Балтабай А Бт-31.pptx
- Количество слайдов: 12
Терминология Орындаған: Балтабай А БТ-31
Жасуша –барлық тірі ағзалардың ең кіші өлшем бірлігі. . Жасуша өз алдына жеке организм ретінде (бактерияда, қарапайымдарда, кейбір балдырлар мен саңырауқұлақтарда) немесе көп жасушалы жануарлар, өсімдіктер және саңырауқұлақтардың тіндері мен ұлпаларының құрамында кездеседі. Тек вирустардың тіршілігі жасушасыз формада өтеді.
Митохондриялар— жіпше және түйіршік тәрізді органоид. Митохондрияның негізгі қызметі – АДФ-тан АТФ-ты синтездеп алу, яғни клетканың энергетикалық қажеттілігін қамтамасыз ету.
Гольджи аппараты –– жасуша биосинтезінің өнімдерін түзілу және тасымалдау қызметін атқаратын мүшесі.
Ядро -тұқым қуалаушылық ақпараттың сақталуы және осыған байланысты жасуша цитоплазмасындағы белоктар мен ферменттердің түзілуін қамтамасыз етеді.
Цитоплазма (гр. kytos — жасуша және гр. плазма — қалыптасқан) — ядроны қоршап жатқан жасуша бөлігі; қоймалжың (коллоидті) ерітінді. Цитоплазманың негізгі құрамы гиалоплазмадан, органеллалардан және қосындылардан тұрады.
ЭПТ (эпдоплазмалық тор) - бұл цитоплазмадан бір жарғакшамен бөлінген түтік түріндегі органоид. ЭПТ жасуша ішілік тасымалды және заттар синтезін (түзілуін) жүзеге асырады.
Рибосома (лат. rіbes — ағыс және грек. some — дене) — ақуыз синтезін жүзеге асыратын жасуша-ішілік органоид. Лизосома — торшалар органоиды. Олардың құрамына гидролиттік ферменттер тобы — қышқыл фосфатаза, нуклеаза, протеазалар, гликозидазалар т. б. кіреді.
Ақуыздар – тірі жасушаның негізгі құрамдық бірлігі. Клетканың құрғақ массасының 50 -80% ақуыз болып келеді. Көмірсулар- жасушадағы барлық процестерде энергияның негізгі көзі болып табылады. Липидтер — барлық тірі жасушалардың құрамына кіретін және тіршілік процестерінде маңызды рөл атқаратын май тәрізді заттар.
Нуклеин қышқылдары — тірі организмдегі тұқым қуалайтын ақпараттарды сақтай отырып, оны келесі ұрпақтарға жеткізетін күрделі құрылысты молекула. Дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) - тірі организмдердегі генетикалық ақпараттың ұрпақтан-ұрпаққа берілуін, сақталуын, дамуы мен қызметін қамтамасыз етеді. Рибонуклеин қышқылы (РНҚ- бұл нуклеотидтердің полимері болып табылады. Құрамын ортофосфор қышқылының қалдығы, рибоза және азотты негізден тұрады.
Трансплантация – бір адамның ағзасын немесе денесінің бір бөлігінің тіндерін келесі бір адамға салу. Медицинада беруші адамды донор дейді де, алушыны, яғни науқасты реципиент деп атайды. Генотип (ген және гр. typos – пішін, үлгі) – тірі организмдердің көбеюі кезінде ата-анадан берілетін клеткадағы барлық гендердің жиынтығы. Ген(грек. genos — тұқым, тек) — тұқым қуалаудың қандай да бір белгісін қалыптастыруға жауапты материалдық бірлік. Микроорганизмдер, микробтар – тек қана микроскоппен көруге болатын өте ұсақ организмдер. Фагоцитоз – бұл процес организмдердің қарапайым қоректенуінің негізінде жүзеге асады. Эндоцитоз (endocytosis, грек, endon ішкі, kytos жасуша) жасушаға қоректік заттардың плазмолемма арқылы өту процесі. Пиноцитоз— (грек. pino – ішемін) сұйық коллоидты бөлшектерді клетканың қоршап алуы.
Назарларыңызға рахмет!!!
Балтабай А Бт-31.pptx