Туберкулез.pptx
- Количество слайдов: 9
Туберкулез қауіпті дерт!
Жоспар • Деректер көзі • Статистика
• Туберкулез адам ағзасын уландырып, клиникалық полиморфизмге соқтыратын, көп ретте өкпені зақымдайтын, толқын тәрізді өтетін созылмалы жұқпалы дерт болып саналады. Оның қоздырғышын неміс ғалымы Роберт Кох сонау 1882 жылы анықтаған болатын. Осы қоздырғыштың анықталғанына жүз жыл толуы құрметіне, яғни 1982 жылдың 24 - наурызында Дүниежүзлік Денсаулық Сақтау Ұйымы және туберкулезбен, басқа да өкпе ауруларымен күресудің Халықаралық одағы осы күнді «Дүниежүзлік туберкулезге қарсы күрес күні» деп жариялады.
• Статистикалық есептерге жүгінсек, Жалпы, еліміз бойынша 2011 жылы құрт ауруының көрсеткіші 9, 1 пайызға төмендеп, бұл көрсеткіш 86, 6 -ны құраған. Бүгінгі таңда туберкулез дерті бүкіл әлемде ең кең таралған аурулардың біріне айналып отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпараттары да келтірілді. Оған сенсек, жыл сайын туберкулез ауруына шамамен 7, 5– 8 миллион адам шалдығып, 1, 5– 2 миллиондай адам өлімге ұшырайды екен. Яғни әр 4 секунд сайын бір адам осы аталған ауруды жұқтырып, әр 10 секунд сайын одан бір адам көз жұмып отырады. Сонымен
• 2 миллион адам туберкулез дертінен қаза табады – • туберкулез микробактериалары басқа да жұқпалы ауру қоздырғыштарынан қарағанда адам өміріне аса қауіпті; • туберкулездің барлық формаларымен 10 -20 миллион адам ауырады; • шамамен жер шарының 1/3 тұрғындары, шамамен (ТМ)= 2 миллиард, түберкулездің микробактерияларын жұқтырған; • ауруды жұқтырғандардың шамамен 10 % өз өмірінде туберкулездің бір формасымен ауырады. • туберкулезбен ауырғандардың 75% - жастар және еңбекке жарамды жастағы адамдар (15 -40 жас). Бұл өз кезегінде мемлекет экономикасына кері әсер етеді • Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайдың ауырлығына байланысты Қазахстан үшін бұл проблема өте өзекті болып табылады.
• Студенттер арасында туберкулезбен ауыратындар саны жоғары екенін айта кеткен жөн. Дұрыс тамақтанбау, тиімсіз күн тәртібі, оқу бағдарламасының ауырлығы, тұрмыстың нашарлығы, жағымсыз әдеттер, ұйқының жетіспеушілігі, созылмалы эмоционалды стресс осы аурудың дамуына алып келеді. • Туберкулез – туберкулез микробактерияларының немесе Кох бактериясының адам ағзасына түскенде дамитын қауіпті жұқпалы ауру (туберкулездің қоздырғышы 1882 жылы Роберт Кохпен ашылған).
• Туберкулез микробактериялары қоршаған ортаға өте бейімді, олар қышқылды-спиртті-сілтіге тұрақты, ұзақ уақытқа өміршеңдігін жоймайды. • Жұқпаның негізгі көзі ауру адам және де кей жағдайда ірі қара мал (сиыр) бола алады. • Жұқпалы ауру жиі (95%) белсенді формалы туберкулезі бар ауру адамнан ауа тамшылары (ауадағы шаң) жолдары (аэрогенді) арқылы беріледі. Ал кейде туберкулезбен ауыратын сиыр сүтін қайнатпай пайдаланған жағдайда алиментарлы жолмен жұғады.
• ХIХ ғасыр соңында Еуропа мен Америкада туберкулез әр жетінші адамның өліміне себеп болған. Кохтың ашқан жаңалығы бұл ауруды диагностикалау және емдеу шараларын кеңейтуге мүмкіндік тудырды.
Туберкулез.pptx