
серик тиршилик слайд.pptx
- Количество слайдов: 21
ТЕРІНІ ЖӘНЕ ТЫНЫС АЛУ ЖОЛДАРЫН РАДИАЦИЯДАН КОРҒАЙТЫН ҚҰРАЛ
ТЫНЫС ОРГАНДАРЫН ҚОРҒАУ ҚҰРАЛДАРЫНА ПРОТИВОГАЗДАР, РЕСПИРАТОРЛАР ЖӘНЕ ҚАРАПАЙЫМ ҚОРҒАУ ҚҰРАЛДАРЫ ЖАТАДЫ. Противогаздар изоляциялық және фильтрлік болып бөлініп, азаматтық, жалпы әскерлік және балаларға арналған түрлерден тұрады. Изоляциялық противогаздар адамдарды ауа құрамындағы зиянды заттардан қорғаса, ал филтрлік противогаздар ауадағы әр түрлі зиянды қоспалардан фильтр арқылы тазалап қорғайды. Фильтрлік противогаздардың ГП-5, ГП-7(азаматтық), РШ 4, ПМГ-2 (жалпвәскерлік), ДП-6 М, ПДФ-Ш (балаларға арналған) және т. б. маркалары пайдалануда. Изоляциялық противогаздардың ИП-4, ИП-5, КИП-7 және т. б. маркалары бар. Респераторлар тыныс алу логагын радиоактивті шаңдардан қорғайды. Мата және маталы-дәке таңбалар да тыныс алу жүйесін радиоактивті шаңдардан, бактериялық заттардан қорғайды
Дозиметрлік бақылау приборлары. ДП-22 В жеке дозиметр жиынына 50 тік көрсететін ДКП-50 -А дозиметрлері мен ЗД-5 зарядтау қондырғысы кіреді. 0, 5 -200 Р/с дозалар қуатын өлшеу кезінде 2 -50 диапазондағы гаммасәулеленудің жеке дозасын өлшеуге арналған дозиметрлерінің жұмысы температуралардың -40 +500 С аралығында және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 98% кезінде қамтамасыз етіледі.
ӘРБІР ДОЗИМЕТР АЛЮМИНИЙ ҚҰЙМАСЫНАН АВТОҚАЛАМ ТҮРІНДЕ ЖАСАЛЫНҒАН
ДКП-50 -А дозиметрін жұмысқа даярлау кезінде дозиметрдің шаңнан қорғайтын қалпақшасын және зарядтау қондырғысындағы «заряд» ұясындағы қалпақшаны бұрайды. «Заряд» тұтқасын сағат жүрісіне қарсы қойып, дозиметрді ұяға салады, осы кезде ұяның төменгі жағындағы дозиметр шкаласына жарық түсіретін шам жанады. Оператор окулярға қарай және сағат тілі бойынша «заряд» тұтқасын бұрай отыра тілді дозиметр шкаласындағы нөлдік белгіге қойып, дозиметрді ұядан алады және қорғанысқалпақшасын бұрайды. Дозиметрлерді зарядтағаннан кейін радиоактивті зақымдану аймағында жұмыс істейтін бөлімшелердің жеке құрамына кіреді. Ошақтан қайтқаннан кейін дозиметрдің көрсеткендері жеке құрамның сәулеленуін есептеу журналына енгізіледі
«Белла» тұрмыстық дозиметрі. Портативті, қалталы прибор түрінде жасалған. Дозиметр екі жұмыс істейді: «ПОИСК» және «МЭД» . «ПОИСК» режимі дыбыс дабылдарын қадағалау желісі бойынша радиациялық ахуалды тұрпайы бағалау үшін қызмет етеді. «МЭД» режимі цифрлі таблодағы эквивалентті дозаны қуатын өлшеу және индикациялау үшін қызмет етеді. «МЭД» өлшемі 40 с шамасындағы уақыт аралығымен автоматты түрде, сондай-ақ МЭД-КОНТР. ПИТАНИЯ кнопкасына қысқа уақыт басу арқылы жүргізіледі. Дозиметрдің өлшеу уақытты 40 с шамасында, бұл кезде цифрлы таблода әрбір разрядтан (цифрлар) кейін нүкте пайда болады. 1, 2, 4 разрядтардан кейін нүктелердің жоғалуы өлшеу процесінің аяқталғандығын білдіреді. Дозиметр 1 м 3 в/с аспайтын эквивалетті доза қуаты тағайылдалғанға дейін МЭД 99, 99 мк 3 в/с маңызының артқандығы туралы (дыбыс таблосының толып кетуі) үздіксіз дыбыстық және жарық дабылын қамтамасыз етеді.
противогаз
Халықты радиациядан қорғау шаралары. ҚӘУЗ-дi шығаратын немесе қолданатын барлық нысандарда, сонымен қатар атом энергетика ныcaндapындa жұмыс iстейтiндерге және сол аумақта тұратын халыққа тiкелей қауiп келтiредi. ҚР аймағында бес ядролық реактор бар: Бiреуi Алматы қаласының жанындағы Алатау поселкесiндегi Ядролық физика институтында. Реактордың түpi СС ҚИ -10 (Қазақстанның судағы су реакторы). Ядролық отынды 7 кг. тиеу, ғылыми мақсатта қолданылады. Басқа ядролық реактор Ақтау қаласындағы жылдам нейтроны бар БН 350 - ол негiзiнде суды бүркушi ретiнде қолданылады, қазiргi уақытта жұмыс iстемейдi. Үш ядролық қондырғы-кезiнде әскери ғылыми мақсатта
Радиациялық барлау — жергілікті жердің, ауа кеңістігінің, акваториялар мен әскери объектілердің радиоактивті зақымдану сипаты, ауқымы мен дәрежесі, сондай-ақ ядролық оқ-дәрілерді сақтау (өндіріс) орындары туралы мәліметтер алу. Радиациялық барлау әскерлердің (күштердің) ұрыс қимылдарынын барлық түрлерінде ұйымдастырылады. Оны радиациялық және химиялық барлау бөлімшелері, ұшақ(тікұшақ) экипаждары, сондай-ақ радиациялық барлау аспаптарын қолдану арқылы барлық әскерлер (күштер) тектерінің барлау бөлімшелері және бақылаушылары жүргізеді. Акваторияны радиациялық барлауды арнайы (рейдтік) кагерлер, ұшақ (тікұшақ) экипаждары, ал әуе кеңістігін радиациялық барлауды арнайы дайындалған ұшақ
Тыныс алу мүшелерін қорғайтын қорғаныс құралдары түрлері
Сүзгілік газқағарлар ГП-5 • • ГП-5 газқағары адамның тыныс алу органдарын, көзін және бетін радиоактивтік, улағыш қатты әсер ететін заттардан қорғауға арналған. Ол сүзгілікжұтқыш қорапшамен алдыңғы беттен тұрады. ГП-5 М газқағарының жиынына сөйлесу қондырғысына арналған мембраналы қорапшасы бар шлем-маска кіреді. Шлемнің қажетті өлшемін таңдау үшін (0, 1, 2, 3, 4)басты төбе, ұрт және иек арқылы өтетін тұйық жол бойынша өлшеу қажет. 63 см дейінгі өлшеу кезінде нөлдік өлшем алынады, 63, 5 тен 65, 5 см дейін – бірінші, 66 -дан 68 -ге дейін – екінші, 68, 5 -тен 70, 5 см дейін – үшінші. 71 см бастап одан жоғары –төртінші.
• ГП-7 газқағары – ең соңғы ең жаңа үлгілердің бірі. ГП 7 К сүзгілік-жұтқыш қорапшадан, суланбайтын пленкалардан (6 дана), жылыту манжетінен (2 дана), қорғаныстық мата жамылғысы мен сөмкеден тұрады. ГП-7 ні ГП-5 пен салыстарғанда пайдалану және физиологиялық көрсеткіштері бойынша бір қатар артықшылығы бар. Сүзгілік жұтқыш қорапша қарсылығының азаюы тыныс алуды жеңілдетеді. Тәуелсіз обтюратор берік қымталуды қамтамасыз етеді және сонымен қатар алдыңғы бетте газқағардың басқа қысымын азайтады. Тыныс алу қарсылығының және басқа қысымның төмендеуі газқағарды кию уакытын ұзартуға мүмкіндік береді. Оны 60 -тан асқан қарт адамдар, сондай-ақ өкпесі мен жүрек тамыр сырқатына шалдыққан адамдар кие алады. Газқағарда сөйлесу қондырғысының болуы айтылған сөздің анық жетуін қамтамасыз етеді, байланыс құралдарын (радио, телефон) пайдалануды айтарлықтай жеңілдетеді.
• ГП-7 алдыңғы бөлігінің қажетті үлгілік өлшемін таңдау басты тікелей және көлбей қамти отыра өлшеу нәтижесінің негізінде өткізіледі. Көлбей қапсыру қас тоғасының алдынан, мұрын кеңсіргінің шетінен 2 -3 см жоғары бүйірден және бастың ең шығыңқы нүктесінің артынан өтетін тұйық сызық бойынша басты өлшеумен анықталады. Тікелей қапсыру ұрт, иек, және төбе арқылы өтетін тұйық сызық бойынша басты өлшеумен анықталады. Өлшеу 5 мм дейінгі дәлдікпен дөңгелектенеді. Екі өлшемнің жиыны бойынша қажетті үлгілік өлшем маска өлшемі мен жастықша аспа бауы тіректерінің жағдайы белгіленеді. Бірінші цифрмен маңдай ілме бауының, екінші цифрмен самай ілме бауының, үшінші цифрмен ұрт ілме бауының нөмірі көрсетіледі.
Оқшаулағыш газқағарлар Автономды тыныс алу мүшелерінің жеке қорғаныс құралдары адамды баллондағы тыныс алу қоспасымен қамтамасыз етеді. ҚӘУЗ шығуымен немесе төгілуімен байланысты орын алған авариялардың зардабын жою кезінде құтқарушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрал автономды болып табылады. Олар тыныс алу аппараттарынан, оқшаулағыш газқағардан, өздік құтқарушылардан тұрады. Тыныс алу аппараттары сығылған ауасы бар металл баллонынан және оның тыныс алу мүшесіне берілуін реттеп отыратын клапандардан тұрады. Газқағарды сақтау кезінде төмендегі мына шарттарды сақтау қажет: • оны соққылардан, дүмпулерден және қатты сілкіністерден сақтау. • оны ылғалды жерде ұстамау, қорапшаға судың өтуін болдырмау, су басқан пеште, батареяда және оталауда құрғатпау және сақтамау Оқшаулағыш газқағарлар өлшемі
Шлангты тыныс алу мүшелерінің жеке қорғаныс құралдары Шлангты оқшаулағыш – ауа беруді қамтамасыз етеді, таза аймақтан ауа соруға арналған. • Шлангты тыныс алу мүшелерінің жеке қорғаныс құралдары тыныс алу мүшелеріне таза ауа шланг арқылы ауа үрлегіштен және компрессордан келеді. Оқшаулағыш газқағарлар регенеративті патрондармен жабдықталған, яғни олардың ішіндегі оттегі түйіршіктелген затта болады және адам дем шығарғанда түзілетін су буымен көміртек диоксидінің жұтылу реакциясы кезінде бөлінеді. ҚӘУЗ зақымдау ошағында құтқару жұмыстарын жүргізу үшін келесідей тыныс алу аппараттарымен оқшаулағыш газқағарлар пайдаланылады: АСВ-2, мұнда сығылған ауа, КИП-8, КИП-9 – сығылған оттегі бар және ИП- 4 химиялық байланысқан оттегі бар. • АСВ-2, КИП-8, КИП-9 оқшаулағыш тыныс алу аппараттары ҚӘУЗ-дің ауадағы жоғарғы концентрациясыныан тыныс алу органдарын қорғауға арналған. • ИП-4 оқшаулағыш газқағары ҚӘУЗ қоспаларының жоғарғы концентрациясынан, сондай ақ оттегі жетіспеген немесе жоқ болған жағдайда тыныс мүшелерін қорғауға арналған. • СПИ-2 өндірістік оқшаулағыш өз-өзін құтқарушы қысқа мерзімді жедел қорғауға және зақымдалған аймақтан шығуға арналған
Респираторлар • • Тыныс алу органдарын радиоактивті шаңнан, зиянды газдан, будан және аэрозоль қоспасынан қорғаудың қарапайым құралы ретінде респираторлар қолданылады. Респираторлар екі үлгіге бөлінеді. Бірінші – шолақ сөмке мен сүзгілік элемент бір уақытта респиратордың алдыңғы бөлігіне қызмет етеді. Екінші – маскаға қосылатын сүзгіш патрондардағы дем алатын ауаны тазалайды. Бу-газ тәріздес қоспалардың дем алатын ауаны тазалау физика-химиялық процесстер есебінен (адсорбция, хемосорбция және катализ ), ал аэрозольді қоспалардан талшықты материалдар арқылы сүзу жолымен жүргізіледі. Олар мақсаты бойынша шаңнан қорғау, газдан қорғау және газды шаңнан қорғау болып бөлінеді. Алғашқылары тыныс алу органдарын әртүрлі аэрозольдан, екіншілері – зиянды бу мен газдан, соңғылары ауада бір уақытта болған газдан, будан және аэрозольдан қорғайды
Респиратордың жасалуы Респираторды жасау 5 этаптан өтеді: 1. Респиратордың дайындамасын қалыптау 2. логотиптің мөрі 3. респираторлардың дайындамасына аллюминий қылдырығынын қосу 4. респиратордың дайындамасына поролон аралық төсемені жабыстыру 5. резеңкені жабыстыру Машина минутына 8 -15 штук жасап шығарады. Шу деңгейі төмен, тоқтаусыз жұмыс істейді.
Автономды тыныс алу мүшелерінің жеке қорғаныс құралдары Сығылған ауаны қажеттілігіне байланысты беру Ашық типті Қажеттілігіне байланысты оң қысыммен беру Автономды Жабық типті Сығылған оттегімен қамтамасыз ету Генерленген оттегіні беру
Газқағарлардың өндірілетін орны ГП-7 газқағары. • Ресей Федерациясының “Ярославский РТУ заводы” ЖШС шығарылады. Маркировкасы: размері: саны шеңбердің ішінде. Екінші бағанасында – форма номері(Ф әрпі және сандары), 3 ші бағанада- өндіруші белгісі(“Я”), шығарылған күні(сандар және нүктемен белгіленеді). ГП-7 газқағарының техникалық сипаттамасы және эксплутациялық құрылымы Г 10 -1109 -82 ТО. Газқағарлдың сақталу мерзімі: 25 жыл • Ресей Федерациясының “Электростальский химико-механический завод” ЖШС шығарылады. ТУ Г-10 -1103 -82, ТУ Г-10 -1104 -82 стандартымен қарастырылады. Салмағы: 850 -900 г, температурасы : -40°C - +40°C Сақталу мерзімі: 12 жыл
Назарларыңызға рахмееееееет!!!!!!
серик тиршилик слайд.pptx