Темекі шегу өзін-өзі өлтіру Арақ
Темекі шегу өзін-өзі өлтіру
Арақ ішіп, темекі шеккен, Денсаулығының түбіне жеткен. (Халық даналығы)
Темекі - құрамында никотин (nicotiana) және төрт мыңға жуық улы зат бар темекі өсімдігінің майдаланған, құрғатылған және қолдануға дайын күйдегі жапырағынан жасалады. Тұқымы өте майда болғандықтан, алдымен көшеті өсіріліп, сосын егістік жерге отырғызылады. Темекі - жапырағында танин, желім, шайыр, крахмал және алколоидтар бар. Ең көп мөлшерде никотин алколоиды бар. Никотин сульфат тұздары ауыл шаруашылығында құрт-құмырсқаны өлтіру үшін қолданылады. Темекінің түтіні ағзаға зиянды және улы заттардың жиынтығынан тұрады. Бұлардың ішінде ең қауіптісі - никотин, синиль қышқылы, көмір қышқылы, сірке қышқылы, азот, эфир майы және өкпе рагіне ұшырататын әртүрлі радиоактивті элементтер (бензепирен, полоний, висмут, т. б. ).
Никотин - циаминге пара-пар у. Никотин улы зат болғандықтан, медицинада дәрі ретінде қолданылмайды. Мәселен, 5 -6 тамшы никотинді итке берсе, сол заматта өліп кетер еді. Ал, бір қорап темекінің құрамындағы никотинді инемен шаншыса, адам лезде көз жұмады. Алайда, адам ағзасы никотинді қан арқылы емес тыныс жолымен қабылдайтындықтан, бірден емес, «баяу өлім» арқылы өз түбіне өзі жетеді.
Темекі құрамындағы улы заттардың саны 70 -тен 300 -ге дейін жетеді. Алайда, темекі шегу кезінде улы заттар одан сайын арта түседі. Өйткені, темекі тұтатылғанда, тем пература 600 -ден 900 градусқа дейін көтеріледі де, жаңа улы заттар мен өнімдер түзіледі. Осылайша темекінің құрамындағы улы заттар саны 4 мыңға дейін көбейеді.
Никотин темекі түтінімен ауызға, одан әрі тыныс жолдарымен өкпеге, одан адам қанына сіңіп, қан арқылы адам ағзасының түкпір-түкпірін улайды. Сілекей арқылы жұтынғанда, никотин өңешке, асқазанға өтеді. Сөйтіп, ауыздағы, еріндегі, тілдегі, таңдайдағы өте сезімтал жүйке талшықтарын зақымдайды. Никотин қан арқылы миға жетеді, әуелі оның жүйке жасушаларын (нейрондарды) қоздырады, сосын оларды улай бастайды. Ол түтін арқылы тыныс жолдарымен өтетіндіктен, темекі түтіні оның ішкі қабыршақтарын ыстайды, ісіндіріп, қабындырады, қан түйіршіктеріндегі оттегіні адам ағзасына таратушы тамырларға ауыр зардабын тигізіп, қан айналымы қиындағаннан ми, жүрек, басқа ағзалар «қорексіз» қалады. Көк түтіннің салдарынан адамның бүкіл қан тамырлары жиырылып, қан алмасу қиындайды. Жүрекке үлкен ауыртпалық түсетіндіктен, жүрек талмасына алып келеді. Миға баратын қан мөлшері азайып, ол өз күшінде жұмыс істей алмайды. Барлық ағзаларға оттегі жетіспегендіктен, бас ауырып, жүрек сыздап, аяқ-қол қақсайды. Темекі шегетін аналар тапқан баланың қан түйіршіктерінің гемоглобині кем болады.
ӘРБІР 13 СЕКУНДТА БІР АДАМ ТЕМЕКІНІҢ ҚҰРБАНЫ Жыл сайын дүниежүзінде темекі шегудің салдарынан 4 млн. адам қайтыс болады екен. Мұны жыл бойына күн сайын 25 ұшақ апатқа ұшыраған жолаушылардың санымен салыстыруға бола ды. Бүгінде жер шарында 1, 2 млрд. адам темекі шегетін көрінеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) дерегі бойынша, 1997 жылы темекіден 3 млн. адам қайтыс болса, бұл көрсеткіш жыл сайын 33 пайызға өсіп отырған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебіне жүгінсек, егер жағдай өзгермесе, онда таяу жылдарда темекі жарты миллиард адамның түбіне жетуі мүмкін. Бұл келеңсіз мәлімет үрейлендіріп, үркіту үшін емес, нақты дерек. Егер жарнамалық тұрғыда насихат жасауға тыйым салынбаса, ғасыр соңына дейін жер бетінде 1 млрд. кісі темекінің құрбанына айналмақ. Ал, шылым шегетіндердің 95 пайызы өкпенің қатерлі ісігіне ұрынады. ДДСҰ мәліметіне сүйенсек, жер шарындағы 2 миллиард жасөспірімнің санасы никотинмен уланған.
Америкалық бір ғалымның темекінің адамзатқа қауіптілігін атом бомбасымен салыстырғаны бар. Төмендегі нақты мәліметтерге қарап шықсаңыз, бұл сөздің негізсіз еместігіне көз жеткізесіз. Қатерлі ісік (рак) ауруларынан қаза болған әр 100 адамның 90 -ы шылым шегетіндер екен. Темекі түтіні автомобиль түтінімен салыстырғанда 4 есе улы. Егер адам 15 жасында шылым шегуді бастаса, оның өмір ұзақтығы 15 жылға қысқарады. Медицина қызметкерлерінің болжамы бойынша, көп кешікпей темекі бүкіл жер бетінің 10 пайыз тұрғындарын о дүниеге аттандырады. Түтінді әр жұтқан сайын адам өмірі қысқара түсетіндігі ғылымда дәлелденген. Дүниежүзі ғалымдары бір ауыздан қорытындыға келген; өкпе рагы ауруларының 90 пайызы шылым шегетіндердің үлесіне тиеді. Егер шылым шегушілер күніне 20 тал темекі шексе, олардың өкпенің қатерлі ісігі ауруына шалдығу қаупі өзгелерге қарағанда 10 -15 есе артады. Тек бір тал темекі шеккен адам ағзасында никотиннің зардабы мен бүйрек үстіндегі бездерден бөлінетін арденамен және норадренамен деп аталатын гармондардың жұмысы бұзылады. Туберкулезбен ауырған ересек 100 адамның 95 -і ұзақ уақыт темекі тартқандар. Еркектер және әйелдер арасындағы жыныстық тәбетсіздіктің басты себептерінің бірі - никотин. Темекі түтініндегі ең көп заттар - шайыр (смола), көмір тотығы, кансерогендік заттар және иондалған қорғасын. Әлемде әр 13 секундта бір адам, әр 65 секундта бес адам темекі кесірінен көз жұмады. АҚШ-та темекі салдарынан өлген адамдар саны төрт соғыста яғни, I, II дүниежүзілік соғыста, Корея мен Вьетнам соғысында өлген американдықтардың санынан асып түскен. Спортта өнер көрсетіп жүрген адам шылым шегуді бастаса, оның көрсеткіштері 40 пайызға күрт төмендейді. Егер 100 -120 миллиграмм никотинді адамның тамырына жіберсе, ол кісі сол сәтте-ақ о дүниелік болады. 40 -50 жасқа дейінгі еркектердің арасында жүрек ауруынан қайтыс болғандардың 80 пайызына темекі себеп болған. Аяқ тамырларының тығындалуының 90 пайызы темекінің салдары. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, Колумбтың Америка құрлығын ашқаннан бергі осы уақытқа дейін шылым шегуден ең кемі 1 миллиардтан астам адам көз жұмған. Темекі салдарынан өмірімен қоштасқан адамдардың саны есірткі салдарынан өмірмен қоштасқан жандар санына қарағанда 13 есе көп. Темекі тартпайтындарға қарағанда тартатындардың арасында кенеттен өліп кету 10 есе көп. Күніне 1 қорап темекі тартатын адамның денесінде 20 жылда 7 кг күйе мен қарамай жиналады. Әлемде болған өрттің 70 пайызына темекі тұқылының өшірусіз қалуы себепші болған.
Жаңалық Шылым шегуді шектейтін темекі Жақында Шымкенттегі Тәшенов көшесінің бойынан «Понс» шылым шегуді тастауға көмектеседі» деген жарнамаға көзіміз түсті. Қызығушылығымыз оянып, жарнамада көрсетілген мекен-жайға бардық. «Понс» – темекіге ұқсайтын ерекше электрондық құрылғы, – дейді жеке кәсіпкер Нұржан Құдайберген. – Оны Шымкентке әкелгенімізге екі апта болды. Оған жұрттың қызығушылығы оянып, көптеп сатып алуда. «Понсты» бұзылғанша пайдалануға болады. Бағасы – 15. 500 теңге. Оны пайдаланған адам темекіден біржола құтылады. «Понстың» иісі жоқ, әрі оны ұзақ уақыт пайдалануға болады. Сондай-ақ ол ұялы телефон секілді электр тогынан қуаттандырылып тұрады. Біз оны сатып алушыларға бір жыл кепілдікпен береміз» . Нұржан бірнеше жылдан бері күніне екі қорап шылым шегіп келіпті. Ол «Понсты» алдымен өзі шегіп көрген. Нәтижесі жаман болмаған. «Понсты» пайдаланып жүргеніне енді бір ай болса да ол темекі тартуды азайтып, күніне бір-ақ дана шегетін дәрежеге жеткен. «Жалпы, темекінің құрамында 4 мыңға жуық зиянды заттар бар. Олар денсаулыққа аса зиян, адамды түрлі ауруға ұшыратады. Ал «Понсты» пайдаланған адам мұндай азаптан біржола құтылады» , – дейді Н. Құдайберген. Олай болса, бұл шылымды қоя алмай жүргендерге керекті «темекі» емес пе?
Темекі шегу Жаһандық деңгейдегі өлім себептерінің (гипертензиядан кейінгі) екіншісі болып табылады және қазіргі уақытта бүкіл әлемде он ересектің біреуі осыдан өледі. Осы жылы миокард инфарктінен, инсульттен, обырдан, өкпе ауруларынан және темекі шегу салдарынан туындайтын басқа да сырқаттардан жер бетінде 5 миллионнан аса адам көз жұмбақ. Бұл санға төрттен бірі балалардан тұратын, темекіні ырықсыз қолданудан қаза болатын 600 000 адам енгізілмеген. Қазақстанда жасы 12 -ден асқан әйелдердің 9, 8%-ке жуығы темекі шегеді (2001 жылы - 7, 5%, 2006 жылы - 8%), және де ең көп темекі шегу деңгейі 20 -29 бен 40 -49 жастағы топтарда байқалады. Темекі шегетін ерлер мен темекі шегетін әйелдердің салыстырмалы саны 2004 жылы 1 -ге 5 -ті құраса, бүгінгі күні ол 1 -де 3 -ке тең болып отыр, осыдан 10 жыл бұрын ғана кейбір өңірлерде темекі шегуші ұлдар мен темекі шегуші қыздардың салыстырмалы саны 1 -де 5 -ті және тіпті 1 -де 10 -ды құрағанымен, казір 13 -15 жастағы топтарда 1 -ге 2 болды. Әйелдер арасындағы темекі шегудің ең жогары деңгейі 18 -19 жас (20%) пен 20 -29 жас (17, 2%) аралығындағы топтарда байкалады. Шылымның құрамы: -никотин - өсімдік уы, есірткіге ұқсас зат тегі, зат алмасу процессіне араласып, темекі шегушілікке тез қалыптастырады. -мышьяк - өлімге әкелетін инсектицид сияқты уыт (кеміргіштерді, жәндіктерді кұртатын уыт) -көміртегі тотығы - жанатын газдың бөлігі, түссіз, дәмсіз, өндірісте пластмасса жасау үшін қолданылады -ацетон - тұрмыста бояу ерітуге қолданылатын ерітінді -формальдегид - мүрделерді (органдарды) сақтауға колданылатын аса улы заттегі -шайыр - біріккен химиялық қоспа, түтін ішке кіргенде сол қалпында сакталып шайырдың 70 пайызы өкпеде калады. Сақталған шайыр дегеніміз - темекі шегушінің тісіндегі және саусақтарындағы сары дақтар. Темекі түтінінің құрамы: -созылмалы гипоксияны (ағзадағы ауа жетіспеушілік) тудыратын улы газ -радиоактивті полоний-изотоп және мырыш - ағзадағы тұқымқуалаушылық, онкологиялық ауру тудыратын тұнба. Темекі түтіні адам ағзасының қорғаныс жүйесін күйзеліске ұшыратады, әйелдердің өсімталдық денсаулығын бұзады, еріксіз түсік тастауға әкеп соғатын гормон жетіспеушілігін тудырады. Ішкі ағзалар зақымданады және жүрек- қан тамыр жүйесінің, тыныс алу, асқазан ішек жүйелерінің ауруына әкеліп соктырады. «Темекі шегуді тастаймын деушілерге кеңес» : -Шешім қабылдаңыз және бұл іске барлық ерік- жігеріңізді жұмсауға дайын болыңыз -Темекіні бірден тастаңыз. Зерттеулерге қарағанда темекіні бірден тастаған адамдар өз мақсаттарына жеткен. -Темекі шегетін адамдардан аулақ болуға тырысыңыз -Темекіні қатты шеккіңіз келсе бір кесе су ішіңіз Темекі өнімдерін 18 жасқа толмағандарға, даналап сатуға, денсаулық сақтау, білім беру, дене-шынықтыру орында, балалар тауарын сататын сауда дүкендерінде сатуға тиым салынған. Темекі тарту денсаулыққа үлкен қатер төндіретінін есте сақтаныздар!
Темекі - заңды түрде қолдануға болатын есірткі түрі. Темекі жапырағында танин, желім, шайыр, крахмал және алколоидер бар өсімдік. Темекі түтінінде 30 -астам улы заттар бар: Никотин, Көмір қышқыл газы, Көміртек тотығы, Көгеретін қышқыл, Аммиак, Шайырлы заттар, Органикалық қышқылдар және басқалары. Темекіден ауаға жылына 720 мың тонна күкірт қышқылы, 384 мың тонна аммиак, 180 мың тонна никотин, 660 мың тонна темекі майы, 550 мың тоннадай иісті газ шығады. Сигареттің 1 -2 қорабында никотиннің өлімдік мөлшері бар. Темекішілді құтқаратыны, бұл мөлшердің организмге бірден емес, бөлшектеніп түсетіні. Шылым шегу – зиян қызмет, оған күш салмай тастауға болмайды. Ол нағыз нашақорлық, және оны көбі шындап көңілдеріне алмайтыны, аса қауіпті. Жыл сайын дүние жүзінде темекі шегудің салдарынан 4 млн адам қайтыс болады екен. Бүгінде жер шарында 1, 2 млрд адам темекі шегетін көрінеді. Қазақстанда 5 миллионға жуық адам темекі шегеді екен. Оның басым бөлігі орта жастағы адамдар. Темекі тартатын адам күніне орта есеппен 200 рет, айына 6 мың рет, жылына 72 мың рет ішке түтін тартса, ал 45 жастағы адам өмір бойына 2 млн рет темекі тартады деседі. Қызығы сол, темекі шегуді о баста «ойнап» бастаған 100 адамның 80 -і біртіндеп тұрақты шылымқорға айналды. «Темекі тәнді зақымдайды, ақыл-ойды күйзелтеді, тұтас ұлтты топастандырады» . Темекінің түтінінде өте улы зат -никотин бар. Шылым шеккенде адам ауамен бірге темекінің де түтінін де жұтады. Бұл түтіннің ішінде улы газ, шаң, күйе болады. Шылымның күніне 20 -сын тартқан адам 90 мл г никотин жұтады. Алғаш темекі тартқанда адам уланады: басы айналады, жүрегі қағады, құсады, қол-аяғы дірілдейді. Темекі құрамындағы никотин тыныс жолдарының сілекейлі қабықшасын тітіркендіріп, оны қабындырады. Сөйтіп, қорғаныш қасиеті нашарлаған сілекейлі қабықша арқылы ауру туғызатын микробтар енеді. Адам неғұрлым өте ерте бала кезінен шылым шегумен айналысса, соғұрлым пәле ауруына жиі шалдығатыны дәлелденген. Өкпедегі пәле ауруымен ауырғандардың 97 пайыз шылым шегетіндер. Шылым шегу адам өмірін қысқартады. Күніне 1 қорап темекі тартқан адам мөлшерден артық 3, 5 сәулеленуге ұшырайды. «Жас жеткіншек! Өздеріңе айту менің борышым-көк түтінмен уланба. »
Шылым шегуге рұқсат бермейтін 10 ел Шылым шегуге теріс қарап, темекі түтінін ұнатпайтындар өз демалысын шылым шегуге қарсылық білдіретін елдерде өткізе алады. Қоғамдық орындар мен қала көшелерінде темекі тартуға тосқауыл қоятын мемлекеттердің саны жыл сайын артуда. Назарларыңызға шылым шегушілерді қатаң жазалайтын 10 мемлекетті ұсынамыз. Бразилия елінің ірі қаласы Рио-де-Жанейрода барлық қоғамдық орындарда, тіпті бар мен мейрамханаларда темекі тартуға рұқсат жоқ. Ал Сан-Паулу қаласында барлық мекемелерде, соның ішінде түнгі клуб мен ойынханаларда шылым шегуге тосқауыл қойылған. Темекі тартатын жандар үшін арнайы бөлмелер қарастырылған. Алайда, мұндай бөлмелер барлық мекемелерде бола бермейді. Бразилия елінің басшылығы осылай тосқауыл қою арқылы шылым шегуге қарсы күреседі. Бельгия Шылым шегумен күресетін компаниялардық арқасында темекі тартушылардың саны азаюда. Себебі, бұл елдің барлық қоғамдық орында темекі тартуға рұқсат берілмейді. Тек шағын сыраханаларда ғана аз мөлшерде темекі тартуға болады. Ұлыбритания Бұл мемлекетте мүлдем темекі тартуға болмайды. Қоғамдық орындарда темекі тартқан жан әкімшілік жазаға тартылып, айыппұл төлейді. Мысалы, Лондон қаласының көшелерінде шылым шегуге қарсылық білдіретін жандар темекі тартқан жанды көрген жағдайда, әкімшілікке шағым түсіре алады. Германия Темекіқұмар жан жұрт назарынан тыс, тығылып жүріп темекі тартса да, әкімшілік жазаға тартылуы мүмкін. Халық көп шоғырланған жерде темекі тартқан жағдайда 1 мың еуроға дейін айыппұл салынады. Кәмелеттік жасқа толмағандарға темекі сатылмайды.
Ирландия халқы жаппай шылым шегуге қарсы күресуде. Олардың барлығы салауатты өмір салтына бет бұрып, темекіқұмарларды да өздеріне тартуда. Осылайша, олар темекі тартқан жандарға моральдық тұрғыда көмектесіп, құмарлықтарынан айықтырады. Австралия Халық көп шоғырланған қоғамдық орындарды темекі тартуға рұқсат жоқ. Тіпті, қала көшелері мен жазық далада да шылым шегушілер темекі тартпас бұрын, жан-жаққа қарап, айналасына көз тастауы керек. Себебі, бірнеше жыл бұрын Виктория штаты тұтанған темекі салдарынан өртенген. Исландия Исландықтар темекі тартқан жандарды жақтырмайды. Барлық қоғамдық орындарда, соның ішінде халық көп шоғырланатын мейрамханалар, түнгі клубтар, бар- сыраханаларда темекі тартуға болмайды. Канада Бұл ел, әсіресе оның солтүстік аймағы шылым шегуге қарсылық білдіріп, тұрақты күресуде. Кейбір аймақтардың дүкендерінде темекі сатуға рұқсат бермейді. Талаптар бұзылған жағдайда, әкімшілік шаралар қолданылады. Осылайша, Канада басшылығы өз халқының денсаулығының жақсы, ал экологиясының таза болуын қадағалайды. Американың Mercer Human аналитикалық ұйымы осы жылдың қаңтар айында зерттеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде Канада елінің Калгари және Оттава қалаларын әлемдегі ең таза қала деп таныды. Норвегия Қоғамдық орындармен қатар, қала көшелері мен көңіл көтеру орталықтарында темекі тартуға жол берілмейді. Жергілікті темекіге құмар халық ауызға салып шайнайтын темекіні қанағат тұтуға мәжбүр. Сингапур Халық көп шоғырланған кез келген жер мен қоғамдық орындарда темекі тартқан жандар әкімшілік жазаға тартылып, үлкен көлемде айыппұл төлейді. Сингапур халқы сыпайы болғанмен, олардың мінездері суық. Сондықтан да, темекі тартқан жанды көрген бойда олар шағым түсіреді.
Әзіл әңгіме Темекінің зияны Үйінің сыртын айнала беріп темекі шегіп тұрған ұлын көріп, әкесі темекінің зияны туралы екі сағат лекция оқып, соңында: -Сен білесің бе бір тамшы никотиннің өзі жылқыны сеспей қатыратынын, көрдің бе темекінің қандай зиян екенін, - депті, - енді түсіндің бе? Баласы: -Түсіндім. -Нені түсіндің? -Енді жылқыға темекі бермеймін.
Темекіні тастаймыз!
Назарларыңызға рахмет!

