анемия,омар жансая (1).pptx
- Количество слайдов: 22
Теміртапшылық анемия Тексерген: Молдажарова Н. Е Орындаған: Омар Жансая 733 гр.
Анемия — бұл қан көлемі бірлігінде гемоглобин немесе эритроциттер мөлшері концентрациясының төмендеуі. Гемоглобин молекуласының синтезі үшін қажетті заттардың ағзаға жеткіліксіз түсуінен немесе сіңіруінен бұзылуынан туындайтын анемиялар дефициттік деп аталады. Балалардағы ең жиі кездесетін анемия ол теміржетіспеушілік анемиясы.
ДДҰ жіктелуі бойынша Теміржетіспеушілік анемиясы анықтамасы – анемияларға 6 жасқа дейінгі балаларда гемоглобиннің мөлшері 110 г/л және 6 жастан үлкен балаларда 120 г/л төмен жағдайлар жатады.
Кіші жастағы балалар анемиясының дамуына әкелетін факторлар: Теміржетіспеушілік анемиямен ауыратын аналардан туғандар; Ерте жасанды емізу; Тамақты кеш бере бастау; Созылмалы біржақты емізу; Сүт-вегетариан тағам мөлшері; Мал ақуызы жоқ тағам; Ірі салмақпен туған балалар; Лимфатикалық типті дене пішіні бар балалар; Қарқынды өсетін балалар; Екінші жартыжылдықта туған балалар; Баланың жиі ауруы; Рахит; Диарея; Шала туғандық; гипотрофия; нашар әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар (күтім , тұрмыс , тамақтандыру , тәрбиелеу кемшіліктері және т. б. )
ТЖА дамуының негізгі патогенетикалық механизмі Ағзада темір жетіспеушілігі – гемоглобин молекулаларының, соның ішінде оның темірқұрамдас бөлігі гемнің құрылуы үшін негізгі құрылыс материалы Нәрестелер ағазасында 0, 5 грамм темір бар, ересектерде 5 грамм. 15 жыл ішінде жетпейтін 4, 5 граммды жинау үшін бала күнделікті жоғалтуларынан артық болатын күніне 10, 15 мкг темір қабылдау керек. Темірдің несеппен, терімен, нәжіспен, шашпен және тырнақпен физиологиялық жоғалтулары жынысқа байланыссыз 1 мг/тәулік құрайды. Балалардың темір жоғалтулары 0, 1 -0, 3 мгтәулік құрайды (жасөспірімдерде – 1 мг-ға дейін). Әрбір жүктілікте , туу мен лактация кезінде темір жоғалтулары 700 -900 мг ( 1 г-ға дейін) құрайды. Ағза темір қорларын 4 -5 жыл ішінде қалпына келтіре алады. Егер әйел осы мерзімнен ерте босанса, онда анемия шарасыз дамиды.
Гемоглобин мен эритроциттің әр түрлі жастық топтағы қалыпты көрсеткіші: Жасы Гемоглобин, г/л Эритроциттер, х1012/л 1 – 7 күн 180 – 240 4, 5 – 7, 6 2 – 4 апта 130 – 190 4, 3 – 7, 0 1 – 3 ай 115 – 175 3, 8 – 5, 6 3 – 6 ай 115 – 160 3, 5 – 4, 9 6 ай – 1 жас 118 – 150 3, 5 – 4, 8 1 – 3 жас 118 – 150 3, 5 – 4, 7 3 – 5 жас 118 – 150 3, 5 – 4, 7 5 – 14 жас 120 – 150 3, 5 – 4, 7
Теміржетіспеушілік анемиялардың типтік формалары кезінде оларды келесідей ажыратады: Жеңіл Орта Ауыр
Анемияның жеңіл дәрежесі: балалардың ата-аналары балада сылбырлық, тәбетінің нашарлауын, бозарыңқылықты, тітіркенгіштікті байқайды. Кейде баланы қарағанда қабырға доғасы астынан 2 -4 см-ге шығатын бауырдың жұмсақ шеті, кейде көкбауыр шеті сезіледі. Қандағы гемоглобин деңгейі 80 г/л-ге дейін, ал эритроциттер саны 3, 5 х10 -12/л төмендейді , гипохромия пайда болады
Орташа дәрежеcі: әлсіздік, апатия, адинамия, жылауықтық, тәбеттің күрт төмендеуі. Терісі құрғақ, шашы жұқа және сирек, тілінде ақ жабынды және оның ұшындағы жіп тәріздес еміздіктер атрофиясы болуы мүмкін. Тамырдың жиі соғуы, жүрек ұшында функционалдық сипатты нәзік систолиялық шу естіледі. Гемоглобин деңгейі 56 г/л-ге, эритроциттер 2, 8 -1, 8 х х1012/л дейін төмендейді.
Ауыр дәрежесі: бала тежелген , сылбыр болады, тәбеті нашар, іш қатуы байқалады, жоғары жастағы балаларда графит, кірпіш, саз , топырақ жегісі келеді. Тері түсі балауыз тәріздес, бозарыңқы болады, тырнақ пен шаш жіңішкереді, ауыз шеттерінде ауыздықтар болады. Тілдегі жіптәріздес пен саңырауқұлақ тәріздес еміздіктер жоқ болады, тіл «жылтыр» секілді болады. Жүрек-қантамыр жүйесі жағынан тахикардия , жүрек ұшында систолиялық шу, тарсылдаған 1 тон естіледі, мойындырық көктамырлары ісінеді, бет ісіңкірейді, домбыққандық болады. Гепатоспленомегалия байқалады. Гемоглобин 35 г/л дейін , эритроциттер саны 1, 4 -10 х1012/л дейін төмендейді
ТЖА диагнозын қоюдағы бас синдромдар келесідей: Созылмалы гипоксия синдромы; Дистрофия және полгиповитаминоз синдромы; Мүшелер мен жүйелер қызметтерінің бұзылу симптомдары.
Жоғары жастағы балалардағы факультативтік белгілер шаршағыштық, әлсіздік; естен тану; созылмалы субфебрилитет; жиі ЖРВИ пубертатты кезеңде қыздардағы олиго және аменорея
Балалардағы теміржетіспеушілік анемияның диагностикасы Жеңіл анемия — гемоглобин 90 -109 г/л (алты жасқа дейін) және 90 -119 г/л (алтын жастан үлкен); Орташа дәрежеде — 89 -70 г/л; Ауыр дәреже -70 г/л төмен. ТЖА негізгі критерийлері келесідей: Түсті көрсеткіштің төмендеуі; Эритроциттердің гипохромиясы; Микроцитоз; Сарысулық темірдің деңгейінің төмендеуі; Жалпы темір байланыстырушы сарысудың жоғарылауы; Сарысу құрамындағы ферритиннің төмендеуі. Клиникада: миелограмма, сүйек кемігіндегі сидеробласт зерттеуі (көрсеткіштер бойынша).
ТЖА ағымы, асқынулары Клиникалық ағым нұсқасы қандағы гемоглобиннің деңгейінің азаюының дәрежесіне байланысты. Алайда ұзақ уақыттық теміржетіспеушілік нәтижесінде және ағзаның үлкен мүмкіндіктері нәтижесінде науқастар, әдетте гемоглобиннің төмен санына бейімделіп, өздерін жақсы сезінеді. Анемия кезінде ауырлық жағдайы тек гемоглобин деңгейіне ғана емес, сондай ақ оның төмендеу жылдамдығына да тәуелді. Қажетті ем жүргізілмеген кезде ауру ұзақ жылдар бойына созылуы мүмкін. Ауырлық дәрежесін бағалауға тек қана гемоглобиннің деңгейі ғана емес, және де есінің анықтығы, ішкі ағза және жүйенің қызметінің бұзылысының дәрежесі кіреді. Асқынулары: екіншілік иммуножетіспеушілік жағдайының туындауы; асқазан-ішек жолдарының аурулары; физикалық қалыптасуының артта қалуы
Балалардағы теміржетіспеушілік анемияны емдеу жолдары анемияны шақырушы себептерді жою; дұрыс, рациональді, баланың жасына сай, дәрумендер және темірге бай (жұмыртқаның сарысы, етпен немесе бауырмен көкөніс ботқасы, жеміс- жидектер шырыны) тамақтармен тамақтандыру; күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру, таза ауада керекті мөлшерде серуендеу, емдік массаж, ЕДШ; темір перпараттарын қабылдау, тәуліктік мөлшері қарапайым темірдегі дей 5 -6 мг/кг;
Темір препараты; А) актиферрин: темір сульфаты + серин; Б) темір сульфаты + витамин С: ферроплекс, ферроград С, сорбифер дурулес; В) тардиферон: темір сульфаты + витамин С + мукопротеаза; Г) гинотардиферон: темір сульфаты + витамин С + мукопротеаза + фолий қышқылы. Ерте жастағы балаларға темір препараттарының сұйық түрін берген дұрыс (тамшы, сироп) Үлкен жастағы балаларға тардиферрон және ферроградумент препараттарын тағайындаған дұрыс. Олар баяу сіңіріледі, ішекте темірдің ұзақ және біркелкі сорылуын қамтамасыз етеді және жақсы қабылданады.
Баланың жасы Қарапайым темір 3 жасқа дейінгі балаларда 5 -8 мг/кг/күнине 7 жасқа дейінгі балаларда 100 -120 мг/кг/күнине 7 жастан жоғары балаларда до 200 мг/кг/күнине Темір препараттарымен қатар бір мезетте аскорбин қышқылын (0, 10, 2 г қабылдау) қабылдау керек. Немесе цитрус шырынымен ішу; препараты меди (0, 2 мг/кг/күн). Темір препараттарын тамақтан кейін немесе тамаққа дейін 1 – 2 сағаттан бұрын қабылдау қажет. Осы препаратты көтере аламаған жағдайда тамақпен бірге қолдану ұсынылады, бірақ темірдің ағзаға сіңірілуі нашарлайды.
Дұрыс емдеу белгілері: Терапиялық нәтижесі ақырындап пайда болады. Бастапқыда клиникалық жақсару болады, содан кейін гемоглобин тұрақталады. Клиникалық белгілердін ішінен ең алдымен бұлшықеттің әлсіздігі жоғалады немесе азаяды — темір миофибрильдің құрамына кіретін ферментердің құрамына кіреді. Емдеудің 8 -12 күнінде перифериялық қан құрамындағы ретикулоциттер жоғарлайды. Гемоглобиннің тұрақталуы емдеудің 4 -5 аптасында қалыпқа келеді. Препарат толық мөлшерде гемоглобин мөлшері және эритроциттер қалыпқа келгенше беріледі, содан кейін препаратты жарты мөлшерге дейін төмендетеді. Темір препаратын бала 3 ай аралығында ал шала туған балалар 2 жасқа келгенше қабылдау керек.
Темір тапшылықты анемияны алдын алу (профилактикасы) ТТА постнатальды алдын алуға өмірінің алғашқы алты айында омырау сүтімен тамақтандыру жатады. Омырау сүті құрамында көп мөлшерде биожетімді темір болады, ол құрамында лактоферрин болуының арқасында толығымен сіңіріледі. Бірақ балалардағы белсенді алмасу үрдістері өмірінің 5– 6 айлығында темір қорын азайтып, бұл жастан бастап бала ағзасы 10– 11 мг/тәул мөлшердегі физиологиялық темірге қажеттілігін жабу үшін темірдің сырттан келуіне тәуелді болады. Темір жетіспеушілігі бар балалардың ата аналарына ақыл кеңес: Бала жасына сай дұрыс тамақтандыру (темірдің сіңірілуіндегі мінсіз жағдай — ет тағамдары (сиыр еті) көкөністермен, бидайлармен және бұршақтар); Аскорбин қышқылы – 0, 1 — 0, 2 г күз-қыс айларында қабылдау: Бала туғанан бастап 1 жасқа дейін таза ауада 3 -4 сағаттан кем емес серуендеу керек.
анемия,омар жансая (1).pptx