
Титаник Белфаст.pptx
- Количество слайдов: 20
Титаник Белфаст
Титаник Белфаст – Титаник кварталы ауданындағы Белфаст теңіз мұрасының ескерткіші мен музейі. 2012 жылы 1 сәуірде ашылған. Бұл музейде 1912 жылы өзінің ең бірінші рейсінде теңізге батып кеткен Титаниктің сәтсіз тарихы және оның ағалары болып саналатын Олимпик және Британик туралы айтылады. Ғимарат 12 мың метрден аса ауданды құрайды, оның үлкен бөлігі галерея қатарын құраса, сонымен қатар, жеке залдар мен коммунальды шаруашылықтан тұрады.
Ғимарат Королевалар аралында орналасқан. 2001 жылы «Титаник кварталы» ашылып, 10 жылға қайта қалпына келтіруге Харланд және Вольф бекітіледі. 2005 жылы «Титаникке» арналған музей ашу туралы жоспар жарияланады, бұл «Титаник» кемесінің суға батып кеткеніне 2011 жылы 100 жыл толуына арналды. Музей өте танымал, жылына 400 000 адам келеді, оның 130 000 -165 000 Солтүстік Ирландиядан тыс жерлерден келеді.
Эрик Кухне осы музейдің негізін қалаған көшбасшы архитектор ретінде танымал. Ғимараттың алдыңғы үлкен бөлігі 3000 біркелкі күміс плиткалармен жабылған. Ғимарат ұзындығы 38 м. Ғимараттың іші 5 қабаттан тұратын 12 мың шаршы шақырым аумақты құрайды. Орталығында Титаниктің құрылыс аспектісін, жобасын түсіндіруге арналған арнайы галерея бар. Музейдің жоғары қабатында Белфасттағы ең үлкен конференция және қабылдау бөлімі, сыйымдылығы 750 адамды құрайтын банкеттік комплекс бар. Ғимаратта сонымен қатар, ресторндар мен сату орындары, және қоғамдық ресурс орталығы орналасқан.
Ғимараттың құрылысына 77 млн евро жұмсалды және құрылысты салуда Ирландияның бетон зауыттарынан 40 000 кубтық метрдегі бетон әкелінді. Алдыңғы жағына мүсінші Роуэн Гиллеспидің қоладан жасалған Титаник туындысы қойылған. Фигура Титаник Белфасттың негізінің қалауына еңбек сіңірген тұлғаларға арналып, ашылуына санаулы күндер қалғанда 2012 жылы 27 наурызда ашылды.
Титаник Белфасттың көрмесі 9 түсіндірмелі және интерактивті галереядан тұрады, олар мыналар: Белфасттың экономикалық көтерілуі – ХХ ғасырдың басындағы қала. Алғашқы галерея 1909 -1911 жылдардағы Титаниктің құрылуынан бастап тарихты қамтиды. Мұнда Титаниктің құрылысының жарты жобсы көрсетілген, сонымен қатар, кораблдің макеті мен суреттері бар. Верфь (кемелер жасайтын және жөндейтін орын) – екінші галереяда Титаник пен Олимпиктің құрылысына қажетті 20 метрлік құрылыс саласындағы ағаштар туралы баяндайды. Лифт арқылы оның ішіне кіріп көруге болады. Түсу (спуск) – 1911 жылы 31 мамырда Титаник қалай батып кеткені туралы мәліметтер. Галерея ішінде 100 000 адамы бар Титаниктің Белфаст шығанағындағы батқан көрінісін сипаттайды.
Титаник Белфаст.pptx