Презентация Microsoft Office PowerPoint.pptx
- Количество слайдов: 17
терінің іріңдіқабыну ауруы. Нәрестелік кезеңде және өмірінің алғашқы айларында жиі кездесетін іріңді-қабыну ауруларының бір түрі.
Терінің табиғи қыртыстарында, денеде, бастың шашты бөлігінде, аяқ-қолдарда ұсақ , беткейлі орналасқан көпіршіктер пайда болады, алғашқыда мөлдір экссудатпен толған (везикулалар), одан әрі ол лайлы іріңдіге ауысады (пустула); 2 -3 күннен кейін көпіршіктер жарылып кішкене эрозиялар пайда болады, олар біртіндеп құрғақ қабыршықтармен жабылады, жазылғаннан кейін тыртықтар қалмайды; баланың жалпы жағдайы, әдетте, бұзылмаған, температуралық реакция анықталмайды, тәбеті, ұйқыс бұзылмайды, салмақ қосуы жеткілікті.
– терінің жедел іріңді-қабыну ауруы. Пиодермияның ауыр түрі болып саналады. Ауру көбіне нәрестелік кезеңнің 3 -5 күнінде, сирек жағдайларда 2 аптада пайда болады.
Көпіршіктенудің негізгі клиникалық белгілері: Ешқандай өзгеріс жоқ, тері қабаттарында кенеттен дөңгелек және сопақша түрдегі көптеген көпіршіктер пайда болады. Бір камералы, сары түсті мөлдір сұйықтықпен толған, одан ары сұйықтық лайланады, көпіршіктер жұмсақ, қабырғалары жұқа, теріде ашық қызыл түсті үлкен көлемді эрозиялар қалдырып, оңай жарылады; Көпіршіктер көбіне арқа, іш, қолтықасты маңының тері қабатында және шаптың тері қыртыстарында орналасады; Баланың жағдайы ауыр, жалпы мазасыздық, улану симптомы болады, дене температурасы 38 -39 градусқа дейін жоғарылайды, бала емшектен бс тартады, салмақ қосуы нашар, ұйқысы бұзылады.
-терінің жедел іріңді-қабыну ауруы, стафилококкті инфекциямен тудырылады. Нәрестенің тері қабатының іріңді- қабынуының ең ауыр түрі.
Жағдайы ауыр, интоксикация белгілері айқын, жоғары қызба анықталады, бала бәсең, емшектен бас тартады, салмақ қосуы нашар; Тері қабатында жайылған гипертермия, біраз уақыттан кейін көпіршіктер пайда болады, олар жарылады, эпидермис үлкен қабыршықтар түрінде түседі, бұл кезде аумақты эрозиялық бөліктер пайда болады.
-тер бездерінің іріңді қабыну. Ауру ыстықтан немесе везикулопустулезден басталуы мүмкін. Ең жиі орналасатын жері- бастың шашты бөлігінің тері қабаты, мойынның артқы бөлігі, арқаның, жамбастың, аяқ қолдардың тері қабаты.
Тері бездерінің шығару түтікшелерінің маңында қызыл-қоңыр түсті теріастылық тығыздалулар пайда болады, мөлшері 1. 5 см дейін, одан әрі тығыздықтың ортасында флюктуацияланатын іріңді бөлініс пайда болады, ірің жарылғаннан кейін біртіндеп жазылады. Баланың жағдайы бұзылған, интоксикация белгілері білінеді, дене қызуы мезгіл-мезгіл жоғарлайды. Ауру ұзақ, толқын тәрізді өтеді.
Коньюнктивит-көз коньюнктивасының жедел қабынуы. Салыстырмалы түрде бір жасқа дейінгі балаларда жиі кездеседі. Қабыну процессі, әдетте, бір жақты, бірақ кейде екі көздің де зақымдануы болуы мүмкін.
Катаральді Іріңді коньюнктивит Коньюнктиваның және қабақтың қызаруы байқалады; Басында көзден серозды, одан әрі іріңді бөлініс болады; Көздің ақ қабығы тамырларының гиперемиясы және кеңеюі байқалады. Бірақ баланың жалпы жағдайы аса бұзылмайды.
тері асты май қабатының жедел қабынуы, соңынан өлі еттенудің дамуымен сипатталады. Терінің іріңдіқабыну ауруларының ең ауыр түрі. Қабыну процессі көбіне кеудеде, іште, сегіз көз-жамбас маныңда орналасады.
Басында тері қабатын ұстағанда тығыз, шектеулі қызару пайда болады, одан әрі оның көлемі тез артады, көкшіл түске айналады, біртіндеп ісіну ұлғаяды және зақымданған тіндердің флюктуациясы болады; процесстерінде қарағанда өлі еттену басым бола бастайды, бұл кезде тері жұқарып сыдырылады. Зақымдалған бөліктер үстіндегі тері қара түсті боалды; Қабыу Баланың жағдайы өте ауыр, жоғары қызба, құсу, диспепсиялық белгілер, ұйқысы және тәбеті бұзылған, дене салмағы төмендейді.
-кіндік жарасы маңының қабыну процессі. Кіндік жарасы нәресте ағзасына патогенді микроорганизмдердің ену қақпасы болып саналады. Омфалиттің негізгі екі түрі бар: Катаральді омфалит Іріңді омфалит
- бұл ауыр іріңді-септикалық ауру, ағзда иммунитеттің төмендеуі немесе күрделі өзгеру салдарынан, патогенді микроорганизмдердің немесе олардың токсиндерінің қанға өту себебінен қабыну процесстерінің жайылған ағымымен сипатталады.
Жергілікті Баланың Іріңді Бауыр іріңді ошақтың белгілері анықталады. тәртібі және сыртқы келбеті өзгереді элементтер бөртпелер пайда болуы мүмкін және көк бауыр ұлғаяды Температуралық байқалады. қисықтықтың тұрақсыздығы
Презентация Microsoft Office PowerPoint.pptx