
Trakheya_men__1199_lken_bronkhtardy_1187_za_1179_ymdaluy (1).pptx
- Количество слайдов: 23
Трахея мен ірі бронхтардың зақымдалуы Орындаған: Меркибеков Е. Т. Тексерген: Байзакова А. П.
Классификациясы А) Қабырғасының бүтіндігі бұзылмаған соғылған жарақат (шырышасты гематома); B) Шырышты немесе сыртқы шеміршекті қабатты ғана зақымдайтын жарақаттар және ішкі немесе сыртқы жыртылулар С) Бронх немесе трахеяның периметрінің аздап бұзылуымен жүретін барлық қабаттарын тесіп өтетін жарақат немесе жыртылу D) Циркулярлы жыртылу немесе ұштарының диастазы дамуымен жүретін жарақат
Жарақат бағыты бойынша – көлденең, ұзына бойы, қиғаш және циркулярлы; Орналасу орнына байланысты Мойын бөлігінде орналасқан Көкірек аралықта орналасқан Плевра қуысында орналасқан
Клиникасы Трахео-бронхиалды жарақаттар ауалық, компрессиялық және аспирациялық синдромдар дамуымен сипатталады. Ең тән клиникалық белгілері – тахипноэ және диспноэ, теріастылық эмфизема, пневмоторакс, көкірекаралық эмфиземасы, қан қақыру, инспираторлы стридор.
Тыныс алу жолдарына қан кетуден дамитын аспирациялық синдром жөтел және гемофтиз, ателектазпневмония дамуымен жүреді. Компрессиялық синдром негізінде кернелген пневмоторакс және ірі веналарды, жүректің оң бөлігі және көкірекаралық дислокациясымен жүретін көкірекаралық эмфизема жатыр.
Диагностика әдістері Фибротрахеобронхоскопия – хирургиялық тактиканы анықтайтын трахео-бронхеалды жарақатты ерте анықтайтын негізгі әдіс. Трахеобронхиалды жарақаттың рентгенологиялық белгісі – мойындағы және көкірек қабырғасындағы эмфизема, пневмомедиастинум, пневмоторакс, өкпедегі гиповентиляция және ателектаз, сондай-ақ трахея мен көмейдің шырышты қабатының ісінуі.
Теріастылық эмфизема (стрелка) және пневмомедиастинум (большая стрелка)
Жоғарғы көкірекаралықтағы гематома
Мойын жарақатталғанда өңешті контрасттау міндетті. Көмей мен трахеяның шеміршектерінің жарақатын, шырышасты гематомаларды және омыртқаның сынуын және шығуын, жұлын мен мидың, ірі қан-тамырлардың зақымын анықтауға компьютерлі томография көп мүмкіндік береді.
Ену жолдары Жету жолы Кохер-Микулич бойынша көлденең немесе Разумовский бойынша ұзынынан коллотомия жасау. Трахеяның жоғарғы немесе ортаңғы үштен бір бөлігі зақымдалғанда көлденең коллотомия және жоғарғы ұзынакөлденең стернотомия керек.
Теріні мойындырық тілігінен 2 -3 см жоғарыдан бастап VI қабырғааралыққа дейін алдыңғы ортаңғы сызық бойынша кесу жасалады. Фасция және төстің сүйек қабығы кесіледі. Өтпес жолмен жоғарғы диафрагма мен төстің артқы бөлігі бөлінеді, көкірек аралыққа ену жолы жасалады. Ілмекпен көтерілген төсті ұзына бойы кеседі. Стернотомды пайдаланып стернотомия жасалғанда төс артына стернотомның артқы мойнын енгізіп, төсті ұзына бойы жоғарыдан төмен кесу орындалады.
• Трахеяның бифуркация үсті және бифуркация аймағында жұлынған жарақаты кезінде оң жақты IV қабырғааралықта торакотомия көрсетілген. • Басты бронхтың немесе бөліктік бронхтардың жұлынған жарақатында зақымдалған аймақта IV қабырғааралықта кесу орындалады.
• Үстел үстіндегі науқас қалпы: үлкен кеуде бұлшықет астына жастықша қойылған сау бүйірімен. Операция жақ бетіндегі қолы шынтақ буынында бүгілген және жоғары жанына қарай басының үстіңгі жағында бекітілген. • Орындау әдісі: жауырын бұрышынан немесе артқы қолтық асты сызығынан IV қабырғааралық бойымен ортаңғы бұғана сызығына дейін кесу. Арқаның жалпақ бұлшықеті тек 3 -4 см кесіледі. Алдыңғы тісті бұлшықет жіпшелері өтпес жолмен ашылады. Қабырғааралық бұлшықеттер тек кеуденің алдыңғы бетінде кесіледі, ал қолтық алды сызықтан артқа қарай саусақпен ажыратылады.
Ота түрлері Трахея мен бронхтардың кішігірім жарақаттары сорылатын және сорылмайтын жіптерді пайдаланып түйінді тігістер арқылы орындалады. Тігісті міндетті түрде плевра бөлігі немесе бұлшықет кесіндісімен жапқан жөн. Жұлынбаған соғылған және оқ тиген жарақаттар кезінде зақымдалған шеттерін сынатәрізді резекциялау және түйінді тігістер арқылы герметикалығын қалпына келтіру жүргізіледі.
Зақымдалған шеттерін кесу және анастомоз жасау трахея немесе бронхтардың бірнеше сақиналарының езілген немесе трахея мен ірі бронхтардың жұлынған жарақатында жасалады (егер өкпе паренхимасы мен қантамырларының жарақаты массивті емес болса).
Тігу жолдары Бронхиалды анастомозды микрохирургия әдісін пайдаланып шырышты қабатты алмай жіпті шырышасты негізі арқылы жібереді. Циркулярлы резекция кезінде мембраналық бөлікке үздіксіз, ал шеміршекті бөлікке түйінді тігіс салынады. Сынатәрізді резекция кезінде анастомозды үздіксіз тігіс арқылы орындайды. Бұл әдіс бронхиалды анастомоздың ертерек жазылуына қолайлы.
Пайдаланылған әдебиеттер • http: //xn--90 aw 5 c. xn-c 1 avg/index. php/%D 0%91%D 0%A 0%D 0%9 E% D 0%9 D%D 0%A 5%D 0%98 • Глумчер Ф. С. Травмы трахеи и бронхов. Укр. Мед. Часопис. 1999 • Balci A. E. Surgical treatment of post-traumatic tracheobronchial injuries. 2002 • http: //www. findpatent. ru/patent/21897 87. html
Trakheya_men__1199_lken_bronkhtardy_1187_za_1179_ymdaluy (1).pptx