туляремия.pptx
- Количество слайдов: 20
*
*Туляремия-қоздырғыштың тарау механизмі әр түрлі болып келетін табиғи ошақтық зоонозды жедел бактериялық инфекция. Уланумен, қызба және лимфа түйіндерінің зақымадалуымен сипатталады.
*Г. Мак-Кой 1910 жылы Калифорниянияның Туляре деген батпақты жерінде обаның табиғи ошағын зерттеп жүріп, суырдан оба тәрізді ауруды ойлап тапқан. Ол Ч. Чепинмен бірге 1911 жылы суырдан осы аурудың қоздырғышын Bacterium tularense-ні бөліп алды. *Көп ұзамай бұл аурумен адаммен ауыратыны * анықталып, И. Френсистің 1924 жылы ұсынысы бойынша туляремия деп атаған.
Туляремия қоздырғышы – Francisella tularensis, Francisella туыстығына, Brucellacea тұқымдастығына жатады. Негізгі үш түрі бар: * Америкалық (арктикада кездеспейтін) – қояндар ауырып, аңшыларға жұқтырады *Орта Азиялық *Гонарктикалық (Евразиялық) – вируленттілігі төмен, кеміргіштер ауырады. *
*Ұсақ кокк таяқша тәрізді клеткалар (0, 2 -0, 5 мкм), грам теріс, капсула, спора түзбейді. Екі антигендік коплексі бар: қабықтық (Vi) және соматикалық (О) антиген. Қоздырғыштың вируленттілігі және иммунологиялық қасиеттері қабықтық антигенмен байланысты. Сыртқы ортада ұзақ сақталады. Суда 3 ай, 0 -градустан төмен болса, бидай және сабағында 6 ай, өлген жануалардың терісінде 8 ай. Қайнатқанда 1 -2 минутта. Хлорамин, лизол, хлорит әк ерітінділерінде 3 -5 минут ішінде жойылады.
* Аурудың көзі және резервуары – *Жануарлар: кеміргіштердің әртүрлі тобы: сұр тышқан, үй тышқаны, егеуқұйрықтар, оңдатра, қояндар. *Үй жануарларынан: қойлар, шошқалар, ірі қаралар. *Ауруды тасымалдайтындар: сексод, гамаз кенелері, масалар, бүргілер тасымалдап, жұқтырады.
*Контактілі – тері мен шырышты қабықшалар арқылы инфицирленген жануарлармен жанасқанда, жануар тістеп алған кезде *Алиментарлы – кеміргіштердің зәрімен инфицирленген су, тағам арқылы *Шаң-тозаң арқылы – залалданған шаң арқылы, шөп жинайтын жұмыстар жүргізгенде *Трансмиссивті – әртүрлі қан сорғыштармен (маса, кене) арқылы беріледі. *
* *Жұқтыру сатысы. Қоздырғыштың кіру қақпасы – терінің микротравмалар, көздің, тыныс алу жолдарының және асқазан ішек жолдарының шырышты қабаты. Аурудың клиникалық түрін қоздырғыштың ену жолы, патогенділігі, мөлшері, макроорганизмнің иммундық қорғаныс мүмкіншілігі анықталады. Қоздырғыштың енгеннен кейін, ену қақпасында қабыну процесі дамып, микробтың массивті көбеюі болады. *Лимфогенді таралу сатысы. Қоздырғыш регионарлы лимфа түйіндеріне лимфогенді жолмен жетіп, сол жерде көбейіп, лимфа бездерін қабындырады. Микробтар көбейіп, кейбіреуі жойылып, эндотоксин бөлінеді, жергілікті патогенетикалық процестің дамуын өзгертеді, қанға түссе организмнің жалпы улануын шақырады. * Бактериемия сатысы. Лимфалық аппараттың барьерлік қызметі төмендесе, қоздырғыш қанға түсіп, бүкіл денеге жайылады.
* Гематогенді диссеминация. Инфекцияның денеге жайылуы паренхиматоздық мүшелердің арнайы зақымдануымен және организмнің сенсибилизациясын дамытады. Әртүрлі лимфа түйіндерінің ұлғаюы, әртүрлі мүшелерде (бауыр, көкбауыр, өкпе) гранулемалардың пайда болады. Диаметрі 1 -4 мм ақсары түсті гранулемалар. Микроскоппен қарағанда гранулеманың ортасында эпителиоидтық клеткалар, лейкоциттермен лимфоциттермен қоршалған некроз ошағы көрінеді. Сыртқы пішіні бойынша туберкулез гранулемасына ұқсайды: осындай процесс аймақтық лимфа түйіндерінде де жүреді. Сол жерде алғашқы лимфа бездерінің қабынуы бубон байқалады. Іріңдеген және түйін жарылғанда теріде жазылмайтын жара пайда болады. Екіншілік бубондар қоздырғыштың қан арқылы түскенде пайда болады, гранулематоздық, некроздық, өзгерістер іріңдемейді
* *Жасырын мерзімі орташа 3 -7 күн болып келеді, сол мерзім өткен соң, аурудың дене қызуы кенет 38 -40 градусқа дейін көтеріледі. Басы қатты ауырып айналады, аяқ, арқа, бел бұлшық еттерінің қақсап ауыруы, тәбетінің жоғалып, әлсіздік пайда болады, қалтырап тоңу сияқты белгілері басталады. Баспа белгілері орын алып, жақ асты, мойын, қолтық, шап бездері ісінеді. Аурудың бірінші күнінен бастап бет қызарып, ақ қабық
Туляремияның басты белгілері әртүрлі лимфа бездердің ұлғаюы, яғни, көлемі ас бұршақтан грек жаңғағының көлеміне дейін жетеді. Егер ішек, бауыр, көк бауыр лимфа бездері ісінсе, іштің ауруы байқалады. Ауру көбінесе 2 -3 аптаға созылып, сирек жағдайда қайталануы мүмкін. Ауру асқынуларымен қауіпті:
üЭпидемиологиялық анамнезді жинау; üКлиникалық белгілерді қарап, көру; üЗертханалық нақтама зерттеулерін жүргізу; ü Серологиялық зерттеулер – * РА, РПГА, ИФА. üТеріге аллергиялық байқау жүргізу (Туляринмен) üБиологиялық зерттеулер.
* *Ауруды ауруханада емдеу керек. Қоздырғышқа қарсы төмендегідей антибиотиктер қолданылады: тетрациклин, стрептомицин, ле вомицин дене қызуы түскенен кейін 5 -7 күн бойы беріледі. Созылмалы түрінде қосымша вакцина егіледі. Симптомдық ем тағайындалады, улану белгісіне қарсы сұйықтықтар беріледі. Витаминдер «С» және «В» тобы, антигистаминдік дәрілер тағайындалады. Физиотерапиялық емдер қолданылады.
Алдын алу шаралары кешенді түрде жүргізіледі. Ең тиімді және басты шара – адамдарды жаппай егу, егпе шаралары жеңіл және * еш ауырсынусыз өтеді. Егілген кейін 2 -3 апта өткен соң, адамда туляремия ауруын 5 жыл бойы қабылдамайтын иммунитет пайда болады. Әрбір 5 жыл сайын екпені
*
туляремия.pptx