
педагогика.pptx
- Количество слайдов: 14
ТІЛ КЕМІСТІГІ АНЫҚТАМАЛАРЫ, ТҮРЛЕРІ, ЖҮЙЕСІ. ЛОГОПЕДИЯЛЫҚ КӨМЕК ЖҮЙЕСІ
Сабақтың міндеті: сөйлеу тілі бұзылыстары түрлерін ашып көрсету. Сабақтың мақсаты: сөйлеу тілі бұзылған балаларды оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық жүйесін студенттерге түсінікті етіп жеткізу.
Сөйлеу тілі бұзылған балалардың категориясы әр түрлі болады. Сөйлеу тілінің кемшіліктері пайда болу уақытына қарай бастапқы және екіншілік кемшіліктер түрінде сипатталуы мүмкін. Сөйлеу тілі бұзылған балалардың қатарына коммуникативтік және танымдық функциялардың бұзылуымен анықталатын кемшіліктер жатады.
Сөйлеу қабілетінің бұзылу себептері 1. Биологиялық: негізінен құрсақішілік дамуы және босану кезінде(ұрықтың гипоксиясы, босану кезіндегі зақымдар және т. б. ), сондай-ақ туылғаннан кейінгі алғашқы айларда әсер ететін патогендік факторлар. 2. Әлеуметтік-психологиялық факторлар: қоршаған ортаның жағымсыз әсерлері-педагогикалық салақтық, баланың сөйлеу қабілетінің дамуының шектен тыс стимуляциясы, айналасындағы адамдардың сөйлеу қабілетінің бұзылуы және т. б.
Сөйлеу қабілеті бұзылыстарының жіктелуі қазіргі уақытта екі түрге жіктеледі: Клиникалықпедагогикалық Психологиялықпедагогикалық
Жіктемелер арасында қарама-қайшылықтар жоқ, олар бір-бірін толықтырғандай болады. Бұл жіктемелер балалардың сөйлеу қабілетінің бастапқы бұзылыстарына, яғни құлағының және ой өрісінің мүкістіктері жоқ балаларға арналып жасалған. Клиникалық-педагогикалық жіктеу сөйлеу қабілеті бұзылыстарын барынша дифференцияцалайтын белгілеріне негізделіп жасалған. Психологиялық-педагогикалық жіктеу сөйлеу қабілеті кемшілігінің біліну ортақтығына негізделген.
Клиникалық-педагогикалық жіктемеде қарастырылатын барлық сөйлеу қабілеті бұзылыстарын екі топқа бөлуге болады: -Ауызша тілдің бұзылуы Сөйлеудің дыбыс айту жағының фонациялық(сыртқы) безендірілуінің бұзылуы. -Оқу және жазу қабілетінің бұзылуы Сөйлеудің құрылымдықсемантикалық(ішкі) жағының бұзылуы
Сөйлеу қабілетінің фонациялық бұзылуы белгілі-бір буынның зақымдануына қарай дифференциацаланады: -дауысының бұзылуы -сөйлеу тілінің екпіндік-ырғақтық бұзылуы -дыбыс айтуының зақымдалуы
Дисфония • Дауыс аппаратының патологиялық өзгеруі салдарынан фонацияның жоқтығы немесе бұзылуы Брадилалия • Сөйлеудің патологиялық баяуланған екпіні Тахилалия • Сөйлеудің патологиялық жылдамдатылған екпіні Тұтығу • Сөйлеу аппараты бұлшық еттерінің дірілдеуі себебінен сөйлеудің екпінді-ырғақты жағының бұзылуы Дислалия • Естуі қалыпты және сөйлеу аппараты дұрыс иннервацияланған жағдайда дыбыстаудың бұзылуы Ринолалия • Сөйлеу аппаратының анатомиялық-физиологиялық мүкістіктерінің себебінен дауыс ырғағының және дыбыстаудың бұзылуы
Сөйлеудің құрылымдық-семантикалық жағының бұзылуы Алалия • Баланың құрсақішілік және алғашқы жылдарындағы даму кезеңінде бас миы қабығының сөйлеу аймақтарының органикалық зақымдалуы нәтижесінде сөйлеу қабілетінің жоқтығы немесе толық дамымауы. Афазия • Бас миының жергілікті зақымдалуымен байланысты бұрын құрастырылған сөзді толық немесе жартылай айта алмау.
Оқу және жазу қабілетінің бұзылуларын екі топшаға бөледі: Оқу қабілетінің зақымдалуы: Жазба тілдің бұзылуы: Дислексия-бас миы қабығының кейбір бөліктерінің зақымдалуымен немесе толық жетілмегендігімен байланысты оқу қабілетінің бұзылуы. Алексия-бас миы қабығының кейбір бөліктерінің зақымдалуымен немесе толық жетілмегендігімен байланысты оқу қабілетінің қалыптаспауы. Дисграфия- жазу процестерінің жартылай спецификалық бұзылуы. Аграфия- бас миы қабығының кейбір бөліктерінің зақымдалуынан жазуға қабілетінің жоқтығы
Логепедия-тіл кемістіктерді анықтау, оларды алдын алу және сөйлеу тілі бұзылған балаларды арнайы оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін қамтитын ғылым. «Логопедия» ұғымы грек тілінің түбірлерінен: логос-сөз, пайдеотәрбиелеймін, оқытамын сөздерінен құрылған. Аудармасы «дұрыс сөйлеуді үйретуді» білдіреді.
Логопедиялық жұмыстарды ұйымдастыруда басшылыққа алынатын негізгі бағдарламалар тіл дамыту жұмыстарының мынадай міндеттерін ұсынады -құрылымдық- тілдің барлық құрылымдық компоненттерін фонетика, лексика, грамматиканы қалыптастыру; -функционалдық- қарым-қатынасқа түсу формаларын игерту; -когнитивтік- тіл мен сөйлеудің бірлігін түсіндіру, сөйлеудегі себеп-салдарды анықтау.
Ауыр тіл кемістігі бар балаларға арналған мектептерде сөйлеу тілі бұзылған балалармен жүзгізілетін жұмыстарды ұйымдастыруда педагогикалық жұмыстар мына балалармен жүргізіледі. 2 -3 деңгейдегі бұзылуы анықталған балалар: 1 бөлім – жалпы сөйлеудің күрделі кемшілігі. 10 жыл ішінде 9 -жылдық білім меңгереді 2 -бөлім – күрделі түрдегі тұтығу белгіленген балалар.
педагогика.pptx