемиялық көрсеткіш бойынша егу – нақты аймақтағы тұрғындар арасында індет қаупі төнген кезде жүргізіледі. Егу көбінесе инфекциялық тәсілмен (тері астына, бұлшық етке) атқарылады. Қазіргі кезде алдын ала егудің нәтижесінде көптеген жұқпалы аурулар (мысалы, шешек) жойылды. [1][2] Бірақ Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, жылына 500 млн. адам жұқпалы ауруға шалдықса, оның 400 млн-дайы егілмегендер екені анықталып отыр (2007). Сондықтан әр түрлі жұқпалы ауруларға қарсы күресте егудің маңызы зор екеніне ешбір күмән келтірілмейді

ЕГУ, ВАКЦИНАЦИЯ Адам организміне вакцина немесе арнайы тәсілмен дайындалған антигендік қасиеті бар заттарды енгізу ЕГУ, ВАКЦИНАЦИЯ Адам организміне вакцина немесе арнайы тәсілмен дайындалған антигендік қасиеті бар заттарды енгізу арқылы белгілі бір жұқпалы аурудан алдын ала сақтандыру үшін қолданылатын әдіс

ВАКЦИНАЦИЯ КЕРЕК ПЕ? ? ? ВАКЦИНАЦИЯ КЕРЕК ПЕ? ? ?

КЕЗДЕСКЕН ЖАҢА СӨЗДЕР • Анатоксин (токсоид) (гр. ana – сыз, сіз, емес, қосымшасы, гр. КЕЗДЕСКЕН ЖАҢА СӨЗДЕР • Анатоксин (токсоид) (гр. ana – сыз, сіз, емес, қосымшасы, гр. toxіkon – у) – формалинмен ұзақ әсер етудің нәтижесінде улылығын жоғалтқан, бірақ иммундық және антигендік қасиеттері сақталған бактериялық экзотоксин. • Сіреспе (лат. Tetanus) — бұл малдың қиында немесе адамның дәретінде болатын микробтардың жарақат арқылы организмге түсуі салдарынан пайда болатын ауру. Микроб терең немесе лас жараларға түссе аса қауіпті.