Тыныс алу ағзалары ауруларының шағымдарын, дерттің даму тарихын







































































































15784-tynys_alu_zh_1199_yesi_lektsia.ppt
- Количество слайдов: 103
Тыныс алу ағзалары ауруларының шағымдарын, дерттің даму тарихын және өмір тарихын жинау ерекшеліктері. Балалардағы ерекшеліктері Умарова С.У., доцент Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы. ҚазҰМУ
Дәріс жоспары І.Кіріспе 1.1. Тыныс алу жүйесінің анатомо- физиологиялық қасиеттері 1.2.Тыныс алу жүйесі дерттерінің таралуы, әлеуметтік маңыздылығы ІІ. Негізгі бөлімі 2.1. Тыныс алу жүйесі дерттері бар ауруларды тексеру әдістері: -сұрап тексеру (шағымдары және анамнезі) -қарап тексеру (жалпы қарау, кеудені қарау, оның пальпациясы, перкуссиясы және аускультациясы) -балалардағы ерекшеліктері
Дәріс жоспары 2.2. Тыныс алу жүйесі дерттерінің синдромдары, олардың клиникалық көріністері, тексеру әдістері: Өкпе тіні тығыздалу Плевра қуысында сұйықтық және ауа жиналу Өкпе тінінде қуыс пайда болу Бронх өткізгіштігі бұзылысы Балалардағы ерекшеліктері 3.Қорытынды бөлімі -өзекті сұрақтарды қайталап шолу
Тыныс алу жүйесінің анатомо- физиологиялық қасиеттері Тыныс алу жүйесі ағзаларына: жоғарғы тыныс жолдары (мұрын қуысы, мұрын-жұтқыншақ, ауыз-жұтқыншақ, көмей); төменгі тыныс жолдары (кеңірдек, қолқалар); өкпе тіні, плевра және оның қуысы; тыныс алу қимылын атқаратын жүйе (тыныс бұлшық еттері, қабырғалар) жатады. Тыныс алу жүйесінің негізгі қызметі - бұл ағза және қоршаған орта арасындағы газ алмасу үрдісін қалыпты қамтемесіз ету. Бұл қызметі бір-бірімен байланысты үш үрдістен құралады: - өкпенің ауаға толуы; - ауаның альвеолалар қабырғасынан өтуі; - өкпе қан айналымының қарқындылығы.
Сұрап тексеру тыныс алу жүйесі дерттерінің шағымдарын анықтау (ОҚКЕ кезеңдері бойынша) І.Шағымдары: көрсетілген әрекеттер реттілігін сақтап анықтау: 1.Өзін таныстырып және науқастың (балалардың ата-анасымен немесе өзінен) аты-жөнін, тегін анықтағаннан кейін “Қандай шағымдарыңыз бар” немесе “Сізді не мазалайды”? деген сұрақтар беріп, науқастың шағымдарын анықтайды. Олар: жөтел, қан қақыру, кеудедегі ауру сезім, ентігу, тұншығу, қалтырау, әлсіздік, шаршағыштық, бас ауру, ұйқының бұзылысы, тәбеттің төмендеуі.
Сұрап тексеру тыныс алу жүйесі дерттерінің шағымдарын анықтау (ОҚКЕ кезеңдері бойынша) 2.Негізгі шағымдарды айырып алу- жөтел, кеудедегі ауру сезім, ентігу, тұншығу, қан қақыру; 3. Негізгі шағымдарды қосымша сұрақ арқылы талдау, сараптау. -Жөтел (tussis) - тыныс алу жолдарына бөгде зат түскенде пайда болатын рефлекторлы қорғанысты үрдіс.
Сұрап тексеру тыныс алу жүйесі дерттерінің шағымдарын анықтау Тыныс алу жүйесі дерттерінде бөгде зат болып қабынулық әлде қабынулық емес сұйықтық - дертті бөлінділер: шіріш , қақырық – кілегейлі, шірішті, іріңді н/е қан, ірің - осы жиналған заттар тыныс жолдарында орналасқан сезімтал рецепторларды тітіркендіріп жөтел тудырады.
Жөтел-даму жолы
Сұрап тексеру тыныс алу жүйесі дерттерінің шағымдарын анықтау (ОҚКЕ кезеңдері бойынша) сипаты: а) қарқыны (күші) - қандай? - әлсіз, жәй, күркілдеп жөтелу, үрген тәрізді, дауысты, қатты, күшті; б) ұзақтығы – тұрақты, ұзақ; ұстамалы, қысқа; в) пайда болу уақыты – қай кезде жиі мазалайды?- тәңертең, кешке, түнде; г) пайда болуы- қандай жағдайлар әсер етеді?- салқындап қалу, иістер, өздігінен, дене қалпын өзгерту және бәсеңсу себептері - қақырық түскеннен кейін, дәріден кейін; дене қалпын өзгерту; д) – түрі– ылғалды, қақырықты; құрғақ; сирек, құрғақ.
Сұрап тексеру тыныс алу жүйесі дерттерінің шағымдарын анықтау Қақырық (sputum): мөлшері– а) қанша бөлінеді? – бір жөтелде және бір тәулікте (бір түкірік, ауыз толтырып, 1,5- 2,0л); б) түсі - қандай? -түссіз, сарғыш, жасыл-сарғыш, жасыл, қоңыр (сипаты- кілегейлі, шірішті, іріңді); г) иісі?- иісіз, иісі қолайсыз, іріңді,шіріген; д) сипаты: сұйық - жеңіл бөлінеді; тұтқыр, кілегейлі - қиын бөлінеді; е) дененің қай қалпында жеңіл бөлінеді?- оң немесе сол бүйірінде; шалқасынан немесе етпетінен жатқанда; ж) тәуліктің қай кезеңінде көп бөлінеді? – тәңертеңгі уақытта.
Сұрап тексеру шағымдарын анықтау Қан қақыру (haemoptoe) –а) қанның мөлшері?- қан талшықтары араласқан, бір келкі таралған, таза немесе ұйыған қан; б) қанның түсі? - ашық қызыл, қоңыр, тотыған, сәл қызғыш; в) бөліну жағдайы және жиілігі? –жөтелде, өздігінше; жөтелген сайын, бір рет. Қан кетулер - бірінші рет, бұрын болды, қайталануы; себебі?
Сұрап тексеру шағымдарын анықтау Кеудедегі ауру сезім (dolor pectoris) – жалпы өкпе тінінде нерв талшықтары жоқ, сондықтан бұл белгі плевра зақымына тән, өйткені сезімтал нерв талшықтары плевра жапырақшаларында орналасқан. Пайда болу жағдайы - жөтелгенде, терең тыныс алғанда немесе сау жағына жатқанда пайда болады, күшееді.
Сұрап тексеру шағымдарын анықтау Орналасқан орны – бүйірдің төменгі жағы - осы жерде плевра кеуде қуысына жанасады (құрғақ плеврит, бөлікті пневмония). Кейбір дерттерде (өкпе рагы, инфарктысы) кеуде қуысының басқа жерлерінде орналасады.
Сұрап тексеру шағымдарын анықтау а) орналасу орны - қай жерде?-кеуде бүйірінің төменгі бөлігінде, үстінде; б) сипаты - қандай? - шаншып; в) күші? - күшті; г) тұрақты; д) қандай жағдайда күшееді? - тыныс алғанда, жөтелгенде, дене қалпын өзгерткенде; е) таралуы? – таралмайды.
Сұрап тексеру- шағымдарын анықтау Ентігу(dyspnoe) -– тыныс алу жүйесі ауырған науқастардың бірден-бір негізгі шағымы – сыртқы тыныстың бұзылысы. Науқас ауа жетпейді деп айтады. Даму жолы – тыныс алу жолдарының зақымдарына байланысты: 1- тыныс алу көлемінің азаюы -өкпе тіні қабынуы, дәнекерленуі, қысылуы – ателектаз, серпімділігінің төмендеуі (эмфизема), қатерлі тіндердің пайда болуы;
Ентігу себептері
Сұрап тексеру- тыныс алу жүйесі дерттерінің шағымдарын анықтау 2- бронхтар өткізгіштігінің нашарлауы - қабыну, жиырылуы,сырттан басылуы, бөгде зат тұруы) - газ алмасу үрдісінің өзгеруі (нашарлауы) - оттегі мөлшерінің азайюы, көмір қышқылының көбейюі - ал ол тыныс орталығын тітіркендіреді - ентігу сезімі пайда болады - бұл тыныс алу реттілігінің, жиілігінің,тереңдігінің өзгеруі.
Сұрап тексеру- тыныс алу жүйесі дерттерінің шағымдарын анықтау Тыныс ағзаларының дертеріне байланысты ентігу түрлері: – инспираторлы – демді алу- ауаның кіруі нашарлайды - тыныс жолдарында кедергі (бөгде зат, бронхтардың сырттан қысылуы- қалқанша безінің ісігі, аорта аневризмасы, өңеш рагы); -экспираторлы – дем шығарудың нашарлауы – майда, ұсақ бронхтардың қабынуы, жиырылуы;
Сұрап тексеру- тыныс алу жүйесі дерттерінің шағымдарын анықтау -аралас түрі - екі кезеңіде нашарлайды – тыныс жүйелері дерттеріне жиі тән (уақытша - пневмония, ателектаз; тұрақты - эмфизема). а) тұрақтылығы?- тұрақты немесе ұстамалы; б) түрі- тыныстанудың қай кезеңінде?- тыныс алғанда, шығарғанда, екі кезеңінде;
Сұрап тексеру- тыныс алу жүйесі дерттерінің шағымдарын анықтау Тұншығу - ентігудің кенеттен пайда болатын түрі (өкпе ісінуі, инфарктісі, пневмоторакс), ал ұстамалы түрі демікпе - немесе астма - майда бронхтардың, бронхиолалардың тарылуы - бронхиалды демікпе, созылмалы бронхит; жүрек жетіспеушілігінде - жүрек демікпесі (жүректілік астма).
Сұрап тексеру- тыныс алу жүйесі дерттерінің шағымдарын анықтау Сипаттамасы: пайда болу уақыты - тәуліктің қай кезеңінде? – түнде, күндіз; пайда болу себебі?- қандай жағдайдан кейін?-иіс, мұздай ауаға шыққанда; демікпенің алдында қандай белгілері болаты?- терінің қышуы, мұрын сұйықтығының көп бөлінуі, тамақтың құрғауы, жыбырлауы, жөтел; жиілігі? – жиі, сирек;
Сұрап тексеру- тыныс алу жүйесі дерттерінің шағымдарын анықтау ұзақтығы?- бірнеше минуттен бірнеше сағатқа немесе тәулікке дейін; тыныстаудың қай кезеңі қиын? -тыныс алу, шығару немесе екеуіде; демікпе кезіндегі қалпы? - отырады, жатады, тұрып қалады; қандай шарадан кейін басылады?- бронхолитиктардан немесе қақырық шыққаннан кейін.
Сұрап тексеру- тыныс алу жүйесі дерттерінің шағымдарын анықтау Қосымша шағымдар: “Қалтырау(febris)- тыныс алу жүйесінің жіті дерттері дене қызуы көтерілуден басталады”; а)дене қызуы қалай және қаншаға көтеріледі? – кенеттен, күрт, өте жоғары көрсеткіштерге дейін; бірте-бірте, 38º - тан аспайды; б) тәулік бойы қалай өзгереді?- төмендейді, жоғарылайды; в) қалтырау қаншаға созылады, қандай белгілер қосымша болады? –бірнеше сағат, күн, тәулік; тершеңдік, дірілдеу, тоңғақтық.
Сұрап тексеру- тыныс алу жүйесі дерттерінің шағымдарын анықтау әлсіздік, шаршағыштық, тәбеттің төмендеуі, ұйқының нашарлауы, бас ауруы Сұрақ беріп нақтылау - -ұзақтығы- қашаннан бері мазалайды? -себебі – қандай жағдайда?
Шағымдары. Балардағы ерекшеліктері Жиі кездесетін шағымдар 1.мұрнымен тыныстанудың нашарлауы; 2.мұрын бөлінділеріyің болуы – қабынулық немесе аллергиялық сұйықтықтар – кілегейлі, шірішті, шірішті-іріңді, қан аралас, қанды; 3. жөтел –құрғақ н/е ылғалды (пайда болу н/е күшею уақыты ж/е себебі). Жөтел құсықпен қоса жүруі мүмкін.
Шағымдары. Балардағы ерекшеліктері -құрғақ жөтел –үрген тәрізді немесе ұстамалы болады; -ылғалды жөтел – қақырықты (сипаты - шірішті, шірішті-іріңді, іріңді) ж/е қақырықсыз (бірақ балалар қақырығын жұтып қоятынын есте қажет); 4.Кеудедегі ауру сезімі- тыныс алумен байланысты ме?
Сұрап тексеру- Дерттің даму тарихы (анамнезы). ОҚКЕ кезеңдеріне сәйкес көрсетілген реттілікті сақтау 1.Дерттің басталуы: а) бірінші рет аурып тұрсыз бе әлде осы дерт біраздан бері мазалайды ме, яғни созылмалы дертінің өршуі? б) қалай басталды? -кенеттен, дене қызуы күрт жоғарылап, қалтырап, тер басып (жіті пневмонияда, өкпе абсцессінде, жіті трахеобронхитте); немесе тұншығып, ауа жетпей, құрғақ жөтелмен (демікпеде);
Сұрап тексеру- Дерттің даму тарихы (анамнезы). -бірте-бірте - дене қызуының жәй көтерілуі, сирек мазалайтын жөтел, терлегіштік пайда болып (тыныс алу жүйесінің созылмалы дерттерінде: бронхит, бронхоэктаздар, өкпе туберкулезінің кейбір түрлері).
Сұрап тексеру- Дерттің даму тарихы (анамнезы). 2.Дерттің басталуына әсер ететін жағдайлар: (дерттің себебі) салқын ұстау; жұқпалы науқасы (тұмау) немесе туберкулезі бар кісімен жанасу; жақын арада жоғарғы тыныс жолдары дерттерімен ауру (тұмау, жіті қабынулар);
Сұрап тексеру- Дерттің даму тарихы (анамнезы). аллергиялық әсерленулер; бұрыннан бар созылмалы дерттің қайталануы - жылына қанша рет, қандай себептерден кейін, қалай емделеді, бәсеңсуінің ұзақтығы? уытты заттардың немесе газдардың әсері (созылмалы бронхиттерде);
Сұрап тексеру- Дерттің даму тарихы (анамнезы). 3.Жасалған шаралар: а) дәрігерге қаралдыма? б) қандай тексерістер жүргізілді (олардың қорытындысы); в)емі (өздігінше, дәрігердің; емнің тиімділігі); г)ауруханаға түсу себебі?
Дерттің даму тарихы. Балалардағы ерекшеліктері Дене қызуының жоғарлауы Қалтырау немесе құсу (қалтыраудың көрінісі) Кейбір жағдайда пневмонияда іштің ауруы Бұрын болған тыныс жолдарының дерттері, одан айығу деңгейі – асқынулар болуы мүмкін –бронхиалды демікпе, пневмония
Дерттің даму тарихы. Балалардағы ерекшеліктері Балаларда тұмаумен басталуы –мұрнының бітелуі, яғни әртүрлі сипатты –шірішті, шірішті-іріңді, іріңді, қан аралас бөлінділердің болуы Жөтел -ең тәнді белгі, қарапайым жәй жөтел әлде ұстамалы түрде, терең тыныс алу кезеңімен және бетінің қызаруымен, құсықпен бірге болуы мүмкін. Жөтел құрғақ және қақырықты болады
Дерттің даму тарихы. Балалардағы ерекшеліктері Қызылша немесе көк жөтел дерттернің болуы – жиі бронх қабаттарының толық қабынуымен (панбронхит) ж/е өкпе тінінің едәуір зақымдануымен сипатталатын пневмониямен асқынады. Айналасында туберкулез дерті бар науқастармен жанасуын анықтау қажет- диагностиканың маңызды мәліметі болады
Сұрап тексеру- Өмір тарихы (анамнезы - осы дерттің дамуына алып келетін қолайсыз жағдайлар). ОҚКЕ кезеңдері сәйкес көрсетілген реттілікті сақтау 1.Бала кезінде болған тыныс алу жүйесі деттері (бронхиттер, пневмониялар). 2.Жоғарғы тыныс жолдарының жиі, жіті қабыну, аллергиялық немесе басқада аурулары (жіті респираторлық дерттері, тұмау, полиптер, полли-ноздар). 3.Әлеуметтік және тұрмыстық жағдайы (тұрған жері - дымқыл, ылғалды).
Сұрап тексеру- Өмір тарихы (анамнезы - осы дерттің дамуына алып келетін қолайсыз жағдайлар) 4.Кәсіпшілік қолайсыз әсерлер: - өндірістік шаңдар (силикаттық, тотыған кремний, құм, цемент) - пневмкониоздар, силикоздар. 5.Тұқым қуалаушылыққа бейімділік: жақын туысқандарында аллергиялық деттердің болуы (бронхиалды демікпе, экземалар), қатерлі ісіктер. 6. Басқа ағзалардың дерттері (жүрек-қан тамыр); жарақаттар, сынықтар (кеуденің).
Сұрап тексеру- Өмір тарихы (анамнезы) - осы дерттің дамуына алып келетін қолайсыз жағдайлар 7.Жұқпалы аурулар – туберкулез, мерез, сары ауру. 8.Үйреншікті уланулар: ұзақ уақыт бойы (15-20 жылдан астам) күніне 1-2 қорап темекі шегу; ішімдікке салыну; анашақорлық, уланулар 9. Ер азаматтарда - әскерде болуы, атқарған міндетінің түрі (қолайсыз әселер, болған дерттері).
Сұрап тексеру- Өмір тарихы (анамнезы - осы дерттің дамуына алып келетін қолайсыз жағдайлар 10.Әйел кісілерде – етек кірінің басталуы, оның сипаты (неше жасында, бірден тұрақталдыма, канша күннен, мөлшері - көп, аз; ауырусыңғышты немесе онсыз, айналымының ұзақтығы); тұрмыс құруы, жүктілік (қанша көтерді, қалай өтті - ісінулер, қан қысымының жоғарлауы; босанулары -өзі, операциялар арқылы, асқынулар; түсіктер, жасанды түсіктер); етек кірінің тоқтауы (неше жасында, қандай көріністер - қан қысымының жоғарылауы, жүрек қағуы, т.б.).
Сұрап тексеру. Балалардағы ерекшеліктері Өзі айтуы, ата-анасы немесе басқа кісілер Осы дерті н/е мазалаған шағымдары туралы ата-анасының пікірі туралы сұрау Анасының жалпы денсаулығы және оның өзгерісі; жүктілігінде, босанардағы және одан кейінгі кезеңінде гі ауытқулар туралы мәліметті анықтау – денсаулығы, қабылдаған дәрілері, зиянды әдеттері; өзі босануы немесе жасанды босандыру (жарып алу); (құжаттары болса танысу); Туылғаннан кейінгі дерттері, қоректенуі (емізілуі, жасанды тағам).
Тыныс алу жүйесі ауырған науқастарды қарап тексеру Жалпы қарау 1) науқастың жалпы жағдайы, хәлі - дерттің түріне, оның ауырлығына байланысты әр түрлі болады: қанағаттанарлық – жіті бронхит, туберкулез орташа- ошақты пневмония, созылмалы бронхит; ауыр – пневмония, бронхиалды демікпенің ұстамасы, өкпенің іріңді дерттері, инфарктісі;
Тыныс алу жүйесі ауырған науқастарды қарап тексеру 2) есі – сақталған немесе өзгерген Дерттің асқынған түрлерінде есеңгіреген – тыныс жетіспеушілігінің жоғарғы деңгейі - гипоксия жағдайы сандырақтау, елестеулер - дене қызуы өте жоғарылағанда, яғни қалтырауда Басым жағдайда- есі сақталған, бүтін.
Тыныс алу жүйесі ауырған науқастарды қарап тексеру 3 - төсектегі жағдайы, калпы мәжбүрлі бронхиалды астмада – еңкейіңкіреп, екі қолын таянып, отырғышта отырады, ауызымен дем алады; плевритте – ауырған жағын астына алып, қорғаныштап жатады; өкпеннің іріңді дерттерінің ақырғы кезеңдерінде – сұлық түсіп, пассивті. Басым жағдайда – белсенді - өзінің жағдайын жасай алады.
Мәжбүрлі кейпі
Тыныс алу жүйесі ауырған науқастарды қарап тексеру Терісінің түсі- көкшіл( цианоз – орталық(жылы) - бірден-бір белгісі), боз, қызарыңқы, жер түстес. Бет әлпеті – мұрын желбіршектерінің тыныс алуға қатысуы; мұрын қаңқасының пішіні, оның өзгерісі - қисаюы; ауызбен тыныстануы, еріндерінде, мұрын айналасында ұшықтардың болуы, мұрын-ауыз үшбұрышының көгеруі.
Тыныс алу жүйесі ауырған науқастарды қарап тексеру Саусақтардың домалақтануы-“дабыл таяқшалары”, тырнақтардың - “сағат беті” тәріздес өзгеруі - созылмалы іріңді дерттердегі гипоксияға байланысты сүйектердің остеопорозы.
Сыртқы келбеті мен тырнақтар өзгерісі
Жалпы қарап тексеру. Балалардағы ерекшеліктері Кіші балаларды анасының немесе алып келген кісінің алдына отырғызып қарау Балаларда - цианоз – жергілікті, таралған, тұрақты; 2-3 айға дейінгі балаларда –ауыз ұшынды, тілі астында пневмонияда, бронхиттерде – көбікті бөлінділер жиналуы мүмкін – бұл қабыну шығындысының тыныс жолдарынан ауыз қуысына өтуін белгілейді;
Жалпы қарап тексеру. Балалардағы ерекшеліктері Бетін қарау - домбығуы (ісінуі) -мұрын тынысының сақталуы -мұрнынан н/е ауызынан бөлінділердің болуы Мұрнын қарау- егерде мұрыны бітеліп тұрса –ақырындап мақтамен тазалау-ринитті анықтау – ЖТЖД белгісі
Жалпы қарап тексеру. Балалардағы ерекшеліктері Дауысының, жылауының, айқайының ерекшеліктері - қарлығуы – стенозды ларинготрахеит Ауызын қарау – тамағы (араң, аңқа), бадамшалар мен жұтқышақтың артқы қабырғасының жағдайы (қызару, үлкеюі)№
Тыныс алу жүйесі ауырған науқастарды қарап тексеру Кеуде қуысын қарау: Мақсаты:1.Пішінін анықтау – а) өзгермеуі мүмкін - конус тәрізді; бірақ тыныс алу жүйесінің біраз дерттері ақырғы кезеңінде эмфиземаға асқынуын береді, ал соған байланысты кеуде қуысының пішіні өзгереді: б) төменгі бөлігі кеңейіп бошке тәріздес болады - эмфизематозды кеуде пішіні (тыныс жұтқандағы кейпі) - бұғаналар көтеріңкі, қабырғалар жатыңқы, аралары кішірееді – қалдық ауа мөлшері өкпеде жоғарылауына байланысты – тыныс шығару бұзылысы.
Эмфизематозды кеуде қуысы
Тыныс алу жүйесі ауырған науқастарды қарап тексеру Кеуде қуысын қарау: в) - кеуденің бір бөлігінің үлкеюі (сұйықтық әлде ауа жиналғанда) немесе кішіреюі (өкпе тіні жиырылғанда –ателектаз, операциялардан кейін – бір бөлігі н/е бір өкпе толығынан алынса; пневмосклероз); 2.Тынысқа қатысуы : -кеуденің екі бөлігінің тыныс алуға бірдей қатыспауы - дерттке байланысты қалып отыруы әлде қатыспауы. 3. Қабырғаралық бұлшық еттерінің тыныс алуға айқын қатысуы - тыныс алудың төмендеуі.
Кеудені қарау. Балардағы ерекшеліктері Тынысының реттілігі – 2 жасқа (әсіресе өмірінің алғашқы айларында) дейін тыныс реттілігі сақталмауы мүмкін. Тыныс алу түрі- 5-6 жасқа дейін бала ішімен тынысталады; кейіннен ұлдарда бұл сақталады. Ішпен тыныс алау басым болса – тыныс жолдары зақымының белгісі болуы мүмкін.
Кеуденің дерттік жағдайдағы өзгерістері
Қарап тексеру. Кеуде пальпациясы Кеуде пальпациясы- сипап тексеру. Мақсаты: 1) ауру сезімін анықтау - тыныс алу жүйесі дерттеріне байланысты сирек (құрғақ плевритте) кездеседі н/е мүлдем болмайды; 2) серпімділігі (иілімі)- төмендейді (кеуде қатаяды - қарсыластығы жоғарылайды) – эмфиземада, өкпе тінінің тығыздалу мөлшері жоғарылағанда, экссудатты плевритте;
Кеуде пальпациясы 3)дауыс дірілін (fremitus vocalis pectoris) анықтау – дауыс күшінің кеуде бетіне берілуі - бұл өкпе тінінің дауыс тербелісін өткізу қабілетіне байланысты. Қалыптыда - кеуденің екі бетіне бірдей таралады, ал дерттің түріне байланысты өзгереді: а)күшееді -тығыздалғанда, қуыс болғанда; б)әлсірейді н/е анықталмайды -эмфиземада, плевра қуысында сұйықтық әлде ауа жиналғанда.
Кеуде пальпациясы Дауыс дірілі – анықталуы –дәрігер қолын кеуденің екі симметриялық аймақтарына қойып науқасқа жуан дауыспен “Р” әрпі бар сөздерді айтқызады Дауыс дірілін кішкентай балаларда жылағанда немесе айқайында анықтауға болады
Дауыс дірілінің өзгерістері
Дауыс дірілінің өзгерістері
Өкпе перкуссиясы Перкуссия әдісі – соғып тексеру; ұсынған австриялық ғалым Леопольд Ауэнбруггер – 1753 ж. ғылыми трактат жазады, ал 1808 ж. Корвизар тәжірибеде қолдануға еңгізеді. Перкуссия әдісінің негізін дененің физиқалық қасиетіне (тығыздығы, ауалығы, сұйықтығы) байланысты дыбысты өткізу қабылеті құрайды: Тығыз дене - тұйық, жәй, әлсіз, қысқа, жоғары дауысты дыбыс; Ауалы, сұйықтығы бар ағзалар - ашық, дауысты, ұзақ дыбысты болады.
Өкпе перкуссиясы Өкпе перкуссиясы - өкпе тінінің қасиетіне байланысты (тығыз дене мен ауаның тепе-теңдігі) - қысқа, ашық, биік - өзіне тән дыбыс береді- оны ашық өкпелік дыбыс деп атайды. Өкпе перкуссиясы екі түрде жасалады: 1- салыстырмалы - 2 - топографиялық
Өкпе перкуссия 1.салыстырмалы - кеуденің екі жағынан шыққан дыбыстар салыстырылады – дыбыс өзгеруіне байланысты дерттің түрі анықталады: тұйық, тұйықталған - өкпе тіні тығыздалуы (пневмония, обтурациялық ателектаз, пневмосклероз, рагі, инфарктісі)
Өкпе перкуссиясы тұйық - плевра плевра қуысына сұйықтық жиналу тимпаникалық - қуыс пайда болуы, өкпе қуысына ауа жиналу - – кораптық - өкпе эмфиземасы Жасалу күші - күшті, орташа.
Өкпе перкуссиясы 2. Топографиялық өкпе шекарасын анықтау - жоғарғы - өкпе ұшының биіктігі – алдынан, артынан; -төменгі - дене сызықтары бойынша өкпенің төменгі жиегінің жылжымалығы – өкпе сиымдылығы анықталады. Жасалу күші – жәй, әлсіз, өте әлсіз.
Өкпе перкуссиясы Диагностикалық маңыздылығы - алынған мәлеметтер арқылы өзгерістерді анықтап, дертті табу (шекараның жоғарлауы, төмендеуі). Жасау әдістері – тікелей- дене бетіне саусақпен тікелей соғу (балаларда қолданылады), жанама – денеге қойылған саусақ үстіне соғу. Науқас отырғанда, тік тұрғанда. Балаларда – арқасына н/е ішіне жатқызып жасауға болады (жағдайға байланысты – егерде бала басын ұстай алмаса)
Өкпе перкуссиясы. Балалардағы ерекшеліктері Балаларда –1) тікелей – сұқ немесе ортаңғы саусақпен дене бетіне; 2) – жанама –Образцов әдісі - шерту әдісі – сұқ саусақ ортаңғы саусақтан жылжып түседі; Кіші балаларда – 1-2 жастағы –арқасына н/е ішіне жатқызып жасауға болады (жағдайға байланысты – егерде бала басын ұстай алмаса
Өкпе аускультациясы Аускультация әдісі - тыңдап тексеру – Гиппократ еңбектерінде бар; бірақ еңгізу мен қолдануы – француз дәрігері Рене Лаэннек – 1819ж. Аускультация негізі - ағзада, пайда болған дыбысты дене үстінен тыңдау. Аускультация түрлері - тікелей құлақты қойып; жанама – фонендоскоп, түтік арқылы.
Өкпе аускультациясы Өкпе аускультациясында - тыныс шулары 2 түрде: а) негізгі және б) қосымша тыныс шулары. Негізгі тыныс шулары н/е дыбыстары: 1- везикулярлық немесе альвеолярлық әлде көпіршікті тыныс дыбысы: 2- бронхиалды тыныс дыбысы
Өкпе үстіне тыныс шуларының тарауы
ӨКПЕ АУСКУЛЬТАЦИЯСЫ Везикулярлық немесе альвеолярлық тыныс дыбысы а- пайда болу орны - альвеолаларда; б - пайда болу жолы, яғни дамуы - тыныс алуда альвеолалар ауаға толып, олардың қабырғалары кернеліп, тербеліс береді - дыбыс - үрлеген, жұмсақ, “ф” әрпі тәріздес; в – естілу кезеңі – тыныс кіруінде толық, ал шығаруында – жоғарғы 3/1 бөлігінде. Өкпенің барлық көлемінде естіледі.
Везикулярлы тыныстың дамуы
Өкпе аускультациясы Өзгерістері: 1 – физиологиялық; 2 - дерттік н/е патологиялық: Физиологиялық өзгерістері: а- әлсіреуі- бұлшық еттер, тері асты шел майы жақсы дамығанда, жәй тыныста; өкпе ұшында, қолтық астында, жиегінде; б - күшеюі- жүдеу, жұқа адамдарда; ауыр жұмыста. Физиологиялық өзгерістер екі жақта бірдей болады.
Өкпе аускультациясы 2 - дерттік н/е патологиялық: а- әлсіреуі- естілуі нашарлайды – -плевра өзгерісі - плевра қуысында сұйықтық, ауа жиналуында, плевра қатаюы, қалындауы, -альвеолалар өзгерісі – ауалығы жоғарлағанда – эмфизема; ауалығы төмендегенде - қабынулық н/е қабынулық емес сұйықтық жиналғанда; -бронх бітелгенде – обтурациялық ателектазда; Тыныстың екі кезеңіде қысқарады;
Везикулярлық тыныстың әлсіреуі
Өкпе аускультациясы б- күшеюі – 1) қатаң дыбысты – тыныс шығаруда жақсы, ұзақ естіледі - бронх (майда, ұсақ) тарылуында (қабыну, жиырылу); 2)- үзілісті-саккадирлі - тыныс бөлініп естіледі -бронхтарда қабыну үрдісі бір келкі тарамаған н/е бұлшық еттерінің бір келкі жиырылмауы (тоңғанда). Жиі жағдайда - твс дертіне тән. Дерттік өзгерістер жиі бір жақты болады.
Қатаң дыбыстың пайда болуы
Үзілісті тыныс
Өкпе аускультациясы 2- бронхиалды тыныс дыбысы: а) - пайда болу орны – көмей-кеңірдекте, сол себептен көмей-кеңірдек тыныс дыбысы делінеді; б) - даму жолы – ауа кірердеде және шығардада кең жерден тар көмейге иіріммен өтіп, айналасындағы тығыз дауыс байламдарының тербелісін тудырады, яғни дыбыс береді, әсіресе шығарда көмейдің қосымша тарылуына байланысты ұзақ болады;
Бронхиалды тыныстың дамуы
Өкпе аускультациясы в) - естілуі –тыныс алуда және шығаруда - ұзағырақ; “Х” әрпі тәріздес дауысты жуан дыбыс; г)- тыңдалу орындары - көмей, кеңірдек, ірі бронхтар - кеуде үстінде – алдынан - бұл - мойылдырық шұңқыры, төстің тұтқасы мен денесінің жанасқан жері; артынан - 7 мойын және І-ІV кeуде омырт-қалары бойында. Б.Т. қалыптыда өкпе тінінде естілмейді -альвеола көлемі көп болғандықтан - альвеолярлық тыныс басады.
Өкпе аускультациясы Кейбір дерттік жағдайларда бронхиалды тыныс өкпе тінінде пайда болады – бұл “Б.Т. қалыпты орнынан тыс жерде пайда болуы” деп аталады. Себептері: 1-өкпе тіні тығыздалуы (қабыну, компрессиялық ателектаз) - тығыз дене дыбысты жақсы өткізеді; 2- өкпеде қуыс н/е кеңістік п.б.- оның айналасындағы қабынулық тін арқылы күшейтіліп естіледі.
БТ өкпе үстінде пайда болу себептері
Өкпе аускультациясы Б.Т. дерттік түрлері: 1- амфорикалық (құмыра) - қуыстың d – үлкен – 8см жоғары, қабырғасы жұқа, тегіс ж/е ірі бронхпен жанасса- дыбыс тар мойынды ыдысқа үрлеген дыбысқа ұқсайды. 2- “темір” соққандағы дыбыс тәрізді” – ашық пневмоторакста- плевра жарақаты. Қасиеті – дыбыс қатты, жоғары.
Тыңдау орындары
Өкпе аускультациясы Қосымша тыныс дыбыстары - дерттік тыныс шулары. Түрлері: 1.Сырылдар 2.Сықырлар 3.Плевраның үйкеліс шуылы
Өкпе аускультациясы Қосымша тыныс дыбыстары - дерттік тыныс шулары Сырылдар - бронхтарда сұйық немесе тұтқыр қақырықтың, қанның әлде дерттік емес сұйықтықтың (транссудат) ауамен бірге қозғалысынан әлде бронхтар тарылуында пайда болатын дерттік тыныс шулары.
Өкпе аускультациясы Сырылдар - ылғалды және -құрғақ болып бөлінеді. Бұл бронхтардағы қақырықтың сұйық (ылғалды) әлде тұтқыр және бронхтардың тарылуына (құрғақ) байланысты
Өкпе аускультациясы Құрғақ сырылдар: а)-даму жолы - бронхтар тарылғанда (жиырылуы, қабыну, бөгде зат, сыртынан қысылуы) н/е тұтқыр (кілегейлі), шірішті қақырық жиналғанда пайда болады;
Өкпе аускультациясы б) - сипаты - бронхтардың көлеміне байланысты - төмен, гүрілдеген (ірі бронхтар); ызыңдаған (орташа); жоғары, ысқырықты (майда, ұсақ). Өкпе үстінде таралып н/е шектеліп естілуі мүмкін. Бронхилды астмада – алыстан естіледі.
Құрғақ сырылдардың даму жолы
Өкпе аускультациясы Ылғалды сырылдар: а)-даму жолы-бронхтарда н/е қуыстарда жиналған сұйықтардан ауа өткенде пайда болған көпіршіктердің жарылған дыбысы; б)- сипаты - бронхтардың көлеміне байланысты - ірі (ірі бронхтар, кеңірдек, бронхтармен жанасқан кеңістіктер), орташа, майда көпіршікті сырылдар болып бөлінеді.
Ылғалды сырылдардың дамуы
Өкпе аускультациясы Ірі көпіршікті сырылдар қашықтықтада естіледі (өкпе ісінуі, өлім халінде). Сырылдар бронхтар қабынуына тәндік белгі. Естілуі- тыныстың екі кезеңіндеде; ал бронхтар (ұсақ, майда) тарылуында –тыныс шығарғанда жақсы естіледі (тыныс шығару ұзарады); жөтелден кейін азаюы н/е жоғалуы мүмкін.
Өкпе аускультациясы Сықырлар: а) – даму жолы - альвеола қабырғаларына сұйықтық (тұтқыр, қан, транссудат) жиналғанда - олар бір-бірімен жабысып, келесі тыныс алуда күшпен ажырап, сықыр тәрізді дыбыс береді (аяздағы қардың сықыры, саусақтарды бір-бірімен үйкегендегі дыбысқа ұқсайды);
Сықырдың даму жолы
Өкпе аускультациясы б) - естілуі - тыныс алудың ең жоғарғы кезеңі (өкпе қабынуының І-ІІІ кезеңі, твс, өкпе инфарктісі, компрессиялық ателектаз, ал жұрек дерттерінде - өкпенің төменгі бөлігінде). Сырылдан айырмашылығы (ұсақ көпіршікті):1)-естілу кезеңі; 2) - жөтелгенде - өзгермейді.
Өкпе аускультациясы Плевраның үйкеліс шуылы: а)- даму жолы – плевра үйкелісі қалыптыда естілмейді – сурфактант және беті тегіс, ал қабынуда – осы қасиеттері жоғалады, фибрин тұнып, беті бұдырланады – үйкеліс шуылы пайда болады; б)- сипаты - құрғақ плевритте болады;- -тыныстың екі кезеңінде естіледі;
Плевраның үйкеліс шуылы
Өкпе аускультациясы -жөтелден кейін өзгермейді; -құлаққа жақын естіледі; -фонендоскоппен бассаң- күшееді; -ал мұрын мен ауызды жауып, құрсақты қозғалтса – диафрагма қозғалуына сәйкес естіледі, өйткені оған жанасады (сырыл мен сықырдан айырмашылығы).
Өкпе аускультациясы Плевра қабынуы перикардқа жақын орналасса - плевро-перикардиялық шуыл естіледі. Оның перикард шуылынан айырмашылығы - тынысқа байланысты, ал перикард шуылы керісінше тынысты тоқтатқанда жақсы естіледі.
Өкпе аускультациясы. Балалардағы ерекшеліктері Баланың айқайы аускультацияға кедергі болмайды- керіснше тыныс тереңдеп сырылдар жақсы естіледі; Жаңа туған және 3-6 ай аралығында - әлсіреген везикулярлы тыныс болады; 6 айдан 5-7 жасқа дейін пуэрильды тыныс –тыныс алу мен шығару кезеңі бірдей – күшейтілген везикулярлы тынысқа ұқсайды;
Өкпе аускультациясы. Балалардағы ерекшеліктері Ерекше тыңдалатын аймақтар: -қолтық асты –пневмонияларда бронхиалды тыныс ерте дамиды -омыртқа бағанасының екі жаны –кіші балаларда пневмонияның жиі дамитын ошақтарына сәйкес келеді -омыртқа бағанасы мен жауырын орталығы (өкпе түбірі аймағы)- пневмония мен туберкулездың бастапқы дамитын аймақтары -жауырын асты –крепитациялар ерте естіледі
Дәріс аяқталды! Тыңдағандарыңызға рахмет! Сұрақтар?

