ZhZhI_1240_-_2.ppt
- Количество слайдов: 16
Тема: ”Қыртыстық тежелу“. Жоспар: 1. Ми қыртысы сыңарларындағы қозу және тежелу. 2. Сыртқы (шартсыз) қыртысты тежелу. 3. Ішкі (шартты) қыртысты тежелу. 4. Қыртыс процестерінің динамикасы. 5. Қозудан тежелуге өту кезеңдері.
Шартты рефлекстерді зерттеуде И. П. Павлов ми қызметі екі процестен тұратынын анықтады: - Қозу; - Тежелу. Бірқатар мүшелер мен жүйелерді қамтыған қозуды өрбіген реакциялар қамтамасыз етеді. Концентрация процесі рефлекстік реакцияның тарылуына және оның бағытын қамтамасыз етеді. Тежелу генерализацияланған және концентрлік болады. Қытрыстық тежелудің бірнеше түрі болады, оның пайда болуында шартты рефлекстер тежеледі.
Сыртқы (шартсыз) тежелу пайда болады: - Жаңа тітіркендіргіш әсер еткенде; - Тітіркендіргіш күші күрт жоғарлағанда (шектен тыс).
Сыртқы тежелудің бірінші түрі басқа тітіркендіргіш әсер еткенде пайда болады. Ол қалыптастыруды қажет етпейді. Кейбір жағдайда бағдарлау реакциясымен сипатталуы мүмкін, яғни бағдарлау реакциясымен сипатталады. «Бұл не? » - деген рефлекс туады. Алдыңғы қалыптасқан рефлекстік қызмет жойылады.
Шартсыз тежелудің екінші түрі – «Шектен тыс тежелу". Бұл тежелуде – шартты тітіркендіргіш өте күшті және ұзақ әсер еткенде, яғни тітіркендіргіш күші қыртыс жасушалары жұмысы қабілетінен артық. Сондықтан бұл тежелудің қорғаныштық маңызы бар.
Ішкі тежелу Ішкі (шартты ) тежелу арнайы қалыптастыруды қажет етеді. Ішкі тежелудің биологиялық маңызы, ол жаңа сыртқы орта жағдайы организмде шартты – рефлекстік өзгерісті қажет етеді.
Ішкі (шартты) қыртысты тежелудің төрт түрі болады: 1. Өшуден тежелу; 2. Ажырататын тежелу; 3. Кешіктіретін тежелу; 4. Шартты тежелу.
Егер қалыптасқан шартты рефлексті шартсыз тітіркендіргішпен бекітпесе ол өшуден тежеледі, яғни шартты тітіркендіргіштің маңыздылығы жоғалады. Бірақ шартты рефлекс жоғалмайды және оны қайтадан шартсыз тітіркендіргішпен ұштастырса, ол қайта қалыптасады.
Ажырататын тежелу - шартты ажыратылу рефлексін қалыптастыру кезінде пайда болады. Мысалы: егер бір дыбысты шартсыз тітіркендіргішпен бекітпесе оған реакция қалыптаспайды, ал басқа екінші дыбысты шартсыз тітіркендіргішпен ұштастырып бекітсе онда оған Шартты рефлекс қалыптасады. 800 Гц 1000 Гц 1200 Гц
Кешіктіретін тежелу – шартты сигналдарды шартсыз тітіркендіргішпен бекіту кешіктіріліп (2 – 3 мин) берілсе пайда болады.
Шартты тежегіш пайда болады, егер шартты рефлекс қалыптастыру кезіндегі пайдаланған шартты тітіркендіргішке жаңа (басқа) тітіркендіргіш қосса және бұл кешенді бекітпесе онда рефлекс тежеледі. Яғни тітіркендіргіш шартты тежегіш болады.
Негізгі қыртыстық процестердің динамикасы (қозу және тежелу) Иррадиация (жайылыс) – орталық ошақтан аймаққа қозудың таралуы. Концентрация (шоғырланыс) – қарамақарсы процесс, яғни қозу ошағының тарылуы.
Индукция – ми қыртысындағы қоздырылған немесе тежелген ошақтарда қарама-қарсы процестердің пайда болуы не күшейюі (қозу және тежелу). Индукция түрлері: - Бірмерзімді, кеңістік; - Оң; - Теріс.
Егер соңғы құбылыстар қозу немесе тежелу процестері аяқталғанда пайда болса, онда бірізді не уақыттық индукция туады. - Тежелу ошақтары ықпалынан қозудың күшеюі немесе пайда болуы ОҢ индукция. - Қозу ошағы ықпалы салдарынан тежелу процессінің тууын ТЕРІС индукция деп атайды.
Жаңа шартты рефлексті қалыптастыру және оның өшуінде, қозу тежелу процессіне ауысады.
Қозудан тежелуге өту кезеңдері: I. Теңістірілген. Күші әртүрлі шартты тітіркендіргіштің нәтижесі бірдей. II. Парадоксальды. Шартты рефлекстің көрсеткіші күшті тітіркендіргішке төмендеп, ал әлсізге күшейеді. III. Ультрапарадоксалды. Оң шартты тітіркендіргіш тежелу эффектісін, ал теріс оң реакция тудырады. И. П. Павлов бұл нәтижелерді пайдалана отырып тәжірибелік невроздың тәсілін қалыптастырды. IV. Тежелген – барлық тітіркендіргіш түріне жауап болмайды.
ZhZhI_1240_-_2.ppt