ПРЕЗЕНТАЦИЯ ОСЖ.pptx
- Количество слайдов: 13
Тыныштық сақтауларыңызды жәнеде мұхият тыңдауларыңызды сұраймыз.
Инвестициялық жоба тиімділігін талдау және бағалау әдістері
Инвестициялар дегеніміз - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай сондай-ақ ақша қаражаты түрінде , яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады. Инвестиция - бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды , яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы клешекте , яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады. Ол екі факторға байланысты болып келеді. Оның біріншісі – уақыт, ал екіншісі – тәуекелдік
Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері – инвестициялық жобалардың пайдалылығы мен өтелімділігі перспективасын бағалау мақсатымен капиталдың ұзақ мерзімді жұмсалымының тиімділігін анықтау тәсілдері. Жобаларды бағалау үшін қолданылатын критерийлер басты аспектілерді‚ оны іске асырудың шарттарын көрсетуге тиіс. Дұрыс қолданылған инвестициялық жоба жалпы ресурстар көздерін ұтымды пайдалану есебінен экономикадағы ресурс тапшылығын азайта алады.
Инвестициялық жоба - халықаралық тәжірибеде кәсіпорынның даму жоспары бизнес-жоспар ретінде көрсетіледі, ол негізінен кәсіпорынның даму жоспарының құрамдастырылған сипаты болып табылады. Егер жоба инвестицияны тартумен байланысты болса, онда ол «инвестициялық жоба» деп аталады. Әдетте кәсіпорынның кез келген жобасы, қалай болса да, инвестицияның тартуымен байланысты болады. Жалпы түсінігі бойынша жоба – бұл белгілі бір мақсатқа жетелейтін кәсіпорынның іскерлігін өзгерту жайлы арнайы ұсыныс. Инвестициялық жобаны қаржылық талдау қаржылық пайда, не зиян әкелетін жобаны қабылдау не қабылдамау жөнінде шешім қабалдау үшін қажетті мәліметтер алуға арналған. Инвестициялардың тиімділігін анықтау жөніндегі мәселе әрбір компания мен әрбір инвесторлардың алдында тұрған үлкен мәселе. Капитал алу немесе өз кәсіпорынына басқа капитал енгізу жөнінде шешім қабылдамас бұрын, инвестицияны жоспарлау және талдау әдісін білу қажет.
Инвестициялық жобаның тиімділік көрсеткіштерін 2 негізгі топқа бөлуге болады. Біріншісі - өндірістік қызметтің тиімділігінің және жобаны жүзеге асырып отырған кәсіпорынның ағымдық және болашақтағы қаржылық жағдайының көрсеткіштері; Екіншісі – инвестиция тиімділігнің көрсеткіштері немесе Кэш. Флоу дисконтталған белгілері. (кэш флоу дегеніміз ақша ағымы)
Дамыған елдердің тәжірибесіне сүйенсек олар ақша ағымын талдау әдісіне негізделген. Жалпы іс жүзінде қаржылық жоспарды құраушы және инвестициялық жобаны жоспарлауға, талдау мен бақылауға мүмкіндік беретін 3 негізгі құжат бар: бухгалтерлік баланс, қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп. Кәсіпорын қызметінің тиімділігн арттырудың тек екі жолы бар: қымбатырақ және көбірек сату немесе арзанырақ өндіру.
Нарықтық қатынастары дамыған елдерде инвестициялық жобалардың тиімділгін бағалауда шығынсыздық әдісін қолданады, өйткені бұл әдіс қаржылық ақпараттың аса маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Кәсіпкерге сату көлемін өзгертткеннен, оның кәсіпорыны қанша пайда табатындығын есептегенннен гөрі , сату көлемі қандай болған жағдайда оның кәсіпорыны зиян шекпейтіндігін есептеген маңыздырақ. Басқаша айтсақ зиянсыздық нүктесін табу қажет.
Кәсіпорынның нақты бір жобаға қатысты инвестициялық іскерлігінің жалпы реттелуі жобалық цикл түрінде қалыптасады және ол циклдың келесі кезеңдерге ие. Жобаның тұжырымдалуы Жобаны дайындау Жобаны сараптау
Жобаның тұжырымдалуы Бұл кезеңде кәсіпорын жетекшілерінің жоғары құрамы кәсіпорынның ағымдағы жағдайына талдау жасап, кәсіпорынның ары қарай дамуының пайдалы бағыттарын анықтайды. Талдау нәтижесі бизнес идеясы түрінде рәсімделіп, кәсіпорынның неғұрлым маңызды міндеттерін шешуге бағытталады. Бұл кезеңде идеяны жүзеге асыруға қатысты едәір дәлелді аргументациялар болуы қажет. Кәсіпорынның одан әрі дамуы жөнінде бірнеше идея пайда болуы мүмкін. Егер олардың барлығы бірдей дәрежеде пайдалы және іске асырымды болса, онда даярлаудың соңғысы кезеңінде олардың ішінен неғұрлым тиімдірегін қабылдау үшін бір мезгілде бірнеше инвестициялық жобалар әзірленеді.
Жобаны дайындау Жобаның бизнес-идеясы бірінші тексерілімнен өткеннен кейін, оң немесе теріс деген тиянақты шешім қабылдауға болғанға дейін оны ары қарай дамыту керек. Бұл кезеңде жоба жоспарының барлық бағыттарында – коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық, институционалды және т. б. – оны бірте-бірте нақтылау мен жетілдіру талап етіледі. Бұл кезеңде жобаның жекелеген міндеттерін шешу үшін бастапқы ақпараттарды іздеу немесе жинақтау аса маңызды болып табылады. Жобаның сәтті іске асуы жобаны талдау процесінде пайда болатын мәліметтерді дұрыс өңдеу алуға және бастапқы ақпараттардың шынайлығына тәуелді екенін түсіну керек.
Жобаны сараптау Жобаны жүзеге асыру алдында оның білікті сараптамасы – жобаның өмірлік циклына аса қажетті саты жүргізілуі керек. Егер жоба негізінен стратегиялық инвестор есебінен қаржыландырылатын болса, онда инвестордың өзі сараптама жүгізеді, мысалы, болашақта жобаны іске асыру процесінде ақшасының көп бөлігін жоғалтудан гөрі, бұл кезеңде беделді бір консалтингтік фирмаға ақшасының кейбір бөлігін жұмсауды қалауы мүмкін. Егер кәсіпорын инвестициялық жобаны негізінен өз ақша құралдарының көмегімен іске асыруды жоспарласа, онда жобаның негізгі жағдайларының дұрыстығын тексеру үшін де сараптама қажет.
Назарларыңызға рақмет!!!
ПРЕЗЕНТАЦИЯ ОСЖ.pptx