курсовая ) жанэлька.ppt
- Количество слайдов: 14
Туризмде қолданылатын жарнамалық құралдар {
Жарнама, реклама (франц. reclame, лат. reclamo — жар саламын) — тауарлардың, қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат беру және оған деген сұранысты көбейту мақсатында таратылатын хабарлама; белгілі бір адамдар, ұйымдар, әдебиет пен өнер шығармалары туралы хабар таратып, оларды әйгілеу. Жарнама көпшілік ақпарат құралдары (теледидар, радио, газет, Интернет, проспектілер, плакаттар, т. б. ) арқылы жүзеге асырылатын коммуникацияның ақылы түрі болып табылады. Кез келген жарнама хабарламалық, болмаса назар аудартушылық сипатымен ерекшеленді. Жарнаманың түрлері көп: сату орнындағы жарнама, институционалдық (жақсы пікір қалыптастыру мақсатындағы) жарнама, хабарламалық жарнама, сауда және көлік жүйесіндегі жарнама, көше жарнамасы (плакат, афиша), ауызша жарнама, баспалық жарнама т. б. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша жарнама қызметінің нарығында 788 жарнама агенттіктері тіркелген, ал оның саны Жапонияда 4000–ға жетеді. Қазіргі қоғамда жарнама туралы адамдарда әр түрлі пікірлер қалыптасқан. Жарнаманы сынаушылар оны адам санасын улайтын, тауарға қосымша құндылық дарытып, жалған қажеттіліктерді туғызатын айлалы әрекет деп жағымсыз жақтарын ғана көрсетеді.
Алпысыншы жылдары Америка кинотеатрларында мынадай эксперимент жүргізілді. Кино көрсетілімі кезінде әрбір 24 кадрдан кейін, экранда «Поп-корн жеңіздер» , «Coca-Cola ішіңіздер» деген сөздер жарқ етіп шығып тұрды. өте қысқа уақытта көрсетілгеніне қарамастан (бес секунд сайын оның 1/3000 бөлігіндей жылдамдықпен), бұл ақпарат адам түйсігіне жетіп, содан кейін санасына әсер етіп, өз кезегінде тауардың сатып алу көлемінің ұлғаюына әкелді. Бұл эксперимент кейіннен « 25 -кадр тиімділігі» деп аталды. Нәтижесінде мұндай жарнама түйсікке әсер ететін, визуалды, адам құқықтарын бұзатын жарнама деп танылып, оған тыйым салынды. Бірақ та ғылыми түрде оның адамға тигізетін кері әсерін ешкім дәлелдеген емес.
Жарнама үндеуін жасау стильдері: 1. Натураға қарап жасау. Мысалы: Әдеттегі екі әйелдің тауар туралы әңгімесі. 2. Фантазия – тауар туралы әр түрлі қиял пайда болады. 3. Көңіл-күй мен бейне. Тауар айналасында белгілі бір әсемдік, махаббат бейнесі қалыптасады. Мысал ретінде, киноактриса Ольга Кабоның қатысуымен «Черный жемчуг» кремінің жарнамасын келтіруге болады 4. Клиенттер мен лидерлер пікірі. Лидерлерге атақты адамдарды жатқызуға болады. Мысалы, «Рама» майы республикалық теледидарда клиенттер пікірі түрінде жарнамаланады, Олимпиаланың үш дүркін жеңімпазы Александр Карелин «Чемпион» шырынын жарнамалайды.
5. Тауарларды жариялау. Тауарды қолдану реті мен ерекшеліктері көрсетіледі. Мысалы, «Колдрекс» , «Панадол» , және т. б. дәрігерлік препараттардың әсерін көрсететін жарнамалық роликтер. 6. Әзіл-оспақты пайдалану. Әзіл жағымды сезімдерді тудырады және жарнаманың есте сақталуына көмектеседі 7. Символикалық кейіпкерлер. Тауарды бейнелеп көрсететін кейіпкер жасалады. Мұндай жарнаманың тартымдылығы адам эмоциясына және оны есте сақтап қалуына ықпалын тигізеді. Кейіпкер мультипликациялық немесе шынайы түрде болуы мүмкін. Мультипликациялық бейне тауардың нақты жағдайдағы жұмысын пленкаға түсіре алмайтын кездерде қолданылады. Мысалы, «Nesquik» какаосы туралы балаларға арналған жарнамадағы қоян бейнесіндегі кейіпкер. 8. Тарихи әңгіме ретіндегі жарнама жанры. «Империал» банкі жарнамасы пайда болғаннан кейін өмірге енді. Юлий Цезарь, А. Македонский, Суворов, Темірлан, Наполеон сияқты ірі тұлғалардың өмірінде болған шын оқиғалар негізінде жасалған қызықты сценарийлер банкке миллиондаған табыс әкелді. «Империал» банкі жарнамасы жарнама өнерінің аса көрнекті үлгісі болып табылады.
9. Музыка. Тауарды ән айту арқылы жарнамалау. Мысалы, «Coca-Cola» сусынының жарнамасы. 10. Ғылыми дәлелдер. Тіс пастасының танымал сауда маркаларының жарнамасы ғылыми дәлелдеуге негізделген. Жарнаманың мазмұны кәсіптік, ресми, әдеби, ауызекі сарынды деп бөлінеді. Егер жарнаманың позитивті мотивтері жақсы эмоция туғызса өте тиімді. Жағымсыз әсерлер жарнаманы көруден бас тартқызады. Түс туралы шешім де жарнаманың тиімділігіне тікелей әсер етеді. Түс адам сезіміне әсер етеді, оны жұбатады, алыстатып, жақындатады, құштарландырып, қобалжытады. Мысалы көк және күлгін-көк беймаза етеді. Баспасөз беттеріндегі жарнаманың иллюстрациясы, тақырыбы және негізгі мәтіні үлкен рөл атқарады. Жарнамаға жасалған иллюстрация адам назарын баурап, ал тақырыбы жарнама үндеуінің мәтінін оқуға қызықтыруы керек. Негізгі мәтіннің қысқа, нанымды болуы шарт.
Жарнама – туризм саласындағы тиімділікті жоғарлатудағы ең маңызды құралы Туризм қазіргі уақытта сыртқы экономикалық қызметтің жақсы серпінді дамып келе жатқан салалардың бірі болып табылады. Туризмнің ұдайы өсуі біртұтас әлемдік экономикаға әсер етуі сияқты бөлек елдер мен аймақтар экономикасына әсер етуі дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы мен құрылымына жалғасатын күрделі, тұрақты ұзақ мерзімді беталыстардың бірі болып табылады. Қызметі халықтың өзгеше қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған туризмнің ұлттық экономикадағы ірі өз алдына салаға айналуы осыдан байқалады. Осы қажеттіліктердің алуан түрлілігі туристік кәсіпорындармен ғана қанағаттандырылып қоймайды, сонымен қатар экономика дамуына мултипликаттық әсері факторларының бірі ретінде туризм мәнісін себепші ететін басқа салалардағы кәсіпорындармен қанағаттандырады
Жарнама науқаны мен құралдарының тиiмдiлiгiн нақты абсолюттi санмен анықтау мүмкiн емес. Осы туралы американдық кәсiпкер Джон Ванемейкер былай дейдi: Менiң жарнамаға жұмсаған ақшаларымның бiрталайы бекерге кететiнiң бiлемiн. Бiрақ оның нақты мөлшерiн анықтай алмадым. Салыстырмалы есеп бойынша жарнама өзiн сонда да ақтайды. Мұнда жарнаманың экономикалық тиiмдiлiгi жарнаманың сату көлемiне тигiзетiн әсерiмен анықталады. Тауарлық жарнамаға қойылатын талаптар - туристік өнімге сұранысты құру мен ынталандыру. Бұндай жарнама потенциальдық клиентарды өнімнің артықшылығы мен, өнімді сатып алуға қызығушылық тудырады. Қазіргі туризм әр жыл сайын еңбек етушілерге берілетін демалысқа байланысты туған, ол бір жағынан адамның демалысқа хұқығың мойындау болып табылады. Ол адамдар мен ұлттар арасындағы түсінiсу факторының дамуына септігін тигізеді. Әлемдік Туристік Ұйымның зерттеу анализіне, мамандандырылған халықаралық туризм ұйымдары мен мемлекеттің туризмді дамыту саясатына сүйенсек, туризді мемлекеттің әлеуметтік, мәдени экономикасына әсер ететін іс-әрекет ретінде түсінеді.
Қазiргi кезде жарнама тарату құралдарының көптеген түрлерi қалыптасқан. Жарнама түрлерi және оны тарату құралдары: 1. Тiкелей жарнама: - пошта хаттары, баспа материалдары; - пошта арқылы видеокассеталар, видеодисктер 2. Баспа жарнамасы: - анықтамалар, каталогтар; - пресс – релиз, баспасөз хабарламасы; - буклет; - анықтама; 3. Баспасөз жарнамасы: Газеталар мен журналдар: 4. Хабар жарнамасы: Радиожарнама мен тележарнама: 5. Сыртқы жарнама; - үлкен габариттiк плакат; - газжарығы құрылымдар; - роллер; - мультивизио плакаты; - электронды панносы;
Қызықты жарнама түрлеріне назар аударайық ))) ROWENTA шаңсорғышының жарнамасы
ҚОРЫТЫНДЫ: Шымкент қаласында тағы қандай жарнама құралдарын дамытуға болады? Осы сұраққа өзімнің ұсыныстарым арқылы жауап іздеп көрейін: 1. Светодиоттық экрандар (плазмалық телевизорлар). Біріншіден, бұл экрандардан жарнамалық видио роликтерді көрсету, екіншіден, жас өспірімдерге демалу алаңы ретінде қолдануға болады, үшіншіден, жүгірме жолын да енгізуге болады. 2. SMS, MMS (ұялы телефондардағы функция). Осы функциялар арқылы жарнама текстерді немесе қысқа роликтерді таратуға болады. 3. Жалюзилердегі жарнама. Бұл жарнама құралы Ақтөбе қаласында болса да, қарқынды дамымаған, тіпті жоқтың қасы, деп айтуыма болады. Мұнда тауардың имидждік жағын көрсету арқылы белгілі бір аудиторияны қаратуға болады. 4. TV-банер (вставка). Бұл да, ноу-хау болмаса да, өте тиімді жарнама құралы ретінде болып саналады. Сондықтан да, осы құралды қарқынды дамытқан жөн деп ойлаймын. 5. Жарнамалық сағат. Жолда келе жатқанда, біз сағатқа қарай отырып, соның қасындағы жарнамаға көңіл аударуымыз (мұнда көбінесе имидждік жарнама қолданылады). 6. Жүретін жарнама (сэндвичтік адам). Енді мен, бұл жарнама құралы Ақтөбе қаласында жоқ деп тура айта алмаймын. Бұл адам бір кейіпкердің киімін кие отырып, көшеде немесе үлкен сауда орталықтарында белгілі бір тауарды және марканы жарнамалайды. Жалпы, жарнама нарықта әрбір фирмаға, мекемеге өте тиімді құралдың бірі болып есептелінеді.
курсовая ) жанэлька.ppt