Отравления каз БГБ.ppt
- Количество слайдов: 46
Уланулар, жәндіктер және жыландар шағуы ҚазҰМУ ЖМЖБ кафедрасы Балканай Гульзира Балканаевна
Уланулар - химиялық этиологиясы бар аурулар, ағзаға химиялық заттардың токсикалық мөлшерде әсер етуінен өмірге қажетті функциялардың бұзылуына әкеліп соғуы. Жіті уланулар шұғыл патологиялар ішінде, әсіресе дәрі-дәрмекпен улану алғашқы орында.
Уланулардың жіктелуі І. Кездейсоқ уланулар. Өндірістік уланулар, Тұрмыстық уланулар. Дәрі-дәрмектерді мөлшерден тыс көп қабылдағанда, алкоголды немесе наркотикалық уланулар, медициналық қателіктер, биологиялық уланулар, тағаммен уланулар, балаларда кездесетін уланулар. ІІ. Әдейі уланулар. Қылмыстық, өзін-өзі өлтіру үшін (суицидалды). Токсикалық заттардың организмге түсу жолдары: -ауыз арқылы, тыныс жолдары арқылы ( ингаляциялық улану), тері жамылғылары мен кілегей қабықтары арқылы (перкутантты улану), парентералды иньекциялар арқылы (иньекциялық улану), -тік ішек, қынап, сыртқы есту жолдарына енгізу арқылы болатын уланулар:
Диагностикасы • Клиникалық диагностикасы: анамнез жинау, улануға сәйкес келетін клиникалық көріністерін анықтау; • Токсико-зертханалық диагностика: жедел жәрдем бригадасы оқиға болған жерден заттай дәлел жинайды. Мысалы: дәрі-дәрмектер, күмән тудыратын сұйықтықтар, т. б. Сұйықтықтар беті жабық күйінде тасымалданады, Немен уланғаны анықталмаған науқастың асқазанын жуған судың алғашқы порциясын (100 -150 мл ) тығыны бар флаконға құйып, ауруханаға жеткізу қажет. • Патоморфологиялық диагностикасы. адам өлгеннен соң жүргізілетін, сот- медициналық сараптама.
Жедел жәрдем көрсетудің жалпы алгоритмі • Тыныс алу мен гемодинамиканы қалыпына келтіру. • Белсенді детоксикация әдістері. • Тыныс жолы арқылы уланғанда – залалданған атмосферадан зардап шегушіні алып кету. • Асқазанды жуу, энтеросорбенттерді енгізу, тазалау клизмасын қою. • Тері үстілік аппликация – зақымдалған аймақты антидот ерітіндісімен немесе сумен шайып, жуу.
Алкогольмен улану Улану 12%- дан жоғары этил спиртін қабылда-ғанда дамиды. Орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ) тежеліп, ми жасушалар метаболизмі өзгеруіне және оттегінің жетіспеуіне байланысты, қозу үрдістері тежеледі. Алкогольды кома этанол құрамы шамамен 3 г/л жеткенде, ал 5 -6 г/л дейін көтерілгенде өлімге душар етеді. Ал 96% 300 мл-дей этил спирті ашқарынға қабылданса, өлімге әкелуі мүмкін.
Клиникалық көрінісі • Тері жамылғылары суық, жабысқақ тер шығуы, беті қызаруы, дене қызуы төмендеуі, құсу. • Ауыртқыш тітіркендіргіштерге реакциясы төмендейді. Патологиялық рефлекстер пайда болады. Көз қарашығы тарылған, . • Тынысы сиреп, пульсі жиілеген, әлсіз. • Тырысулар дамиды, құсық аспирациясы ларингоспазмға әкеледі. • Механикалық асфиксиядан тыныс тоқтайды.
Жедел жәрдем • Асқазанды жуу, ауыз қуысын тазалау, жұтқыншақтағы шырышты сору; • Бронхорреяны азайту үшін – 0, 1% 1 мл атропин ерітіндісін тері астына енгізу; • Тыныс жүйесін қалпына келтіру үшін - 2 мл кордиамин, кофейн ерітіндісін т/а енгізу; • 40% -40 мл глюкоза ерітіндісін к/т енгізу; • Ацидозды төмендету үшін 4% 500 -1000 мл натрий гидрокарбонатын к/т тамшылату; • Дәрумен В 6 2. 0 мл, В 1 5, 0 мл б/е енгізу;
Алкоголь суррогаттарымен уланулар Метил спирті, этиленгликоль, одеколон, лосьон, психотропты, нейротоксикалы, нефротоксикалық әсері бар, өлімге әкелетін мөлшері - 100 мл. Клиникалық көрінісі: жүрек айну, құсу, көз алдында «шіркейлердің» елестеуі, бас, іш ауыруы. Тырысу, желке тұсының еттер керілуі. Қан қысымы төмендейді. Жүректің соғуы жиілеп, тынысы бұзылады, психомоторлы қозу басталып, есінен танады.
Жедел жәрдем • асқазанды жуу, 30% 50 мл этил спиртін, әр 3 сағат сайын ішкізу керек; • 5% этил спиртін көк тамырға тамшылатып немесе 33% этил спирті көк тамырға енгізіледі; • 25 -30 мг преднизолонды к/т; • 5% 2 мл глюкоза ерітіндісін к/т; • 4% 50 мл натрий гидрокарбонаты; • форсирленген диурез, перитонеальды диализ, гемодиализ; • Зеңбілге жатқызып, ауруханаға тасымалдау.
Аконитпен улану Аконит (Ыстық көл тамыры) – Қазақстанда өсетін өсімдіктердің бірі. Ол халық медицинасында (тұнба ретінде ішеді, буындарға жағады т. б) кеңінен қолданылады. Акониттің бастапқы уландырғыш алколоиды аконитин. Аконитин - нейротоксикалық, кардиотоксикалық әсері бар, жоғары токсикалық у. Өлімге әкелетін мөлшері -1 гр, тұнба-5 мл.
Клиникалық көрінісі. Тіл, ерін, аяқ пен қол саусақтар, беттің ұюы. Көру қабілетінің бұзылуы (заттар жасыл түсті болып көрінеді), ауыз құрғауы, шөлдеу, бас ауыруы, жүрек айнуы, құсу, қалтырау, тырысу, есін жоғалту. Тынысы жиі, беткей, тыныс алуы, шығару қиындап, тоқтап қалуы мүмкін. Жүректе алғашында брадиаритмия, экстрасистолия, кейін пароксизмальды тахикардия, қарыншалық фибрилляция, толық АВ - блокадалар сияқты ритм мен өткізгіштіктердің бұзылыстары айқындалады.
Жедел жәрдем • Асқазанды жуу, активтелген көмір ішкізу: • Тырысулар, қозу кезінде 5 -10 мг седуксен немесе 2 мл дроперидол ерітіндісін 0, 9% изотоникалық ерітіндіге ерітіп, к/т енгізу; • Аритмияға қарсы – 200 мг лидокаин немесе 10% 10 мл новокаинамид 20 мл 0, 9% изотониялық ерітіндіде к/т баяу енгізу; • Брадиаритмия болса – 0, 1% 1 мл атропин ерітіндісі 0, 9% изотониялық ерітіндісінде к/т енгізу; • лазикс, 5 -10 мл панангин ерітіндісі енгізу.
Наркотикалық заттармен улану Соңғы жылдары наркотикалық дәрі-дәрмек-термен улану морфин, опий, омнопон , кодеин көбеюде. Асқынуы наркотикалық кома. Өлімге әкелетін мөлшері 0, 5 – 1 г ішке, көк тамырға 0, 2 г. енгізгенде. Клиникалық көрінісі: Ес –түсі жоқ. Көз қарашығы тарылған (тары тәрізді), жарыққа реакциясы төмендеген. Тері жамылғылары мен кілегей қабықтары көгерген, цианоз, тынысы сирек, беткейлі. Гипертонус, клоника – тоникалық тырысулар болады. Тыныс алуы бұзылып, асфиксияға ұшырайды.
Жедел жәрдем • Асқазан жуу, активтелген көмір ішкізу; • 0, 8 – 2 мг налоксон көк тамырға енгізу; • 0, 1% 1 мл атропин ерітіндісін к/т енгізу; • кордиамин 4 мл, кофеин 4 мл, изотониялық немесе 5% глюкоза ерітіндімен енгізу; • оттегі ингаляциясы (Медумат, Фаза-11); • кеңірдек интубациясы, жасанды тыныс беру; • зеңбілге жатқызып, токсикология бөліміне тасымалдау.
Күйдіргіш улармен улану Күйдіргіш уларға: қышқылдар, сілтілер, тотықтырғыштар жатады. Сірке қышқылымен улану: Ішке қабылдағанда өлімге әкелетін мөлшері – 100 -150 мл. Клиникалық көріністері: Сірке қышқылы ағзаға жергілікті және резорбтивті әсері етеді. Жергілікті әсері эпигастральды аймақтағы қатты ауыру сезім, ерін, ауыз қуысы шырышты қабығы ақ сүзбе тәрізді өңезбен жабылып, қан аралас құсық болады.
Клиникалық көрініс Резорбтивті әсері- эритроциттердің гемолизге ұшырауына байланысты - 1 -ші тәуліктің соңына қарай, тері жамылғылары сарғайып, зәрі қоңыр – қызғылт түске енеді. Босаған гемоглобиндер нефрондарды бітеп, бүйректің жіті жетіспеушілігі дамиды, ТШҚҰ синдромы өршиді. Сонымен қатар экзотоксикалық шок, көмейдің ісінуі, асфиксия, қан кету сияқты өте қауіпті асқынулар болуы мүмкін.
Жедел жәрдем • Ауыру сезімін басу үшін, к/т наркотикалық анальгетиктер (промедол, морфин) енгізу; • Асқазанды су тазарып шыққанша зондпен жуу қажет, атропин 0, 1 % к/т, антацидтер (алмагель) ішке енгізу; • Ацидозға қарсы, гемолизді азайту үшін – 4% 500 мл натрий гидрокарбонатын к/т тамшылатып енгізу; • Гиповолемиямен күресу үшін - инфузиялық терапия жүргізіледі; кортикостероидтар (преднизолон 90 -120 мг ) енгізу.
Сілтілермен улану Тұрмыстық жағдайда мүсәтір спирті, сода, әкпен (хлорлы известь) уланулар кездеседі. Клиникалық көрініс: Ішке қабылдағанда ас қорыту жолдарын күйдіріп, қатты ауыру сезімін тудырады. Қан аралас құсық, нәжіс пайда болады. Экзотоксикалық күйіктік шок дамиды. Ары қарай күйіктің және көмейдің ісінуі әсерінен, механикалық асфиксияға ұшырауы мүмкін. 1 -2 сағат өткен соң токсикалық гепатопатия, нефропатия, өкпенің ісінуі сияқты асқынулар да дамиды.
Жедел жәрдем • Тері немесе кілегей қабықтарына түскен сілтілерді суық сумен жуып тастау; • вазелин немесе өсімдік майы жағылған жуан зонд арқылы, суық сумен немесе лимон әлде (1%-2%) сірке қышқылы қосылған ерітіндімен жуу қажет; • ауру сезімін басу үшін к/т наркотикалық анальгетиктер (промедол, морфин) енгізу; • инфузиялық терапия; • экзотоксикалық шокпен күресу.
Тотықтырғыштармен улану Сутегі асқын тотығы, калий перманганатымен улану балалар арасында жиі кездеседі. Ішке қабылданған концентрациялық ерітінділер ас қорыту жолдарын күйдіреді. Клиникалық көрінісі: Ауыз қуысының айналасы, еріннің күйіп, қоңыр түске енуі. Өңеш пен асқазан тұсында қатты ауыру сезімінің пайда болуы. Жүрек айнуы, қан аралас құсық.
Жедел жәрдем • асқазанды зонд арқылы жылы сумен немесе натрий гидрокарбонатының әлсіз ертіндісімен жуу; • наркотикалық анальгетиктер енгізу; • сифондық клизма; • кальций хлоридін немесе кальций глюконаты ерітіндісін 10 мл көк тамырға енгізу; • Науқасты зеңбілмен токсикология бөліміне тасымалдау.
Көмір қышқыл газымен улану Пештің дұрыс жанбай, ыс шығаруы, автокөліктерден шығатын газдар, өрт болғанда улануы мүмкін. Көмір қышқыл газының гипоксиялық, нейротоксикалық, гемотокси-калық әсері бар (карбоксигемоглобинемия). Клиникалық көрінісі: Қан құрамындағы карбоксигемоглобин концентрациясына қарай 3 кезеңге бөлінеді. Жеңіл кезеңі - бастың ауыруы, бас айналуы, лоқсу, құсу, әлсіздік (карбоксигемоглобиннің концентрациясы – 20 -
Орташа ауырлық кезеңі – көзі қарауыту, әлсіздік, есеңгіреу, аз уақыт есінен тану тырысулар, болады. Жүрек соғысы жиілеп, қан қысымы көтеріледі (карбоксигемоглобиннің концентрациясы – 30 -40%). Ауыр кезеңі – сандырақтау, галлюцинация, тырысу, салданулар байқалып, гипоксиялық кома дамиды. Тыныс және жүрек – қантамыр қызметі бұзылады (карбоксигемоглобиннің концентрациясы – 50 – 60 %). Тері жамылғылары мен шырышты қабықтары алқызыл түсті болып қалады.
Жедел жәрдем • Таза ауаға шығару, оттегі ингаляциясы; • 10 мл унитиол ерітіндісін к/т енгізу; • 4% 200 -400 мл натрий гидрокарбонаты ерітіндісін көк тамырға тамшылатып енгізу; • 5 % 200 мл глюкоза ерітіндісін (5% 5– 10 мл аскорбин қышқылы) 6– 8 Б инсулин ерітіндісін к/т тамшылатып енгізу; • ми ісінуінде зәр айдағыш дәрі – дәрмектер (лазикс, маннитол, мочевина) енгізу. • тырысуларда – 5– 10 мг седуксен, 0, 5% 2 мл диазепам ерітіндісі;
Ацетилсалицил қышқылымен улану Аскофен, асфен, цитрамон, натрий салицилаты. Психотропты, гемотоксикалық, антикоагулянтты әсері бар. Өлімге әкелетін мөлшері 30 – 40 мг , балалар үшін – 10 мг. Клиникалық көрінісі: қозу, эйфория. Бас айналуы, құлақта шу естілуі, есту және көру қабілетінің нашарлауы. Тыныс жиілеп, сандырақтау, есеңгіреу кома енеді. Геморрагия пайда болып, мұрыннан, асқазан-ішек жолдарынан қан кетеді. Метгемоглобинемия, токсикалық нефропатия, метаболикалық ацидоз дамиды.
Жедел жәрдем • асқазанды жуу, • 50 мл вазелин майын ішке қабылдау; • қан кеткенде – 2 мл дицинон ерітіндісімен, 10% 10 мл кальций хлориді ерітіндісін к/т енгізу. • Қозуларда – 2, 5 % 2 мл аминазин ерітіндісін б/е енгізу; • Аурухананың токсикология бөліміне жеткізу;
Антигистаминдермен улану Димедрол, супрастин, пипольфен т. б нейротоксикалық, психотропты әсерлері бар. Өлімге әкелетін мөлшері – шамамен 40 мг/кг. Клиникалық көріністері: Ауыз, жұтқыншақ құрғауы, ұйқышылдық, жүрек айнуы, бас айналуы, көру қабілетінің бұзылуы, тахикардия. Тері жамылғылары құрғап, бозғылттанады. Көз қарашықтары кеңейеді. Қимыл және психикалық қозулар, тырысулар байқалып, есінен танады. Қан қысымы төмендеп, тынысы әлсірейді.
Жедел жәрдем • асқазанды зонд арқылы жуу; • 0, 1% 1 мл физостигмин ерітіндісі тері астына салу. Егер қатты қозу жағдайы байқалмаса, 1% 1 мл пилокарпин ерітіндісін қайта салуға болады. • ал қозу күйінде болса – 2, 5% 2 мл аминазин ерітіндісін енгізу; • тырысулар байқалса – 5 – 10 мг седуксен к/т; • Науқасты токсикология бөлімшеге жеткізу.
Клофелинмен улану Диагностикасы. cимпатолитикалық синдром дамуы (ОЖЖ тежелуі комаға дейін, брадикардия, гипотензия, бұлшық еттер гипотониясы; миоз, ауыз құрғау, тері құрғақтығы болмауы). Жедел жәрдем: ӨЖЖ; Ес тежелген жағдайда: • 0, 4 -0, 8 мг (1 -2 мл) налоксон 20 мл 40% глюкоза ерітіндісімен к/т; • Брадикардия кезінде – к/т 1 мг атропин 20 мл 40% глюкоза ерітіндісіне қосып енгізу. • 400 мл реополиглюкин, 400 мл 0, 9% натрий хлорид ерітіндісін тамшылату; • Антидотты терапияны жүргізу.
Туберкулезге қарсы дәрілік заттармен улану Изониазид, фтивазид, тубазид. Диагностикасы: жайылған тырыспа, есеңгіреу комаға дейін, метаболикалық ацидоз. Жедел жәрдем: Антидотты терапияны жүргізу. • Тырысу синдромы кезінде диазепам 10 мг к/т. • Пиридоксин гидрохлориді (витамин В 6) 5% 5 -10 мл б/е, к/т, 400 мл 0, 9% натрий хлорид және 400 мл 5 -10 % глюкоза ерітіндісі к/т; • 300 мл 4 % натрий гидрокарбонат ерітіндісін көктамыр ішілік енгізу;
Психотропты дәрі дәрмектермен уланулар Барбитураттар көп жылдан бері суицидалдық әрекеттер үшін қолданылып келген. Токсикалық әсерінің механизміне қарай оларды 3 топқа бөледі: • ұзақ әсерлі ( 8 – 12 сағат) - барбамил, этаминал натрий, фенобарбитал; • орташа әсерлі (4 – 6 сағат) - барбамил, этаминал, натрий; • қысқа әсерлі (1 – 2 сағат) - гексенал, тиопентал натрий; Өлімге әкелетін мөлшері шамамен 1 – 2 г.
Клиникалық көрінісі 4 кезеңнен тұрады: Ұйқыға бату кезеңі. ұйқышылдық, апатия, атаксиямен сипатталады. Беткейлік кома кезеңі. Есінен танып, қарашықтар тарылады, рефлекстері сақталады. Ауыртқыш тітіркендіргіштерге реакциясы бар. Бұлшық еттер гипотониясы, патологиялық рефлекстер, гиперсаливация, бронхорея, құсық массасына аспирация салдарынан тыныс бұзылады.
Терең комаға бату кезеңі. Қарашықтары кеңейеді, тынысы сирейді. Пульсі әлсізденіп, тері жамылғылары көгереді. Диурезі азаяды. Рефлекстері жоғалады. Комадан кейінгі күй. Тұрақсыз неврологиялық симптоматика (птоз, атаксия т. б). Депрессия, тромбоэмболиялық асқынулар дамуы мүмкін.
Жедел жәрдем • жуан зонд арқылы асқазанды жуу, 6 сағат сайын қайталап отыру, сифондық клизма; • 40 % -500 мл глюкоза ерітіндісін, 5 мл аскорбин қышқылын, қосып к/т енгізу; • 4 % 500 мл натрий гидрокарбонатын к/т тамшылатып енгізу; • лазикс 4 – 6 мл көк тамырға енгізу; • тыныс аналептиктерін (20% камфора, кофеин, бемегрид ) тек беткейлік кома сатысында ғана енгізуге болады;
Фосфорорганикалық заттармен улану Фосфорорганикалық заттарға дихлофос, тиофос, хлорофос, карбофос жатады. Олардың психотропты, нейротоксикалық әсері бар. Карбофос немесе хлорофосты ішке қабылдағанда өлімге әкелетін мөлшері – 5 г, олар ағзаға түскен соң, өте улы метаболиттер құрайды. Бұл токсикалық метаболиттердің антихолинэстераздық әсері күштірек. Уланулар аталған заттардың асқазанға тыныс жолдары мен тері жамылғылары арқылы түсуінде дамиды.
Клиникалық көрінісі 3 кезеңнен тұрады: 1 кезеңі : психомоторлы қозу, миоз, ентігу, өкпеде ылғалды сырылдар, тершеңдік, АҚ көтерілуі. 2 кезеңі: клонико – тоникалық тырысулар, хореялық гиперкинез, кеуде клеткасы кернелуі, бронхорея өршуі, тыныстың бұзылуы, брадикардия, тенезмдер. 3 кезеңі: Тыныс алуға қатысатын бұлшық еттер әлсізденуі мен тыныс орталығы тежелуі әсерінен тыныс тоқтайды. Аяқ – қол бұлшық еттері салданып, АҚҚ төмендейді. Жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылыстары
Жедел жәрдем Асқазанды жуу; 1 кезеңінде: 1% 2 -3 мл атропин ерітіндісін т/а , ауызы құрғағанша салуға болады. 2, 5% 2 мл аминазин және 25 % 10 мл магний сульфат ерітіндісі б/е енгізу; 2 кезеңінде: 0, 1% 3 мл атропинді 5% глюкоза ерітіндісіне ерітіп к/т (25 -30 мл 0, 1% атропин ерітіндісі) қайтау, бронхорея тоқтағанша. Қан қысымы көтеріліп, тырысулар болса – 2, 5% 1 мл бензогексоний, 25% 10 мл магний сульфат ерітіндісі, 5– 10 мг седуксен к/т енгізіледі. Гидрокортизон 300 мг б/е;
Жәндіктер мен жыландардың шағуынан уланулар Өрмекшілер: Қазақстанда улы өрмекшілердің 3 түрі тіршілік етеді. Қарақұрт, шаян және бұзаубас. Қарақұрт еліміздің оңтүстік аудандарында мекендейді. Аналықтары қауіпті. Жоғарғы жақтарында улы екі безі бар. Қарақұрттың ұзындығы 10 мм-ге дейін барады. Шаян да оңтүстік өңірлерде кездеседі. Ұзындығы 5 -10 мм. Аса қауіптісі қара шаян. Бұзаубас құмды, шөлді, және орманды жерлерде кездеседі.
Клиникалық көрініс Қарақұрт шаққан жерде кішкене дақ пайда болады. Бірнеше минуттан соң шаққан орны қатты ауырып, басқа мүшелерге де беріледі. Уланған адамның басы ауырып, тұншығады, құсады, лоқсиды. Адамда әлсіздік, ентікпе, цианоз, тахикардия пайда болады. Сілекейі шұбырып ағады. Тынысының тоқтап қалуы да мүмкін. Ал шаян шаққан адамда у жүйке тармақтарымен таралады, сондықтан қатты ауыру сезімдері мазалайды және кейбір бұлшық еттерінің тырысулары байқалады.
Жедел жәрдем • Шаққан жеріне суық басып, қимылсыз ұстау. • Анальгин, новокаин, аспирин қолдану. • Шаққан жеріне айналдыра новокаиндық блокада жасау (0, 25% новокаин ерітіндісін 1015 мл). • Глюкокортикостероидтар (преднизолон, кортизон ацетат), кордиамин, глюкоза, дәрумендер енгізу. Оттегі терапиясы. • Жауырын аралығындағы тері астына 30 -70 мл уға қарсы сары су енгізу, ал ауыр дәрежесінде к/т енгізу.
Жыландар әлемнің барлық аймақтарында бар. Оның 2000 түрінің ішінде 300 -400 улы болып келеді. Біздің елімізде улы жыландардың 14 түрі бар. Жылан шаққанда уы тері астына, бұлшық етке немесе қан тамырларына енеді және жылан уының әсері әр-түрлі болады. Бір жыландар қан тамырларына әсер етіп, тромбтарды түзсе, енді біреулері нейротоксикалық әсер етеді.
Клиникалық көрінісі Жылан шаққанда: шаққан жерінде ауыру сезімі, ісіктер, қан құйылу байқалады. Сонан соң басының айналуы, әлсіздік, лоқсу, тахикардия, тершеңдік, тырысулар пайда болады. Естен танып қалуы да мүмкін. Оқ жылан шаққанда тері, бұлшық еттерінің тартылуы және тыныстың тоқтап қалуы мүмкін.
Жедел жәрдем • Жылан шаққан жерін қимылдатпай ұстау немесе байлап тастау керек; • алкоголь және қан қысымын көтеретін дәрілер салуға тиым салынады; • алғашқы минутында жарадан уды сорып тастау керек. Жараны калий пермаганаты ерітіндісімен жуып, 1 мл 0, 1% адреналин енгізу немесе айналдыра шаққан жерге егу; • глюкокортикостероидтар, гепарин енгізу; • дәрумендер, оттегі терапиясы мен ӨЖЖ; • уға қарсы сарысулар енгізу.
Жіті уланулардағы арнайы (антидоттық ) ем Улануды туғызған улы зат Дәрілік заттар (алкалоидтар, ұйықтатқыш дәрілер, ауыр металдар қосындылары) Мухомор, пилокарпин, жүрек гликозидтері, ФОЗ Барбитураттар, опиум қатарындағы дәрілер (морфин, промедол, кодеин және т. б) Қышқылдар Антидоттық ем Белсендірілген көмір Жыланның шағуы Анилин, калий перманганаты. Тікелей емес әсерлі антикоагулянттар Тубазид, фтивазид Гепарин Витамин С 5% ерітіндісі Витамин К (викасол) 1% ерітіндісі Витамин В 6 5% ерітіндісі Көмір қышқыл газы Фосфорорганикалық қосындылар Оттегі ингаляциясы Холинэстераза реактиваторы (дипироксим 15% 1 мл) Магний сульфаты 30% Унитиол 5% ерітіндісі Этил спирті 30% ерітіндісін ішке, 5% ерітіндісін к/т Калий хлориды 0, 5 % Кальций хлориді 10% Барий және оның тұздары Мыс және оның тұздары Метил спирті, этиленгликоль Жүрек гликозидтері Антикоагулянттар, магний сульфаты Атропин 0, 1% ерітіндісі Налорфин 0, 5% ерітіндісі Налоксан 0, 4 мг Натрий гидрокарбонаты 4%
Назарларыңызға рахмет!
Отравления каз БГБ.ppt