
карлыгаш микро.pptx
- Количество слайдов: 7
Топырақтың пайда болуында микроағзалардың рөлі жөніндегі көзқарастар
Өсімдіктердің, жануарлардың (әсіресе микроорганизмдердің), климат жағдайларының және адамдардың әсерімен өзгерген жер бетінің үстіңгі борпылдақ қабаты. Топырақ бойында құнарлылық қасиеті, яғни өсімдіктерді сумен, басқа да қоректік элементтермен қамтамасыз ететін қабілеті болады. Механикалық құрамы (топырақ түйіршіктерінің мөлшері) бойынша топырақ құмды, құмдақ сазды және саз топырақ болып бөлінеді. Жасы мен генезисі бойынша — қыртысты күлгін топырақ, батпақты топырақ, ормандық сұр топырақ, қара топырақ, қоңыр топырақ, күрең топырақ, тағы басқалар болып бөлінеді. Топырақтың жер бетінде таралуы зоналық (горизонтальды және вертикальды) заңдылыққа байланысты. Топырақ - литосфераның жоғарғы әуе қабатымен байланысатын қабат, бүкіл биосферадағы тіршіліктің тірегі. Топырақ ғасырлар бойы топырақ түзуші факторлардың үздіксіз әрекетінен пайда болған табиғаттың ерекше табиғи, әрі тарихи денесі.
Топырақтану ғылымының негізін орыс ғалымы В. В. Докучаев қалады. Оның Петербургте басылып шыққаң «Орыстың қара топырағы» (1883 ж. ) атты еңбегінде топырақтың дүрыс анықтамасы, оның қасиеттері туралы ғылыми негізделген түсініктер берілген. В. В. Докучаев топырақ түзілу процесінің бес факторға байланысты екенін анықтады. Оларға: бастапқы аналық жыныстар, ауа райы, жер бедері, уақыт және өсімдіктер мен жануарлар жатады. Кейін ғылыми зерттеулердің нәтижесіне байланысты бұларға су (топырақ суы, жерасты суы) және адамның шаруашылық әрекеті қосылды
МИХАИЛ ВАСИЛЬЕВИЧ ЛОМОНОСОВ(1711 -1765) -
Ресейде алғашқы бөлігі материалистік дүниетану, дін мен ғылымды айыру негізіндегі педагогика теорияны жасаған. Білімнің, тіпті университеттің сословиясыз болуын жақтаған. Зияраттық білім идеясын және жас ұрпақтың ғылыми білім алуын қостаған. Орыс педагогикасында алғашқы болып классикалық, ғылыми-табиғи және шынайы білімдердің араласуына жақтаушы болған. Оның оқыту әдісінде политехникалық білім әлементтері көрінеді. Есте сақтау мен ой қабілетін дамытатын тиімді жүйе ретінде сыныптық сабақтық жүйенің жақтаушысы болып, емтихандар мен үй тапсырмаларына да жақтаушы болған. Оқыту процесінде тәжірибеге, тәжірибелер қоюға көп мән берген. Оқытудың көрнекілік, қол жететін оқу, оқушының белсенділігі мен өздік жұмыс істеуін дамыту сияқты қағидаларын жасаған. Ресей мемлекетінде орыс тілінде «жоғары ғылымның» тарауын мақсат еткен. Орыс тіліндегі алғашқы грамматика, шешендікке басшылық, тау ғылымының негізін калайтын т. б. оқулықтар жазған.
М. В. Ломоносов топырақ гумусының биогенді түзілу идеясын айтқан. Мұнайдың, тас көмірдің, торфтың және янтарьдың органикалық түзілуін дәлелдеген. Темір купоросының, мыстың мыс купоросынан, күкірттің күкіртті кендерден, кварцтың, тұз, азот және күкірт қышқылдарын алу үрдістерін сипаттаған.
карлыгаш микро.pptx