патана.ppt
- Количество слайдов: 23
УНИВЕРСИТЕТІ ПАТОЛОГИЯЛЫҚ АНАТОМИЯ КАФЕДРАСЫ ТАҚЫРЫБЫ: ЛИМФА АЙНАЛЫМЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ: ЛИМФА ТҮЗІЛУІНІҢ БҰЗЫЛУЫ, ЛИМФЕДЕМА, ЛИМФОСТАЗ, ЛИМ ФОРРЕЯ. ТІНДЕГІ СҰЙЫҚТЫҚ МӨЛШЕРІНІҢ БҰЗЫЛУЫ: СУЛАНУ, ҚУЫСТАР ШЕМЕНІ, ШАРАНА МЕН ЖАҢА ТУҒАН НӘРЕСТЕНІҢ СУЛАНУЫ, ЭКЗИКОЗ. Қабылдаған: Иманмадиева И. М. Топ: 207 ЖМ Орындаған: Жақсыбай П. Қ. Астана 2015 жыл
ЖОСПАРЫ: Кіріспе Лимфаайналымының бұзылыстары: Лимфа іркіліп, лимфа тамырларының кенеюі Лимфалық коллатералдар қалыптасып, лимфалық капиллярлар мен тамырлар құрылысының өзгеруі Лимфангиэктазиялардың қалыптасуы; Лимфедема Лимфалық стаз дамып, белоктық коагулянттардың(тромб)түзілуі Лимфарея(хилорея) Хилездық асцит пен хилоторакс Тіндік сұйықтық мөлшерінің өзгерістері Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Құрылымы мен қызметі біртұтас жүйе қалыптастыратын қанайналымы мен лимфаайналымы мүшелерінің қалыпты қызметінсіз организмнің тіршілігі қалыпты болады деп ойлау санаға сыймайды. Қандай да тін мен мүщенің арнайы қызметіне қажетті зат алмасулық үдерістер деңгейін ең алдымен қанайналым мүшелерінің жұмысы қамтамасыз етеді. Қанайналымдық жүйе өзінің тасымалдау-заталмасулық қызметін лимфа арқылы шығару жүйесімен және қан жүйесімен үйлесімде орындайды. Сонымен, микроциркуляциялық үдеріс транскапиллярлық зат алмасуды қан - және лимфаайналымы және қан жүйелерінің ортақ мақсатқа бағытталған, үйлесімді қызметі арқылы жүзеге асырады. Микроциркуляция ұғымы ең алдымен мынадай: микротамырлардағы қан және лимфаайналымы заңдылықтары, қан жасушаларының өзгеру заңдылықтары (деформация, агрегация, адгезия), қанның ұю заңдылықтары, әсіресе транскапиллярлық зат алмасу механизмдері сияқты үдерістерді қамтиды.
Қан арнасының жүйесі әртүрлі мүшелер мен жүйелерді организмнің қажеттілігіне бейімдеп , үйлестіріп отырады. Қан арнасының жүйесі гомоестазды үйлестіру жүмысын лимфаайналым жүйесінің қатынасуымен орындайды. Қан тамырлары мен лимфалық тамырлардың қызметін жүйке-гуморальдық механизмдер (жүректің жүйкелік құрылымдары, қан тамырларының рецепторлары, мидың тамырларды қоздыратын орталығы, қан мен лимфаның гуморальдық константалары, вазоконстриктолар мен вазоделататорлар , т. с. с. ) реттейді. Жүрек қанды тамырларға айдап, тамырлар оны таратып, лимфаны жинап, ал микроциркуляциялық арна транскапиллярлық зат алмасу мен тіндердің метаболизмін қамтамасыз ететін плацдарм болып табылады; сөйтіп әрқайсысы өзіне тән қызмет атқарады. Сонда да , қай айналымы мен лимфаайналымы жүйелері атқаратын қызметі жағынан да, құрылымы жағынан да біртұтас жүйе. Дегенмен, қан және лимфааайналымының құрылымдық-қызметтік ерекшеліктері де жоқ емес.
Лимфаайналымының бұзылуы-оның әртүрлі нысандағы жеткіліксіздігі. Лимфалық жүйе кәріздік әрекеті арқылы тіндегі су мен жоғары молекулалы заттарды (белоктар мен эмульсияға айналған липидтер, т. с. с. )сіңіріп, тін мен қан арасындағы метоболизмдік тепе-теңдікті қамтамасыз етеді. Лимфа жүйесі жеткіліксіздігінің механикалық, динамикалық және резорбциялық түрлері бар.
Механикалық жеткіліксіздікағысына кедергі жасап, лимфаны іркілтетін факторлардың әсерінен дамиды. Ол факторлар тобына лимфалық тамырлардың қысылуы, бітелуі; көкіректегі лимфалық тамырларды немеес түйіндерді сылып тастау және лимфалық тамырлар жеткіліксіздігі. Динамикалық жеткіліксіздік кезінде капиллярдың фильтрациясы үдейді. Бұндайда лимфалық тамырларинтерстицийге сіңген сұйықтықты шығарып үлгере алмай қалады. Резорбциялық жеткіліксіздік кезінде тіндік белоктардың биохимиялық және дисперциялық қасиеті өзгеріп, тінге сұйықтық іркіледі.
1. Лимфа іркіліп, лимфа тамырларының кенеюі 6. Хилездық асцит пен хилоторакс 2. Лимфалық коллатералдар қалыптасып, лимфалық капиллярлар мен тамырлар құрылысының өзгеруі 5. Лимфарея(хилорея ) 3. Лимфангиэктази ялардың қалыптасуы; лимфедема 4. Лимфалық стаз дамып, белоктық коагулянттардың( тромб)түзілуі
Лимфаның өсуі тым өршісе, лимфалық жүйенің бейімделу қарымы жетпей, капиллярлар мен тамырларды лимфа кернейді. Олардың қабырғалары жұқарып, саңылаулары тым кеңіп, лимфангиэктаздар қалыптасады және лимфаны әкететін тамырлар көп буылтықтанып, лимфалық тамырлар варикозды кеңейтеді. Ақырында лимфаайналымның жеткіліксіздігінен лимфагендік суланып ісіну , яғни лимфедема дамиды.
мф бо е лғ ісі дем тү аны нем аны со зы рле мен ін) ң( лм рі , с бі гр же алы кезд озыл разы екш рг ли ес ма ж е: o ілі м ед л ед id кт фе і. Ж ы а ел ao і б де е ғы ол ма де м ып ж л ж ды бө алп әне да лін ы ед жән і е Ли 1)Жедел жалпы лимфедема сирек кездеседі. Мысалы, бұғанаастылықвенаны ң екі жақтағысын да тромб бітегенде қуыс веналардағы қысым артып, лимфа көкірек қуысындағы лимфалық өзекке ретроградты іркіледі де, кейін бұл үдеріс капиллярлар жүйесін де қамтиды. 2)Созылмалы жалпы лимфедема-созылмалы веналық іркілу үрдісіне, яғни қанайналымның созылмалы бұзылуына тән. Сондықтан оның клиникалық маңызы зор.
Жедел жергілікті(регионарлық) лифедема лимфаны әкететін тамырлар (мысалы, рактық эмбол) немесе қысылғанда (операцияда байлау ) , жедел ағымды лимадениттен, лимфалық тамырлар мен түйіндерді сылып ьастағанда(экстирпация), тағы басқа да себептерден дамиды. Ол қайтымды; коллатеральдық лимфаайналымы қалыптасысымен лимфа ағысы қалпына келеді Созылмалы жергілікті (регионарлық ) лимфедеманың клиникалық маңызы ерекше; оныңтума және жүре пайда болатын түрлері бар. Тума түрі лимфалық тамырлар шала жетілген (гипоплазия) немесе мүлде қалыптаспаған(анаплазия) аяқта дамиды. Жүре болатын түрі тамырлар қасылғанда немесе босап қалғанда (ісік, липомотоз), созылмалы қабынғанда , лимфалық түйіндер тобын алып тастағанда, лимфалық тромбозда дамиды. Лимфа ұзақ уақыт іркілгенде дамыған гипоксияның дәнекер тінді көбейтетін әсері бар; сондықтан фибробластылардың коллаген түзетін қабілеті артады. Тін, әсіресе аяқтың терісі мен шел майы қалыңдап, қатаяды. Сыртқы пішіні өзгереді: оны шораяқ(слоновость) деп атайды.
Лимфедема лимфалық стазға ұласса , лимфалық тамырларда белоктық коагулянттар(тромб) түзіледі. Сонымен қатар , лимфалық тамырлар мен капиллялардың өткізгіштігі артып, тіпті қабырғасы жыртылады да, лимфаррея (лимфаррагея)дамиды. Лимфа қоршаған ортаға кетсе, сыртқы лимфарея, лимфа тіндер мен ішкі қуыстарға құйылса , ішкі лимфаррея дамиды. Ішкі лимфаррея хилездік асцит пен хилоторакстың бастамасы болып табылады. Хилездік асцит кезінде құрсақ қуысына хилездік сұйықтық жиналады. Ол құрсақ қуысы мүшелеріне лимфа күрт іркілгенде немесе ішек пен шажырқайдың лимфалық тамырлары зақымдалғанда дамиды. Хилездік асцит сүт тәрізді ақ түсті. Хилоторакс кезінде күкірек қуысына хилездік сұйықтық жиналады. Оның дамуына көкірек қуысындағы лимфалық үзектің зақымы , тромбымен немесе ісікпен бітелуі себеп болады.
Тіндік сұйықтықтың мөлшері қанайналымы мен лимфаайналымының және қантамыры-тінаралық өткізгіштіктің деңгейіне тәуелді. Сондай-ак, ол қан мен лимфаның және тіндік сұйықтық жиналатын жасуша мен жасушааралық заттың қалпына байланысты. Тіндік сұйықтықтың мөлшерін жүйкегуморальдық заттар реттейді; әсіресе альдестерон мен гипофиздің антидиурездік гормондарының маңызы зор. Тіндік сұйықтықта белок аз және жасушаларда ол белоктық коллоидтармен , ал дәнекер тінде негізгізаттың белоктары және гликозамингликандарымен қосылыс түзейді. Сұйықтықтың негізгі бөлігі жасушааралық затта. Тіндік сұйықтықтың алмасуы бұзылса, ол азаяды немесе көбейеді.
Тіндік сұйықтық мөлшерінің көбеюі. Тіндік сұйықтық көбейсе суланып ісіну(отек) немесе шемен(водянка) дамиды. Сөйтіп, тіндер мен дене қуыстарына сулы сұйықтық немесе транссудат жиналады. Бұл сұйықтық мөлдір, құрамындағы белок мөлшері 2 % дан аспайды әрі белоктық коллоидтарға нашар қосылады. Сулы сұйықтық терінің астындағы клетчаткаға көп жиналса, анасарка (грекше: ana –үстінде, жоғары және sarcos – ет ), үлпершекке – гидротерикард , плевралық қуысқа – гидроторакс , құрсақ қуысына – асцит, аналық без қабықшаларының қуысына – гидроцеле деп аталады.
Іркілулік сулы ісіну Қабынулық сулы ісіну(перифокальдық флеботромбоздан, тробылы флебиттен, лимфастаздан дамып, әдетте шектеулі, яғни жергілікті сипатта болады. ) – капиллярлар мембранасы өткізгіштігінің артуы. Маразмдық(кахекси я-лық) сулы ісіну ол да тағам құрамында белок жетіспеушілігі нәтижесінде дамиды Дистрофиялық сулы ісіну тағамда белок аз болғандықтан дамиды. Сол себепті орын алған гипопротеинемиядан қанның коллоидосмостық қысымы төмендейді Жүректік сулы ісіну тек қана іркілудің салдары ғана емес, жүрек қызметі жеткіліксіздігінен дамиды. Бүйректік сулы ісінудің дауында онкотикалық фактормен қатар, натрий жиналыуның да әсері бар.
Суланып ісінген тіндер мен мүшелердің өзіндік сыртқы сипаты бар Тері суланып ісінсе, сұйықтық алдымен көз ұясы айналасының , қол мен аяқтың сыртының, толарсақ тұсының жұмсақ дәнекер тінін жайлап, біртіндеп бүкіл денеге де жайлайды. Тері бозарып, әжімі де тегістеледі, саусақпен басқанда терең із қалып, біразға дейін жойылмайды; кескенде мөлдір сұйықтық шығады. Терінің шел майы бозғылт сарғыш түсті, жылтыр әрі шырыш тәрізді болады. Ми суланып ісінген кезде субарахноидтық кеңістіктері мен қарыншаларын мөлдір сұйықтық кернеп, ұлғаяды. Мидың паренхимасы жылтыр, кескенде капиллярларынан шыққан , оның айналасына жиналған сұйықтыққа араласып, жайыла ағады. Кейде мидың суланып ісінуі мен паренхималық ісінуі қосарланады. Ісінген мидың, әсіресе ақ затынсу тым көбейіп, иірімдері тегістеліп, қарыншалары кішірейеді. Кескеде мидың паренхимасы пышаққа жабысатын болады. Суланып ісінген бүйректе ұлғайып, қабығы оңай сыдырылатын болады, үстіңгң бетң мен кесіндісі бозғылт тартады. Суланып ісінген кілегейлі қабықшалар көмескі тартып, желатина тәрізденеді. Суланып ісінген өкпе ұлғайып, массасы ауыр, консистенциясы илегент қамырдай, тығыздау келеді.
СУЛЫ ІСІНУДІҢ ӘСЕРІ МЕН АҚЫРЫ Ақыры көбінесе қолайлы болып, сұйықтық тарап кетеді. Сулы ісіну ұзаққа созылып кетсе, гипоксия үдегендіктен, паренхималық жасушаларда дистрофия мен атрофия дамып, ақыры склерозға ұшырайды. Әсері сулы ісінудің даму себебі мен дамыған жеріне және ауқымына байланысты. Мысалы, аллергиялық сулы ісіну өте қайтымды болса, жүректік, бүйректік сулы ісіну ұзаққа созылып , аурудың ақырына айтарлықтай әсер етеді. Мидың немесе өкпенің сулы ісінуі өлімге себеп болса, құрсақ қуысының шемені әшкә мүшелердің қызметін бұзады. Сулы ісінген тіндерде қабыну, некроз, ойық жара, трофикалық өзгерістер жиі байқалады. Олар көбінесе аутоинфекциямен байланысты. Аутоинфекция дене қуыстарына жиналған транссудаттың қабынулық экссудатқа айналуына түрткі болады.
ТІНДЕРДЕГІ СҰЙЫҚТЫҚТЫҢ АЗАЮЫ Тіндержегі сұйықтықтың азаюы сусыздану(дегидратация) немесе экзикоз (латынша: siccus- құрғау) деп аталады; қандағы судың мөлшері азаяды, яғни ангидремия байқалады. Экзикоз дамығандардың сыртқы пішініне мына белгілер тән: адам қатты жүдейді, терісі әжімделіп, мұрыны пістиіп, беті қушиып, көз ұясы үңірейеді. Сірлі қабықшалары құрғап , шырыштанады. Кішірейген мүшелерінің қабығы қатпарланады. Экзикоз организм сұйықтығын тез және тым кеңжоғалтатын тырысқақ, ұзақ мерзімді іш өту мен диспепсия сияқты ауруларда кездеседі. Кейде сусыздануға кома да (мысалы, энцефалиттік) себеп болады.
ҚОРЫТЫНДЫ Лимфа жүйесі - жүрек-қан тамырлар жүйесінің бір бөлігі. Лимфа жүйесі арқылы ұлпалардан қантамырларға су, нәруыз, май, зат алмасу өнімдері қайта өтеді. Бұл жүйемен мөлдір, түссіз сұйықтық лимфа ағады. Лимфа жүйесінің қызметі: Ұлпа сұйықтығының қанайналым жүйесіне қосылуына көмектеседі. Лейкоциттер түзеді. Ағзаға түскен бөгде денелер мен бактерияларды ұстап, биологиялық сүзгі қызметін атқарады. Аш ішек бүрлеріндегі майларды сіңіруге қатысады
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР М. А. Пальцева, Н. М. Аничкова "Патологическая анатомия" А. И. струков, В. В. Серов «Патологиялық анатомия» Ақтөбе 2010 жыл Зайратьянц О. В. , 2007 г. «Общая патологическая анатомия» Хитров Н. К. , Саркисов Д. С. , Пальцев М. А. , 1999 г. Руководство по общей патологии человека 5. Серов В. В. , Ярыгин Н. Е. , Пауков В. С. , 1986 г. Патологическая анатомия Интернет жүйесі google. kz
патана.ppt